Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 194
Стр. 196
Қазақстанның ашық кітапханасы
Өзгемізден гөрі Петр Ушаковтың бейнеті ауыр. Ол бір-екі дөңгелегімен бірге қол
пулеметті арқалап жүреді. Гранаталары тағы бар. Қайда болса да қиынға қарай ұмтылатын
жауынгер еш нәрседен тайынбайды да, ауырламайды да.
Катер қайық көкжал толқындарды бұрқырата шашып, жағаға жақындап келеді. Самед
кезін жұмып, бет-аузын тыржитып, секіруге әзірленіп отыр. Қазір секіріп түсер суына
қарағысы келмейді. Қайық жағаға елу метрдей қалғанда суды жайқай есіп, бұрыла берді.
Автоматымызды жоғары көтеріп алып, сыңар иықтай құлап жүзіп кеттік. Суға малшынған
киімдерің мен асынған қару-жарағың кейін тартып жүргізбей келеді.
Жағаға бәрімізден бұрын Володя мен Петр шықты. Володя Новороссийск қаласында
туған, жасынан теңіз жағасында өскен жүзімпаз жігіт. Петр өзінен ешкімді оздырғысы
келмейтін мінезі бойынша, қазір Володямен тайталас шығып жүр. Өзгеміз қырға шығып
болғанша ол екеуі киімдерін шешіп алып, бұрай бастады. Қазір суға қайта түсетін болсаң
да киімдеріңді бұрап, сығып «құрғатып» алуың да міндет...
Турасынан он километрден аспайтын Керчь мүйісінен қаңғырған бір ауыр снаряд келе
жатыр. Батпақ жер ышқынбай, шіміркенбей, бедірейіп қана бейжай қарсы алатын сияқты.
Батпақты сүзе снаряд та түсті, біз де тұрған-тұрған жерімізге құлай кеттік. Бұрқырап
атылған қою батпақ шолп-шолп етіп теңізге түсіп жатқаны естіледі.
Бәріміз де қою батпаққа былғанып қара бауырланып тұрдық... Әсіресе, Петр май батпаққа
аунап тұрғандай болыпты. Сылап-сипап қадірлен ұстайтын түксиген мұртын
саусақтарымен сыпырып жатып:
Мұндай иттікті көрген жоқ едім! деді. Мұртынан еріндеріне келіп жиналып қалған
батпақты былш-былш түкіріп жатып, ұрсып жүр...
Айқас кезінде снаряд, бомба сияқты нәрселерге солдаттың бойы үйреніп алады да, құлай
кетер жерін «тауып» құйды. Әрбір снаряд ысылдап, суылдап, тұп-тура саған келе
жатқандай болса да солдат бір жағына қарай бұрылып үлгіреді. Ал, мынадай қаңғырма
снарядтан аман қалғанын солдат ерекше бір тапқырлығым деп санайды. Снаряд жарылды
да, жарықшақтары жан-жаққа қарай бытырап, ұша жөнелген топ бөденеге ұсап сыр-сыр
етіп жоқ болды.
—
Петр Афанасьевич, егер жаңағыңызға лайық жауапты кіші лейтенант Константин,
қазақша Қайырғали Capталиевич жолдасша қайтарар болсақ, ондай ит жауды арт жағынан
сіздің тебіспен теуіп, әуелі Қырымнан айдап одан кейін тағы бір теуіп, әрине, дәлдеп
теуіп, Берлиннің, өзінен айдап шығаруымыз керек болар,— дейді Володя.
Менің шұбалаң сөйлейтінімді де жанай кетіп, Петрді ыза қылу үшін әдейі қабаттастырып
қалжыңдайды. Петр үндемейді.
—
Әрине,
сонша
қадірлі
мұртты
осынша
былғап
алғаныңызды
өз
оңтайсыздығыңыздан деуге де болады... Су қанша суық болғанмен батпақтың жөні өзіне
басқа ғой...— деп, Володя әлі Петрді әурелеп тұр. Петрдің кідірек мінезін танып қалған
Самед, жолдастары босқа ілегісіп қалмасын дегендей, басалқа айтар үнмен:
—
Су ештеңе емес-ау... суықтығын қайтерсің,!.. Біздің өзбек халқы өмір бойы су
ішінде жүреді. Ол бір рақат қой!.. Мынадай суық су мен суық батпақты мен де жан-
тәніммен жек көрем! — дейді, әңгіме бетін өзіне аударғысы келіп.
—
Оқа емес, Самед... Суық судан шыға келіп, қызу айқасқа киліксең, табан аузында
жылынып кетесің! — дейді Володя.Суық суға малшынып жүргеніміз қызу айқас үшін