Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стр. 184 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты




Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 183

 

Стр. 185

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

бірге сөніп тұрғандай. Біздің ауыр зеңбіректер бүгін түні сол жотаға орнап қалыпты.

Бұрын құлаштап алыстан ұрса, қазір қос қолдап жақыннан төмпештеп, жаудың

оңтүстіктегі берік бір қорғанысын талқандап жатыр.

Біз теңізді жағалап қалаға әрең жақындап келеміз. Ракеталар жарқ етіп қалғанда қырқа

жондары көк бұйрадай күңгірт жылтылдап, қаракөк толқындар көрініп қалады. Толқын

білеуленіп ірі көрінгенмен бүгін дыбыссыз төңкеріліп жатқандай. Қазіргі есітілер үн айқас

гүрсілі ғана.

Кеше бір қарбалас үстінде қаланың теңіз жақ бүйірінен бір топ су әскері десантқа

түсіріліп еді. Үш сағаттан кейін сол топпен арамыздағы байланыс үзілді. Қазір біз сол

маңайды барлап қайтуға келеміз. Қала үстіндегі от топанының күштілігі сонша, дәл

қасына келмесең қай жерде не болып жатқанын аңғара алмайсың. Адам от ішінде тұрып

соғысып жатқандай сезіледі.

Адам өлігі мен ат өлімтігінен аяқ алып жүре алмай келеміз. Алды-артымызға топ-топ етіп

түсіп жарылып жатқан зеңбірек оқтары... Бір өліктен бір елікке жылжып, бір шұңқырдан

шығып, екінші шұңқырға жылжып түсіп, бес километрдей еңбектедік. Шұңқырдан

тырмысып шыға берген жолдастарың жағаға тырмысып шығып бара жатқан бақаға да

ұқсап кетеді.

Беліме байлап алған екі ұзын арқаным бар... Ұзындығы дәл жиырма метрден. Арқанның

біреуінің ұшы Самедтің белінде, енді біреуінің ұшы Володяның белінде... Қала

маңайының ой-шұңқырын жақсы білетін Володя анда-санда арқаннан тартып қалып,

«былай жүр» деп белгі беріп қояды. Жіңішке арқан әрі сыбыс шығармай сөйлесуімізге

жарайды, әрі бірімізден-біріміз айрылып қалмау үшін керек еді.

Тынымсыз жарқ-жұрқта жыпырлап жатқан адам өліктері орындарынан бір-бір қозғалып

қалғандай, әлдеқайда еңбектей жөнелгендей болады. Талай солдат қалаға келе жатып

өлген талайы қаладан бізге қарай келе жатқан бетінде өлген... Көбі шалқасынан жатыр.

Сол өліктердің арасында кесірткедей жорғалап біз келе жатырмыз. Жарық арт жағыңнан

түскенде бар өлік қалаға қарай еңбектей жөнелгенде көрінеді. Жарық оң жағыңнан түссе,

бар елік бауырым жер сызып, теңізге қарай бір қозғалып қалады. Оқ кімді, қай жерде

түйреп тастады, сол жерінде қалдырын кеткен. Біріне-бірі ұмтылған екі жақтың солдаты

аралас құлап, қазір сол аралас күйінде жатыр. Дәрінің ащы исіне еліктердің борсыған,

сасыған иістері араласып, дем алғызбай келеді. Адам үшін ең бір жаман иіс — осы өлік

исі. Қарны қампиып, екі аяғы астында жатса, енді екі аяғы серейіп жатқан жылқының исі

де ондай жеркентпейді. Амал жоқ, сол сасық өліктердің бірінен-біріне жеткенше жан

таласа ұмтыласың. Мұрныңды жеңіңмен басып, сол өліктің баурына тығыласың.

Алақаның әлсін-әлсін қанға тиеді, тізеңнен еткен қанды денең сезініп, тітіркеніп қояды.

Оң жағымда келе жатқан Володя арқанды тартып қалып, «Тоқта!» деген белгі берді.

«Немене?» дегенді сұрап, арқанды мен де екі рет қағып қалдым.

«Бері кел!», «Тез, тез!»...

Самедке «тырп етпе!» деген белгі бердім де, өзім Володяға қарай кеттім...

Тағы бір қарны қампиған ат өлімтігінің бауырында баладай ғана боп бүрісіп бір солдат

жатыр. Володя соның үстінен шығыпты.

Неге шақырдың? — дедім, арқаннан ұстап жылжыған бойым, Володяның қасына

келіп.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2107 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.