Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жылдамдықтарды қосу туралы теорема




 

Бізге күрделі қозғалыстағы М нүктесі берілсін. Осының алдында айтқанымыздай бұл нүктенің қозғалмайтын жүйеге қарағандағы орны -радиус-векторымен, ал қозғалмалы жүйеге қарағанда -радиус-векторымен анықталып отыратын болсын. Сонда:

= 0 + , (2.113)

мұндағы 0 полюс үшін алынған О нүктесінің радиус векторы.

Анықтама бойынша нүктенің абсолют жылдамдығы а , оның радиус векторынан уақыт бойынша алынған абсолют туындысына тең:

(2.114)

мұндағы бірінші қосылғыш О –полюстің абсолют жылдамдығын,

(2.115)

береді, ал екінші қосылғыш нүктенің полюске қатысты радиус–векторының абсолют туындысын өрнектейді.

Сондықтан:

, (2.116)

мұндағы ω -қозғалмалы Oxyz санақ жүйесінің бұрыштық жылдамдығы. Салыстырмалы туынды:

. (2.117)

(2.117) нүктенің салыстырмалы жылдамдығын береді. (2.117) –теңдікті (2.116)–ғы орнына қойсақ мынадай формула шығады:

. (2.118)

Енді (2.115) және (2.118) теңдіктері арқылы (2.114) –теңдікті соңғы түріне келтіреміз:

. (2.119)

(2.119)–формула қозғалушы нүкте М -нің абсолют жылдамдығын өрнектейді.

Қозғалушы нүктені қозғалмалы жүйеге ойша бекітілген деп жоримыз, яғни r = 0. Сонда М нүктесі қозғалмалы жүйемен тек тасымалданады. Бұл жағдайда (2.101) –формуладан мынадай формула шығады:

(2.120)

Қозғалушы М –нің абсолют жылдамдығы өрнектейтін (2.120) формуланы ықшамдалған түрге келтіреміз:

(2.121)

(2.121)–формула жылдамдықтарды қосу туралы теореманы береді.

Теорема: нүктенің абсолют жылдамдығы тасымал және салыстырмалы жылдамдықтардың векторлық қосындысына тең болады.

Мысал. Вертикаль өсті w=10с–1 бұрыштық жылдамдықпен айнала қозғалатын, центрден тепкіш Уатта реттегішінің шарлары, машина күшінің өзгеруіне байланысты осы өстен алшақтайды және қарастыратын орнында бұрыштық жылдамдығы w1=1.2с–1. Берілгені: =50см, 2e=10см, a1=a2=a=30°. Қарастыратын уақыт мезгілінде реттегіш шарларының абсолют жылдамдығын табу керек.

Шешуі: Қозғалмалы санақ жүйесін реттегіштің өсті айнала қозғалатын бөлшектерімен байланыстырамыз. Шарлардың тасымал қозғалысы, олардың wе=w=10с–1 бұрыштық жылдамдықпен вертикаль өсті айнала қозғалысы, ал салыстырмалы қозғалысы, шарлардың сырықтарымен бірге олардың wr=w1=1.2с–1 бұрыштық жылдамдықпен ілінетін өсті айнала қозғалыста болады.

2.32-сурет.

Әрбір шардың центрінің тасымал қозғалыс траекториясы, центрі реттегіш өсінің бойында жататын горизонталь шеңбер болады. Салыстырмалы қозғалыс траекториясы, центрі сырық ілінетін өстің бойында болатын және регулятордың жазықтығында жататын радиусы -ге тең шеңбер доғасы.

Тасымал қозғалыс шеңберінің радиусы:

см.

Шар центрінің абсолют жылдамдығы тасымал және салыстырмалы жылдамдықтардың геометриялық қосындысына тең (2.32-сурет):

, сәйкес траекторияларына жанама бойымен бағытталады, ал шамалары:

Жылдамдықтар және өзара перпендикуляр, сондықтан, векторының шамасы мынаған тең:

Шар центрінің абсолют жылдамдығы тасымал және салыстырмалы жылдамдықтардың геометриялық қосындысына тең (2.32-сурет):

, сәйкес траекторияларына жанама бойымен бағытталады, ал шамалары:

Жылдамдықтар және өзара перпендикуляр, сондықтан, векторының шамасы мынаған тең:

.

2.4.3. Үдеулерді қосу туралы теорема (Кориолис теоремасы)

М нүктесінің a-абсолют үдеуін қарастырайық. Аңықтама бойынша нүктенің абсолют үдеуі абсолют туындығы тең:

. (2.122)

Тасымал жылдамдық және салыстырмалы жылдамдықтан уақыт бойынша алынған абсолют туындыларды жеке-жеке қарастырайық:

, (2.123)

мұндағы радиус-векторынан уақыт бойынша алынған абсолют туындыны есептеуге мына формуланы қолданамыз:

. (2.124)

Салыстырмалы радиус-вектор -дің салыстырмалы туындысы, анықтама бойынша салыстырмалы жылдамдықты береді:

, (2.125)

(2.122) теңдікті ескере отырып, (2.124), (2.125)–теңдіктерді (2.123)–дегі орнына қоямыз. Сонда (2.122)–теңдіктен тасымал жылдамдықтан уақыт бойынша алынған абсолют туындыны өрнектейтін формула аламыз:

.

(2.122)–теңдіктің оң жағындағы екінші қосылғыш вектор салыстырмалы жылдамдықтан уақыт бойынша алынған абсолют туынды. Ал салыстырмалы жылдамдық өзінің қозғалмалы координаттар жүйесі өстеріндегі проекциялары арқылы мына түрде беріледі:

.

Сондықтан да d r/ dt -ны есептеуге өрнектейтін формуланы қолдана аламыз:

. (2.126)

(2.125) және (2.126)–теңдіктерді пайдалана отырып, (2.122)–теңдіктен мына түрдегі формулаға келеміз:

. (2.127)

(2.127)–теңдік іздеп отырған М нүктесінің абсолют үдеуінің өрнегін береді. Бұл үдеуді, кейде күрделі қозғалыстағы М нүктесінің толық үдеуі деп те атаймыз.

(2.127)–теңдіктің оң жағындағы қосылғыштардың кинематикалық мазмұндарын ашайық.

Егер = 0, 0 = 0 болса, онда (2.127)–теңдік осы жағдайда мынадай түрге келеді

. (2.128)

Егер болса, онда:

. (2.129)

Соңғы теңдіктегі полюс О -ның үдеуін белгілейді. (2.129)–теңдік, нүктенің тасымал жылдамдығы e-нің тасымал қозғалыс кезіндегі өзгеру тездігін сипаттайды. Оны тасымал үдеу дейміз.

Зерттеп отырған (2.122)–теңдіктің оң жағында әлі аты аталмаған, екі еселенген векторлық көбейтінді түріндегі бір қосылғыш қалды. Оны с-деп белгілейік:

. (2.130)

(2.130)–формуламен есептелінетін толық үдеудің құраушысын Кориолис деп атайды. Қабыл алынған (2.128), (2.129) (2.130) белгілеулері арқылы (2,122)–теңдікті ықшамдап жазуға болады:

. (2.131)

(2.131)–теңдікті Кориолистің үдеулерді қосу теоремасы деп атаймыз:

Кориолис теоремасы: Нүктенің абсолют үдеуі тасымал, салыстырмалы және Кориолис үдеулерінің геометриялық қосындысына тең болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1445 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2453 - | 2247 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.019 с.