Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ошқарлардың қосалқысының қабынуы - инфекциялы эпидидимит




 

Көбінесе созьшмалды түрде өтетін, қошкарларда - ен қосалқысы-ның қабынуымен, өсіп-өну қабілетінің төмендеуімен, ал саулықтарда - іш тастаумен, тіршілікке кабілетсіз төл туумен сипатталатын дерт.

 

Қоздырушысы. Вrucella ovis.

 

Морфологиясы. Коккобактериялар,қозғалмайды,споражәнекабықша түзбейді, Грамтеріс, Козловский әдісімен кешігіп боялады.

 

Себінділік қасиеттері: Көбірек қан сарысу агарында өседі, ол үшін көмір қышқыл газының құрамы ауада көтеріңкі (10-15 %) болуы шарт.

 

Фуксин және тионин бруцеллалардың өсуін тоқтатпайды, қоздырушы күкіртті сүтегін тузбейді. Тығыз қоректік орталарда колониялары R-формалы, ол бруцеллез фагымен ыдырамайды және


 


А- және М -антигендері жоқ, ал бұлар жылтыр пішінді бруцеллаларға тән. Br. сапіs-иммунды қан сарысуы және бұдырлы бруцелла пішіндерімен тоғысып желімделеді.

 

Уыттылығы. Ауруға2-7жастағы еркек және ұрғашы мал бейімкеледі. 5-6 айлық қозьшар әдетте ауырмайды. Жаппай ауру жұғу қоздау науканы кезеңінде байкалады. қоздырушының негізгі көзі ауру қошқарлар, олардан қоздырғыш шәует және несеп арқьшы, ал саулықтардан - түсік, өлі туған төл, ұрық қабы - қағанақ және жыныс жолдарынан аққан жалаяқ арқьшы шығады.

 

Клиникалық белгілері. Ен қосалқьшары үлкейген.Оларжалкаяқтанып, қабынған - экссудативті эпидидимит байқалады, еннің қозғалымпаздығы азайған, аталық без тығыздалған, үсті бұдырланған, күлтілдеу байқалады. Шәует өнімі бұзьшған, шәует сары сұр, сары жасьш түсті, ісінген. 4-14 күннен соң бұл белгілер бірте-бірте жоғалып, ауру созьшмалы түріне көшеді.

 

Патанатомиялық өзгерістер негізінен ен қосалқьшарында,ендерде, жатырда және оның бүртіктерінде (кателидондарда) болады.

 

Бактериологиялық әдіспен диагноз қою. Зерттеуге қошқардыңені мен оньщ қосалқы бездерін жібереді, ал саулықтардан түсіктерін кағанағымен, жыныс ағзаларынан шыққан жалаяқты, түсік түскеннен кейінгі алғашқы 5 күн ішінде жіберу шарт.

 

Патологиялық жадығаттан жағынды препараттар дайындап, Грам және Козловский әдістерімен бояйды. Таза себінділерді бөліп шығapy үшін себіндіні тығыз және жартылай сұйық бауыр - сарысу немесе бауыр амино-пептид немесе сарысу декстроз орталарына себеді. Себінділерді көмірқышқыл газы 10-15 %-не жететін атмосферада инкубациялайды. Тығындарын парафинмен бітейді немесе микроанаэростат ішіне қояды, осы мақсатпен, сондай - ақ микроанаэрофильді жағдай жасау үшін химиялық немесе физикалық әдістерді қолдануға болады (баллоннан шығарылған көмірқышқьш газымен көлем бөлігін толтыру, бикорбанат натрий мен күкірт немесе тұз қышқылын қосу, спиртке малынған мақтаны жағу).

 

Қошқар эпидидимиті қоздырушының алғашқы себінділерін серологиялық әдіспен ажыратады (идентификациялайды). Ол үшін екі үй қоянына өсіндңнң егіп, қайталап иммундеуден 12 күн өткен соң қан сарысуын алып комплементті ұзаққа байланыстыру әдісімен қойдан алынған антигенмен зерттейді. Қан сарысуында антиденелердің болуы оң реакция болып саналады.


 


Бақылау cұpaқтapы

 

1. Инфекциялы эпидидимит қоздырушысының морфологиялық қасиеттері.

 

2. Инфекциялы эпидидимит қоздырушысының культуральдық қасиеті.

 

3.Қоздырушының уыттылығы мен биологиялық белгілері.

4. Инфекциялы эпидидимитке бактериологиялық әдіспен диагноз

 

қою.

5. Инфекциялы эпидидимитке серологиялық әдіспен диагноз

қою.

 

6. Инфекциялы эпидидимитке қолданатын биопрепараттар бар ма (вакциналар)?

 

 

13 сурет. Козловский әдісімен боялған жағынды (бруцеллар - қызыл, басқа бактериялар жасыл түсті)

 

14 сурет. Бауыр агарында өсірілген бруцелла шоғырлары


 


 

 

15 сурет. Кристалл-виолет және антибиотиктар қосылған агардағы бруцеллалардың тізбектері (бөгде микрофлораның өсуі тежелген)

 

16 сурет. Бруцеллез ауруы кезіндегі сиырдың жатырындағы өзгерістер (қанталаулар)

 


 

17 сурет.Негізгі індет көзі – түсік. Індет таратушылары – жабайы жануарлар мен кенелер.

 

18 сурет. Бруцеллездің балау әдістері.

 

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1517 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.