Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Топалаңның қоздырушысы және ауруды балау әдістері




 

Сабақтың мақсаты: топалаң қоздырушының морфологиялық,биологиялық қасиеттерін зерттеу, диагноз қою әдістерін игеру.

 

Сұрақтар:

1. Топалаң қоздырушының жіктелуі және морфологиясы.

 

2. Топалаң қоздырушының өсінділік, биохимиялық қасиеттері.

3. Топалаң қоздырушының төзімділігі.

 

4. Топалаң қоздырушының зардаптылығы, патогенді факторлары.

 

5. Ауруға сипаттама (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологоанатомиялық суреті).

 

6. Топалаңның зертханалық балау әдістері.

 

 

Топалаң ауруы – жіті өтетін, өлітию, септикалық құбылыстар, теріде шиқан тәрізді ісіктің пайда болуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Аурудың қазақша атаулары: жалпы аты – топалаң; адамда - түйнеме, күйдіргі; қойда – топалаң; жылқыда – жамандат; ешкіде – шек-шек; түйеде – ақшелек, қарабез.

 

Қоздырушының морфологиясы және биологиялық қасиеттері.

 

Түрі - Bacillus anthracis Туысы - Bacillus Тұқымдасы - Bacillaceae


 


Қатар - Eubacteriales Класс (тобы) – Eubacteriae

 

Топалаңның қоздырушысы – Basillus anthracis қаннан немесе жаңа өлген мал өлексесінен дайындалған жағындыда жуан, қысқа таяқша, шеттері жұмырланған, Жағындыда тізбектеліп орналасады. Организмде бацилла қауашақ (капсула) түзеді. Іші жарылмаған өлексе органдарынан таяқшалардың капсуласын көруге болады. Капсула түзу қабілеттілігі жойылса бацилла зардаптылығынан айырылады. Қозғалмайтын микроб, факультативті аэроб, анилин бояулары және Граммен жақсы боялады. Капсулалары Михин (Леффлердің метилен көгі), Ольт (сафраниннің 2 % - су ерітіндісі) және Ромоновский – Гимза әдістерімен боялады. Патогендігі мен вируленттігі негізінен қоздырушының шырыш қабықшасымен (капсула) байланысты.

 

Топалаң таяқшасы қолайсыз жағдайларда (оттегі болса), 12-430С температурада спора түзеді. Спораларды Пешков әдісі, Циль фуксинімен бояу арқылы анықтайды.

 

Топалаң бацилласы – факультативты аэроб. Өсуіне қолайлы температура 380С, рН=7,2-7,6. Ет-пептонды агарда (ЕПА) ірі кедір-бұдыр күңгірт түсті шет-шеті иректелген колониялар (R-пішінді),

 

кіші объективте (х 8) арыстанның жалына немесе медузаныңбасына ұқсас.КейдеS-пішінді(формалы)колониялар да байқалады.Ет-пептонды сорпада (ЕПС) өскенде мақта жапалағы тәрізді тұнба түзіліп, сорпасы мөлдір болады. Қан агарында гемолиз байқалмайды.

 

Желатинада аударылған шырша тәрізденіп үстіңгі жағы баяу ғана сұйыла бастайды. Пенициллин қосылған агарда маржан моншақ феномені дөңгелек торшалардан құралған.

 

Bac. anthracis кейбір штаммдары күкіртті-сутегін түзеді (пептонға бай орталарда) және аммиак шығарады. Қышқыл түзіп глюкозаны, мальтозаны ферменттейді; баяу ғана - сахарозаны, трегалозаны, фрукозаны, декстинді. Сүтті ерітеді, ол сонан соң пептонизацияланады.

 

Микроб денесінің құрамында полисахаридті соматикалық антиген табылған. Бұл антиген ыстыққа төзімді, ол серологиялық тұрғыдан дарығыш, бірақ иммуногенді де, уытты да емес. Топалаң қоздырушысы жануарлар денесінде және коректік орталарда протективті антиген түзеді, ол жоғары иммуногенді, және уытты емес.


 


Топалаң қоздырғышының вегетативтік ұлпалары және спораларының төзімділігі мен тіршіліктерінің ұзақтығы әр түрлі. Біріншісі салыстырмалы тұрақсыз, екіншісінің төзімділігі қанағаттанарлық.

 

Топалаң қоздырушысы көп компонентті экзотоксин түзеді. Ол үш факторлардан тұрады;

 

- Эдематогендік фактор (домбығу факторы) – жергілікті қабыну реакциясын тудырады (ұлпа ісінеді және некрозға ұшырайды).

 

- Протективті антиген – қорғаныс қасиетін қолдаушы, жоғары иммуногендік қасиеті бар. Таза түрінде улы емес.

 

- Өлім факторы – зертханалық хайуандарды өлімге ұшыратады. Патогендігі. Сүтқоректілердің барлық түрлері топалаңның

 

қоздырушысына бейім. Табиғи жағдайда қой, ешкі, сиыр, жылқы, енеке, есек, шошқа, бұғы, түйе, қашыр, бизон, піл, бұлан, арқар, антилопа, зебр, жирафтар жиі ауырады. Топалаңның қоздырушысы сүтқоректілердің 40 түрлерінен табылған.

 

Ит, мысық және жабайы ет қоректілер онша сезімтал емес және қоздырушының үлкен дозасымен залалдағанда ғана ауырады.

 

Жыртқыш құстар (күшіген, қаршыға) өлексені жеумен және жан-жаққа әкетумен болса да ауырмайды, бірақ та өздерінің нәжістерімен спораларды ұзақ мерзім бөліп шығарады. Құстардан үйрек және түйе құс ауруы мүмкін.

 

Топалаңмен (күйдіргі) адам да ауырады.

 

Топалаң инфекциясы қоздырушысының көзі ауру мал, оның бөліндісі мен ластанған топырақ. Су және желден болған топырақ эрозиясында, су тасығанда және басқа себептермен топалаңның қоздырушысы таза учаскілерге ауысуынан, топырақта инфекцияның жаңа ошағы пайда болады.

 

Инфекция әсіресе ылғалды батпақты жайылымдарда ұзақ сақталады. Жазғы температура және ылғал (жауын) топалаң бацилласының өсіп-өнуіне жағдайлы келеді де эпизоотия бұрқ етеді.

 

Аурудың өтуі және клиникалық белгілері. Аурудың барысы жәнекөрініс сипаты, сондай-ақ инкубациялық кезеңі, мал организмінің төзімділігі, қоздырушының дозасы және вируленттілігі, бацилланың организмге енген жолымен байланысты.

 

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әдетте 1-3 күн. Ауырған малдардың барлығында дене ыстығы көтеріледі (40-42º С). Температурасы тек қана өлер алдында және жазыла бастаған кезде төмендейді. Күйдіргі тәріздес түрінде (терілік) – мойынына,


 


омырауына, қарынның төменгі жағына, жақтың араларына және басына, сиректеу жауырын үстіне, белдеме үстіне бастамасында қамыр тәріздес немесе тығыз, ыстық ауырғыш ісік пайда болады да жан жағына тез тарайды. Ісіктің ортасында өліеттенген ойық пайда болуы мүмкін. Ісік бұл ауруда ешқашан сықырламайды. Іші қатады, мес қарын аздап қампиады, ауру күшейген сайын ішінің қатуы, тышқақтаумен алмасады: ауру ауырлағанда нәжісіне қан араласады. Несебі көпшілігінде бұлдыр, ал қан араласса қызыл. Буаз сиырлар көпшілігінде іш тастайды.

 

Негізінен аурудың екі түрі кездеседі - өлі тию және күйдіргі тәрізді ойым. Паталогиялық процесстің жинақталуына қарай топалаңның ішек, тері, өкпе және басқа түрлерінен ажыратады.

 

Ауру өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы түрлерінде өтеді. Шошқада көбінесе жітілеу түрі, кейде жіті және созылмалы

 

жергілікті түрлерінде кездеседі, кейбірде өлі тиеді.

 

Қой, мүйізді ірі қара және жылқыда, әдетте өте жіті, жіті өлі тию белгісімен және ішектің зақымдануымен өтеді.

 

Өте жіті түрінде аурудың клиникалық белгілері байқалмастан бір минуттің немесе сағаттың ішінде кенеттен, не болмаса бірнеше сағатта өліп кетеді.

 

Қой және ешкі күйзеледі, демалысы ауырлайды, бір орында жүріп қалады, температурасы көтеріледі. Мал денесі құрысып құлайды да бірнеше минуттан кейін өледі. Танауынан және аузынан күрең-қызыл түсті қанды көбік шығады.

 

Диагноз қою.

 

Клиникалық әдіс. Ауру белгілері көп түрлі:өкпелік,ішектік,терілік (күйдіргі), септикалық. Олар қоздырушының организмге ену жолдарына байланысты. Астыртын кезеңі 2-3 күн. Дерттің терілік түрінде теріде арнайы көршиқан дамиды және жалпы улану құбылысы байқалады. Көбінесе бір, ал кейде бірнеше көршиқан шығады. Алдымен теріде дақ пайда болады, сонан соң ол папулаға айналады, кейін везикула, сонан соң бірінің артынан бірі пустула және уытты жара шығады. Кейіннен інжу мен қоршалған қара алмасқа (антракс-көмір) ұқсас болады. Сонымен қатар регионалдық лимфаденит байқалады. Жара аузындағы қабыршақ 2-3 аптадан соң түсіп қалады. Осы кезде жалпы улану, құсу және т.б. белгілері байқалады.

 

Ішектік түрінде белгілері әрқилы, іші ауырады, өтеді, құсады.


 


Өкпелік түрінде – пневмония, жөтел, тұмау, демікпе. Сондай-ақ дерттің барша түрінде дене қызуы және өкпе ісінуі байқалады.

 

Жануарларда ішектік және терілік түрлері жиірек кездеседі. Аурудың өршуі өте жіті (жай түскенде) және жіті түрлерінде байқалады.

 

Патологиялық анатомиялық зерттеу. Өліксені зерттеубарысында келесі паталогиялық анатомиялық өзгерістер топалаң ауруын белгілейді; қан ұйымайды, талағы үлкейіп қараяды, өлексе сіресіп қатып қалмайды. Сөл бездері үлкейіп, қанталаған.

 

Бактериологиялық зерттеу жаңа жасалған жағындыныбактериоскопиялау, қоректік орталарға себінді жасау, зертханалық хайуанаттарға ауру жұқтыру – құрсақ ішінде немесе нәтиже беретін жадығатты шелге шаншады (0,5 мл-ден ақ тышқандарға).

 

Зерханаға өліксенің жатқан жағынан құлақ кесіндісінен арнайы шыны түтікке қан тамшыларын немесе құлақ кесіндісін жібереді. Құлақты түп жағынан екі жерден мықтап байлайды да ортасынан кеседі. Міндетті түрде құлақ кесіндісінің орнын күйдіруі қажет. Еріксіз сойылған малдың ішкі үлпершек ағзаларының өзгеріске ұшыраған бөліктері, міндетті түрде көк бауыр немесе оның бір бөлігі, шошқаның жұтқыншақ, жақ астындағы сөл түйіндері.

 

Зардапты материалдан 8-10 жағынды жасайды, Грам әдісңмен және капсуланы анықтау үшін Ребиргер, Михин, Ольт немесе Гимза әдістерімен бояйды. Бактериоскопиялық зерттеу нәтижелерімен алдын ала тездетіп жауап береді.

 

Себіндіні ет-пептонды сорпаға және ет-пептонды агарға жасайды. Агарға Петри табақшасына себіндіні жасауға болады. Термостатқа 37-38°С қояды. Өсу 18-24 сағаттан соң байқалады. Агардың өсіндісін микроскоптың х8 объективімен қөргенде R-

 

формалы арыстанның жалына немесе медузаның басына ұқсас шоғырлар табылады. Сорпада пробирканың түбінде мақтаның үлпегіне ұқсас болып өседі. Жағынды жасап микроскоппен зерттегенде тізбектеліп орналасқан стрептобациллалар көрінеді.

 

Топалаң қоздырушысын анықтау белгілері: зардапты материалдан жасалған жағындыда капсула (қауашақ) түзеді, қозғалмайды, гемолитикалық қасиетке ие емес, өсінділік қасиеттерін ескереді. Идентифиқациялау үшін люминисценттік микроскопия әдісін, фаготиптеу, «інжу маржан алқасы» тестісін және зертханалық жануарларға биосынама қою жүргізіледі.

 

«Інжу маржан алқасы» тестісі.


 


Үш пробиркаға 10 мл етпептонды агар құяды. Оның екеуіне 0,5 және 0,05 мөлшерде пенициллин қосады, біріншісі бақылау болып қалады. Барлық агарды Петри табақшасына құяды, қатқаннан соң 1,5х1,5 платиналар кеседі, Петри табақшаларға салады. Әрбір пластинаға 3 сағаттық сорпа культурасын егеді. Табақшаны жауып термостатқа 37-38°С қояды. Үш сағаттан соң микроскоппен (объективі х40) және майлы иммерсия жүйесін қолданып қарайды. Топалаң қоздырушысы пенициллин қосылған агарда дөңгелек, шар тәрізді түрге айналады, тізбектеліп орналасқан үшін інжу маржан алқасына ұқсас. Сапрофитті бациллалар өзгермейді. Бақылау агарында топалаң қоздырушысы стпертобацилла түрінде көрінеді.

 

Биологиялық зерттеу Биосынамаға зардапты материалдың езіндісін немесе микробтың

 

таза өсіндісін пайдаланады. Екі ақ тышқанға 0,1-0,2 мл-ден арқасына еттің астына жұқтырады. Теңіз тышқандарына құрсақ қуысына немесе тері астына 0,2-1,0 мл егеді.1-3 күннен бастап жануарлар өле бастайды, кейде одан кейін. Бақылау 10 күн бойы жүргізіледі. Өлген жануарларды сойып бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Қоздырушының таза өсіндісін бөліп алғанда диагноз дәлелденді деп санайды.

 

Серологиялық зерттеу. Қоздырушының спора түзетін түрлерінлюминисценттік микроскоппен зерттейді.

 

Мал өнімдерін және кепкен, шіріген материалды зерттеуге преципитация реакциясын қолданады (Асколи реакциясы).

 

Антигенді даярлау тәсілдері

 

Ыстық тәсілі: топалаң ауруына күдікті материалдан бір бөлігін алып (мысалы, көк бауырының бөлігі), сол бұршақ шамасындай материалды 10 мл физиологиялық ерітіндімен қосып езеді, сосын пробирканы қайнап тұрған суда бірнеше минуттай ұстайды, екі рет сүзеді, экстракт мүлде мөлдір болуы тиіс.

 

Суық тәсілі: күдікті материалдың жаңғақтай кесегін алып (хлороформдық әдіс), аяқшада 10 г ақ құммен ысып, біріңғай құрамды эмульсия алады. Ішінде хлороформы бар, аузына жонылған тығыны бар цилиндрге салады да, бес сағаттай ұстайды. Сонда хлороформ гемоглобинді бүлдіреді. Хлороформды құйып алады, қатқан қоспаны уатады және оған 0,5% карбол ерітіндісін құядыжәне сүзеді. Сығынды түссіз және мөлдір болуы тиіс.

 

Преципитация реакциясын қоюдың техникасы.


 


Уленгут пробиркасына алдымен преципитациялаушы активті сарысу (0,3 – 0,5 мл) құйылады, содан соң дайындалған антигенді пипеткамен ептеп қабаттастырады, немесе алғашқы құйылған антигенге капиляр пипетканы пробирка түбіне дейін жеткізіп сарысуды қабаттастырады: сонда салмағы ауырлау сарысу сығындыны пробирка аузына қарай ығыстырады. Реакция оң болған жағдайда антигенмен сарысу арасында преципитация сақинасы бірден, немесе антигенмен сарысу қосылғаннан соң алғашқы минутта пайда болуы тиіс. Реакция үшін бақылау керек:

 

1. Физиологиялық ерітінді мен тексерілетін сығынды.

 

2. Сарысумен (бірқалыпты) зерттелетін сығынды.

 

3. Бірқалыпты сығынды және преципитациялаушы сарысуы бар сібір жарасынан өлген жануардың ағзаларды.

 

4. Осы сығынды мен бірқалыпты сарысу.

 

 

Аллергиялық зерттеу. Ретроспективті диагноз кою үшінантраксин (торша қабырғасынан алынған гаптен) қалданылады. Оны адамға тері ішіне білектің іш жағынан 0,1 мл мөлшерінде егеді. Реакция 24-48 сағаттан соң есепке алынады.

 

Алдын-алу және емдеу биопрепараттар. Топалаңға осы кездешырышты қабықшасыз № 55 штаммынан дайындалған вакцина қолданылады, оның сұйық және сублимациялық жолмен алынып келтірілген ұнтақ түрлері болады. Вакцинаны терінің астына үш айға толған малдардың төліне егеді. Иммунитет 10 күннен кейін пайда болып 2 жылға созылады.

 

Жануарларды енжар (пассивті) иммундеу үшін гипериммунды сарысу және гамма-глобулин қолданылады. Антибиотиктерден: пенициллин, тетрациклин, левомицетин жоғары нәтиже береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Топалаң ауруына сипаттама беріңіздер.

2. Жануарлар сібір жарасының қоздырушыны атаңыз.

 

3. Қоздырушының морфологиялық белгілерін сипаттаныз.

 

4. Қоздырушыны өсіру үшін қандай қоректік орталар қолданылады?

 

5. Bacillus anthracis қандай ферментативтік қасиеттерге ие?

 

6. Сібір жарасының патогенезі қандай?

7. Ауру қандай формада өтеді?

8. Ауру негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?

 

9. Сібір жарасының қандай аурулардан ажырату қажет?


 


 

Тест-сұрақтары:

 

1. Топалаң қоздырушысы А) Brucella ovis

 

B) Salmonella Dublin C) Bacillus anthracis D) Escherichia coli

 

E) Pasteurella multocida

 

 

2. Топалаң қоздырушысының пішіні қандай? А) таяқша тәрізді В) иректелген С) шар тәрізді Д) элипске ұқсас Е) ромб тәрізді

 

3. Қоздырушының тыныс алу типі қандай? А) аэробты В) анаэробты

 

С) қатаң анаэроб Д) факультативті аэроб

 

Е) факультативті анаэроб

 

4. Қоздырушының культурасын өсіруге арналған қоректік

 

орталар А) Китт-Тароции ортасы

 

В) Эндо ортасы С) ЕПС, ЕПА

 

Д) Плоскерев ортасы Е) Мюллер ортасы

 

5. Капсула түзетін ортасы

 

А) организмнен тыс В) топырақта

 

С) жануарлар организмінде Д) суда Е) қоректік орталарда

 

6. Спора түзетін орын

 


А) жануарлар организмінде В) организмнен тыс

 

С) организмде және организмнен тыс Д) Китт-Тароцци ортасындағы өсіндісінде

 

Е) Қоздырушыны анаэробты жағдайда өсіргенде

 

 

7. Капсуланың боялу әдісі А) Грам бойынша В) Морозов әдісі бойынша

 

С) Михин әдісі бойынша Д) Мюллер бойынша Е) Козловский бойынша

 

 

8. Спораның боялу әдісі қандай? А) Грам бойынша В) Морозов әдісі бойынша

 

С) Михин әдісі бойынша Д) Мюллер бойынша Е) Циль-Нильсен әдісімен

 

 

9. Топалаң ауруына қандай жануарлар бейім? А) ірі қара, үйрек, түлкілер В) қойлар, тауықтар, жылқылар

 

С) ірі қара, қой, ешкі, жылқылар Д) аю, ешкі, ит, түйелер Е) шошқа, қаздар, тауықтар

 

 

10. Қоздырушының антигендері А) соматикалық, шыбыртқылы В) шыбыртқылы, капсулдық

 

С) соматикалық, капсулдық, протективті Д) протективті, жіпшелі Е) капсулалы, беткейлі

 

 

11. Bac.anthracis экзотоксинінің қандай компоненттері бар? А) домбығу факторы, агрессиндер В) летальді факторлар, домбығу факторы, протективті антиген С) протективті, жіпшелі Д) летальді фактор, альфа-токсин


 


Е) Бета-эпсилон токсиндері

 

 

12. Жануарларға аурудың жұғу жолы А) алиментарлы В) аэрогенді

 

С) несеп-жыныс арқылы Д) трансовариалды Е) жыныс арқылы

 

 

13. Сібір жарасымен жарақаттанған жануарлардағы негізгі паталогиялық өзгерістер

 

А) өлексенің сіресуі, өлексенің ісінуі В) өлексенің ісінуі, қанталау, өлексенің сіреспеуі

 

С) өлексе қатты ісінеді, мүшелерге әсер қанталау етеді Д) бұлшық еттің сіресуі Е) өлікке ісіктің әсері

 

14. Топалаңнан өлген малдағы патологиялық анатомиялық

 

өзгерістер А) бүйрегі үлкейген

 

В) бауыр мен бүйректің консистенциясы қатаяды С) өкпенің үлкеюі

 

Д) көк бауыр қара түске өзгеріп, көлемі үлкейеді, қан қараяды, ұйымайды

 

Е) лимфа түйіндерінің үлкеюі

 

15. Топалаңға диагноз қоюдың басты әдісі

 

А) серологиялық В) аллергиялық С) клиникалық

 

Д) патанатомиялық Е) бактериологиялық

 

 

16. Серологиялық балаудың басты әдісі А) агглютинация реакциясы В) коагглютинация реакциясы С) преципитация реакциясы

 

Д) комплемент байланыстырушы реакция Е) нейтрализация реакциясы


 


 

17. Ірі қара малында топалаңды басқа қандай аурулардан ажырата білу керек?

 

А) сальмонеллез, туберкулез В) бруцеллез, эшерихиоз

 

С) эмкар, пастереллез, қатерлі ісік Д) лептоспироз, брадзот, шошқа тілмесі Е) некробактериоз, сальмонеллез

 

18. Қойларда қандай аруларды топалаңнан ажырата білу

 

керек?

 

А) эмкар, пастереллез, қатерлі ісік В) лептоспироз, рожа, брадзот С) сальмонеллез, туберкулез

 

Д) бруцеллез, эшерихиоз, некробактериоз Е) брадзот,энтеротоксемия, қатерлі ісік

 

19. Шошқаларда қай аурулардан сібір жарасын ажырата білу

керек?

 

А) брадзот,энтеротоксемия, қатерлі ісік В) бруцеллез, эшерихиоз, сальмонеллез С) оба, тілме, гемморагиялық септицимия

 

Д) сальмонеллез, туберкулез, некробактериоз Е) лептоспироз, рожа, брадзот

 

20. Топалаңға қарсы вакцина

 

А) 19 штамнан жасалған вакцина В) 82 штамнан жасалған вакцина С) ВР-2 штамнан жасалған вакцина Д) 55 штамнан жасалған вакцина

 

Е) REV-1 штамнан жасалған вакцина

 

 


 

4 сурет. Васillus anthracis. Қоректік орталарда өсірілген стрептобацилла түрі (метилен көгімен боялған)

 

5 сурет. Васillus anthracis. Капсула түзуі (Михин әдісімен бояу)

 

6 сурет. Васillus anthracis спораларын Ауеске тәсілімен бояу

 

 


 

 

7 сурет. Васillus anthracis-тің электронды суреті.

 

 

8 сурет. Васillus anthracis. Тығыз қоректік орталарда өсуі («арыстанның жалы»).

 

9 сурет. Преципитация реакцияның кестесі (Асколи)

 

 


 

10 сурет.

 

Сібір жарасы кезіндегі рі қара малдың лимфа түйіндерінің зақымдалуы

 

11 сурет. Шошқаның көк бауырындағы өзгерістер

 

12 сурет. Ірі қара мал ішегінін кілегейлі қабығындағы геморрагиялық қабынуы (Топалаңның ішектік түрі).

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3699 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2442 - | 2196 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.023 с.