· Жоғары сезімталдылығы мен тәнділігі.
· Лептоспиралардың зардапты штамдарынан бөліп алынған иммуносорбеттің құрамындағы тәнділігі жоғары антигендер пайдаланылады.
· Ірі қара мал үшін зардапты барлық лептоспираларға қарсы антиденелерді анықтау мүмкіндігі бар.
· Талдаудың ұзақтығы небары 2 сағат.
· Серологиялық тестілеуге оңай бейімделетін ашық жүйе
· Нәтижелері жалпы қабылданған стандарт бойынша оқылады.
· Улылығы аз ТМБ хромогені қолданылады.
· Бір жиынтығы (набор) 192 талдауға арналған
Сақтау мерзімі 6 ай.
Полимеразды тізбекті реакция (ПТР)
Әдістің қағидасы. ПТР әдісінің негізінде зерттеліп отырған түрдің ДНҚ-ның сол түр үшін айрықша белгі болып саналатын тәнді бөлігін (фрагментін) еселеп көшірмеден (амплификация) өткізіп алу жатыр. Мұндай көшіруді дезоксирибонуклеозид-трифосфаттардың (дНТФ) және праймерлер деп аталатын ДНҚ синтезінің жасанды олигонуклеотидтерінің қатысуымен термостабилді ДНҚ-полимераза ферменті жүзеге асырады. Праймерлер ДНҚ-ның тәнді бөлігімен комплементарлы болып келеді және ДНҚ синтезі тек солардың
арасында ғана өтетіндей етіп бағытталған. Нәтижесінде ДНҚ-ның бізге қажетті бөлігінің көшірмелерінің саны көбейе береді. Әр цикл үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің белгілі бір температуралық режимі болады.
1) ДНҚ-ның қос спиралінің тарқатылуы (ДНҚ денатурациясы) 63-95 0 С-та жүзеге асады.
2) Праймерлердің ДНҚ бөлігіне қосылуы комплементарлы түрде праймерлердің сол жұбына тәнді температурада жүзеге асады.
3) ДНҚ-ның жаңа тізбегінің синтезі 72 0 С температурада жүзеге асады. Көшірудің (амплификацияның) 30-35 циклынан кейін ДНҚ бөлігінің 10 көшірмесі дайын болады., ал бұл өз кезегінде агарлы гелдегі электрофорезден кейін реакция нәтижесін көзбен көруге мүмкіндік береді.
Қажетті құралдар мен реактивтер 1. Жартылай автоматты микропипеткалар – 1-10, 5-40, 40-200,
200-1000 мкл
2. 1,5 және 0,5 мл-лік пробиркаларға арналған 8-12 мың айн/мин микроцентрифуга
3. Көлденең электрофорезге арналған жабдық
4. Программаланатын термостат 5. 1,5 мл пробиркаларға арналған 45-550 С-тық термостат
6. Ультракүлгін трансиллюминатор 7. СВЧ-пеш немесе 95-100° С-тық су моншасы
8. микропробиркаларға арналған сілкігіш (мыс: «Вортекс»)
9. ПТР әдісімен Leptospirainterrogans ДНҚ-ын анықтауға арналған тест-жүйе.
Клиникалық материалды өңдеу және талдауды жүргізу техникасы амплификациялық тест-жүйені шығарушы фирманың нұсқауында көрсетіледі.
Зерттелінетін клиникалық материал ретінде қан, қан сары суы, зәр қолданылады. ПТР-талдау жоғары тәнділігімен, сезімталдығымен және аурудың алғашқы аптасында-ақ (бірінші күнінен бастап) тіпіті антибиотиктермен емдеу кезінің өзінде жоғары диагностикалық тиімділігімен еркшеленеді. Сондықтан оны лептоспирозды ерте бастан дереу балау әдісі ретінде қолдануға болады. Дегенмен ПТР бойынша теріс нәтиже бойынша кесімді шешім шығаруға болмайды, себебі аурудың басталған уақыты әр уақытта белгілі бола бермейді. Нәтиже неғұрлым дәл болуы үшін МАР мен ПТР қатар қолданылғаны жөн.
Бақылау сұрақтары:
1.Лептоспирозды қандай микроорганизмдер тудырады?
2.Лептоспироз кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілері?
3. Лептоспироз қоздырушыларының қандай морфологиялық белгілері бар?
4. Лептоспираларды өсіру үшін қандай қоректік орталар қолданылады?
5. Лептоспироз қоздырушыларында қандай негізгі зардаптылық факторлары бар?
6. Лептоспироз қоздырушыларының сыртқы ортадағы факторларына төзімділігі қандай?
7. Лептоспирозды зертханалық балаудың әдістері?
8. Ауру және өлген жануарлардан зерттеу үшін патологиялық материал ретінде не алынады?
9. Ауру жануарларда сарғыш тарту неге байланысты?
10. Жануарлар лептоспирозын зертханалық балау қалай жүргізіледі?
11. Лептоспирозды балау үшін қандай серологиялық реакциялар қолданылады?
Тест сұрақтары:
1. Leptospira туысындағы патогенді түрі А) L. interrogans
B) L. pomona
C) L. canicola
D) L. biflexa
E) L. tarassovi
2. Лептоспироз қоздырушысының пішіні қандай? А) таяқша В) иректелген
С) шар тәрізді Д) элипс тәрізді Е) ромб
3. Лептоспиралардың тыныс алу типі?
А) анаэроб В) қатаң анаэроб
С) аэроб Д) факультативті анаэроб
Е) микроаэрофил
4. Қоздырушының культурасын өсіруге арналған қоректік орталар? А) Эндо ортасы В) ЕПА С) ЕПС
Д) Терских, Уленгут ортасы Е) Китт-Тароции ортасы
5. Лептоспиралардың патогенді серотипі қандай?
А) Pomona, Brusella
B) Pasteurella, Canicola
C) Salmonella, Tarassovi, Pomona
D) Pomona, Tarassovi, Canicola, Grippotyphosa, Іcterohaemorragiae
E) Grippotyphosa, Іcterohaemorragiae, Escherichia
6. Лептоспирозда инфекцияның түрі қандай А) пиемия В) септицемия
С) бактериемия Д) рецидив Е) суперинфекция
7. Аурудың басты клиникалық белгілері А) төс маңайы үлкейген В) кілегей қабық зақымдалған С) диарея
Д) теріде, клегейлі қабықтардың сарғаю, некроз пайда болуы, қан аралас зәр бөліну.
Е) ақсау
8. Бактериологиялық тексеруге қандай мүшелер алынады? А) өкпе В) көк бауыр, жүрек, жілік
С) қан, зәр, бүйрек, бауыр Д) лимфа түйіні Е) ішектің қысқа кесіндісі
9. Ірі қара малында лептоспирозын басқа қандай аурудан айыра білу керек?
А) Сібір жарасы В) некробактериоз, эмкар
С) ботулизм, сальмонеллез Д) бруцеллез, сальмонеллез, листериоз, кампилобактериоз Е) туберкулез, трихомоноз
10. Шошқа лептоспирозын қандай аурулардан ажырату керек? А) сібір жарасы, эмкар, некробактериоз В) некробактериоз, эмкар, пастереллез С) оба, сальмонеллез Д) бруцеллез, сальмонеллез
Е) туберкулез, трихомоноз, сальмонеллез
11. Жылқыларда лептоспирозды қай аурудан ажырата білу керек? А) сібір жарасы, некробактериоз В) некробактериоз, пастереллез
С) ботулизм, сальмонеллез, сіреспе Д) бруцеллез, сальмонеллез
Е) инфекциялық энцефаломиелиттен, инфекциялық анемия
12. Терісі бағалы аңдарда лептоспирозды қай аурудан ажырата білу керек?
А) сібір жарасы, некробактериоз В) некробактериоз, пастереллез С) ботулизм, сальмонеллез, сіреспе Д) бруцеллез, сальмонеллез, оба
Е) инфекциялық энцефаломиелиттен, инфекциялық анемия
13. Балау қоюда қай серологиялық реакция қолданылады?
А) микроагглютинация реакциясы В) коагглютинация реакциясы С) преципитация реакциясы Д) нейтрализация реакциясы
Е) комплемент байланыстырушы реакция
14. Лептоспироз кезінде қолданылатын вакцина А) 19 штамнан жасалған вакцина В) ВЗ-2 штамнан жасалған вакцина
С) инактивтелген поливалентті вакцина
Д) 55 штамнан жасалған вакцина Е) 82 штамнан жасалған вакцина
25 сурет.Лептоспиралардың құрылысы:
а - периплазматикалық мембрана
б – біліктік жіпше
26 сурет.Лептоспиралардың спираль тәрізді құрылысы (Фотосурет)
27 сурет.Лептоспиралардың сұйық қоректік орталарда өсуі (опалесценция)
28 сурет. Лептоспиралалардың тығыз қоректік орталарда өсуі
29 сурет. Лептоспироздің созылмалы түріндегі ірі қара мал терісінің өліеттенуы