Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Бактериялардың антигендік қасиеттерін тексеру. Агглютинация реакциясын қою.




 

Сабақтың мақсаты: Микробтардың антигендері және ауруқоздырушыларының антигендік қасиеттерін анықтаудың бактериологиялық зерттеуде маңызын түсіну және микроб антигендерін даярлау әдістерімен танысу.

 

Сұрақтар:

1. Иммунитет реакциялары туралы түсінік.

 

2. Микробтардың антигендері

 

3. Антигендердің қасиеттері

4 Микроб антигендерін даярлау әдістері

 

5. Серологиялық реакция (агглютинация реакциясы, прецепитация реакциясы, бейтараптау реакциясы)

 

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары АР арқылыбөліп алған микроб өсіндісін идентификациялау.

 

Сабаққа қажетті материалдар: таза культура өсіндісі, 2млпипетка, заттық әйнек, пробиркалар және штативтер; физиологиялық ерітіндідегі 5% карбол қышқылы ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, гипериммунды агглютинирлеуші қан сарысуы

 

Тірі организмде иммунологиялық реакция оған тірі немесе олі антигендерді (көбінесе микробтарда) олардың тіршілігінің өнімін (токсиндер), немесе ыдырау өнімдерін ендіргенде пайда болады. Антиген мен антиденелердің өзіндік өзара әрекеттесуі барлық иммунологиялық реакциялардың негізі болып есептеледі.

 

Тірі организмде болатын осы антиген мен антидененің арасындағы реакциялар, сонымен қатар зертхана жағдайларында өндірілуі мүмкін. Антидене және антиген реакциялары серологиялық немесе гуморальды деп аталады. Антигенмен әрекеттесу процессі иммуноглобулиннің барлық молекуласы қатыспайды, тек қана оның шектеулі бөлігі – антиген байланыстырушы орталық қана. Антидене


 

 


антигеннің барлық молекуласымен әрекеттеспейді, тек қана антигендік детерминациясымен ғана. Антидене өзгеше әиекеттке ие, бір ғана антигенді детерминантпен ғана байланыстырады.

 

Антидене негізіне аффинді және авидті жатады.

 

Аффинді – бұл антидененің антигенмен әрекеттесу күші (олардың байланыс энергиясы). Антигенді байланыстыру орталығы мен антиген детерминантының құрлымдарының сәйкестік дәрежесіне байланысты сипатталады. Олар бір – біріне жақса, молекула аралық байланыстары көбірек түзіледі және түзілген иммун кешені төзімдірек болады.

 

Макроорганизмде осы және басқа антиген детерминанттары бір мезгілде тітіркеніп және антидененің әр түрлі шамамен 100 клондарын иммунды кешенін түзуге қабілеті бар. Олардың барлығы антиген байланыстырушы орталығымен және аффиндік құрлымен ажыратылатын болады.

 

Авидті – бұл антиген мен антидененің тығыз байланысуы. Ол аффиндік және антиген байланыстыру орталық санын анықтайды. Аффиндігі тең болғанда авидтің көпшілігі М класс антиденеге ие, өйикені оларда 10 антиген байланыстырушы орталығы жоқ.

 

Антидене антигенмен әсерлесу тиімділігі әр түрлі жағдайларға байланысты: pH ортасына, температураға, осматикалық тығыздыққа, ортаның тұз құрамына және т.б. Антиген – антидене реакциясы үшін ең қолайлысы микроорганизмнің ішкі орта жағдайының физиологиясы болып табылады.

 

Иммунды реакцияны ветеринариялық медицина тәжірибесінде сау және ауру малдардың иммунологиялық және диагностикалық зерттеулерде қолданады. Осы мақсатта серологиялық әдісінің (латынша Serum – сарысу және logos - оқу) антиген – антидене реакцияларының көмегімен зерттеуді қолданады. Қан сарысуында антиденеде ауру қоздырғыштарын тапқанда немесе оның антигені ауруға диагноз қоюға болады. Серологиялық зерттеулерді микробтардың антигендерін теңестіру үшін, қан тобын, ткандік және ісікті антигендерді анықтауда қолданады.

 

Микроорганизмдерді аурулардан бактериологиялық зертханаларда қоздырғыштарды бөлген кезде теңестіру жүргізіп, антигендік қасиеттерін иммунды диагностикалық сарысуының көмегімен зерттейді.

 

Микробиологиялық тәжірибеде агглютинация, преципитация, бейтарап және т.б. реакциялары кеңінен қолданады. Бұл реакциялар


 


техникалық қалпы бойынша ажыратылады, бірақ та олар антиген мен антидененің әсерлесу реакциясына негізделген және антидене мен антигендерді табу үшін қолданылады.

 

Агглютинация реакциясы (АР)

 

Иммунобиологиялық реакцияны қою негізінде ауру және ауырып тұрған жануарлардың қанының сарысуында осы инфекцияға тән арнаулы антиденелердің табылуы арқылы организмде қоздырғыштың болуын анықтайды немесе аурудан белгісіз қоздырғыштың культурасы бөлінсе, оны сипаттап жазып, анықтау керек.

 

Ауру организм сарысуында инфекция немесе тірі күйіндегі бактериялық антигенді қолдан енгізсе, микробтар торшасын бір жерге шоғырландырып жіберіп, сөйтіп, қозғалу қабілетін жоятын заттар табылатынын Губер мен Видаль дәлелдеген болатын.

 

Бұл антиденелерді авторлар агглютининдер деп атаған. Агглютиналаушы сарысуларды бактерия эмульсиясына қосқанда бірнеше сағат өткеннен соң эмульсияның мөлдірленіп, микробтар денесінен (желімделген) тұратын пробирка түбінде үлпілдек шөгінділер пайда болады.

 

Бұл реакциялар толық микроб торшаларымен антидененің әсерлесуіне негізделген. Ол екі фазада өтеді: 1) антиген мен антидененің байланысы; 2) электролиттердің қатысуымен шөгінділердің түсуі, мысалы Na хлорид. Осы реакцияны қалыпты әр түрлі варианттарын қолданады: кең түрде (пробиркаға қояды), шамамен (шыны айнекшеге). Агглютинацияның жылдамдығы мен сипаты антиген мен антидененің түріне байланысты. О- және Н-антигендердің ерекше антиденелердің әсерлесу негізі болып табылады: О-диагностикум реакциясымен (қыздырумен өлтірілген бактериялар) агглютинацияның ұсақ дәнді түрінде болатын; Н-диагностикум реакциясымен (формалинмен өлтірілген бактериялар) ірі мақталы және тез өтеді.

 

Кез келген туыс микроорганизмдер бір және агглютиндеушідиагностикалық сарысумен агглютиндеуге болады, олардың теңесуін қиындатады. Сондықтан да агглютиндеуші қан сарысуын адсорбция жасауға қолданады, олардан туысқан бактерияларынадсорбция жолымен антиденеге тітіркенуін жояды. Мұндай сарысуларда антиденелер сақталып, тек қана бір микроорганизм түріне тән.

 

АР анықтау және оның нәтижесін жазып қою.


 


Анықтау алдынан бақылауды тексереді. Реакцияны қараңғы фонда немесе сәулені қайта шағылыстыру үшін пробирка түбін айнаға таяп қояды.

 

Пробирка түбінде түйме сияқты антиген тұнбасы түзілсе, онда сарысу теріс болғаны. Сілкігенде бірқалыпты эмульсия түзіледі. Егер пробирка түбінде тұңба қолшатырына ұқсас боліп шөгілсе, реакция нәтижесі оң болып саналады. Сілкігенде түйіршіктер байқалады, сұйық мөлдір болып қалады.

 

Өте оң реакция – «++++» Жалпы оң реакция – «+++» Күдікті реакция – «++» Өте күдікті реакция – «+» Теріс реакция – «-».

 

Бөлінген өсінділердің антигендің қаситетерін анықтау үшінагглютинация реакциясын қолданады. Реакцияны агглютиндейтін қан сарысуымен бір титрге дейін және зерттелетін қоздырушының өсінді антигенімен қояды. Антигенді ЕПА бір тәулік өсіндіні физиологиялық ертіндімен (қоюлығы 1мл 10 млрд.) шайма түрінде қолданады. Агглютинация реакциясын қою кезінде келесі бақылаулар қажет: 1) қалыпты қан сарысуы + антиген; 2) физиологиялық ертінді + антиген. Агглютинация реакциясын қою технологиясы әдеттегідей.

 

Мысалы, сальмонелла тобындағы микробтарды серологиялық типтеу үшін Кауфман — Уайт кестесі бойынша О- және Н-монорецепторлы агглютиндеуші қан сарысуларды қолданады. Агглютиндеуші О- және Н- монорецепторлы қан сарысулар тәжірбиеде араласпаған агглютинация сынама түрінде қолданады.

 

Шыны әйнекшеге пастер пипеткасымен немесе ілмекшемен бір тамшы сарысуды енгізеді, онда бір тәулік агардағы өсіндіде микроб торшалар аз мөлшерде болады. О – антигенді анықтау үшін микроб торшаларын пробирканың үстінгі бөлігінен, ал Н – антигенді пробирканың төменгі бөлігінен (конденсация сұйығынан) алу қажет.

 

I. О – сарысулар рецепторлар жиынтығынан тұрады: I, II, IV, V, VI, VI2VII, VIII, IX, XII. О – сарысу көмегімен өсінділерді теңестіріп бір топшаға жатады, Кауфман — Уайт кестесі бойынша(А, В, С, D және т.б.).

 

II. Н – сарысулар рецепторлар жиынтығынан тұрады: а, b, с, d, i, g, m, r, u, p, lv, lw, en, eh, q, t, және кешенді: 1,2; 1,5.

 

Н – сарысу көмегімен зерттелетін өсінділер сол кесте


 


мәліметтеріне байланысты типтеледі.

 

Сарысулар жиынтығының құрамында әдетте типтік өкілдерге байланысты рецепторлар болады. Сарысуларды резенке тығындармен жабылған пробиркаларда сақтайды.

 

Кауфман — Уайт кестесі сальмонелла тобындағы өсінділер О – және Н- антигендердің құрлым ерекшклік негізінде, бірақ та өсіндінің антигендік өзгергіштігі болмағандықтан типтеуге ұсынады.

 

Тақырыбы: Бактериалардың зардаптылық қасиеттерін тексеру (биосынама қою)

 

 

Сабақтың мақсаты: Студенттерді зертхана жануарлары,оларғаауру жұқтыру тәсілдерімен, зертхана жануарларының өліксесін сою және бактериологиялық зерттеу жургізу әдістерімен таныстыру.

 

Сұрақтар:

1. Қандай жануарларды «тәжірибелік» деп атайды?

 

2. Қандай жануарларды «зертханалық» деп атайды?

3. Зертханалық жануарларды қандай мақсатта қолданады?

4. Зертханалық жануарларды ұстап, күту.

 

5. Жануарларға ауру жұқтыру әдістері.

6. Зертханалық жануарларды тәжірибеге қалай даярлайды?

 

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары.

 

Әрбір студент белгілі әдістердің біреуімен лабораториялық жануарларға ауру жұқтыруға тырысады және оларды бекітуге қатысады.

 

Сабаққа қажетті материалдар.

 

Зертханалық жануарлар (ақ тышқандар, теңіз тышқандары, үй қояндары), зарарсыздандырылған шприцтер, жұқтыруға арналған микробтар өсіндісі, зарарсыздандырылған анжа (мақта), спирт.

 

Құрал-саймандар (қайшы, скальпель, пинцеттер), заттық әйнектер, қоректік орталар.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1576 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2282 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.