Сабақтың мақсаты: туберкулез қоздырушыларыныңморфологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу, туберкулезды балау әдістерімен таныстыру.
Сұрақтары:
1. Туберкулез ауруына сипаттама.
2. Туберкулез қоздырушыларының морфологиялық және биологиялық қасиеттері.
3. Туберкулез микобактерияларының патогендік қасиеттері және туберкулездің патогенезі.
4. Туберкулезға қарсы иммунитеттің ерекшелігі.
5. Диагноз қою әдістері.
6. Туберкулезға қарсы шаралар
Туберкулез (Tuberculosis) - малдың көптеген түрлерінде, жабайы хайуандарда, құстарда, терісі бағалы аңдарда кездесетін созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған малдың органдарында ауруға тән бұдырмақтар (туберкулдар) пайда болады, олар сүзбе тәріздес ыдырауға (казеоз) бейім. Аурудың жасырың кезеңі 2-6 аптаға созылады. Ауру малдың сөл түйіндерінің ұлғаюымен басталады. Шап, желін үсті, мықым, алқым, жұтқыншақ сырты, құлық түбі, мойын, алдыңғы жаурын бездері шалдығады.
Қоздырушының жіктелуі:
Actinomycetales қатары Mycobacteriaceae тұқымдасы Mycobacterium туысыТүрлері
Mycobacterium tuberculosis -адамда Mycobacterium bovis –ірі қара малда Mycobacterium avium -құста Mycobacterium murium -тышканда
Mycobacterium poykilothermium –салқынқандыларда
Зардапты микобактерияларға алапес ауруының қоздырғышысы (M. leprae) және мүйізді ірі қараның паратуберкулез қаздырушысы да жатады (M. paratuberculosis).
Морфологиясы. Туберкулез қоздырушылары–жіңішке түзунемесе сәл иілген таяқша, шеттері имектелген, ұзындығы 0,8-5,5
мкм, ені 0,2-0,6 мкм.Морфологиясы тұрақты емес – бактериалдық сүзгіден өтетін түрлері, бұтақ тәрізділері және L-формалары табылған. Қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам әдісі бойынша нашар боялады. Жануардан алынған патологиялық материалда және өсінділерінен жасалған жағындыларда жеке-дара немесе шағын топ құрап (микроколониялар) орналасады
Туберкулездің қоздырушылары – қышқыл, спирт және сілтіге төзімді. Клетканың құрғақ затының 40% майлы (липидті) заттар құрайды. Оларға бейтарап майлар, стеарин, фосфатидтер, сульфатидтер кіреді. Құрамына фтиоид, микол, пальмитин, туберкулостеарин қышқылдары анықталған.
Патологиялық материалдан (ірің, қақырық, сүт, жатырдан аққан сұйық т.б.) жұғынды дайындап Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Боялған жұғындыда көкшіл фонда түзу немесе сәл иілген қызыл таяқшалар көрінеді, олар жеке-жеке және тобымен орналасқан. Таяқшамен қатар жұғындыдан кокктарды және тіпті қышқылға төзімді (қызыл) түйіршіктер көрінеді.
Микобактериялар тек қана аэробтық жағдайда элективтік қоректік ортада өседі (жұмыртқа ортасы, глицеринді сорпа немесе агар). Туберкулез таяқшасында майлы – балауызды элемент бар, сондықтан да ол сыртқы ортада және залалсыздандырғыштың әрекетіне төзімді келеді. Дезинфекциялық заттардан туберкулезге мыналарды қолданады: күкірт-карбол қышқылдарының 15 % қоспа ерітіндісі, натрий су тотығының 16 % ерітіндісі, формальдегидтің 3 % сілті ерітіндісі және т.б.
Негізгі патогенді факторы –корд-фактор(химиялық құрамыбойынша трегалозаның дисахаридінен және микол, миколин қышқылдарынан тұратын полимер), организмге улы әсер етеді және қоздырушыларды фагоцитоздан қорғайды.
Корд-фактор организмде келесі құбылыстарды тудырады:
n - Таза күйінде бөліп алған түрін ақ тышқандарға еккенде 1-2 аптадан соң гиперемия, демікпе тудырады. Аяғында жануарды өлімге ұшыратады.
n - Организмде лейкоциттердің зақымдалған ошақтарға жылжуын тежейді.
Микобактериялардың төзімділігі біршама.Олар кептіруге,
шіруге, температураға төзімді келеді, іріп –шіріген материалда 3-12 ай бойы, таза өсінділерде әдетте 8-10 айдан кейін тіршілігін жояды.
Ірі қара нәжісінде жағы жайылымда – 2айға дейін, қыста – 5 айға дейін, кейді оданда ұзақ сақталады. Қақырықта 5-6 ай тіршілігін жоймайды. M. аvium басқа микобактерияларға қарағанда төзімді болып келеді. Олар топырақта 17-18 ай, жарық жерде суда 7 ай, ал қараңғы жерде 18 ай сақталады. Ауыстырылмайтын қалың төсеніште 5 жылдан кейін тіршілігін жояды. M.bovis көңде 4 ай, сабан төсеніште 2-12 ай, суда 4-10 ай тіршілік ете алады.М. tuberculosis суда 5 айдан 10 айға дейін сақталады.
Сүтте, ірімшікте, майда және басқа мал шаруашылығы өнімдерде ұзақ уақыт сақталады. Қатырылған сүтпен қаймақта 120 күнде қырылады. Қатылырған балауса етте ұзақ сақталады, ал тұздалған етте – 1,5 ай.
Күн сәулесі және жоғары температура микобактерияларды қырып жібереді. 50ºС -12 сағаттан кейін, 60ºС – 1 сағаттан кейін, 70ºС – 10 минуттан кеін, 90ºС – 1 минуттан кейін, 100ºС – сол сәтте зарарсыздандырылады.
Туберкулез кезінде дезинфекциялау үшін хлоры бар препараттар неғұрлым күшті әсер етеді. Хлораминнің 3-5% ерітіндісі оларды қырып тастайды. Құрамында 5 % активті хлоры бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісі микобактерияларды 6 сағаттын ішінде, хлорлы йодтың 10% ерітіндісі 3 сағат ішінде жояды.
Антигендік құрылымы. Туберкулез микобактерияларантигендерінің протективті қаситтері микол қышқылымен қосылатынына байланысты. Антигені күрделі, мал организмінде әр түрлі антидене тудырады: антиполисахаридті-протеин-фосфатидті. Бірақ туберкулез ауруында түзілетін иммунитет стерилді емес. Организмді қорғайтын клеткалық иммунитет (Т-лимфоциттер). Тірі және өлі туберкулез таяқшалары гиперсезімталдықтың баяу түрін тудырады. Белоктарда ондай қасиет жоқ.
Туберкулездің патогенезі. Тыныс алу мүшелері арқылыорганизмге түскен микобактериялар қан және лимфа арқылы (лимфагематогенді таралу жолы) таралып, жергілікті лимфатүйіндерде жиналып қабыну процесін қоздырады – лимфангоит және лимфанденит. Сонан соң лимфа және қан арқылы өкпеге жетіп ұлпаларында (альвеолаларда) спецификалық гранулема
– туберкулдар пайда болады. Бұлар туберкулездің бірінші ошағы болып саналады. Организмнің төзімділігі жоғары болсагранулема сыртында кальцийге бай капсула пайда болады. Осындай бірінші ошақта микобактериялар көп жылдар бойы сақталады.
Патогендігі және жұғу жолдары. Туберкулезге үй және жабайыхайуандардың (55 – тен астам түрі) және құстардың 25-түрлері бейімді. Көбінесе туберкулезбен ірі қара мал, шошқа, күзен, құс, марал ауырады, сиректеу - ешкі, ит, үйрек және қаз: өте сирек – қой, жылқы және мысық ауырады.
Инфекцияның басты көзі, ол қоздырушыны бөлетін малдар (әдетте клиникалық белгілерімен). Табынның ауруға шалдығу дәрежесі ондағы ауру малдардың санымен байланысты. Малды қорада баққанда, ауру өршиді, демек малдардың тығыз жанасумен байланысты (алиментарлық және аэрогендік жұғу). Екінші бір көзі жайылымда ауру қоздырғышының болуы (алиментарлық жұғу), жайылымда жұқтырғыш күшті болса аз кезеңнің ішінде энзоотия мал басының 60 % қамтиды. Бұзауға аурудың көзі сүт. Жатырда жұқтыру сирек кездеседі.
Шошқа және құстарға негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Аурудың дамуына және ауырлығына азықтандыру жағдайы, күтімі және пайдаланулары үлкен әсер етеді. Мерзім эпизоотиялық процеске әсер етпейді, бірақ та мал қолда тұрғанда туберкулез жиі байқалады.
Туберкулезбен ауыратын адам малмен жанасқанда, ол қоздырғыштың адамдық түрімен ауырады.
Аурудың өтуі және симптомдары. Туберкулезде инкубациялықкезеңнің ұзақтығы 2-ден 6-жұма аралығында. Ауру созылмалы. Ауру айлап, жылдап созылады, ауру мал титығына жетіп арықтайды және өледі. Аурудың жіті түрі өте сирек кездеседі, онда да жас малдарда. Шартты активті немесе ашық, туберкулез, демек бактериялардың бронхиялдық шырыш, нәжіс немесе сүтпен сыртқа бөлінуі және жасырын туберкулез, бұнда бактериялар ошақта аулақтанған, демек сыртқа бөлінбейді.
Мүйізді ірі қарада негізінен өкпе зақымданады. Алғашқы белгілерінің бірі сиректеу құрғақ жөтел. Бірте-бірте бір жұма және тіпті айлар ішінде жөтел жиіленеді,ауырсынады,ылғалды. Салқын ауа,тозаң,қозғалыс жөтелге жол ашады. Процестің дамуына орай аускультациялағанда сырыл естіледі немесе везикулярлық демалыс нашарлайды. Кейде демалысы естілмейді. Аурудың ошағы көлемді келіп, үстіңгі жағында жатса (тауықтың жұмыртқасынан кем емес) перкуссиялағанда әлсіздеу ошақ білінеді. Демалысы қиындайды, оны жеңілдету үшін мал мойынын созады, жиі жөтелгеннен барлық денесі дірілдейді.
Ауру дамыған сайын тәбеті өзгермелі келеді. Мал бірте-бірте арықтайды, уланудан тышқақтауда бұған себеп болады. Әдетте өкпедегі процеске лимфа түйіндеріндегі өзгерістер ере жүреді. Олар үлкейген, бұдырмақ нығыз, кейде іріңді тесік пайда болады. Өкпедегі процесс асқынғанда кеңірдек және көмекей ауырады. Бұл кезде кеңірдек және көмекейді қысқанда ауырсынады және оған ұстамалы ауырсынатын жөтел қосылады. Жұтыну ауыртады және қиын. Ауырсынуду азайту үшін мал мойнын созады. Желіннің туберкулезінде, зақымдалған бөлігінде бірте-бірте қатты тығыз бұдырмақ пайда болады. Ауру бөлігі үлкейе бастайды. Бұнымен қатар желін үсті лимфа түйіндері өзгереді (олар үлкейген және бұдырмақ). Сүтте кенет өзгереді: сұйық, үлпегі бар, ал кейде ірің араласып көгереді. Жатырдың туберкулезі бедеулікпен сипатталады, жыныс органдарынан шырышты-ірің ағады, жатырдың қабырғасы қалыңдайды, кейде бұдырмақтар пайда болады, жыныс мүшелері зақымданған сиырлар күйлегіш келеді. Тері асты лимфа түйіндерінде өзгерістер болады, бұқаның ені ауырады (орхит).
Шошқаның туберкулезі мүйізді ірі қара немесе құс шаруашылықтарында туберкулез болса байқалады. Аурудың симптомы байқалмайды, алқым, жұтқыншақ, мойын лимфа түйіндерінің үлкейгендері байқалады. Өкпесі ауырса жөтеледі құсады, ішегі зақымданса іші өтеді, арықтайды.
Қой және ешкіде туберкулез сирек кездеседі. Егерде бола қалса аурудың клиникалық белгілері мүйізді ірі қаранікіне ұқсас.
Құста туберкулез жасырын түрінде өтеді. Тауық жиі ауырады, қаз, үйрек, күрке тауық сирек ауырады. Негізгі клиникалық белгілері: денесінің қызуы көтеріледі, жуасиды, көп қозғалмайды, арықтайды, жұмыртқалауы төмендейді, айдары және сақиналары бозарады, тыржиады, буындары іседі, ақсағандары байқалады.
Қымбат терілі аңдардан тубекулезбен күзен, сазқұндыз, түлкі ауырады. Көпшілігінде жастары ауырады. Ауру малдар демігеді, жөтеледі, лимфа түйіндері үлкейеді, іші өтеді, арықтайды.
Маңызды патанатомиялық белгілері: Ішін жарғанда өкпесінде қызыл – сұр сары түсті нығыз бұдырмақ. Өкпені тіліп қарағанда көлемі әрқалай өліеттенген ұлпаны ошағы табылады. Кейбір жағдайда бұл ошақтарда тас байланған, басқаларында ұлпалары іріңдеп қуыс пайда болған (тесік өкпе). Үлкен ошақтармен қатар көлемі кендір дәніндей сары-сұр түсті бұдырмақтар болады. Өкпенің зақымдалған бөлігіне жақын орналасқан плевраның тығыз келген
фиброзды түйіндерімен жабылған, олар гүл капустаға және полипке ұқсас. Бұндай фиброзды түйіндердің ортасында өліеттенген немесе тас байланған, шет жағы тығыз келген ақ-сұр түсті фиброзды ұлпадан тұрады, оны меруерт деп атайды. Кеуде қуысының лимфа түйіндері үлкейген, бұдырмақ, казеозды ошақтар бар. Осыған ұқсас процестер басқа лимфа түйіндерінде де байқалады. Өліеттенген туберкулез ошақтары бауыр, көк бауыр және бүйректерінде де кездеседі.
Диагноз қою әдістері Бактериологиялық зерттеу. Сүтқоректілерден зерттеу үшін
алынатын материал: лимфа түйіндері (жұтқыншақ, жақ астындағы, ауа тамырлары, аралық перде, шажырқайлы), илиоцекальды қосылыс және мықын ішек аумағында алынған лимфа түйіндерін бөлек салады. Одан басқа порталды жаурын алды, желін үсті, шаптың лимфа түйіндері және ішкі мүшелерін - өкпе, бүйрек, бауыр туберкулез өзгерістерін тапқанда, сутті зерттеуге жібереді. Құс туберкулезін анықтау үшін құстардың денесін түгелдей жеткізеді.
Микроскопиялық зерттеу. Материалда қышқылға төзімді микобактериялардың барын және ластану дәрежесін анықтау үшін бактериоскопиялвқ зерттеу жүргізеді. Әр бір мүшеден және лимфа түйіндерден материалды езіп екі жағындыдан дайындайды. Жағынданы ауада кептіріп, жалынға бекітіп Циль-Нильсен әдісімен бояйды.
Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу 1. Бекітілген препаратқа сүзгіш қағаздың тілімін салып, үстінен
Циль фуксинін құйып, спиртовкамен бу шыққанша қыздырады, сол күйінде бояуды 3-4 минутке қалдырады (5 минутқа дейін қалдыруға болады).
2. Қағазды алып 30 секунд бойына препаратты күкірт қышқылының 5%-ті ерітіндісімен түссіздендіреді.
3. Сумен жуады.
4. Қосымша 3 минуттай уақыт Леффлер көгімен бояйды. 5. Сумен жуады, кептіреді.
Жағындады туберкулез микобактериялары өзіне тән морфологиясы – ұзын, жіңішке, сәл иілген қызыл түсті таяқша, жиі түйіршіктерді көруге болады. Олар жеке немесе топталып орналасады. Атипті микобактерияларды нағыз туберкулез қоздырушысынан ажырату қиынға түседі. Бірақ олар жиі жуан жіне түйіршіксіз болып келеді.
Бактериологиялық зерттеу.
Бактериологиялық зерттеу 1 мл сынамада 20-100 микобактерия болғанда оң нәтиже береді. Таза культураны бөліп алу үшін зардапты материалды алдын ала өңдейді.
Гон-Левенштейн-Сумиоши әдісі.
Зардапты материалдың бір бөлігін (10 г) алып келіге стерильді кұм немесе ұсақталған шыны қосып езеді, езіндіге 3-6% күкірт қышқылын құяды немесе 5-10% қымықдың қышқыл ерітіндісін бір бөлік материалға төрт бөлік қышқыл мөлшерінде қосады. Содан соң 10-15 мин 3000 айн/мин центрифугада айналдырады. Жалпы қышқылдың әсер ету экспозициясы 30 мин аспау керек№ Центрифугаттың жоғарыдағы сұйығын төгеді. Тұңбасын 2-3 рет физиологиялық ерітіндімен центрифуга арқылы жуады. Осы даярланған материалды қоректік орталарға себінді жасайды және жағынды дайындап Циль-Нильсен әдісімен бояп микроскоппен зерттейді.
А.П.Аликаева әдісі. материалдың бір бөлігін(10г)келіге салып3-6% күкірт қышқылын құйып 10-20 минут бойы ұстайды. Келінің үстінен пергамент қағазбен жауып қояды. Содан кейін қышқылды төгіп тастап 2-3 рет физиологиялық ерітіндімен жуады. Материалдың бөлігін қайшымен ұсақтап, стерильды құм немесе шыны қосып аз мөлшерде физиологиялық ерітіндіде (1-1,5 мл) езеді. Езіндіден жағынды дайындайды және қоректік орталарға себінді жасайды.
Микобактерияларды өсіруге келесі орталар қолданылады; Левенштейн-Йенсеннің тығыз жұмыртқа қосылған ортасы, Гельберг, Петраньяни, ФАСТ-3Л, Финн-2 орталары. Себіндіні Пастер түтігімен немесе бактериалдық ілмекпен жасап адам және ірі қара мал туберкулезінің қоздурушыларын өсіру үшін 37-38°С, құс туберкулезінің микобактерияларын 42-45°С термостатқа қояды. Егер екі күнде ортаның түрі, түсі өзгерсе, себіндіні қайта жасайды. Содан үш ай бойы бақылайды.
Ірі қара мал туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium bovis
өсіндісі 10-60 күнде пайда болады; Mycobacterium tuberculosis – 20-
30 күнде, Mycobacterium avium – 10-20 күнде, ал атипті микобактерияларда 3-30 күнде байқалады.
Mycobacterium bovis- тіңколониялары20-60күн өткеннін соңұсақ, домалақ, сарғыш түсті, кедір-бұдыр тізбектер сирек кездеседі. Mycobacterium tuberculosis кедір-бұдыр,құрғақ тізбік түзеді.Құс
туберкулезінің қоздырушысы басқа туберкулез микобактерияларына қарағанда тез өседі. Тізбектері клегейлі сары немесе сұр түсті№ түйме тәрізді болып келеді.
Биологиялық зерттеу.
Биосынаманы микобактериялардың зерттейтін материалда бар-жоғын, туберкулез қоздырушылардың зардаптылық қаситеттерін және оларды ажырату үшін жүргізеді. Зерттеу үшін алынатын үш қоян, үш теңіз тышқанына ППД-туберкулинмен, үш тауыққа құстардың туберкулинімен аллегиялық сынама қойылады. Реакцияны 24-48 сағаттан соң бақылайды. Биосынама қою үшін теріс нәтиже берген жануарларды пайдаланады. Зерттелетін материалдың 1 г 1 мл физиологиялық ерітіндіде езіп қоймалжын дайындайды. Теңіз тышқанына – шабының тері астына,, қоянның – құлағының тамырына, тауыққа ө қанатының астындағы көк тамырына егеді. Бақылау үш ай бойы жүргізіледі. Туберкулез дами бастаған теңіз тышқандарының материал егілген жерінде 14-30 күннен кейін терісі ісіп, тығыздалып, содан соң жара пайда болады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаяды. Жануар арықтап салмағын жоғалтады. 30 күннен кейін туберкулинмен аллергиялық сынама құйылады. Осын сынама оң нәтиже бергенде және аурудың клиникалық белгілері байқалғанда жанурдың біреун сойып, патологиялық анатомиялық зерттеу жүргізеді. Ішкі мүшелерінде айқын белгілері табылмаған жағдайда басқа екі теңіз тышқандарды бақылау жалғастырады. Үш айдан соң қолған жануарларды сойып бактериоскопиялық зерттеу нәтижесінде қорытынды жасалады. Тәжірибеге алынған зертханалық жануарлардың басқа түрлері де осы әдіспен зерттеледі.
Микобактериялардың түрін анықтаған кезде келесі мәліметті ескеру қажет: теңіз тышқаны мен қоянда жалпылама (генерализденген) процесс байқалғанда - ірі қара малдың туберкулез қоздырушысы болып саналады; өзгерістер болмағанда немесе қоян өкпесінде бірең-сараң типтік ошақтар табылып және теңіз тышқанында генерализденген процесс байқалғанда – бұл адам туберкулезінің қоздырушысы болып есептеледі.
Ажыратып балау. Туберкулезге балауды эпизоотологиялықмәліметтерге, клиникалық, патанатомиялық, аллергиялық және зертханалық зерттеулердің қорытындыларын ескере отырып қояды.
Құбылмалы температура, әлсіздігі, тәбетінің өзгерушілігі, бірте-бірте арықтауы, өкпе жағынан өзгерістердің күшеюінің (жөтел, демалысының қиындауы, әсіресе бұлшық етке түскен болар – болмас
ауырлықтан) кейбір балаулық маңызы бар. Сондай – ақ алқым, жауырын алды, мойын, шап, желін үсті лимфа түйіндерінің үлкеюі, қатаюы және бет жақтарының бұдырмақтануында ауруды анықтауда көп септігі тиеді.
Туберкулезге тірідей балауды аллергиялық зерттеумен қояды. Ол үшін туберкулин (аллерген) ді пайдаланады- ол туберкулез қоздырғышының өлтірілген өсіндісінің стерилді сүзіндісі. Туберкулиннің екі түрін қолданады: тазаланған құрғақ туберкулин (ППД) сүтқоректілер үшін және тазаланған құрғақ туберкулин (ППД) құстар үшін. Туберкулинді пайдалану нұсқауы бойынша қолданады. Қазігі кезде көзге туберкулин сынамасы және тері ішіне енгізу әдісі қолданылады.
Соңғы жылдары жаңа әдістер енгізіле бастады.ИФА (иммунды ферментті анализ)және ПЦР (полимеразды центтік реакция).
Батериологиялық зерттеумен (қақырық,сүт, жатырдан аққан нәрсе, ірің т.б.) аурудың қоздырғышын анықтайды.
Туберкулезге патанатомиялық балау қойғанда өкпеде ұсақ бұдырмақтар, туберкулез: казеоз ошағы және өкпеде кеуек, сірі қабықтарында, әсіресе плеврада меруерттену. Сондай-ақ кеңірдек, көмекей немесе ішектің кілегей қабықтарында бұдырмақтар және желін лимфа түйіндерінде казеозды процестің болуының маңызы зор. Әйтсе де бұндай патанатомиялық өзгерістер сирек кездеседі, демек ауру малды, аурудың бастамасында сойып тастайды, дегенмен туберкулезбен ауырған малдың өкпесі және лимфа түйініндегі өзгерістер бастапқы кезеңінде кездеседі.
Көпшілік малдарда өкпе туберкулезі байқалады, сондықтан оны өкпесі зақымданатын басқа аурулардан ажырату абзал. Бұндай ауруларға: туберкулез (өкпе формасы), патереллез (көкірек формасы) және алаөкпе.
Негізгі емдік және профилактикалық шаралар.
Ауру малды емдемейді, сояды. Аң фермаларында аурудың алдын алу үшін күзендерге тубазид (изаниазид) қолданады.
Туберкулезде иммунитет стерильді емес, демек микабактериялар организмде болғанда ғана сақталады.
Фагоцитоз аяқталмай және фагоциттелген микобактериялар өлмейді. Организмнің қабілеттілігі патологиялық процесті шоғырландырып, гранулема – туберкулдің ішінде ауру қоздырғышының өсіп-өнуін тежейді.
Мүйізді ірі қараның туберкулезінің алдын алу үшін арнайы Кальмет және Терен 1924 жылы дайындаған БЦЖ вакцинасын қолданады.
Туберкулездің алдын алу (профилактикалық) шаралары шаруашылыққа аурудың қоздырғышының сырт жерден енуіне жол бермеу, ауру малды анықтау жүйелі түрде зерттеу жүргізу, ауру малдарды уақытымен сойып, сау малдарды қорғап және адамдарды туберкулезден сақтау үшін кешенді вет-санитариялық шараларды қолдануға негізделген.
Бақылау cұpaқтapы:
1. Малда және адамда туберкулез тудыратын қоздырушыларды атаңыз?
2. Туберкулез қоздырушылары қандай морфологиялық ерекшеліктермен сипатталады?
3. Туберкулез микобактерияларды зерттеу үшін жағындыны қандай әдіспен бояйды?
4. Туберкулез қоздырушысының сырқы ортада төзімділігі
қандай?
5. Туберкулез қоздырушысының дезинфекциялық ерітінділерге сезімталдығы қандай?
6. Туберкулез микобактерияларын өсіру үшін қандай жағдай және қоректік орталар қажет?
7. Микобактериялардың L-формалары деген не?
8. Микобактериялардың атипті түрлері қандай қасиеттермен сипатталады?
9. Зерханалық балау үшін қандай материал зерттеуге алынады?
10. Микобактериялардың таза өсіндісін алу әдістерін сипаттаңыз?
11. Туберкулездің негізгі балау әдістері?
12. Туберкулез кезіндегі пайда болатын иммунитеттің
ерекшелігі?
13. Туберкулезды алдын-алу үшін вакцина бар ма?
Тест сұрақтары:
1.Әрі қара мал туберкулезінің қоздырушысы?
A) Mycobacterium bovis
B) Bacillus anthracis
C) Mycobacterium avium
D) Mycobacterium tuberculosis
E) Escherichia coli
2. Құс туберкулезінің қоздырушысы? A) Salmonella dublin
B) Mycobacterium bovis C) Mycobacterium murium D) Mycobacterius avium E) Pasteurella multocida
3. Адам туберкулезінің қоздырушысы? A) Bacillus anthracis
B) Mycobacterium tuberculosis C) Brucella ovis
D) Mycobacterium murium E) Escherichia coli
4. Кемірушілер туберкулезінің қоздырушысы? A. Pasteurella multocida
B) Mycobacterium murium C) Bacillus anthracis
D) Mycobacterium tuberculosis E) Escherichia coli
5. Микобактериялардың тыныс алу бойынша қандай топқа жатады?
А) Қатаң аэроб В) Анаэроб
С) Факультативті анаэроб Д) Микроаэрофил Е) Факультативті аэроб
6. Спора, капсула (қауашақ) түземе?
А) Спора түзеді В) Капсула түзеді
С) Спора, капсула түзеді Д) Спора, капсула түзбейді Е) Спора түзбейді
7. Талшықтары бар ма? А) Монотрих В) Перитрих С) Лофотрих Д) Амфитрих Е) Жоқ
8.Қоздырушының сыртқы пішіні? А) Шар тәрізді В) Таяқша тәрізді С) Ирек тәрізді Д) Жепше тәрізді Е) Иілген таяқша
9.Жануарлардың қандай ішкі мүшелерінде өзгерістер жиі байқалады?
А) бауырда В) ішекте С) өкпеде
Д) көк бауырда Е) бүйректе
10.Тірі малда туберкілезді балау әдістері? А) Серологиялық
B) Бактериологиялық С) Аллергиялық
D) Вирусологиялық Е) Биохимиялық
11.Қандай аллерген пайдаланады? А) Бруциллин В) БЦЖ С) Туберкулин
D) Гидролизат Е) Автолизат
12.Туберкулезді қандай аурулардан ажырату қажет? А) Бруцеллез В) Сальмонеллез С) Сібір жарасы
Д) Пастереллездің өкпелік түрі Е) Эшерихиоз
13.Туберкулезға қарсы қолданатын вакцина? А) СТИ В) БЦЖ
С) REV-1
Д) ВР-2 Е) Штамм 55
19 сурет. Байытылған қоректік ортада өсірілген культурадан жасалған жағынды: жіпшелер (сол жақта) и шоғырлар(оң жақта)
микроколониялар
20 сурет. Туберкулез қоздырушылары қақырықтан жасалған жағындыда. Циль-Нильсен әдісімен боялған.
21 сурет. Туберкулез қоздырушыларының топтасып орналасуы.
Бұтақталған түрі
Иілген таяқша
22 сурет. Туберкулез қоздырушының морфологиясы (Циль-Нильсон әдісімен боялған жағынды)
23 сурет. Микобактериялардың өсінділік қасиеттері Микобактериялардың Левенштейн-Йенсен ортасында өсуі:
а – Mycobacteriumtuberculosis; б,в – фотохромды микобактериялар
24 сурет. Өкпе туберкулезі.
а – өкпелік бастапқы туберкулездық кешең (патологиялық ошақтар өкпе және жергілікті лимфатүйіндерде); б – өкпенің миллиарлы туберкулезі; в – өкпенің фиброзды ошақты туберкулезі.