Сабақтың максаты:Микробтардың ферменттерімен танысу,микробтардың фермантативтік белсенділігін (биохимиялық қасиеттерін) анықтайтын тәсілдерді игеру.
Сұрақтар:
1.Микробтар түзетін ферменттердің жіктелуі: химиялық құрамы бойынша, әсер ету механизмі бойынша, әсер ететін жері бойынша.
2.Зардапты микроорганизмдерді саралау (ажырату) кезіндегі ферменттердің маңызы.
3.Микробтардың ферментативтік белсенділігін зерттеу әдістері: а) сахаролитикалық (көмірсуларды ыдырататын) ферменттерді
анықтауға арналған Гисс ортасына себінді жасау; б) протеолитикалық (белоктарды ыдырататын) ферменттерді
желатинге, сүтке, ұйытылған сарысуға, пептон қосылған суға себінді жасау арқылы анықтау;
в) липазаны майлы агарға себу арқылы анықтау; г) каталазаны, редуциялаушы ферменттерді анықтау;
д) зардапты микробтардың ферменттерін: гемотоксин, лецитиназаны, плазмокоагулазаны, гиалуронидазаны, фибринолизинді анықтау.
Бактериялардың өсінділік, морфологиялық, тинкториалдық қасиеттерімен бірге олардың биохимиялық қасиеттерін де зерттеу қажет.
Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары.
Микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін зерттеу кестесімен (схема) танысу. Бөліп алған таза культуралардың биохимиялық активтігін зерттеу: протеолитикалық белсенділікті анықтау үшін микробтарды сүт бар ЕПА себеді. Қант ыдыратушы
белсенділікті анықтау үшін құрамында лактоза, сахароза, глюкоза және манниті бар Гисс ортасына себу жасайды.
Құрамында сүт бар ЕПА өскен микробтарды қарайды, ортаның мөлдірленуін (белоктардың ыдырауы) бақылайды. Протеолиз аймағын өлшейді.
Қанттың ыдырауын Гисс ортасында оның түсінің өзгеруі арқылы есепке алады. Пробиркаға қосылған көк түсті индикатор қант ыдырағанда (қышқыл түзілгенде) сары түске ауысады. Қанттардың ыдырағанда газдардың түзілуін Гисс ортасына орналастырылған түтікше қалтқылардың қалқып шығуымен анықтайды. Бактериялардың қантты ыдырату активтігінің нәтижесін зерттеп дәптерге жазып қояды.
4. Соңында бөлініп алынған таза өсінділерге толық сипаттама беріледі.
а) морфологиялық (препараттарды қарау), бояу, қозғалысын бақылау.
б) культуралдық қасиет (ЕПА түзілген шоғырлар және ЕПС өсу сипаты).
в) биохимиялық белсенді қантты ыдыратушылық қасиет, протеолитикалық қасиет, пигмент түзу.
Сабаққа қажетті материалдар.
Студенттердің өздері бөліп алған бактериялардың таза өсінділері, қант және сүті бар Андрэдэ, Гисс орталары (ЕПС күкіртті сутегі және индолды анықтауға қажет тиісті жолмен өңделген сүзгі қағаздар тілімі, көгі бар сорпа) платинадан жасалған ілмещек, спиртовка, бояулар, микроскоптар, самырсын майы.
Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі олардағыферментативтік жүйеге байланысты. Ферменттер микроорганизмдердің қоректенуі тыныс алуы, өсуі және көбейуі сияқты құбылыстардың негізін құрайтын түрлі биохимиялық реакциялар үшін аса маңызды болып саналады.
Ферменттер – биологиялық катализаторлар, тірі клеткаларда түзілетін, тегі -белок жоғары молекулалық заттар. Олар айырықша тәнді болып келеді және микроорганизмдердің зат алмасуында маңызды қызмет атқарады. Олардың тәнділігі аминқышқылдарының тобынан құралатын белсенді орталықтарына байланысты, яғни, әр фермент белгілі бір химиялық қосындыға ғана әсер етеді немесе бірнеше өзара ұқсас химиялық реакцияларды ғана жылдамдатады.
Микроорганизмдердің биохимиялық қаситтерін зерттеу (Екінші схема)
Сахаралитикалық
Асиеттері
(көмірсуларды, көпатомды спирттерді ыдырату)
Глюкоза