Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.




Жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.

Жыл монғолдардың Отырарды алуы.

Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі.

 

Кім жылдам?» ойыны

 

1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?

2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?

3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?

4. Қарапайым халық қайда тұрды.

5. Монғол мемлекетін кім құрды?

6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?

7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?

8. Бұл қырғын қалай аталады?

 

Оқушыларды отаншылдыққа, елсүйгіштікке баули отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.

 

1. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.

 

2. Отан үшін отқа түссең де күймейсің.

 

3. Отан от басынан басталады.

 

4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

 

5. Ерді намыс өлтіреді,

 

Қоянды қамыс өлтіреді.

 

6. Отан оттан да ыстық.

 

7. Ер есімі ел есінде.

 

8. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.

 

9. Ерлік білектен емес, жүректен.

 

10. Жүк ауырын нар көтерер,

 

Ел ауырын ер көтерер

 

ІV. Сабақты бекіту:

1) Ұлы Жібек жолы дегеніміз не?

2) Жолдың пайда болуы туралы не білесіңдер?

3) Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы шаруашылыққа қалай әсер етті?

4) Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалы болды ма?

5) Ұлы Жібек жолының картасын сызыдар.

6) Ұлы Жібек жолы бойынша қандай жануарлар тасымалданды?

7) Қандай мәдени өсімдіктер Жібек жолы арқылы таралды?

8) Ұлы Жібек жолы арқылы таралған діндер.

9) Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталықтарын ата.

10) Ұлы Жібек жолының тарихи атаулары.

11) Не себептен ХV ғасырда Ұлы Жібек жолының әлеуметтік - экономикалық маңызы жойылды?

 

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: параграф 11, оқу, сұрақтарды оқушыларға таратып үйлеріне беру.

 

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______ 12 _____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру;

Дамытушылық: Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушы-лардың танымдық кабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттері негізінде оқушылардың ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел оқу, патриоттық тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Моңғол шапқыншылығы туралы айту.

Жаңа сабақтың жоспары:

Керей мен Жәнібек сұлтандырдың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

Қазақ хандығының аумағы мен халқы.

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.

III.Жаңа сабақ.

ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген.Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты.Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтарыда қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады.1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді.Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді.Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолыга алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады.Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді.Міне,Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

 

Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды
Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.

 


Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі,ділі,діні,әдет ғұрпы,салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет.Хандықтар арасындағы талас тартысқа ру-тайпалар қарсы болып,елде наразылық туа бастайды.Олар өзара бірігіп,ел болуды көздеген жағдайлар жиі-жиі көрініс табады.Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып кеткен жағдайдане анық байқауға болады.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы (қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан т.б.) басты үш аймаққа шоғырланды.Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты.Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғ. өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар,олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған.Аталған аймақтағы негізгі үш этникалық топ қазақ халқын құрады.

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас тартыстар тоқтамады.Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.

Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың негізің себептері мен алғышарттары еді.

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

Дереккөздер

Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 603 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2173 - | 2121 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.