7. Ғұндар мемлекетінің әскери жүйесі құрылымы …
A)4 қанатқа бөлінген B)6 қанатқа бөлінген C)3 қанатқа бөлінген
6)Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым.
A)Әскербасы B)Қолбасшы C) Түменбасы
8. Ғұн мемлекетінің ру саны.
A)16 B)35 C) 249. Ғұн мемлекетіндегі тұменбасы әскерінің құрамы.
A)22 мың жауынгер B)15 мың жауынгер C) 10 мың жауынгер
10. Ғұндарда ақсақалдар кеңесі… жылына
A)12 рет шақырылды B)8 рет шақырылды C) 3 рет шақырылды
11. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт.
A)500 жылдан астам B)200 жылдан астам C) 300 жылдан астам.
12. Халықтврдың ұлы қоныс аударуын бастаған халық..
А)ҚаңлыларВ)ҮйсіндерС)Ғұндар13. Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы.
А)Мөде В) Атилла немесе Еділ С) Кир
14. Еділ жауынгерлерінің Галлиядағы Каталаун даласындағы болған шайқас жылы.
А) 451 жылВ) 512жылы С)354жылы
15. Еділ қайтыс болған жыл.
А)682жылы В)509жылы С) 453 жыл16. Еділдің шамамен өмір сүрген жылдары.
А) 400-453 жылдар В)428-453жылдарС) 410-468жылдар
V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.
VІ. Үйге тапсырма: үйде мазмұндап оқу, қосымша ақпарат қарау.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______ 8 _____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрік қағанатының ел тарихындағы тарихи орны, олар жасаған ерлік жорықтарының мәні,маңызын ұғындыру, оқушылардың өзіндік пікір дағдыларын, өз-өзін және бір-бірін бағалауға қалыптастыру;
Дамытушылық: білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету, тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Атилла туралы мзмұндап айту.
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Түрік этнонимі.
2) Түріктердің өз тәуелсіздіктері үшін соғыс.
3) Түрік қағанатының құрылуы. Түрік қағандар.
4) Қағанаттың ыдырауы.
III.Жаңа сабақ.
«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.
Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді - Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553–572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Істемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі.
571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582–593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581–618 жж.) шабуылы күшейді. Бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.
ІV. Сабақты бекіту:
1) Түрік қағанатының шаруашылығын сипаттау.
2) Кесте құрастыру.
Қашан? | Қайда? Кім? | Не болды? |
3) «Түрік» сөзінің мәнін түсіндіру?
4) Түрік қағанаты қалай құрылды? Оны құрған кім?
5) Қағанат құрамына қандай тайпалар кірді?
6) Қағанатты басқарған қандай қағандар болды?
7) Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?
8) Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?
V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.
VІ. Үйге тапсырма: үйде мазмұндап оқу, қосымша ақпарат қарау.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______ 9 _____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Шығыс даналары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ІХ-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу;
Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен қорытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау;
Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.