Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


І. Ұйымдастыру кезеңі. · Оқу құралын тексеріп түгелдеу.




· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Уақытты үнемдеу үшін, сыныпты екі нұсқаға бөліп, төмендегі тапсырманы екіге бөліп береді. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде орындап шығып, бір параққа жазып маған тапсырады.
1 - нұсқа.
Мына сөздерді түсіндір:
• соғдылар................................................................................
• тат........................................................................................
• руна(сына).............................................................................
• «Диуани лүғат ат - түрік»..................................................
• христиандык........................................................................

2 - нұсқа.
• «Құдатғу білік»....................................................................
• қағанат................................................................................
• буддизм.................................................................................
• манихейлік...........................................................................
• христиандық.......................................................................

Одан кейін жалпы сыныптан параграфтың соңындағы сұрақ - тапсырмалар бойынша тақырыптың мазмұнын сұраймын. Сабақ айтқан оқушыларға сұрақ қоюға оқушыларды дағдыландыру керек.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Қазақ елінің ежелгі ғалымдары.

2) Әл-Фарабидің өмір тарихы.

3) Әл-Фараби - энциклопедияшыл ғалым.

III.Жаңа сабақ.

 

Ең алдымен тақтада кестені саламын.

Білемін Білдім Білгім келеді
       

 

«Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби.

«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі - жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас».

М.Сағди.

«Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолы жеткізер».

«Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» деген кестенің көмегіне сүйеніп жоспардың бірінші тақырыпшасын түсіндіру.

Ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталу.

Ғалымдар, туған жылы, жері Ең басты еңбегі Не туралы айтылған?
Жүсіп Баласағұн (1021-1075) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағұнда дүниеге келген. «Құтадғу білік» («Құтты білік» - қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды. Саясат жүргізу, мемлекет басқару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың қасиеттері жөнінде айтылады.
Махмұт Қашқари (1030-1090) Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барысқан қаласында туған. «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды. Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батысқа қарайғы географиялық картасы берілген.
Қожа Ахмет Йассауи (1104-1167) Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. «Диуани хикмет» (Даналық жайындағы кітап). Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.
Әбу Райхан Бируни (973-1050). Ежелгі Хорезмнің астанасы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келген. «Астрономиялық кілт», «Асыл тастар», «Өткен буындардың ескерткіштері». Ол дүниенің гелиоцентристік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын, денелердің жерге тартылысын Галилейден және Ньютоннан 600 жыл бұрын айтқан.

Бұдан кейін негізгі тақырып, ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылымға қосқан үлесіне тоқталып, оқушыларға тақырыпты кезек-кезек оқыту. Оқушылардың түсінігін тексеру үшін, төмендегі тірек сызба кестесін толтыру.

 

әл-Фараби

 

Оқушылар оны алдымен жеке, сосын жұппен, содан кейін топтасып орындайды. Қойылатын талап - тірек кестені барынша көп толтыру. Одан кейін тірек-кестеге толтырылған сөздерді мазмұнына қарай, түрлі түсті маркерді пайдалана отырып, топтастыру ұсынылады. Әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылым жолындағы еңбегіне қатысты жоспар құру тапсыру.

Жоспар:

ІV. Сабақты бекіту:

 

1. Әл-Фарабиді дүниеге әкелген отбасы.

2. Әл-Фараби білім жолында.

3. Әл-Фараби - энциклопедияшы ғалым.

4. Осы үлгедегі жоспар бойнша сабақты қорытындылау.

осы үлгі бойнша кесте толтырамыз.

 

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: үйде мазмұндап оқу, қосымша ақпарат қарау.

 

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______ 10 _____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы, маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және оның тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету;

Дамытушылық: Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау;

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мәдениетті түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мағынаны табу, кесте толтыру, тест.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 575 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2142 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.