Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер




Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеулердің мақсаты – эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында жұқпалы аурулардың пайда болу мен таралуы туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.

Болжауды тұжырымдау және тексеру эпидемиологтың қызметіндегі ең жауапты кезең. Бастапқы болжауды тексеру барысында жаңа болжау пайда болу мүмкін, оны тағыда да тексеру қажет.

Бұл жерде есте ұстайтын және білетін жайт мынау: эпидемиологиялық болжау әр уақытта эпидемиялық процестің белгілі бір заңдылықтарына негізделеді. Оның көрінісін текеру барысында эпидемиологтың болжау жасауға хақысы да бар және болжаудың дұрыс болып шығу мүмкіншілігі де молаяды.

Диагностикалық болжам арқылы индукциялық ой қорытындысы қалыптасады. Ол эпидемиялық процестің себептік-салдарлы байланысын анықтауға қажет. Бұл жерде теориялық оқу мен тәжірибе жүзінде жинақталған эпидемиологиялық ойлау жүйесінің эпидемиологтың қызмет үшін зор роль атқаратынын айта кету керек.

Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеу әдісінің екі түрі бар:

а) «оқиға-бақылау» түрінде зерттеу;

б) когортты зерттеу.

«Оқиға-бақылау» түрінде зерттеу екі топтағы адамдар туралы мәліметті салыстыру нәтижесіне негізделеді. Бірінші топ – жұқпалы аурумен науқасталған адамдар (оқиға), екіншісі – осы инфекциямен ауырмаған адамдар тобы (бақылау), бірақ осы екі топтағы адамдар қауіп-қатер факторының әсеріне бірдей ұшырайды. Мысалы, ет комбинатының мал сою цехы жұмысшыларының арасында 60% шамасында бруцеллез ауруы айқындалды. Эпидемиологиялық тексеру арқылы және эпизоотологиялық материалды талдау барысында олардың бруцеллез қоздырғышы бар ұсақ малды союға қатысқаны айқындалып отыр. Бақылау тобындағы адамдар да (колбаса жасайтың цехтың жұмысшылары) осы ауру малдың етімен (фаршпен) жұмыс істеген. Олардың арасындағы ауру адамның мөлшері 44%. Екі топтағы сырқаттану айырмашылығы да статистикалық жағынан мәнді.

Бұл жағдайды вариациялық сұрыптау арқылы түсіндіру дұрыс емес. Алайда анықталған кездейсоқ байланысты себептік-салдарлы байланыс деуге болмайды. Бұл түсіндірудің бір түрі ғана. Шындығында анықталған айырмашылықты түсіндіру басқа себептерге байланысты болуы мүмкін, мысалы, қызметкерлердің жұмыс стажына, кәсіпкерлік дайындығына, олардың арнаулы сақтану жабықтарымен қамтамасыз етілуіне (халат, резеңке қолғап және т.б.)

Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы салыстыру топтарын (зерттелетіннен басқа) іріктеп алуға бағынышты, сондай-ақ осы топтардың барлық белгілері мен біркелкілігіне байланысты болады.

Когортты зерттеу (бақылау) – бұл эпидемиологиялық белгілері бар топтарды білу. Когортты зертеу – белгілі бір зерттеу уақытында қауіп-қатер факторының әсер еткен және әсер етпеген топтарында (когортта) сырқаттанушылықтың интенсивті көрсеткішін анықтау. Мысалы, ет комбинатының ауырған малдарды соятын (санитарлық) цехының 35-55 жастағы жұмысшылар тобын 5 жыл бақылау кезінде олардың ішінде бруцеллезбен сырқаттанушылықтың көрсеткіші (1000 жұмысшыға шаққанда) – 115,5 болды, ал колбаса жасайтын цехтың жұмысшылар тобында (осы жас мөлшері және осы уақыт кезеңінде) – 11,5. Статистикалық талдау осы көрсеткіштер айырмашылығының кезейсоқ емес екенін көрсетеді. Бірақ, зерттеудің дәл осы нұсқасында бағаланатыннан басқа, топтарды барлық белгілері бойынша салыстыру үшін дәлелдеудің тең жағдайлары қажет.

Соңдықтан когортты эпидемиологиялық зерттеу барысында топтарды құру кезінде кейбір қосымша жағдайларды: мүмкін болған қауіп-қатер факторының әрекетінің өнімділігін (басқа әсер ететін жағдайлар біркелкі болғанда); күмәнданған фактордың жалпы топқа әсері мен жеке адамға әсерін ескеру керек.

Эпидемиологиялық диагностикада когортты зерттеуді пайдалынып, жиналған сырқаттанушылық көрсеткішін ретроспективті эпидемиологиялық талдау деп атайды. Зерттеуде сырқаттанушылық динамикасын бағалау түрі жедел эпидемиологиялық талдау барысында анықталады.

Көп жағдайда жоғарыда келтірілген зерттеу әдісін екі қатар пайдаланылуы мүмкін, олар бір-бірін толықтырады. Когорттық зерттеудің нәтижесі арқылы тікелей және салыстырмалы қауіп-қатер анықталады. Тікелей қауіп-қатер деп қауіп-қатердің әсері тиген және тимеген адамдардың сырқаттанушылығы көрсеткіштерінің айырмашылығын айтады. Мысалы, ет комбинатандығы мал сою цехында жұмыс істейтін жұмысшылар (115,5) мен колбаса жасайтын цехтың жұмысшыларының (35-50 жас аралығындағы) сырқаттанушылығының (11,5) айырмашылығы: 115,5-11,5=104,0 (1000 жұмысшыға шаққанда).

Салыстырмалы қауіп-қатер деп қауіп-қатердің әсері тиген және тимеген адамдардың сырқаттанушылық көрсеткіштерінің қатынасын айтады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген сырқаттанушылықтың қанынасы 115,5 =10,4, яғни санитарлық мал сою цехы жұмысшыларының сырқаттануы – 11,5. Мүмкіншілігі колбаса жасайтын цехтың жұмысшыларымен салыстырғанда 10,4 есе жоғары.

Аналитикалық зерттеу процесі әрқашанда қисынды үлгілеумен қабаттаса жүзеге асады, яғни эпидемиялық процестің даму механизмін ойша елестету арқылы оның нақтылығы көрінуі салыстырылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1931 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2140 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.