Жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік№ 0035678931 2.06.2011 ж.
2. Талдықорған қалалық соты алдында күдікті Андрей Александрович Ивановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат ету туралы өтінішхатты қолдау үшін қылмыстық істің материалдары Талдықорған қ. прокурорына жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
Талдықорған қ.
ІІБ тергеушісі
Полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
«К Е Л І С Е М І Н»
Талдықорған қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
_______________ А. Әміров
20__ жылғы «____» қыркүйек
Күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы сот алдында өтінішхат берудіқозғау туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 21 қыркүйек Талдықорған қ.
Талдықорған қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарап,
АНЫҚТАЛДЫ:
20__ ж. қыркүйектің 2-сінен 3-не қараған түні А.А.Иванов, мынадай мекенжайдағы: Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 20-үй, 1-пәтерде болып, көрсетілген пәтердің үй иелері Митрофановтардың үйде болмауын пайдаланып, кілт таңдап салу жолымен олардың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеге мүлкін ұрлауды жасаған.
04.09.20__ ж. А.А. Иванов Митрофановтардың мүлкін өткізуге әрекеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.
05.09.20__ ж. А.А. Иванов ҚК 188-бабының 2 бөлімінің 3 тармағы бойынша күдікті болып отыр.
06.09.20__ ж. күдікті А.А. Ивановқа қатысты Талдықорған қалалық соты алдында қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалынды.
Күдікті А.А. Ивановты қамауда ұстау мерзімі 04.11.20__ ж. аяқталады, ал іс бойынша А.А. Ивановтың бірқатар ұрлық жасауының қосымша эпизодтары белгіленді.
А.А. Ивановқа қатысты бұлтартпау шарасын алып тастауға не өзгертуге негіз жоқ.
Жазылғанның негізінде және ҚР ҚПК 60, 137, 138, 139, 140, 147, 151-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Талдықорған қалалық соты алдында мынадай күдіктіге қатысты қамақ мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат берілсін:
Тегі, аты, әкесінің аты: Иванов Андрей Александрович
Туған күні: 20.05.1983 жылы туған
Туған жері: Талдықорған қ.
Отбасылық жағдайы: үйленген
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Ұлты орыс
Соттылығы: сотталмаған
Тұратын жерінің мекенжайы: Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 16-үй,
21-пәтер
Жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік№ 0035678931 2.06.2011 ж.
2. Қаулы қамақ мерзімін ұзартуға келісім алу үшін Талдықорған қ. прокурорына жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
Талдықорған қ.
ІІБ тергеушісі
Полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
«БЕКІТЕМІН»
Талдықорған қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
_______________ А. Әміров
20__ жылғы «____» қыркүйек
Бұлтартпау шарасы ретінде ұсталғандарды ұстау орындарында (УҰИ және гаупвахтада) қамауда ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 21 қыркүйек Талдықорған қ.
Талдықорған қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
14195203100456 қылмыстық істің материалдарына сәйкес күдікті 20.05.1983 жылы туған А.А. Иванов ҚК 188-бабының 2-тармағының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда күдік туғызған, № ЛА-155/18 тергеу изоляторының алыстығын және сотқа дейінгі процестік мерзімдердің тығыздығын, сондай-ақ күдікті А.А.Ивановтың кінәсін растау үшін ол болмағанда мүмкін болмайтын тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуде оның қатысуы қажет және міндетті екенін, сол үшін оны Талдықорған қаласының ІІБ УҰИ-да 30 күн, яғни 21.10.20__ ж. дейінгі мерзімге қалдыру талап етілетіндігін есепке алып,
ҚР ҚПК 150-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Күдікті 20.05.1983 жылы туған Андрей Александрович Иванов тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу үшін Талдықорған қаласының ІІБ УҰИ жағдайында 30 күнге, яғни 21.10.20__ ж. дейін қалдырылсын.
2. Қаулыны орындау үшін Талдықорған қ. ІІБ УҰИ бастығына жіберілсін.
Талдықорған қ.
ІІБ тергеушісі
Полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мажитов
«БЕКІТЕМІН»
Талдықорған қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
_______________ А. Әміров
20__ жылғы «____» қыркүйек
Күдіктіні этаптау туралы
ҚАУЛЫ
20__ж. 22 қыркүйек Талдықорған қ.
Талдықорған қаласының ІІБ тергеушісі, полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылғы қыркүйектің 2-нен 3-не қараған түні мына мекенжай бойынша Талдықорған қаласы 5 мөлтек ауданы 20-үйдің 1-пәтерінде болған А.А.Иванов аталған пәтердің иелері Митрофановтардың жоқ екенін пайдаланып, кілттерді таңдау жолымен барлығы 1 500 000 теңге сомасында олардың мүлкін тонаған.
20__ жылғы 4 қыркүйекте А.А.Иванов Митрофановтардың мүлкін сатуға ниеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.
20__ жылғы 6 қыркүйекте Талдықорған қаласының қалалық соты күдікті А.А.Ивановқа қатысты ҚР Ішкіісмині ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінде ұстау арқылы қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен 20__ жылғы 21 қыркүйекте күдікті А.А.Ивановты Талдықорған қаласының ІІБ УҰОжағдайында ұстау 30 күнге дейін ұзартылғанын назарға ала отырып, себебі күдікті А.А.Иванов № 14195203100956 қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде тергеу және өзге де процестік іс-қимылдар ісін жүргізуді қажет етеді.
Жазылғандардың негізінде және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 150-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қамаққа дейін Талдықорған қ. 5 мөлтек ауданындағы 16 үйдің 21 пәтерінде тұрған тергеу-қамауға алынған Андрей Александрович Иванов, Талдықорған қаласында 20.05.83 ж.т. тергеу амалдарын жүргізу үшін ЛА-155/18 тергеу изоляторынан Талдықорған қ. ІІБ УҰИ-ға этапталсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Талдықорған қ. ІІБ тергеу изоляторының бастығына орындау үшін жіберілсін.
Талдықорған қаласының
ІІБ-ның тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
«КЕЛІСЕМІН»
Талдықорған қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
_______________ А. Әміров
20__ жылғы «____» қыркүйек
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы
ҚАУЛЫ
(үйқамағы)
20__ жылғы 21 қараша Талдықорған қ.
Талдықорған қаласының ІІБ тергеушісі, полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылғы қыркүйектің 2-нен 3-не қараған түні мына мекенжай бойынша Талдықорған қаласы 5 мөлтек ауданы 20-үйдің 1-пәтерінде болған А.А.Иванов аталған пәтердің иелері Митрофановтардың жоқ екенін пайдаланып, кілттерді таңдау жолымен барлығы 1 500 000 теңге сомасында олардың мүлкін тонаған.
20__ жылғы 4 қыркүйекте А.А.Иванов Митрофановтардың мүлкін сатуға ниеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.
20__ жылғы 6 қыркүйекте Талдықорған қаласының қалалық соты күдікті А.А.Ивановқа қатысты ҚР Ішкіістер минстірлігінің ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінде ұстау арқылы қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу барысында күдікті А.А.Ивановтың жәбірленуші В.А.Митрофановқа келтірілген зиянды толығымен өтегені анықталды, бұл туралы соңғысының жазбаша өтініші бар, сондай-ақ А.А.Ивановтың жасағанына күдіктелген басқа да қылмыстар жасағаны туралы фактілер анықталмады және оның кінәсін ашу үшін басқа деректердің болмауына байланысты қамаққа алу және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту қажеттілігі туындады.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 153-бабының 2 және 5-бөліктерін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Күдікті Андрей Александрович Ивановқа, 20.05.83 жылы туылған қатысты күзетпен ұстау (үй қамағы) түріндегі бұлтартпау шарасы оны күзетпен қамаудан босата отырып, шықпау туралы қолхат және тиісті тәртібі түріндегі бұлтартпау шарасын қолданылсын.
2. Қаулыны ҚР Ішкіісмині ҚАЖК ЛА-155/18 тергеу изоляторының бастығына орындау үшін жіберілсін.
3. Қаулының көшірмесі Талдықорған қаласының Талдықорған қалалық сотына және прокурорына мәлімет үшін жіберілсін.
Талдықорған қаласының
ІІБ-ның тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
Осы қаулының көшірмесі маған берілді
20__ жылғы «___» ____________
Сонымен бірге маған оған шағым беру тәртібі түсіндірілді.
Күдікті А. Иванов
Қаулының көшірмесі мыналарға жіберілді:
1) Талдықорған қалалық сотына (шығыс. № 14562 21.11.20__ ж.)
2) Талдықорған қаласының прокурорына (шығыс №14563 21.11.20__ ж.)
Талдықорған қаласының
ІІБ-ның тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
«КЕЛІСЕМІН»
Талдықорған қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
_______________ А. Әміров
20__ жылғы «____» қыркүйек
Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 21 қараша Талдықорған қ.
Талдықорған қаласының ІІБ тергеушісі, полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылғы қыркүйектің 2-нен 3-не қараған түні мына мекенжай бойынша Талдықорған қаласы 5 мөлтек ауданы 20-үйдің 1-пәтерінде болған А.А.Иванов аталған пәтердің иелері Митрофановтардың жоқ екенін пайдаланып, кілттерді таңдау жолымен барлығы 1 500 000 теңге сомасында олардың мүлкін тонаған.
20__ жылғы 4 қыркүйекте А.А.Иванов Митрофановтардың мүлкін сатуға ниеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.
20__ жылғы 6 қыркүйекте Талдықорған қаласының қалалық соты күдікті А.А.Ивановқа қатысты ҚР Ішкіісмині ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінде ұстау арқылы қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу барысында күдікті А.А.Ивановтың жәбірленуші В.А.Митрофановқа келтірілген зиянды толығымен өтегені анықталды, бұл туралы соңғысының жазбаша өтініші бар, сондай-ақ А.А.Ивановтың жасағанына күдіктелген басқа да қылмыстар жасағаны туралы фактілер анықталмады және оның кінәсін ашу үшін басқа деректердің болмауына байланысты қамаққа алу және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту қажеттілігі туындады.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 153-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Күдікті Андрей Александрович Ивановқа қатысты күзетпен ұстау арқылы қамауға алу – бұлтартпау шарасы шықпау және тиісті тәртібі туралы қолхатқа өзгертілсін.
Талдықорған қаласының
ІІБ-ның тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
Осы қаулының көшірмесі маған 20__ жылғы 22 қарашада берілді.
Сонымен бірге маған оған шағым беру тәртібі түсіндірілді.
Күдікті А. Иванов
Осы қаулының көшірмесі Талдықорған қаласының прокурорына жіберілді.
Талдықорған қаласының
ІІБ-ның тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов
Кәмелеттік жасқа толмағанды әлеуметтік көмектің
мемлекеттік органына уақытша орналастыру туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.
Атырау облысының ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі, қаржы полициясының аға лейтенанты К.К.Қасымов №15231003100002 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
Қылмыстық істі тергеу барысында тергеу органдары С.Сұлтанова ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін күдікті деп танылғанын анықтады.
05.01.20__ жылы сот оны қамауға рұқсат берген.
Күдіктінің асырауында оның кәмелетке толмаған қызы Ұ.Қалиева бар.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 154-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ұлболсын Қайрашқызы Қамиева, 06.04.2012 ж.т. «Дом малютки» мемлекеттік мекемесіне 20__ жылғы 5 наурызға дейінгі мерзіммен орналастырылсын.
2. Осы қаулының көшірмесін «Дом малютки» ММ-нің басшысына (директорына) тасымалдау, уақытша орналастыру, тұру және тамақ беру, сондай-ақ 2012 жылы туған Ұ.Қ.Қамиеваға қарау түрінде орындау үшін жіберілсін.
Атырау қаласының прокурорына мәлімет үшін хабарланады.
3. Қабылданған шешімдер туралы Сайдуғали Серікқызы Сұлтановаға хабарлансын.
Атырау облысының
ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі
қаржы полициясының аға лейтенанты (қолы) К.К.Қасымов
Осы қаулының көшірмесі маған 20__ жылғы 12 қаңтарда хабарланды.
Күдікті (қолы) С.Сұлтанова
«ҚОЛДАЙМЫН»
Атырау қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
____________С.С. Сұлтанов
20__ жылғы «___» қаңтар
Күдіктіні лауазымынан уақытша шеттету туралы сот алдында
өтінішхат қозғау туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.
Атырау облысының ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі, қаржы полициясының аға лейтенанты К.К.Қасымов №15231003100002 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
Тергеу органдары И.Ивановты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасалған деп күдіктеледі. И.Иванов өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің қылмыстық әрекетін жалғастыру мүмкіндігі бар.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 155, 158-бабтарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Күдікті Игорь Темирович Иванов «Қалалық су арнасы» ММ-нің директоры лауазымынан уақытша шеттету туралы Атырау қаласы сотының алдына өтінішхат берілсін.
Қосымша: лауазымнан шеттету қажеттілігін растайтын қылмыстық іс материалдарының куәландырылған көшірмелері ___ парақта.
Атырау облысының
ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі
қаржы полициясының аға лейтенанты (қолы) К.К.Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Атырау қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
____________С.С. Сұлтанов
20__ жылғы «___» қаңтар
Күдіктіні лауазымынан уақытша шеттетуді алып тастау туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.
Атырау облысының ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі, қаржы полициясының аға лейтенанты К.К.Қасымов №15231003100002 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
20__ ж. 12 қаңтарда сотпен Игорь Темирович Иванов «Қалалық су арнасы» ММ-нің директоры лауазымынан уақытша шеттетілді, қазіргі уақытта осы процессуалдық еріксіз көндіру шарасын қолданудың қажеттілігі болмай қалды.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 158-бабының 8-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Күдікті Игорь Темирович Ивановты лауазымынан уақытша шеттетудің күші жойылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Атырау қаласының прокурорына, күдіктінің жұмыс орны бойынша және «Халық Банк» АҚ-ға жіберілсін.
Атырау облысының
ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі
қаржы полициясының аға лейтенанты (қолы) К.К.Қасымов
Осы қаулы маған 20__ жылғы 12 қаңтарда хабарланды.
Күдікті (қолы) И.Иванов
Қылмыстық процеске қатысушылардың процестік міндеттерін бұзуы туралы
ХАТТАМАСЫ
20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.
Атырау қаласының прокуроры әділет кеңесшісі Б.Қалымов ҚР ҚПК-ның 160-б.3-б. басшылыққа ала отырып, Серік Сәкенұлы Біләловтің № 150000000001 қылмыстық іс бойынша жақындауға тыйым салуды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексімен көзделген процестік міндеттерді бұзуға жол бергені және (немесе) 12.01.20__ ж. «Береке» кафесіне келіп жұмысшы персоналдармен ұрысып және кафенің қожайыны А.Үмбетқалиевті шақыруды талап етіп С. Біләлов «Береке» кафесінде А.Үмбетқалиевке жақындамау талабын бұзудан туындаған кепіл берумен байланысты міндеттемелерді бұзғаны мен (немесе) орындамағаны туралы осы хаттаманы толтырды.
Осыған байланысты енгізілген кепіл мемлекеттің кірісіне айналымға түседі.
Осы қаулы міндеттер тәртібін бұзғаны бойынша мемлекеттің кірісіне кепілді айналымға жіберу үшін Атырау қаласының №2 сотына жіберілуге жатады.
Атырау қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі (қолы) Б. Қалымов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Атырау қаласының
Прокуроры
әділет кеңесшісі
____________С.С. Сұлтанов
20__ жылғы «___» қаңтар
Мүлікке тыйым салу туралы өтінішхатты қозғау туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.
Атырау облысының ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі, қаржы полициясының аға лейтенанты К.К.Қасымов №15231003100002 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
Тергеу органы И.Ивановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағанына күдіктенеді, жеке меншік құқығында мекенжайы Атырау қаласы, Азаттық көшесінің 7-үй, 6-пәтері бойынша орналасқан пәтері бар, қылмыстық жолмен 10 000 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 155, 161-163 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Күдіктінің мүлкіне Атырау қаласы, Азаттық көшесінің 7-үй, 6-пәтері мекенжайы бойынша пәтеріне тыйым салуға рұқсат беру туралы Атырау қаласының №2 сотына өтінішхат қозғалсын.
1-қосымша: Әділет департаментінен анықтама 47 парақта.
Атырау облысының
ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі
қаржы полициясының аға лейтенанты (қолы) К.К.Қасымов
Мүлікті сақтау туралы
ҚОЛХАТ
20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.
Мен И.В.Сидоров Атырау қаласы, Азаттық көшесінің 7-үй, 6-пәтері мекенжайы бойынша тұратын, 12.01.20__ж. тыйым салынған маған жеке меншік құқығы бойынша тиесілі, өзіме берілген мүлік пәтерді сақтауға міндеттенетінім туралы осы қолхатты беремін.
ҚР Қылмыстық кодексінің 425-тармағымен көзделген, тыйым салынған немесе билік етуге шектеу қойылған мүлiктi ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасыруы немесе заңсыз беруi үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілдім.
(қолы) И.В.Сидоров