Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 7 страница




3) жауап алу басталғанға дейін өзі таңдаған, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың қатысуымен айғақтар беруге;

4) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

5) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

6) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

7) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;

8) жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелерді ұсынуға;

10) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

11) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

12) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;

13) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.

Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Қорғалуға құқығы бар куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, ҚПК 223және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

 

Қорғалуға құқығы бар куә:______________ (Сәрсенов А.А.)

 

Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға ҚР ҚПК-yің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

 

Қорғалуға құқығы бар куә:______________ (Сәрсенов А.А.)

 

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, қорғалуға құқығы бар куә____________ мынаны мәлімдеді: «Жауап беруден бас тартамын/бас тартпаймын, жауапты _________ тілінде беруді қалаймын, ол тілді еркін меңгерменмін, аудармашының және адвокаттың қызметін қажет етемін/қажет етпеймін, бұл менің материалдық жағдайына байланысты емес, _____ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет/қажет емес».

 

Қорғалуға құқығы бар куә:______________ (Сәрсенов А.А.)

 

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша қорғалуға құқығы бар куәА.А. Сарсеновкелесіні көрсетті: мен осы қылмыстық іс бойынша бұрын куә ретінде менен жауап алынған және мен сол бұрынғы жауаптарымды толығымен растаймын.Бондаренко мен мені шекарада наркотигі бар рюкзакпен ұстағаны және Бондаренконың ол рюкзактың менікі екені туралы сөзін былайша түсіндіремін:2011 жылы20 сәуірде шамамен сағат 11-де мен немере інім Николай Цымбаловпен үйде болдым. Менің аға Виктор сол сәтте үйде болмаған, бір шаруларымен кетіп қалған болатын. Сол сәтте бізге үйімізге менің немере інімнің танысы Дмитрий Бондаренко келді. Бұрын мен Д. Бондаренконы танымайтынмын, онымен осы келгенінде таныстым. Д. Бондаренкомен бірге Төлебай Махмұтов келді. Олар екеуінің де арақ ішкені сыртқы келбеттерінен көрініп тұрды, олардан арақтың иісі де шығып тұрды. Д. Бондаренко
Н. Цымбаловпен бірден сөйлесе кетті, олардың әңгімесінен мен олар бұрын жазасын бір жерде бірге өтегенін түсіндім. Д. Бондаренко өзінің рюкзакынан бірден арақ шөлмегін алып шықты, біз төртеуіміз зал бөлмесінде үстел басына отырып, арақ іштік. Д. Бондаренконың өзімен бірге сүр түсті рюкзагы болды. Ол рюкзактан арақ пен азық-түлікті алып шыққанында онда ауыр бірдене жатқаны байқалды, ол рюкзакты көтеріп ұстап тұрды, ал оның түбі еденге қарай қатты түсіп тұрды. Рюкзакты нақты не болғанын мен көрген жоқпын, өйткені Д. Бондаренко оны бірден жауап қойды. Біз арақ іштік, сол кезде Д. Бондаренко Николай Цымбаловтан өзіне шекарадан өтіп, Ресейге кетуіне көмектесуді сұрады, яғни кеден және шакара бекеттері жоқ жерді көрсетуді сұрады. Біздің арағымыз біткеннен кейін Н. Бондаренко
Н. Цымбаловқа ақша беріп, арақ сатып әкелуді тапсырды. Оның
Н. Цымбаловқа нақты қанша ақша бергенін білмеймін. Н. Цымбалов ақшаны алып, дүкенге кетті. Шамамен 30 минуттай ол болған жоқ. Н. Цымбалов келгенге дейін шамамен бес минут қалғанда үйден Т. Махмұтов кетіп қалды, шаруаларым бар деді. Н. Цымбалов қайтып келгенде, онымен бірге менің ағам Виктор да келді. Н. Цымбалов екі шөлмек арақ әкелді. Бір шөлмекті
Н. Бондаренко бірден рюкзагына салып қойды. Бұл рюкзакты Д. Бондаренко өзінің жанында ұстап отырды. Біз тағы да арақ іштік, бұдан кейін
Д. Бондаренко ұйықтауға кетті. Ол жатын бөлмеге жатты. Рюкзакты өзімен бірге алып кетті. Біз арақ ішіп отыра бердік. Біз арақ ішіп отырғанымызда
Н. Цымбалов жатын бөлмеге барып келген. Біз арақ ішіп болғаннан кейін
Н. Цымбалов мені шетке қарай шақырып алып, Н. Бондаренконың рюкзагында есірткі бар екенін айтты. Мен бізге проблема керек емес дедім де, біз учаскелік полиция инспекторына бардық, бірақ оны таба алмадық, одан кейін застава шекарашыларға барып, застава бойынша бастығына барын айтып бердік. Ол бізге Д. Бондаренконы үйде ұстауға құқығы жоқ екенін, ал егер ол шекарадан өтуге әрекет жасайтын болса, сол кезде ұстайтынын айтты. Осыдан кейін мен немере ініммен бірге үйге қайттық. Үйге келгенде Н. Цымбалов Д. Бондаренконы оята бастады, мен кіреберіс бөлмеге шығып кеткенмін, сондықтан Н. Цымбаловтың Д. Бондаренкоандай сөздер айтқанын мен білмеймін, естіген жоқпын. Бір уақыттан кейін Н. Цымбалов пен
Д. Бондаренко үйден шығып, Ресей Федерациясы аумағына қарай өзен жағына кетті. Д.Бондаренконың қолында сол бізге келгендегі рюкзак болды. Н. Цымбалов Н.Бондаренкомен бірге шамалы жүрді, сосын үйге қайтты. Бұл факт бойныша менің басқа айтарым жоқ.

 

Қорғалуға құқығы бар куә: ______________ (Сәрсенов А.А.)

 

Қорғаушы: ______________ (Бекетов Р.С.)

 

Жауап алған:

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 


Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

18.03.20__ ж. Қорғалжын ауылы

Жауап алу басталды: 17 сағат 20 минут.

Жауап алу аяқталды: 19 сағат 20 минут.

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.Ахметов ҚР ҚПК-нің 75, 215, 535, 536, 537, 538-баптарының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚПК-нің 208-217баптарын басшылыққа ала отырып, Қорғалжын АІІБ ТБ бөлмесінде қорғаушының, заңды өкілдің қатысуымен, ал қажет болған кезде психолог мен педагогтың қатысуымен жауап алды: заңды өкіліА.Е.Толенова

 

Тегі және аты-жөні: Төлен Ернар Ержанулы,

Заңдыі өкіл: Айтжанова Марал Болатқызы-анасы

Туған жылы: 21.07.2001ж.т.;

Туған жері: Астана қаласы;

Ұлты: қазақ;

Азаматтығы: ҚР;

Білімі: аяқталмаған орта;

Отбасы жағдайы:үйленбеген

Паспортыжәне басқа құжаттар: тууы туралы куәлік.

Тұратын жері: Қорғалжын ауылы, Абая көш., 23

Жұмыс (оқу) орны:Астана қаласының заң колледжі

Паспорты және басқа құжаттар: жеке куәлік №00000245, ҚР ІІМ 02.03.2013ж. берген.

 

ҚР ҚПК-нің 215-бабына сәйкес он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбiрленушiлерге міндеттері, оның ішінде олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмей, іс бойынша өздеріне белгілі болған барлық шындықты айту қажеттілігі, оның өзiнiң немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiріледі

Кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілер 16 жасқа толмаған аз. Е.Е. Төленге ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауаптылық туралы ескертілді:

ҚР ҚПК-нің 537-бабының 3-бөлігіне сәйкес заңды өкілдің міндеттері мен құқықтары: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп отырғанын бiлуге; күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулылармен, прокурор бекіткен айыптау актісімен таныстыру кезінде қатысуға, кәмелетке толмаған адамнан жауап алуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған күдiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу әрекеттерiне сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға; өзi қатысқан тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулер мәлімдеуге, тергеушінің және прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіруге; дәлелдемелер ұсынуға; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, олардан кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді.

 

Заңды өкіл _________________ Төленова А.Е.

кәмелетке толмаған ___________________ Төлен Е.Е.

 

ҚР ҚПК-нің 538-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағаннан жауап алуға қатысып отырған педагогтың, психологтың міндеттері мен құқықтары, оның ішінде: тергеушiнiң немесе соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдiктiге, күдiктiге сұрақтар қоюға, тергеу әрекетінің хаттамасымен танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға, кәмелетке толмаған адамның жеке басын сипаттайтын қылмыстық iс материалдарымен танысуға құқықтары түсіндірілді.

 

Педагог, психолог _____________________

кәмелетке толмаған __________________ Төлен Е.Е.

 

Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын, тілді меңгергенмін, аудармашы қажет емес.

 

Заңды өкіл (педагог, психолог) __________ Төленова А.Е.,

кәмелетке толмаған ________________________ Төлен Е.Е.

 

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша куә Е.Е. Толен келесіні көрсетті: 20__ жылы 10 мамырда мен ата-анаммен бірге Қорғалжын ауылына атам Мураттың 63 жас мерейтойына келдім. Іс-шара «Бал-Мырза» мейрамханасында өтті. Үлкендер үстел басына отырған кезде, яғни шамамен 17.30-да мен мейрамхана жанында серуендеп жүрдім. Сол кезде жолдың арғы бетінде жолды үш қыз бала өтіп бара жатты. Олардың артынан Ания келе жатты, кенеттен бір машина жолға атып шықты, ол Анияны соғып кетті. Мен автомашинаның дауысын естідім. Машина оны автомашинаның оң жақ бөлігінің оң жағымен соқты.

Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен мәтінді оқыдым.

________________________ 20__ ж.

 

Заңды өкіл (педагог, психолог) __________Төленова А.Е.

Жауап алған:

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 

 

 

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу)

жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

22.05.20__ ж. Қорғалжын ауылы

 

Жауап алу басталды: 17 сағат 20 минут

Жауап алу аяқталды: 19 сағат 20 минут

 

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.Ахметов12.09.20__ жылғы шығ.№2-15-145-12569 сәйкес №1400116000001 қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 197, 199, 212-баптарының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚПК-нің 208, 209, 210, 212, 213, 214-баптарын басшылыққа алып, бейнебайланыс режимінде жауап алу үшін қажетті дайындық әрекеттер жасады.

ҚР ҚПК-нің 213-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс, осыған байланысты тергеуші
А.А. Ахметов қажетт техникалық параметрлерді тексеріп, тестілік режимде Көкшетау қаласындағы тергеуші Д.Ж. Исинге сыртқы микрофон арқылы жауап алынып отырған адамнан «Өзіңізді таныстырыңыз, жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіңіз» деп ұсынды. Осылай, Көкшетау қаласындағы тергеушіден дыбыс және бейнеберу сапасы туралы деректер алып, Қорғалжындағы тергеуші басқа желідегі тергеушіден қызметтік куәлігін көрсетуді сұрады. Тергеуші өзінің қызметтік куәлігін көрсеткеннен кейін Web-камераға ҚР азаматы Н.Н. Мауердің жеке куәлігін көрсетіп, техникалық құралдар – «_Windows__» стационарлық компьютерді, түгендеу нөмірі 00125, «Бейнеконференцбайланыс» компьютерлік бағдарламасын, Web-камера мен «__Сenon__» фирмасының сыртқы микрофонын пайдаланып, жеке бөлінген компьютерлік байланыс арнасы арқылы бейнебайланыс режимінде куә ретінде келесі адамнан жауап алды:

 

Тегі, аты әкесінің аты: Маурер Нина Николаевна,

Туған күні, айы және жылы: 10.12.1952 ж.т.,

Туған жері: Новоникольская ауылы Балқаш ауданы,

Ұлты: орыс,

Білімі: орта,

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматшасы,

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған,

Соттылығы: бұрын сотталмаған,

Тұратын жері: Қорғалжын ауылы, Ә.Молдағұлова көш., 38/6-үй,

Жұмыс (оқу) орны: зейнеткер,

 

Жауап алуды бастаудың алдында жауап алынатын Н.Н. Мауерге ҚР ҚПК-нің 78-бабымен көзделген куәнің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, атап айтқанда: куә қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге, өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқылы; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Бұдан басқа куә __________________айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін оған ҚР ҚПК-yің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екені түсіндірілді.

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Куә өзіне ҚР ҚПК-нің 78-бабымен берілген құқықтармен, оның ішінде: қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын), жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тарту; өзiнiң ана тiлiнде айғақтар беру және қауіпсіздік шараларын қолдану құқықтарын пайдаланғысы келе ме деген сұраққа, былай мәлімдеді:

«______________________________________________________________».

 

Жәбірленуші _____________ Мауер Н.Н.

 

Бір мезгілде маған ҚР ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беру немесе айғақтар беруден бас тарту үшін қылмыстық жуаптылық туралы және айғақтар беруден жалтару немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша жәбірленуші Н.Н. Мауер келесіні көрсетті: Қазіргі уақытта мен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тұрып ж атырмын. Менің үйімнің ауласында борты жасыл түсті мотороллер кузовы тұрған, ол маған тиесілі. Бұл кузовта раманың өзі, рөл, барлық үш дөңгелегі, артында кішкентай борты болды. Бұл кузов маған осыдан екі жыл бұрын менің ұлым Вячеслав Мауерден қалған. Ол маған бұл кузовты көмек ретінде тегін қалдырып кеткен, оны менің иелігімге берген, керегіне жаратарсын, не сатарсын не бірденеге айырбастап аларсын деген. Менің ұлым Вячеслав Егіндікөл ауданында тұрады, сонда жұмыс істейді. Бұл мотороллер кузовына менің ешқандай құжаттарым жоқ, оны менің ұлым ешқандай құжаттарсыз сатып алған. Бұл мотороллер кузовы менің үйімнің ауласында шауп тасталған ағаштардың артында үнемі тұратын, ол кузов менікі. 16.07.2013 жылы таңертең шамамен 09.00 сағатта мен далаға шыққанымда, осы аталған мотороллер кузовының жоқ екенін байқадым, қоршаудың қақпасы жабық болды. Бұдан кейін мен үйімнің ауласын қарап шықтым, мотороллер ешқайда болмады. Осылай, мен белгісіз адамдардың менің үйімнің ауласынан менің мотороллерімді ұрлап кеткенін түсіндім. Бұл мотороллер кузовының құнын мен 10 000 теңгеге бағалаймын, сондықтан маған келтірілген зиян елеулі болып табылады деп есептеймін, өйткені мен бір зейнтақыма ғана өмір сүремін, оны мөлшері бір айда 39 600 теңгені құрайды. Осы оқиға бойынша мен полицияға жүгіндім, сол күні полиция қызметкерлері менен ұрланған мотороллер кузовын Николай Александрович Бутовтан тапты, ол оны менің үйімнің ауласынан ұрлап, өзінің үйінің жаңына қойған екен, сол күні мотороллер кузовы сақтау қолхат бергеннен кейін, маған қайтарылды. Николай Александрович Бутов – менің немерем, ол менің үйіме жиі келіп тұрады, менің үйімнің ауласына еркін кіруіне мүмкіндігі бар. Осыдан бір күн бұрын, яғни 15.07.2013 жылы мен бүкіл күні бойы өзімнің шаруаларыммен Қорғалжын ауылында жүріп, үйімде болмағам, үйдің есігі кілттелген болатын.

Жауап алу аяқталғаннан кейін, жауап алуды жүргізу бейнежазбасы түгендеу нөмірі 0215646 «__________» стационарлық компьютердің жүйелік блогынан «__________» маркалы CD-ROM-ға көшірілді, жәбірленуші
Н.Н. Мауерге көрсетілді. Қаралғаннан кейін бейнежазба конвертке салынып, мөрмен мөрленді және тергеуші _______________ қолтаңбасымен бекітіліп, куәдан жауап алу хаттамасына қосымша ретінде қоса тіркелді.

Хаттаманы мен оқыдым, менің сөзімнен дұрыс жазылды, ескертулер, өзгертілер мен толықтыруларым жоқ. Бейнежазба қаралды, ескертулерім жоқ.

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Жауап алған:

Тергеуші (қолы) Д.Ж. Исин

 

Жауапалу хаттамасы қосымшасымен бірге (бейнежазба) 20__ж.____ шығ. № ___________ ___________________ жіберілді.

 

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 

 

Беттестіру

ХАТТАМАСЫ

 

22.05.20__ ж. Қорғалжын ауылы

 

Басталды: 16 сағат 00 минут

Аяқталдо: 18 сағат 10 минут

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.Ахметов№1400116000001 қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 199және218-баптарының талаптарын сақтай отырып, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көш., 12мекенжайы бойынша орналасқан ҚорғалжынАІІБ ғимаратында №210 қызметтік кабинет бөлмесінде бұрын жауап алынған куә ________________________________________________________ мен

(тегі, аты, әкесінің аты)

күдікті Б.А. Саутбековпен, адвокат С.О.Темірованың қатысуымен беттестіруді жүргізді. Беттестіру алдында К.А.Бөкеновке ҚР ҚПК-нің 78-бабымен көзделген куәнің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Бұдан басқа, куә К.А.Бокеновке ҚР ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беру немесе айғақтар беруден бас тарту үшін қылмыстық жуаптылық туралы, сондай-ақ келуден немесе өзінің міндеттерін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тарту немесе жалтару үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Куә:______________ (К.А. Бөкенов)

КүдіктіБ.А. Саутбековке ҚР ҚПК-нің 65-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді.

Күдікті:______________ (Б.А. Саутбеков)

 

Бір-бірінді танисындар ма деген сұраққа жауап алынған дамдар былай жауап берді:

Куә К.А. Бөкеновтің жауабы: мен бұл азаматты білмеймін, бұрын онымен кездескен емеспін, оған қатысты ешқандай теріс ойым жоқ.

КүдіктіБ.А. Саутбековтің жауабы: мен бұл азаматты білмеймін, бұрын онымен кездескен емеспін, оған қатысты ешқандай теріс ойым жоқ.

КүдіктіБ.А. Саутбековке сұрақ: орын алған оқиға туралы айтып беріңіз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 495 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2256 - | 2078 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.