КүдіктіБ.А. Саутбековтің жауабы: 27.09.2012 жылы орын алған
26 престелген түп сабанның ұрлануы бойынша күдікті Б.А. Саутбеков келесіні көрсетті: Менің ақ-жасыл түсті «Беларусь ЮМЗ» маркалы тракторым бар, онда кун орнатылған, мен онымен иесіз өрістерде шөп шауп, оны үйіме малға апарамын, шаруашылық жүргіземін, өзімнің өрісім жоқ. Мен Астана-Қорғалжын автотрассасында Сабынды ауылынан батысқа қарай шамамен 6 км жерде «Ақ құлын» ЖШС өрісінде сабан шабу жұмыстарының жүріп жатқанын мен білдім. Осыдан бұрын, мен шөпке барғанымда бірнеше рет осы «Ақ құлын» ЖШС өрісінің жанына өткенде, осы ЖШС жұмыскерлерінің сабан жинап, оларды трактор арқылы түптерге пресстеп жатқанын көрдім. Осылай, 27.09.2012 жылы шамамен 16.00 сағатта мен Сабынды ауылынан батысқа қарай бара жатқанымда, мен өзімнің ақ-жасыл түсті «Беларусь ЮМЗ» маркалы тракторымда екі бос арбаны әкетім бара жаттым, сол уақытта «Ақ құлын» ЖШС-на тиесілі Сабынды ауылынан батысқа қарай 6 км жерде орналасқан сабан өрісінде көп пресстелген сабап түптерін көрдім. Бұл сәтте осы өрісте ешкім болмаған, оның ішінде «Ақ құлын» ЖШС жұмыскерлері де болған жоқ, сол кезде маған осы пресстелген сабан түптерін қысқа өзімнің малыма ұрлау ойы келді, оларды бос арбаларыма салып, алып кеттім. Осыдан кейін, мен алдымен «Ақ құлын» ЖШС жұмысшылары тұратын вагонға бардым, сол кезде осы вагонның есігі сыртынан жабық екенін көрдім, оның есігі сыммен байланған болатын. Осы вагонның жанында шетелде шығарылған жасыл түсті трактор тұрды, оның маркасын білмеймін, одан басқа сабанды пресстеуге арналған трактордың пресстелген құрылғысы, «Сак» пісіретін аппараты бар трактордың арбасы болды. Мен, бұл жерде ешкімнің жоқ екенін көріп, осы вагоннан 2 км. жерде орналасқан «Ақ құлын» ЖШС өрісіндегі пресстелген сабан түптеріне өзімнің тракторыммен барып, арбаларды а,ыттым, одан кейін кун арқылы пресстелген сабан түптерін арбаға салдым, осылай екі арбаға 26 пресстелген сабан түптерін, яғни әрбір арбаға 13 түптен салдым. Сосын арбаларды қайта тракторға жалғап, осы 26 пресстелген сабан түптерін Сабынды ауылына үйіме алып келдім. Сабан түптерін арба салып жатқанымда және үйіме бара жатқанымда мені ешкім көрген жоқ. 26 пресстелген сабан түптерін мен арбаға шамамен бір жарым сағат ішінде салдым. Үйіме келгеннен кейін мен 23 сабан түптерін үйімнің жанында түрісіп алдым, ал үш түп сабанды арбада қалдырдым, өзімнің жақын танысым Сабынды ауылының тұрғыны Суюндык Сатыбаевқа беруді шештім, оның Сабынды ауылының жанында мал шаруашылығы базасы болатын. Осыдан кейін мен өзімнің тракторыммен арбамен үш түп сабанды Суюндыктың мал шаруашылығы базасына апардым. Шамамен 18.30 сағатта мен Суюндыктың мал шаруашылығы базасына жеттім, бірақ онда ешкім болған жоқ, сондықтан мен үш пресстелген сабан түбін базанын жанына тастап кеттім. Бұл сабанды «Ақ құлын» ЖШС өрісінен ұрлап алғанымды мен Суюндыкке айтқаным жоқ, ол туралы Суюндык білмеді. Осылай, мен ұрлаған 23 түп сабан үнемі менің үйімнің жанында жатты, ал үш түп сабан Суюндыкте болды. Сабанды ұрлаған кезде мен сау болдым, алкольдік ішімдік және есірткі-психотропты заттарды қолданбағам. Бұл ұрлықты мен жалғыз өзім жасадым, оны 22.10.2012 жылы тергеу экспериментін жүргізу кезінде дәлелдегем және ұрлық жасаған кезімде мені ешкім көрген жоқ. Осы факт бойынша өзімнің кінәмді толық мойындаймын, жасағаныма өкінемін. Осы кезде полиция қызметкерлері мен ұрлаған 26 пресстелген сабан түптерін менен алып, осы сабанды «Ақ құлын» ЖШС өкілдеріне қайтарды, яғни «Ақ құлын» ЖШС-не келтірген материалдық зиянды мен толығымен өтедім. _____________
Куә К.А. Бөкеновке сұрақ: Сізге __________ жауаптары түсінікті ме және Сіз оларды растайсыз ба?
Куәның жауабы: мен Б.А. Саутбековтің жауабымен келісемін, өйткені ол 26 пресстелген сабан түптерін мен өрісте болмағанымда, 27.09.2012 жылы күндіз ұрлауы мүмкін еді.________________
Күдікті Б.А. Саутбековке сұрақ: Сіз өзіңіздің жауаптарыңызды құптайсыз ба?
Күдіктінің жауабы: Б.А. Саутбеков «Ия»
Тергеушінің ұсынысы: Куә К.А. Бөкенов және күдікті Б.А Саутбеков Сіздердің бір-біріңізге сұрақтарыңыз бар ма?
Куәнің жауабы: Б.А. Саутбековке сұрақтарым жоқ.
Күдіктінің жауабы: К.А. Бөкеновке сұрақтарым жоқ.
Адвокаттан сұрақ тұскен жоқ.
Куә: ______________ (К.А. Бөкенов)
Күдікті:____________ (Б.А. Саутбеков)
Адвокат:______________ (С.О.Темірова)
ҚорғалжынАІІБ ТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов
Жеке басын тану үшін адамды көрсету
ХАТТАМАСЫ
20__ жылғы19 қыркүйек Қызылорда қаласы
Қызылорда қаласы ІІБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны
Н.Б. Белгібаев ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:
1) Иванова Ольга, Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көш., 10 мекенжайы бойынша тұрады,
2) Павлов ИванаИгнатьевич, Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көш., 45 мекенжайы бойынша тұрады, Қызылорда қаласы ІІБ үй-жайында табиғи жарық болған кезде жәбірленуші Владимир Матвеевке № 14431003106975 қылмыстық іс бойынша күдікті Павел Петрович Мошниковты тану үшін көрсетті.
Азамат П. Мошниковпен бірге жәбірленушіге келесі азаматтар көрсетілді:
1) Кукарский Евгений Игнатович, 1966 жылы 18 наурыздатуылған, Қызылорда қаласы, Ленин көш., 4 менежайы бойынша тұрады;
2) Облаков Родион Дмитриевич, 1969 жылы 1 қыркүйектетуылған, Қызылорда қаласы, Пролетарский көш., 42-үй, 64-пәтер мекенжайы бойынша тұрады.
Тануға көрсетудің алдында П. Мошниковке тану үшін көрсетілетін адамдардың арасынан кез келген орынды алу ұсынылды, ол өзінің қалауы бойынша Е.И. Кукарскийден кейңн шеткі сол жақ орынға тұрды.
Бұдан кейін тану үшін көрсету жүргізіліп жатқан бөлмеге жәбірленуші В. Матвеев шақырылды, оған ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
_________________________
Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.
Куәгерлер:Иванова Ольга
Павлов Иван Игнатьевич,
оларға ҚР ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді:
1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.
Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; 2) тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 3) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 4) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 5) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.
Куәгерлер: 1) О. Иванова 2) И.Павлов
Танушы адамның өзіне тану үшін көрсетілген адамдардың ішінде кімде-кімді бұрын көрді ме, егер көрсе, қашан, қайда және қандай жағдайда көрдің деген сұраққа В. Матвеев көрсетілуге ұсынылған адамдарды қарап, сол жағында шеткі болып тұрған адамды танығанын, ол 2013 жылы
3 желтоқсанда сағат 15-те Қызылорда қаласы Промывочной көш., № 4 үйдің жанында өзіне күш қолданып, одан қара түсті үлкен спорттық сөмкені алып қойғанын мәлімдеді.
Бұл ретте, ол оны ұзын емес бойынан, арықша денесі, шапыраш көздерінен, сондай-ақ артқа қайырылып таралған қара қоңыр шашынан танығанын көрсетті. Бұл сәтке дейін ол бұл ер адамды көрмегенін, бірақ ол есінде жақсы сақталғанын айтып, оның дәл сол адам екенін сеніммен көрсетті.
Танушы адам: В.Н. Матвеев
Тану нәтижесі: Мошников Павел Петрович танылды.
Тану барысында бейнежазба жүргізілді.
Тану хаттамасына жазбасы бар «GS-1 CD» диск қоса тіркеледі.
Тану үшін көрсету алдында және оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танылып отырған П.П. Мошниковтан, танушы В.Н.Матвеевтен, куәгерлерден және статистерден мәлімдемелер түскен жоқ.
Танушы адам: В.Н. Матвеев
Танылып отырған адам: П.П. Мошников
Куәгерлер: 1) О. Иванова
2) И. Павлов
Өзге қатысып отырған адамдар: 1)
2)
Тану үшін көрсету аяқталғаннан кейін тергеу әрекетіның хаттамасы және тиісті бейнежазба материалдары оған қатысушыларға танысу үшін көрсетілді.
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, бейнежазба материалдарды көрсетілді. Хаттамаға және бейнежазбаға ескертулер болған жоқ.
Танушы адам: В. Матвеев
Танылып отырған адам: П.Мошников
Куәгерлер: 1) _______________
2) _______________
Өзге қатысып отырған адамдар: 1) _______________
2) _______________
Қызылорда қаласы
ІІБ ТБ аға тергеушісі
полиция капитаны (қолы) Н.Белгібаев
Фотосурет бойынша тану үшін көрсету
ХАТТАМАСЫ
23 қыркүйек 20__ ж. Қызылорда қаласы
Тану 11 сағ. 45 мин. басталды
Тану 12 сағ. 20 мин. аяқталды
Қызылорда қаласы ІІБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны
Н.Б. Белгібаев ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:
1) Ахметов Асан, Қызылорда қаласы, Флегонтов көш., 12-үй, 17-пәтер мекенжайы бойынша тұрады;
2) Базарбаев Айбек, Қызылорда қаласы, Фрунзе көш., 23-үй, 2-пәтер мекенжайы бойынша тұрады,
Қызылорда қаласы ІІБ үй-жайында №14 кабинетте табиғи жарық болған кезде №14431003102516 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші АннаМолдабековаға тану үшін Мақсат Мысырхановтың, бір мезгілде онымен бірге тағы басқа адамдардың фотосуреттерін көрсетті.
Фотосуреттер фотокесте бір қатарға жапсырылған және олардың солдан оңға қарай 1, 2, 3 деген реттік нөмірлері болды, олар Қызылорда қаласы ІІБ мөрімен бекітілді.
ФОТО ФОТО ФОТО
№ 1 № 2 № 3
Тануға көрсетудің басында барлық қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі мен фотосуреттер бойынша адамды тануды жүргізу тәртібі түсiндiрiлдi.
Танушы адам: А. Молдабекова
Куәгерлер: ______________ А.Ахметов
______________ А.Базарбаев
Бұдан кейін тану үшін көрсету жүргізіліп жатқан бөлмеге куә (жәбірленуші)А. Молдабекова шақырылды, оған ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
____________________ А. Молдабекова
Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.
Куәгерлер А. Ахметовке, А. Базарбаевқа ҚР ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді: 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.
Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 3) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 4) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.
__________________ ___________________
___________________________________________________________________
Танушы адам Анна Мысырханова өзіне тану үшін көрсетілген фотосуреттерді қарап, № 2фотосуреттегі адамды танығаны туралы мәлімдеді: «ол 2013 жылы 7 желтоқсанда шамамен 22.30 сағатта Индустриалдық колледж жатақханасы кіреберісінде мені пышақпен қорқытып, менің изумруд тастары бар алтын сырғамды шешіп, белгісіз бағытта жасырынып кеткен. Мен оны бет-әлпетінің белгілері бойынша: қалың қасынан, кең мұрнынан, қызғылт түсті терісінен, сондай-ақ шаш қию үлгісінен: мандайында тақыры бар қысқа қиылған ақшыл шашынан таныдым. Мен бұрын бұл ер адамды көрмегенмін, бірақ ол қылмыс жасаған сәтте оны жақсы есімде сақтадым. Оның осы адам екеніне сенімдімін».
Тану нәтижесі: Максат Мысырханов танылды.
Тану үшін көрсету алдында және оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танушы А.Н. Кухарчуктен, куәгерлер
М.В. Мородовинадан, И.А. Сметанинадан мәлімдемелер түскен жоқ.
Танушы адам: А. Молдабекова
Куәгерлер: ______________ А.Ахметов
______________ А.Базарбаев
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды. Хаттамаға ескертулер жоқ.
Танушы адам: А. Молдабекова
Куәгерлер: ______________ А.Ахметов
______________ А.Базарбаев
Қызылорда қаласы
ІІБ ТБ аға тергеушісі
полиция капитаны (қолы) Н.Белгібаев
Мәйітті тану үшін көрсету
ХАТТАМАСЫ
«10» қыркүйек 20__ ж. Қызылорда қаласы
Басталды: 17 сағ. 00 мин
Аяқталды: 18 сағ. 00 мин.
Қызылорда қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция майоры М. Мұхтаров
ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:
1) Жылқыбаев Ерлан Қозыбергенұлы 12.02.1990 ж.т.
2) Ермекбаев Ислам Орынбасарович 01.07.1991 ж.т.
Қызылорда қаласында Облыстық медициналық орталық моргында № 2 кабинетте күндізгі табиғи жарық болған кезде № 14431003104571 қылмыстық іс бойынша куә Гафур Омарғалиұлы Жүсіповқа Қызылорда қаласының орталық саябағында бұта түбінде табылған ер адамның мәйітін тану үшін көрсетті.
Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.
Куәгерлер Е. Жылқыбаев пен И. Ермекбаевқа тану үшін көрсетуге дейін ҚР ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді: 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.
Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 3) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 4) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.
1. _________________
2. _________________
Куә Г. Жусуповке ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес тану кезінде көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
_________________
Көрсетілген белгісіз ер адамның мәйітін қарап, куә Г.Жүсіпов былай мәлімдеді: «Талғат Асарбайұлы Баймахановтың» мәйітін таныдым. Оны бойы бойынша – менен ұзын, дене пішіні бойынша – орташа денелі, бет-әлпетінің белгілері бойынша – қара қоңыр көздері, кең қастары, кең мұрыны, сондай-ақ желкесіндегі тақыры бойынша танып отырмын. Бұрын Т.А. Баймаханов саты алаңы бойынша менің көршім болған. Бұл сол адамның мәйіті болып табылады».
Тану үшін көрсету алдында, оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танушы Г.О. Жүсіповтан, куәгерлер Е. Жылқыбаев пен И. Ермекбаевтан мәлімдемелер түскен жоқ.
Хаттама дауыстап оқылды, дұрыс жазылды.
Танушы адам _______________
Куәгерлер: 1. _______________
2. _______________
Қызылорда қаласы
ІІБ ТБ тергеушісы
полиция майоры (қолы) М.Мұхтаров
Нәрселерді тану үшін көрсету
ХАТТАМАСЫ
15 сәуір 20__ жыл Төратам кенті
Тану басталды: 13 сағат 30 минут.
Аяқталды: 15 сағат 00 минут.
Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ТБ аға тергеушісі полиция капитаны Н.Б. Белгібаев ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарының талаптарын сақтай отырып, барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеуді қолданып, № 320 қызметтік бөлмеде Айнұр Жақсыбаевна Аманбаеваның қатысуымен, Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің криминалисті полицияаға лейтенанты С.У.Мақаповтың қатысуымен кілемді тану үшін көрсетті.
Жоғарыда аталған адамдарға алып қоюды жүргізген адамның барлық әрекеттері кезінде қатысу және жүргізілген әрекеттер бойынша ескертулер енгізуді талап ету құқыңы түсіндірілді.
Бұдан басқа, жәбірленуші А. Аманбаеваға ҚР ҚПК-нің 230-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420, 421-баптары бойынша айғақтар беруден бас тарту немесе жалтару және көрінеу жалған айғақтар беру үшін қылмыстық жуаптылық туралы ескертілді.
Бұдан басқа, өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiрілді.
______________ А.Аманбаева
Тануды бастаудың алдында танушы адам болмаған кезде танылуға жататын нәрселерді криминалист мынадай ретпен қойды:
1. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, оң жақ төменгі бұрышында көлемі 25х10 см. үтікпен жандырылған орны бар.
2. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, бұрыштары қырылған.
3. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, оң жақ төменгі бұрышында көлемі 1х1 см. жандырылған орны бар.
4. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, бұрышында қара-жасыл оюлары бар.
Бұдан кейін жәбірленуші А. Аманбаева шақырылды, оған үйінен ұрланған кілемді тану ұсынылды. Бұдан кейін А. Аманбаева тануға көрсетілген кілемдерді қарап шығып, № 3 болып белгіленген кілемге көрсетіп, ұсынылған кілемдер ішінде № 3 кілемді танығанын, ол 15.04.20__ жылы оның үйінен ұрланғанын айтты. Бұл кілемді сыртқы түрі бойынша, атап айтқанда жасыл түсі, көлемі және оң жақтағы төменгі бұрышындағы жандырылған жері бойынша таныды.
Тану барысында «Sony» маркалы бейнекамерамен бейнежазба, сондай-ақ «Canon» маркалы цифрлық фотоаппаратпен фотосуретке түсіру жүргізілді.
Мәлімдемелер, ескертулер, өтініштер түскен жоқ. Хаттама дауыстап оқылды. Дұрыс жазылды.
Танушы адам ______________ А.Ж. Аманбаева
Криминалист: _______________ С.У. Мақапов
Байқоңыр қаласындағы
ҚР ІІМ өкілдігінің
ТБ аға тергеушісі
полиция капитаны (қолы) Н.Белгібаев
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға
жол берілмейтіндігі туралы ескерту
ҚОЛХАТЫ
5 қыркүйек 20__ жыл Қызылорда қаласы
Мен, Омаров Ақылбек Ыбырайұлы, Қызылорда қаласы, Қонаев көш., №45 үй мекенжайы бойынша тұрамын,Қызылорда қаласы прокурорының келісімінсіз сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 20__ жылы «03» қыркүйекте№44546 тіркелген іс жүргізу бойынша менің қатысуыммен жүргізілген тергеу әрекеттерін жүргізген кезде маған белгілі болған қылмыстық іс жүргізудегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы маған ескертілгені туралы осы қолхатты беремін.
ҚР ҚК-нің 423-бабы бойынша прокурордың келiсуiнсiз істегі мәліметтерді жария ету үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.
________________
Ескертілдім ________________ А. Омаров
Қызылорда қаласы