АРЫЗ
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша, оған сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде ең жоғары жаза көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
Ж. Бескемпірова (қолы)
Азамат(ша) /лауазымды немесе өзге адам/ Ж. Бескемпірова, арызданды, ол бойынша 2013 жылғы 12 қаңтарда шамамен сағат 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен белгісіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрайды, белгісіз адамды сипаттап бере алмаймын, себебі оның бетінде қара түсті тұмылдырық болды. Ол қара түсті күрте, қара түсті трико және ақ түсті кроссовка киген. Бойы 170 – 175 см, жас шамасы 20 – 25-те.
Осы арқылы азаматша Ж. Бескемпіроваға 150 000 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
Арыз менің айтқан сөздеріммен дұрыс жазылған (басылған) және оны оқып шықтым (арызды өз қолыммен жаздым (бастым) (қажеттісінің астын сызу керек).
________________ Ж.Бескемпірова
(қолы)
Жоғарыда жазылған мәліметтерден бөлек осы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша маңызы бар басқа мәліметтер маған белгісіз.
________________ Ж.Бескемпірова
(қолы)
«__»_________20__ ж.
«___» сағ. «___» мин.
Қосымша: ___________________________________________________
(құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама) расталатын құжаттардың және өзге материалдардың тізімдемесі).
Арызды қабылдаған:__________________________________ Т. Қозыбақов
(қылмыстар туралы арыздарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті лауазымды адам, лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)
№ 55654568442 талон-хабарлама берілді «__»_________20__ ж.
«___» сағ. «___» мин.
Қарауды тапсырамын ________________ (қызметкердің аты-жөні, лауазымы) қолы, күні |
Астана қ., Сарыарқа ауданы ІІБ бастығы
полиция полковнигі
Т.А. Сейілхановқа
БАЯНАТ
Баянат бойынша Сізге 20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де белгісіз біреу Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткенін хабарлаймын.
ҚР ҚК 191-бабы «1» бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісін меңзейтін жеткілікті деректер бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 179,184-баптарына сәйкес бұл баянат БСТТ тіркелуге жатады.
Баянатқа қылмыстық құқық бұзушылық туралы алынған мәліметтерді растайтын материалдарды қоса беріп отырмын:
1) ___________________________________ ___ парақ.
(барлық заттар мен құжаттардың толық тізбесі көрсетіледі)
________________________________ _______________
(лауазымы, сыныптық шені, арнайы атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
Баянатқа қоса беріледі: материалдар ___ парақ.
Астана қ. Сарыарқа ауданы
САІІБ ауданының тергеушісі
аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев
Астана қ., Сарыарқа ауданы ІІД бастығы
полиция полковнигі
Т.А. Сейілхановқа
Самат Абайұлы Абайдан
туған кезі 07.07.1991ж.
туған жері Астана қ.
ҚР азаматы
білімі орташа
жұмыс орны жұмыссыз
жеке куәлігі№12345678
тұратын жері Астана қ.,
Сатпаев көш. 21/1, 33 үй, 5 пәтер
тел. 8-701-123-45-67
КІНӘСІН МОЙЫНДАП КЕЛУ
Мен, Самат Абайұлы Абай, 20__жылы 12 қаңтарда шамамен сағат 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде белгісіз бір әйелдің қолынан «Самсунг Галакси» маркалы ұялы телефонын тартып әкетіп, қылмыс жасалған жерден қашып кеткенім туралы айыбымды мойындап келдім.
________________
(қолы)
«__»_________20__ ж.
«___» сағ. «___» мин.
Қосымша: ___________________________________________________
(құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама) расталатын құжаттардың және өзге материалдардың тізімдемесі)
Маған қылмыстық қудалау органында тілді таңдау құқығым түсіндірілді.
________________
(қолы)
Өз қолыммен жазылды.
Күні, қолы
Кінәсін мойындап келуді қабылдадым
Астана қ. Сарыарқа ауданы
САІІБ ауданының тергеушісі
аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев
Ауызша түрде кінәсін мойындап келуді қабылдау
ХАТТАМАСЫ
20___ жылғы 15 қаңтар Тараз қ.
Жамбыл облысы Тараз қаласының ҚІІБ тергеу қызметінің тергеушісі полиция капитаны С.С.Самашев ҚР ҚПК 181-бабы 2-бөлігіне сәйкес Тараз қаласы ҚІІБ үй-жайында 22 сағ. 30 минутте азамат Самат Құрманұлы Мұратовтан ауызша түрдегі кінәсін мойындап келуді қабылдадым, ол 1984 жылы 20 мамырда туған, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының тумасы, қазақ, үйленбеген, білімі орташа, мынадай:Тараз қ., Алматы көш., 8 мекенжайда тұрады.
С.Қ. Мұратовтың жеке басы № 000557788 ҚР Әділетмині 2010 жылғы 20 наурызда берген жеке куәлігімен анықталды.
Көрінеу жалға сөз жеткізгенім үшін ҚР ҚК 419-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
Арыз иесінің қолы ___________.
Орыс тілін жетік білемін, аудармашы қажет емес.
Арыз иесінің қолы ___________.
Бұл ретте С.Қ. Мұратов мынадай мәлімдеме жасады: «10.01.20___ж. Жұмыстан қайтып келе жатқанымда, шамамен 20 сағатта Тараз қаласы Абай мен Жеңіс көшелерінің қиылысында орналасқан «Армат» дүкенінің жанында азиат ұлты мен танымайтын ер адам пышақпен қорқытып менің күзен бас киімімді беруді талап етті.
Мен беруден бас тартым, ол бас киімді жұлып алуға ұмтылды. Екеуміз күресу кезінде мен оның пышағын жұлып алдым, маған тағы да тап берген кезінде оны осы пышақпен ұрдым. Ол алған жарақатына байланысты құлап қалды, мен қорқып кетіп, оқиға орнынан қашып кеттім.
Болған оқиға туралы мен ешкімге айтқан жоқпын, ал жарақаттан құлаған адам туралы осы уақытқа дейін хабарым жоқ. Мен жасаған әрекетімді мойындағым келді, себебі сол уақыттан бері тыныш тіршілік етуден қалдым.
Хаттаманы оқып шықтым, менің сөзім дұрыс жазылған, өзгерістер мен қосымшалар жоқ.
Арыз иесінің қолы ___________.
Ауызша арыз хаттамасын жасаған:
Жамбыл облысы Тараз қ., ҚІІБ
Тергеу қызметінің тергеушісі
полиция капитаны (қолы) С.С. Самашев
№ _______________________ талон-хабарлама берілді.
«__»_________20__ ж.
«___» сағ. «___» мин.
Оқиға орнын қарап-тексеру
ХАТТАМАСЫ
20___ жылғы 12 қаңтар Астана қ.
Қарап-тексеру басталған уақыт: 03сағат30 мин.
Қарап-тексеру аяқталған уақыт: 04 сағат00 мин.
Астана қ. САІІБ тергеушісі (анықтаушысы) полиция аға лейтенанты Т. Қоңтарбаев
03 сағ. 10 минутта Ж. Бескемпіровадан белгісіз біреу Сатпаев көшесі №30 үйдің жанында оның САМСУНГ Галакси маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып әкеткені туралы хабарлама алдым.
Мына: Сатпаев көшесі №30 үй мекен-жайындағы оқиға орнына келіп, ҚР ҚПК 219 және 220-баптарын басшылыққа ала отырып, төмендегілердің қатысуымен:
1. жедел уәкілА. Сабыров,
2. криминалист-маманА. Саркын,
3. кинолог А. Сандыбай,
мына куәгерлердің қатысуымен:
1) Айбарша Шұбарқызы Сұлтанова, 12.10.1990 ж.т., мекенжайы Астана қ., Иманов көш.,10 үй, №5 пәтер
2) Салтанат Сұлтанқызы Айбарова, 21.12.1991 ж.т., мекенжайы Астана қ. Абай көш., 10 үй, №15 пәтер
иегер ________________________________ қатысуымен және келісуімен оқиға орнын қарап-тексеру жүргізілді, бұл туралы ҚР ҚПК 199 және 224-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.
Қарап-тексеру басталар алдында жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға қарап-тексеру жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.
Оған қоса, куәгер С. Айбароваға және А. Сұлтановаға ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.
Куәгерлер 1. _________________ А. Сұлтанова
2. ________________ С. Айбарова
Криминалист-маман А. Сарқынға ҚР ҚПК 80-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді және оған өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.
Криминалист-маман ___________________
Қарап-тексеру кезінде мыналар анықталды:
____________________________________________________________________
Қарап-тексеру процесінде «Самсунг» маркасын анықтау барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары қолданылды.
Қарап-тексеру ауа-райы ашық күні (ашық, жаңбырлы, қар жауып тұрған кезде), табиғи (жасанды) жарық және ауа температурасы – 20°С кезінде жүргізілді.
Оқиға орнын қарап-тексеру кезінде мына нәрселер табылып, алынды:
1. ештеңе алынған жоқ;
2._______________________________________________________;
3. _______________________________________________________;
4. _______________________________________________________;
Қарап-тексеру процесінде нәрселер мен заттардың орналасуының ____________ жоспары мен сұлбасы жасалды.
Қарап-тексеру кезінде қарап-тексеру тәртібі, хаттама мазмұны, жоспарлар мен схемалар бойынша қатысушылардан өтініштер мен ескертпелер түскен жоқ (түсті):
_______________________________________________________ болған жоқ.
Куәгерлер: ________________А.Сұлтанова ________________ С.Айбарова
Қатысушылар: _____________________________
_____________________________
Криминалист-маман _____________________________
Қарап-тексеру жүргізген:
Астана қ. Сарыарқа ауданы
САІІБ тергеушісі
аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев
Астана қаласы
Сарыарқа ауданының прокуроры
әділет кеңесшісі (қолы) Н.А. Аманжоловқа
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы
ХАБАРЛАМА
20___ жылғы 13 қаңтар Астана қ.
20__ жылғы 13 қаңтарда Астана қаласы САІІБ ТБ бастығының 20__ жылғы 12 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Ж. Бескемпірованың 20__ жылғы 12 қаңтарда САІІБ ТБ түскен арызы бойынша №707 алдын ала тергеу (анықтау) нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен, 20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында болған белгісіз біреу ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен.
ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді Астана қаласы САІІБ тергеушісі Н. Ақжігітов 20__ жылғы 13 қаңтарда Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне №808 нөмірмен енгізген.
ҚР ҚПК 179-бабының 1-бөлігі тәртібінде хабарланады.
Астана қ. Сарыарқа ауданы
САІІБ тергеушісі
аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев
Қылмыстық істің өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы
ҚАУЛЫ
20___жылғы 13 қаңтар Астана қ.
Астана қаласы Сарыарқа АІІБ тергеушісі (анықтаушысы) полиция лейтенанты Т. Қоңтарбаев, Сарыарқа АІІБ СДТТБТ №16231003101991 санымен тіркелген Б.Бескемпірованың арызын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де Астана қаласы Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында белгісіз біреу ашық түрде азаматша Ж. Бескемпірованың қалтасынан жасырын түрде құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын ұрлап әкеткен. Сондықтан белгісіз тұлғаның іс әрекетінде ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы бар екендігін ескере отырып ҚР ҚПК 60,189-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сарыарқа АІІБ СДТТБТ №16231003101991 санымен тіркелген Ж.Бескемпірованың арызы бойынша жинақталған іс құжаттарды өзімнің іс жүргізуіме қабылдансын және алдын ала тергеу (анықтау) нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілсін.
2.Осы қаулының көшірмесі Сарыарқа ауданының прокурорға жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
Астана қ. Сарыарқа ауданы
ІІБ тергеушісі
аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев
Тергеу (тергеу-жедел) топ құру туралы
ҚАУЛЫ
20___ жылғы 28 маусым Алматы қ.
Алматы қаласы ІІБ жанындағы ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Д.П. Разыев Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құрам белгілері бойынша қозғалған №14752003102195 қылмыстық іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
20__ жылғы 26 маусым сағат 20:00 - 20__ жылғы 27 маусым сағат 08:00 уақыты кезеңінде Д.З. Батаев Алматы қаласы Дүйсенов көшесінде орналасқан №100 үй ауласында болып, 1974 ж.т. азаматша Н.В. Гузееваға тиесілі, мемлекеттік нөмірі А 060 FDN«Митсубиси Паджеро» маркалы автомашинасын жасырын ұрлап кеткен, осы арқылы соңғы аталған адамға елеулі материалдық залал келтірген.
Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейі жоғары екенін назарға алып, сондай-ақ тергеп-тексерудің қиындығы мен тергеу әрекеттерінің ауқымды көлемін орындау қажеттігін ескере отырып, ҚР ҚПК 194-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ
1. Бұл іс бойынша тергеу (жедел-тергеу) тобы мына құрамда құрылсын:
- Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі аға лейтенант Р.Р.Нұрдинов
- Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі аға лейтенант Н. Тұрынтаев
-Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі лейтенант А. Хашимов.
2. Топ басшысы болып - Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі лейтенант А. Хашимов тағайындалсын, оған жоғарыда көрсетілген тергеушілердің әрекетіне басшылық жасау тапсырылсын.
3. Мүдделі адамдар тергеу тобының құрамымен таныстырылсын, оларға бұл топ басшысынан не кез келген оның мүшесінен бас тарту құқығы түсіндірілсін.
Алмалы ауданы ІІБ жанындағы
ПБ тергеу бөлімінің бастығы (қолы) Д.Разыев
Осы қаулымен таныстырылды, тергеу тобы басшысынан не кез келген оның мүшесінен бас тарту құқығы түсіндірілді:
Күні 28.06.20__ ж. Күдікті: (қолы) Д. Батаев.
Күні 28.06.20__ ж. Жәбірленуші: (қолы) Н.Гузеева
«Б Е К І Т Е М І Н»
Түрксіб ауданы
ІІБ АБ бастығы
Полиция капитаны
А. Серіковке
«» қантар 20 ж.
Алдын ала тергеу тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
Алматы қ. 20__ж.01.01.
Түрксіб ауданы ІІБ АБ анықтаушысы полиция капитаны Ж. Қабылбаев №14751903100001 қылмыстық іс материалдары қарап,
АНЫҚТАДЫ:
20___ жылғы 01 қаңтарда 11.00 – 12.30 сағат уақыты кезеңінде белгісіз біреу мына: Гравийная көш. №1 үй мекенжайында болып ашық түрде үйге енген, одан 1994 жылы туған азаматша Х. Джинованың жеке мүлкін ұрлап әкеткен, осы арқылы оған 420 818 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
ҚР ҚПК 192-бабы 2-бөлігінде көзделген мерзім бойынша істің мән-жайын зерттеу жеткіліктілігі мен толықтығын қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескере келе, ҚР ҚПК 62, 63, 189-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. №14751903100001 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізу тағайындалсын.
2. Осы қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Түрксіб ауданы
ІІБ АБ анықтаушысы
полиция капитаны (қолы) Ж.Қабылбаев
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті адамды ұстап алу
ХАТТАМАСЫ
20__ жылғы 16 шілде Алматы қ.
Басталу: "20" сағат "00" минут
Аяқталуы: "20" сағат "30" минут
Түрксіб ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А. Зайтов Алматы қаласы Түрксіб ауданы ІІБ әкімшілік ғимаратының №517 қызметтік бөлмесінде Қазақстан Республикасы ҚПК 64, 128-132, 134, 197, 199-баптарының талаптарын сақтай отырып, осы ұстап алу туралы хаттаманы жасады:
Т.А.Ә. А.: Батаев Дмитрий Зайтунович
Туған кезі: 1991 жылғы «10» желтоқсанда туған
Туған жері: Ресей, Саратов облысы, Войск к.
Жеке басты куәландыратын құжат: ҚР ӘМ берген №5703394 паспорт
Ұлты: Орыс
Азаматтығы: ҚР
Білімі: орташа
Жұмыс орны, лауазымы (оқу орны): жұмыс істемейді
Тіркелген жері: Тұратын жері (нақты тұратын жері): Алматы қ., Мұратбаев көш., 64 үй, 72 пәтер
Отбасылық жағдайы: үйленбеген
Әскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті
Соттылығы: бұрын сотталмаған
ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті.
Жеткізілген уақыты: 20 сағат 00 минут,
Нақты ұстап алынған уақыты: 19 сағат 30 минут.
Алматы қ., Мұратбаев көш, 64 үй, 72пәтер
(ұстап алынған жері)
Ұстап алуға негіз:
1) адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасалғаннан кейін ұсталса,
2) көзімен көргендер (куәлар),оның ішінде жәбірленуші осы адамды қылмыс жасаған адам ретінде көрсетсе не бұл адам ҚПК 130-бабында көзделген тәртіппен ұсталса,
3) оның бетінде немесе киімінде, оның бойында немесе оның тұрғынжайында қылмыстың анық іздері табылса;
4) шұғыл-іздестіру қызметінің және (немесе) жасырын тергеу әрекеттерінің заңға сәйкес алынған материалдарында аталған адамға қатысты жасалған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болса.
Сондай-ақ ҚР ҚПК 128-бабы 4-бөлігіне сәйкес адамға қылмыстыққұқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ұстап алынуы мүмкін.
Ұстап алу себептері:
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруден және соттан жасырыну мүмкіндігі.
2. Бостандықта жүрген кезде қылмыстық істік объективті тергеп-тексерілуіне кедергі жасау мүмкіндігі.
Ұстап алынған: Д. З. Батаевке, ҚР ҚПК 131-бабы 1-бөлігіне сәйкес қандай құқық бұзушылық жасауға күдікті екені ауызша хабарланды, сондай-ақ қорғаушыны шақырту құқығы, үнсіздік сақтау құқығы және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылу мүмкіндігі түсіндірілді.
Батаев Д.З _______________________
(ұстап алынушының қолы)
ҚР ҚПК 64-бабы 9-бөлігіне сәйкес ұстап алынған: Д.З. Батаевке
күдіктінің мынадай құқықтары түсіндірілді:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білу;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу;
8) айғақ беруден бас тарту;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу;
10) дәлелдемелерді ұсыну;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалану;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасу;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.
Ұстап алынған: Д.З. Батаевке, ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігіне сәйкес ол өз денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруынан өту туралы тиісті өтінішхатты мәлімдеу құқығы түсіндірілді.
Батаев Д.З ______________________________
(ұстап алынушының қолы)
Дені сау, дене жарақаттары жоқ
(ұстап алынушының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді көрсеті, медициналық куәландыру өткізілген жағдайда оның қорытындысы қоса беріледі)
ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес жеке тінту нәтижелерін көрсету:
тінту кезінде ештеңе табылған жоқ және ештеңе алынған жоқ
Хаттаманы жасаған:
Түрксіб ауданы
ІІБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты (қолы) А.Заитов
Хаттама көшірмесін алдым:
Батаев Д.З _____________________________________________________
(қолы) (ұстап алынған адамның тегі, аты-жөні)
Ұстап алу туралы хабарлама прокурорға
20___ жылғы "16" шілдедегішығыс № 44/3- 14578 нөмірімен 20___ жылғы 16 шілдеде жіберілді.
Түрксіб ауданы
ІІБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты (қолы) А.Заитов
Жеке тінту
ХАТТАМАСЫ
20___ жылғы 16 шілде Алматы қ.
Басталуы: "20" сағат "00" минут
Аяқталуы: "20" сағат "30" минут
Түрксіб ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А. Зайтов Алматы қаласы Түрксіб ауданы ІІБ әкімшілік ғимаратының №517 қызметтік бөлмесінде ҚР ҚПК 255-бабының талаптарын сақтай отырып, мына куәгерлердің қатысуымен:
1) Маратов М.М., 1990 ж.т., Алматы қ., Байсерке көш., 7 үйде тұрады
2)Саматов С.С. 1991 ж.т.,Алматы қ., Мирзоян көш., 1 үйде тұрады.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы ІІБ үй-жайында және куәгерлердің қатысуымен азамат Д.З. Батаевқа жеке тінту жүргізді.
Жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға жеке тінту жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.
Оған қоса, куәгерлер Маратов пен Саматовқа ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.
Куәгерлер: 1. (қолы) М.Маратов 2. (қолы) С.Саматов
Жеке тінту алдында тергеуші 20__ 16 шілдедегі жеке тінту жүргізу туралы қаулыны көрсетті, одан кейін азамат Д.З. Батаевқа тыйым салынған не іс үшін маңызы бар заттарды өз еркімен беру ұсынылды, азамат Д.З.Батаев: оның күртесінің сол жақ сыртқы қалтасында Айфон 5 маркалы ұялы телефон бар екенін мәлімдеді.
Бұдан кейін Түрксіб ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А. Зайтов жеке тінту жүргізуге кірісті.
Жеке тінту нәтижесінде Д. Батаевтың сол жақ сыртқы қалтасынан мынадай заттар табылды:
1) Айфон маркалы ұялы телефон
Табылған заттар бойынша Д. Батаев бұл телефонды ол 20___ жылы 16 шілдеде Төлеби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында оған белгісіз жас жігіттен ұрлап алғанын айтты.
Жеке тінту барысында мыналар алынды:
2) Айфон маркалы ұялы телефон
Барлық алынған заттар оралды, №2 мөрмен және куәгерлердің қолдарымен бекемделді.
Тінту барысында Сони маркалы бейнекамера қолданылды.
Жеке тінту барысында түскен ескертпелер: түскен жоқ
Куәгерлер: Маратов М.М (қолы)
Саматов С.С (қолы)
Қатысқандар:
Жеке тінту жүргізілген адам Батаев Д. (қолы)
Түрксіб ауданы
ІІБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты (қолы) А.Зайтов
Жеке тінту хаттамасының көшірмесін алдым: Батаев Д. (қолы)
Шағым беру тәртібі түсіндірілді: Батаев Д. (қолы)
Алматы қ.
Түркісіп ауданы
Сейфулин көшесі 63 үй
З.А.Батаевқа
Күдіктіні ұстап алу туралы
ХАБАРЛАМА
20___ жылғы 16 шілде Алматы қ.
Азаматша З.А. Батаеваға
ҚР ҚПК 135-бабына сәйкес 20__ жылғы 16 шілдеде 20 сағат 30 минутта ҚР ҚПК 128 және 131-баптары тәртібімен 10. 12. 1991 ж.т. Дмитрий Зайтунович Батаев ұстап алынғанын хабарлаймын.
Ұстап алынған: Д.З. Батаев Алматы қ. ІІД УҰИ жатыр.
Түрксіб ауданы
ІІБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты (қолы) А.Зайтов
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының
Прокуратурасы
ХАБАРЛАМА
«Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағындағы дипломатиялық өкілдіктеріне тиісті мемлекеттер азаматтарының ұстап алынғаны және қамаққа алынғаны туралы хабарлау тәртібі туралы» 1993 жылғы 6 сәуірдегі №15/7/19203/1295/31 нұсқаулықтың 1.3-тармағына сәйкес 20___ жылғы7 қыркүйекте сағат 18.00-де ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігінде, 286-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деген күдік бойынша Қырғызстан Республикасының азаматы, 1985 жылғы 18 желтоқсанда туған, Советбек Әбдірасулұлы Әбдірасулов ұстап алынғанын хабарлаймыз, ол Қырғыз Республикасы Баткен облысы Сулюта қаласының тумасы, мына: Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы, Новостроека ауданы №27 үй мекен-жайы бойынша тұрады.
Паспортқа қосымша AN3 962240 көші-қон карточкасына сәйкес Қырғыз Республикасының азаматы, С.А. Әбдірасулов Қазақстан Республикасына 20___ жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы «Қордай» КП арқылы кірген.
Болу мақсаты - транзит
Департамент бастығы (қолы) А. Талқанбаев
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша
ұстап алынған адамды босату туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы 01 қаңтар Алматы қ.
Түрксіб ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі Т.Б. Атжанов № 14751903100001 қылмыстық іс материалын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылғы 01 қаңтарда 11 сағат 00 минут - 12 сағат 30 минут аралығы кезеңінде 01.01.1990 ж.т.,А.А. Иванов мына мекенжай бойынша: Гравийная көш. №1 үй ауласында болып, ашық кіру арқылы алюминий фляганы ұрлап әкеткен, осы арқылы 1964 жылы туған азаматша Х. Джиноваға 10 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
Көрсетілген мән-жайлар кезінде А.А. Иванов ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті ретінде ұстап алу мән-жайлары
20___ жылғы 1 қаңтарда 13 сағат 00 минутта ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен 01.01. 1990 ж.т. азамат А.А. Иванов ұстап алынды, ол мына: Алматы қ., Сейфуллин көш., 125 үй мекен-жайы бойынша тұрады, ҚР азаматы, білімі орташа, бұрын сотталмаған.
Жазылғандарды назарға ала, іс материалы бойынша А.А. Ивановқа қатысты бұлтартпау шарасы – күзетпен қамауға алуды таңдау үшін және оны УҰИ одан әрі ұстауға негіз жоқ екенін ескере келе, ҚР ҚПК 133-бабы 1-бөлігінің талаптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. А.А. Иванов, 01.01.1990ж.т. Алматы қ., ІІД УҰИ-дан дереу босатылсын.
2. А.А. Ивановқа ұстап алынғаны туралы анықтама берілсін.
3. Осы қаулы Алматы қ., ІІД УҰИбастығына орындау үшін жіберілсін.
Түрксіб ауданының
прокуроры (қолы) Т.Атжанов
Адамды тану үшін көрсету
ХАТТАМАСЫ
20___ жылғы 20 қаңтар Актөбе қ.
Басталуы: 10 сағат 00 минут
Аяқталуы: 10 сағат 15 минут
Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПО ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дәкешев №151510031000__ қылмыстық іс материалдарын қарай отырып, ҚПК 199-бабы, 230-бабының 10-бөлігін сақтаумен, "Panasonic" М-3000 бейнекамерасын қолдану арқылы күндізгі жарықтың көмегімен жәбірленуші Д.О. Сәрсенбаевқа күдікті 06.03.1983 ж.т. Жанна Камелқызы Ділмағанбетованы тану үшін көрсету жүргізілді.
Ғылыми-техникалық құралдарды қолданар алдында ҚПК 199-бабы 5-бөлігіне сәйкес тергеу әрекетін жүргізуге қатысатын адамдарға бұл туралы хабарланды.
Тергеу әрекетін жүргізуге қатысатын адамдардың қолдары ______________________.
230-баптың 1-бөлігіне сәйкес танылуға тиіс адам танушы адамға сыртқы түрі бойынша айқын айырмасы жоқ адамдармен бірге көрсетіледі:
1) Есенғарина БахилаҚалиқызы, 1983 жылғы 23 сәуірде туған, мына: Ақтөбе қ., 5 ықшамаудан, 34 үй, 45 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 180 см., шашы қысқа, қоңыр түсті, қой көзді, қоңыр түсті күрте, ашық-қоңыр түсті шалбар және қара туфли киген;
2) Нұрсейітова Жамила Какешқызы, 1983 жылы 08 ақпандатуған, мына: Актөбе қ., Маресьев көш., 34 үй, 54 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 175 см., шашы қысқа, қара түсті, көзі қара, қара түсті күрте, қою-сұр түсті шалбар және қара етік киген;
3) Мақатова ДинараҚайратқызы, 26.12.1983 жылы туған, мына: Ақтөбе қ., 12 ықшамаудан, 46 үй, 15 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 177 см., шашы қысқа, қоңыр түсті, көзі қара, қою-жасыл түсті күрте, қою-көк түсті шалбар және қоңыр етік киген;
Тану жүргізудің басында Ж.К. Ділмағанбетоваға тану үшін көрсетілетін адамдардың арасынан кез келген орынды таңдау ұсынылды. Ол өз қалауы бойынша Ж.К. Нұрсейітованың сол жағындағы шеткі орынға орналасты.
Оған қоса, тану басталар алдында жәбірленуші Д. Сәрсенбаевқа ҚК 419-бабына сәйкес айғақ беруден бас тартқаны, көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді, оған өзіне қарсы, жұбайына (зайыбына) және өзінің жақын туыстарына қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндірілді (қолы) Д.О.Сәрсенбаев.
Барлық қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы мен адамды тану жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Танылушы: ___________________ Ж. Ділмағанбетова Өзге де қатысушы адамдар: ___________________ Б.Есенғарина ___________________ Ж.Нұрсейітова ___________________ Д.Мақатова
Одан соң танушы адам тану үшін көрсетілетін адамдар тұрған үй-жайға шақырылды.
Тану жүргізудің басында танушыға оның құқықтары, міндеттері, жауаптылығы мен адамды тану жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Танушы: ___________________ Д. Сәрсенбаев
Танушы бұрын тану үшін көрсетілетін адамдардың ішінен олардың бірін бұрын көрдіңіз бе, егер көрсеңіз қандай жағдайлар кезінде көрдіңіз деген сұраққа, Д.О.Сәрсенбаев тану үшін көрсетілетін адамдарды қарап, сол жақта шеткі тұрған адам 20__ жылғы 5 қаңтарда кешкі 17 сағатта вокзал маңындағы алаңда маған жалға пәтер ұсынды, алдау арқылы менің ұялы телефонымды алып кетті және маған 23 000 теңге залал келтірді деп мәлімдеді. Мен оны таныдым – бойы менен аласа, жасы шамамен 30-35-терде, тығыз денелі, бет әлпеті: көзі – қара, бастары қалың, сондай-ақ шаш қою мәнері: қысқа. Қылмыс болғанға дейін мен бұл қызды ешқашан көрген жоқпын, бірақ алаяқтық болған кезде оны жақсы еске сақтап қалдым. Бұл нақ сол адам екенін сенімді түрде растаймын".
танушы: ____________________ Д. Сәрсенбаев
Тану нәтижесі: Жанна Камелқызы Ділмағанбетова танылды.
Тану алдында, оның барысында не аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан арыз түскен жоқ.
Танушы: ____________________Д. Сарсенбаев
Танылушы:___________________Ж.К. Ділмағанбетова Өзге қатысушы адамдар:__________________ Б. Есенғарина __________________Ж.Нұрсейітова __________________Д. Мақатова Тану аяқталғаннан кейін тергеу әрекетінің хаттамасы оған қатысушыларға оқу үшін берілді.Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды. Хаттамаға ескертулер жоқ.
Танушы: ____________________Д. Сарсенбаев
Танылушы:___________________Ж.К. ДілмағанбетоваОсы хаттама ҚР ҚПК 199, 230-баптарына сәйкес жасалды.
Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПО
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дакешев
Бұлтартпау шарасын қолдану туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы 20 қаңтар Ақтөбе қ.
Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенаты А.К.Дәкешев № 151510031000__ қылмыстық іс материалдарын қарады,
Тегі, аты, әкесінің аты: Ділмағанбетова Жанна Камелқызы
Туған жылы, айы және күні: 06.03.1983 ж.т.
Туған жері: Ақтөбе облысы, Актөбе қ.
Тұратын жері: Ақтөбе облысы, Актөбе қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер,тел.: 8 707 518 05 37
Ұлты: қазақ
Азаматтығы: ҚР.
Білімі: орта
Партияда болуы: партияда жоқ
Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді
Отбасылық жағдайы: тұрмыста емес
Үкіметтік наградалары: жоқ
Депутат болып сайланды ма: сайланған жоқ
Паспорт немесе басқа құжат: №134512578 жеке куәлігі,ҚР ІІМ 2009 жылғы 21 тамызда берген
Қорғаушы қажет пе: қамтамасыз етілген
Қандай тілде айғақ беруді қалайды: орыс тілінде.
Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес
Соттылығы: бұрын сотталмаған
АНЫҚТАЛДЫ:
20__ жылғы 19 қаңтарда шамамен 17:00 сағатта Ж.К. Ділмағанбетова Ақтөбе қ. Ломоносов көш. бойында орналасқан теміржол вокзалының жанында болып, алдау және Д.Р. Сәрсенбаевтың сенімін теріс пайдалану арқылы соңғысына тиесілі мүлікті иемденіп алған, осы арқылы Д.О. Сәрсенбаевқа 23 000 теңге материалдық залал келтірген.
Нақты айтқанда,Ж.К. Ділмағанбетова 20__ жылғы 19 қаңтарда шамамен 19.00 сағатта Ақтөбе қ., Ломоносов пен Уалиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Ақтөбе Теміржол вокзалының жанындағы алаңда оған бұрын таныс емес А.М. Қарашбаев пен С.Ж. Аязбергенов келіп, жалдамалы 2-бөлмелі пәтер туралы сұрайды, Ж.К. Ділмағанбетова жалға беретін пәтері болмаса да, қасақана, пайдакүнемдік мақсатпен, бөтен біреудің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ұрлау мақсатында, А.М. Қарашбаевты шатастырып, бірнеше мәрте әрекет жасай отырып, Ақтөбе қ., Кереев көш., орналасқан меншікті пәтері бар екенін және оны 10 000 теңгеге жалға беруге дайын екенін айтқан.
А.М. Қарашбаевтың пәтерді жалдау құнын төлеуге мүмкіндігі болмағандықтан Ж.К. Ділмағанбетоваға кепіл ретінде өзінің «Nokia 105» ұялы телефонын ұсынады, оған соңғысы келіседі. Олар Ақтөбе қ., Кереев көшесінде орналасқан №1 үйдің ауласына өтеді, сеніп қалған А.М. Қарашбаев алданып отырғаны туралы білмей Ж.К. Ділмағанбетоваға пәтер ақысы ретінде құны 5000 теңге болатын өзінің «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын береді, Ж.К. Ділмағанбетоваға өз кезегінде өзінің ұсынысын жүзеге асыруға ұмтылмай, оған қоса пәтер ұсынудың нақты мүмкіндігі болмай тұрса да А.М. Қарашбаевтың ұялы телефонын алаяқтық жолмен алып, қылмыс жасалған орыннан кетіп қалады.
Ж.К. Ділмағанбетованың алаяқтық әрекеті салдарынан жәбірленуші А.М. Қарашбаевқа 5000 теңге сомасында материалдық залал келтірілген.
ҚР ҚПК 136-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынады не істің объективті тергелуіне не оны сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастыра береді деген жеткілікті негіздер болғандықтан, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органның үкімін орындауды қамтамасыз ету үшін өз құзыреті шегінде бұл адамға осы Кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы.
Ж.К. Ділмағанбетованың қылмыс жасауға бейім болу мән-жайларын ескере отырып, оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туындады.
Айтылғандар негізінде, ҚР ҚПК 136, 140, 141,198-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетоваға, 06.03.1983 ж.т., қатысты «Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылсын, бұл туралы оған осы қаулыға қол қойғыза отырып хабарлансын.
2. Осы қаулының көшірмесі Ж. Ділмағанбетоваға тапсырылсын және мұнымен бірге ҚР ҚПК көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағым беру тәртібі түсіндірілсін.
3.Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПО
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев
Қаулымен таныстым, құқықтары мен міндеттерім түсіндірілді _____________Ж.К.Ділмағанбетова
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы
ҚОЛХАТ
20__ жылғы 20 қаңтар Ақтөбе қ.
Ақтөбе қ., ІІБ Елек ПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дәкешев ҚР ҚПК 141-бабына сәйкес – күдікті Жанна Камелқызы Ділмағанбетовадан ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алды, ол 06.03.1983 ж.т. мына: Актөбе қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтерде тұрады, қолхатқа сәйкес:
Мен,Ж. Ділмағанбетоваанықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерімді (елді мекенді) тастап кетпеуге, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға кедергі келтірмеуге, қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуге міндеттеме аламын.
ҚР ҚПК 140-бабы 4-бөлігіне сәйкес алдын алу үшін ҚР ҚПК 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылатын әрекеттер жасалған жағдайда бұлтартпаудың барынша қатаң шарасы қолданылатыны туралы ескертілдім.
Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы ____________
Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПО
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев
20__ ж «__» қаңтар
Ақтөбе қ., Елек ІІБ ПБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты
А.К. Дәкешевке
К.Ж.Ділмағанбетовтен
А.П.Ділмағанбетовадан
(Д.К. Ділмағанбетованың ата-анасы)
әкесінің туған жылы:11.01.1952ж.
анасының туған жылы: 15.05.1954ж.
бұрын сотталмаған
мына мекенжайда тұрады: Актөбе қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер
әкесінің жұмыс орны:
«Ақнар» ЖШС
лауазымы: бас директордың орынбасары
анасының жұмыс орны:
үй шаруасында
тел.: 8/7132/555555,
ұял. тел: 8777 555 55 55
ИИН: 8787654654687
ӨТІНІШХАТ
(ҚР ҚПК 142-бабы 2-бөлігі тәртібімен)
Біз, күдікті Ж. Ділмағанбетованың ана-анасы, қызымызбен бірге мына: Ақтөбе қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер мекенжайы бойынша тұрамыз, Ж. Ділмағанбетоваға қатысты жеке кепілгерлік түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұраймыз.
Біз қызымыздың тиісті мінез-құлық көрсететініне және қылмыстық процесті жүргізетін органның ша