Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 1 страница




Мына мекенжайда тұрады: Ақтөбе қ.,

11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

Жұмыс орны: «экспресс –Актобе» ЖШС

лауазымы: жүргізуші

тел.: 8/7132/555555,

ұялы.тел.: 8777 555 55 55

ЖСН: 8787654654687

(кәмелетке толмаған адамның ата-анасы:Сергей Александрович Петров, 11.01.2001 ж.т.)

Мына мекенжайда тұрады: Ақтөбе қ.,11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

 

ӨТІНІШХАТ

(ҚР ҚПК 144-бабының 2-бөлігіндегі тәртіпте)

 

Біз кәмелетке толмаған, ҚР ҚПК 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті, онымен бірге мына мекенжайдағы: Ақтөбе қ.,11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтерде тұратын Сергей Александрович Петровтың ата-анасы Сізден біздің ұлымызға қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұраймыз.

Біз кәмелетке толмаған адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету бойынша міндеттенеміз және кепілдік береміз.

 

Кәмелетке толмаған адамның ата-анасы__________________ А.С.Петров

(қолы)

___________________ Н.И.Сидорова

(қолы)

Қосымша: неке туралы және туу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері 2 парақ. 18.01.20__ ж.


Кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасының қарауына беру түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 18 қаңтар Ақтөбе қ.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дәкешев № 15151003100152 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,

 

Кәмелетке толмаған адамның

тегі, аты, әкесінің аты:Петров Сергей Александрович

Туған жылы, айы, күні: 11.01.2001 ж.т.

Туған жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.

Тұрғылықты жері:Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,

11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

Ұлты: орыс

Азаматтығы: ҚР.

Білімі: №15 орта мектептің оқушысы, 8-сынып

Соттылығы: бұрын сотталмаған

АНЫҚТАЛДЫ:

15.01.20__ жылы шамамен сағат 11:00-де 11.08.2001 ж.т.Сергей Александрович Петров №15 орта мектептің киім шешетін орнында тұрып ұрлық жасау, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатымен қасақана пиғылмен кәмелетке толмаған С.Штальдің қысқы күртесінің қалтасынан оның анасы А.Штальға тиесілі «Самсунг Галакси С5» маркалы ұялы телефонды еркін қолжеткізу жолымен шығарған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде кәмелетке толмаған С. Штальдің заңды өкілі – А.Штальға 75 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді.

18.01.20__ ж. кәмелетке толмаған С. Петровтың әрекеті оның заңды өкілдерінің – ата-анасының және адвокатының қатысуымен ҚР ҚПК 188-бабының 1-бөлігі бойынша қайта сараланды, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау-жасырын жымқыру.

ҚР ҚПК 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамға ҚПК-тің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

18.01.20__ж. Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ-ға кәмелетке толмаған С. Петровтың ата-анасы жазбаша өтінішхатпен жүгінді. Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету туралы жазған өз өтінішхатында олардың ұлына қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ кәмелетке толмаған С. Петровтың ата-анасы олардың ұлы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығынан сенім білдіруге лайықты, кәмелетке толмаған адамның тәрбиесімен айналысатындығы, онымен бірге тұратындығы жағдайларды есепке ала отырып кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.

Жазылғанның негізінде ҚР ҚПК 136, 140, 144, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. Кәмелетке толмаған 11.01.2001 жылы туған Сергей Александрович Петровқа қатысты ата-анасының қарауына беру түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын, бұл туралы күдіктінің ата-анасынан жазбаша міндеттеме қабылдансын.

2. Кәмелетке толмаған күдікті С. Петров ата-анасының қарауына берілсін: Наталия Ивановна Сидорова, 12.03.1975 ж.т. және Александр СергеевичПетров, 18.07.1974 ж.т.

3. Кәмелетке толмаған С. Петровтың ата-анасын кәмелетке толмаған адам күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өздеріне алған міндеттерді бұзған жағдайдағы олардың жауапкершілігіміз туралы хабарлансын.

4. Осы қаулының көшірмесі С. Петровтың ата-анасына берілсін және осымен бір уақытта ҚР ҚПК көзделген бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілсін.

5. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев

Қаулымен таныстық, біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өзімізге алған міндеттерді бұзған жағдайдағы жауапкершілігіміз туралы бізге хабарланды.

_________________ анасы: Н.Сидорова

_________________ әкесі: А.Петров

 

Кәмелетке толмаған күдіктіні ата-анасының қарауына алуы және кәмелетке толмаған адамның тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету, оның ішінде қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша міндеттеме туралы

ҚОЛХАТ

 

 

20__ жылғы 18 қаңтар Ақтөбе қ.

 

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дәкешев ҚР ҚПК 144-бабының 3-бөлігіне сәйкес мына мекенжайда: Ақтөбе қ., 11-шағын аудан, 23-үй, 203-пәтерде тұратын С. Петровтың ата-анасы: Н. Сидоровадан және А. Петровтан кәмелетке толмаған адамды ата -анасының қарауына қабылдауы туралы қолхатты қабылдады. Оған сәйкес:

Біз, С.Петровтың ата-анасы: С.Сидорова және А.Петров біздің кәмелетке толмаған ұлымыздың тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету, оның ішінде қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша міндеттенеміз және жауап береміз.

Біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өзімізге алған міндеттерді бұзған жағдайдағы жауапкершілігіміз, сондай-ақ бізге қабылданған міндеттемені орындамаған жағдайда ҚР ҚПК 160-бабында көзделген ақшалай жаза салынуы мүмкін екендігі туралы бізге хабарланды.

Бұдан басқа, ҚР ҚПК 140-бабының 4-бөлігіне сәйкес С. Петров алдын алу үшін ҚР ҚПК 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді ол жасаған жағдайда оған бұлтартпаудың анағұрлым қатаң шарасы қолданылатындығы ескертілді.

Біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты түсіндірілді, қабылданған міндеттемені орындауға міндеттенеміз және кепілдік береміз:

_________________ анасы: Н.Сидорова

_________________ әкесі: А.Петров

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев

«__» қаңтар 20__ ж.

 

 

Күдікті

Бақтияр Жүсіпұлы Саржановқа

кепілді қолдану

САНКЦИЯ БЕРЕМІН

Ақтөбе қаласының прокуроры

әділет аға кеңесшісі

___________ Г.И. Әміров

20__ ж. «___»___________

 

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы

Қ А У Л Ы

20__ жылғы 12 қаңтар Ақтөбе қ.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дәкешев № 15151003100098 қылмыстық істің материалдарын қарап,

 

Тегі, аты, әкеісінің аты: Бақтияр Жүсіпұлы Саржанов

Туған жылы, айы және күні: 15.03.1986 ж.т.

Туған жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.

Тұрғылықты жері: Ақтөбе қ., Сәтпаевк-сі, 24-үй,

52-пәтер. Тел.: 8 707 516 07 37

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі: орташа

Партияда болуы: партияда емес

Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 бала тәрбиелеуде

Үкіметтік марапаттаулары: жоқ

Депутат болып сайланған ба: сайланбаған

Паспорт немесе басқа құжаттары: жеке куәлігі №1542656146 ҚР ІІМ 21.05.2005 жылы берген

Қорғаушы қажет пе: қамтамасыз етілген

Қандай тілде жауап бергісі келеді: орысша.

Әскери міндетке қатысы: әскери міндетті

Соттылығы: бұрын сотталмаған

АНЫҚТАЛДЫ:

05.01.20__ жылы шамамен 17:00 сағатта Б.Саржанов Ақтөбе қаласы Ломоносов көшесі бойынша орналасқан Темір жол вокзалының жанында Д.О. Сәрсенбаевтің сенімін қасақана пайдалану және алдау жолымен соңғысына тиесілі мүлікті иеленді, осылайша Д.О.Сәрсенбаевқа 23 000 теңге сомаға материалдық залал келтірген.

07.01.20__ ж. Б. Саржановтың әрекеті ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша қайта сараланған.

Күдіктіге ҚР ҚПК 64-бабының 9-бөлігінде көзделген құқықтары түсіндірілген кезде Б. Саржанов оған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухат жазды.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Саржанов онда құны 2 000 000 теңге тұратын «Лада – Приора» маркалы, м/н D 654 RER В автокөліктің барын растайтын құжаттарды ұсынды.

ҚР ҚПК 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамға ҚПК-тің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

Саржанов жасаған әрекет ауырлығы аз қылмыс санатына жатады.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ Б. Саржановтың бұрын сотталмағандығы, оң мінездемеге ие екендігі, келтірілген материалдық залалады өтеуге дайын екендігі және кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухаты есепке алына отырып Б. Саржановқа қатысты бұлтартпаудың көрсетілген шарасы қолданылуы мүмкін.

Жазылғанның негізінде, ҚР ҚПК 136, 140, 145, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны 15.03.1986 ж.т. күдікті Б.Саржановқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын.

2.Б. Саржановқа меншік құқығына тиесілі «Лада-приора» маркалы м/н D 654 RER автокөлік түріндегі кепіл Халық банкінің №00001312151515 депозиттік шотына енгізілуі тиіс елу есе айлық көрсеткіште айқындалсын.

3. Б. Саржановқа меншік құқығына тиесілі «Лада-приора» маркалы м/н D 654 RER автокөлікке тыйым салынсын.

 

Осы қаулының көшірмесі 20__ ж. "___" қаңтарда маған берілді және ҚПК 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілді.

 

Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) А.К.Дәкешев

«__» қаңтар 20__ ж.

 

Кепілді қабылдау туралы

Х А Т Т А М А

 

20__ жылғы 18 қыркүйек Талдықорған қ.

 

17 сағат 00 минутта басталды

17 сағат 35 минутта аяқталды

 

Талдықорған қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты С.К.Мажитов Талдықорған қ. ІІБ үй-жайында, № 35 кабинетте

_______________________________________________________ қатысуымен

(т.а.ә.а., лауазымы)

№ 141032001583 қылмыстық іс материалдарын қарап, 17.09.20__ж.т. А.А.Ивановқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының негізінде, ҚР ҚПК 145, 199 баптарына сәйкес мына адамнан кепілді қабылдау туралы осы хаттаманы жасады:

Кепілді беруші: Иванов Александр Дмитриевич;

Туған жылы, айы, күні 30.01.1965 ж.т.,

Туған жері Талдықорған қ.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: орташа

Жұмыс орны: жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы: үйленген

Тұрғылықты жері: Талдықорған қ., 5-шағын ауданы, 16-үй, 21-пәтер

Соттылығы: сотталмаған

Жеке басын

куәландыратын құжат жеке куәлігі № 0035678932

ҚР ІІМ 23.05.2012 ж. берген

 

Заңды тұлғаның деректемелері_________________________________

__________________________________

 

Кепіл беруші Талдықорған қ., 5-шағын ауданы, 16-үй, 21-пәтер мекен-жайында орналасқан үш миллион теңге соманы құрайтын жылжымайтын мүлік ұсынды.

Жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл: Талдықорған қ., 5-шағын ауданы,16-үй, 21-пәтер А.Д.Ивановқа сақтауға берілді.

Кепілді беруші А.Д. Ивановқа мыналар түсіндірілді:

1) шақыру бойынша күдіктінің (сотталушының) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы адамға, прокурорға немесе сотқа келуі туралы міндеті;

2) қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті (күдікті, сотталушы) болып табылмайтын адам күдікті болса оған жасаған әрекеті үшін заңда көзделген жаза;

3) күдіктінің (сотталушының) тергеушінің, прокурордың немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеу, белгіленген мерзімде көрсетілген тұлғалардың шақыртуы бойынша келу, өзге жолмен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге бөгет болмау міндеті;

4) күдіктінің (сотталушының) шақыру бойынша келуден жалтаруы жағдайында кепіл ҚР ҚПК 145-бабының 11-б, белгіленген тәртіпте мемлекет кірісіне аударылатыны.

 

Хаттамаға Талдықорған қ., 5-шағын ауданы,16-үй, 21-пәтер мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлікке 20.09.2010 жылғы сату – сатып алу шарты, «Моторное бюро» ЖШС тәуелсіз сараптамасының жылжымайтын мүлікті бағалау актісі, Талдықорған қалалық сотының 20.09.20__ ж. қаулысы қоса берілді.

 

Хаттама оқылды: ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.

 

Кепіл беруші А.Д. Иванов

 

Күдікті (сотталған) А.Иванов

 

Өзге де қатысушы адамдар _____________________

_____________________

(тегі, аты-жөні, қолы)

 

Талдықорған қ.

ІІБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов

 

Осы хаттаманың көшірмесін алдым 20.09.20__ ж.

 

Кепіл беруші А.Д. Иванов


«Қ ОЛДАЙМЫН»

Талдықорған қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

_______________ А. Әміров

20__ жылғы «____» қыркүйек

Күдіктіні үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат ету туралы сот алдында өтінішхатты беруді қозғау туралы

Қ А У Л Ы

 

20__ ж. 5 қыркүйек Талдықорған қ.

 

Талдықорған қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарап,

АНЫҚТАЛДЫ:

20__ ж. қыркүйектің 2-сінен 3-не қараған түні А.А.Иванов, мынадай мекенжайдағы: Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 20-үй, 1-пәтерде болып, көрсетілген пәтердің үй иелері Митрофановтардың үйде болмауын пайдаланып, кілт таңдап салу жолымен олардың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеге мүлкін ұрлауды жасаған.

04.09.20__ ж. А.А. Иванов Митрофановтардың мүлкін өткізуге әрекеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Күдікті Андрей Александрович Ивановтың тұрақты тұратын жері, жұмыс барын және асырауында екі жасы кішкентай балалары барын назарға ала отырып оған қатысты күдіктіні үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалынуы мүмкін.

Жоғарыда жазылғанның негізінде және ҚР ҚПК 137, 146-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

 

1. Талдықорған қалалық соты алдында мынадай күдіктіге

Тегі, аты, әкесінің аты: Иванов Андрей Александрович

Туған күні: 20.05.1983 жылы туған

Туған жері: Талдықорған қ.

Отбасылық жағдайы: үйленген

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Ұлты орыс

Соттылығы: сотталмаған

Тұратын жерінің мекенжайы:Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 16-үй, 21-пәтер

Жеке басынкуәландыратын құжат: жеке куәлік № 0035678931 2.06.2011 ж.

мына мекенжай бойынша тұрумен және тұрғылықты сонда болумен үйқамақ түрінде: Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 16-үй, 21-пәтерде, 2 ай мерзімге, яғни 04.09.20__ ж. бастап 04.11.20__ ж. қоса алғанда, 18 с.30 мин.-тан бастап 07 с. 30 мин-қа дейінгі уақыт кезеңінде бұлтартпау шарасына рұқсат ету туралы өтінішхат берсін.

2. А.А.Ивановтың таңдалынған бұлтартпау шарасын орындауын бақылау Талдықорған қ. ІІБ УПИ-ға жүктелсін.

3. Осы қаулының көшірмесі Талдықорған қ. прокурорына жіберілсін.

 

Күдікті А.А. Ивановқа және бақылауды жүзеге асыратын Талдықорған қ. ІІБ УПИ-ға берілсін.

Талдықорған қ.

ІІБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов

 

Осы қаулының көшірмесі:

Күдіктіге берілді:

«__»__________20___ж. ____ с. ___ мин. ________________

қолы (т.а.ә.а)

 

Қорғаушыға берілді:

«__»__________20___ж. ____ с. ___ мин. ________________

қолы (т.а.ә.а)

 

Бақылауды жүзеге асыратын органға берілді:

«__»__________20___ж. ____ с. ___ мин. ________________

қолы (т.а.ә.а)

Талдықорған қ.

ІІБ тергеушісі

Полиция аға лейтенанты (қолы) С.К.Мәжитов

 

 


 

«К Е Л І С Е М І Н»

Талдықорған қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

_______________ А. Әміров

20__ жылғы «____» қыркүйек

 

Сот алдында күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхат беруді қозғау туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ ж. 5 қыркүйек Талдықорған қ.

 

Талдықорған қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты С.К.Мәжитов №14195203100456 қылмыстық істің материалдарын қарап,

АНЫҚТАЛДЫ:

20__ ж. қыркүйектің 2-сінен 3-не қараған түні А.А.Иванов, мынадай мекенжайдағы: Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 20-үй, 1-пәтерде болып, көрсетілген пәтердің үй иелері Митрофановтардың үйде болмауын пайдаланып, кілт таңдап салу жолымен олардың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеге мүлкін ұрлауды жасаған.

04.09.20__ ж. А.А. Иванов Митрофановтардың мүлкін өткізуге әрекеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Күдікті Андрей Александрович Ивановтың тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін екенін, тұрақты тұратын жері мен жұмыс орнының жоқ екенін назарға ала отырып оған қатысты күдіктіні күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалынуы мүмкін.

Жазылғанның негізінде және ҚР ҚПК 136, 137, 138,139, 140, 147-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. Талдықорған қалалық соты алдында мынадай күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхат берсін

Тегі, аты, әкесінің аты: Иванов Андрей Александрович

Туған күні: 20.05.1983 жылы туған

Туған жері: Талдықорған қ.

Отбасылық жағдайы: үйленген

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Ұлты орыс

Соттылығы: сотталмаған

Тұратын жерінің мекенжайы: Талдықорған қ., 5-шағын аудан, 16-үй, 21-пәтер





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 546 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2259 - | 1997 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.