Жоспар:
1. Көлемдік өлшемдер
2. Көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды оқыту әдістемесі
Арнайы мектепте ұзындық, масса, сыйымдылық, аудан сиякты нақты көлемдер туралы түсінік қалыптыстырылады. Көлем- бізді қоршаған дүниенің заттар, құбылыстар т.б жалпылаған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Көлемдерді оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты болып табылады.
Балалардың ұзындық туралы түсініктері мектепке дейінгі іс-әрекеттерде, әсіресе ойын кезінде қалыптасады. Бірақ балалардың кесінді, оның ұзындығы туралы түсініктері әр түрлі болады. Кез келген заттың 3 өлшемі болады. Жалпы суретте көрсетіліп тұрғандай ұзындық деп - бұл белгілі бір заттың басынан соңына дейінгі арақашықтықты айтамыз.
Сурет -5. Ұзындықты өлшеу
Заттың ұзындығын сызғышпен өлшеуге болатындығын, сызғыштағы ең кіші аралықтар - миллиметр деп, ал одан үлкен аралықтар- сантиметр деп аталатынын оқушыларға айта кеткен жөн.
Сурет -6. Ұзындық өлшемі
Ұзындық түсінігімен практикалық әдіс және түрлі жаттығулар орындау арқылы таныстырады. Мысалы түрлі түсті, ұзындықтары әр түрлі, бірдей қарындаш, шашбау, қайсысы ұзын, қысқа немесе ұзынырақ екенін анықтау керек болады. Оқушыларды ұзындықты табуға үйрету барысында мынадай нұсқауларды ескерту қажет:
· Әр түрлі нәрселердің ұзындықтарын салыстыру үшін бір өлше бірлігі пайдаланылуы қажет
· Кез келген нәрселерді беттестіру арқылы салыстыруға болмайды, сондықтан оларды әуелі өлшеп, нәтижесінде шыққан сандарды салыстырады.
· Белгілі бір тәртіппен стандартты өлшем бірліктерін еңгізу.
Ұзындықтың алғашқы бірлігі сантиметр туралы көрнекі түсінік үшін, көптеген жаттығулар орындаған жөн. Балалардың өздеріне тор көз қағаз жіңішке жолағынан ұзындығы 1 см жолақ қиғызып алып, сантиметрдің моделін жасайды: 1 см мөлшерін екі тор көз арқылы көрсетіп, дәптерлеріне 1 см кесінді сызу тапсырылады; екі тор шамамен 1 см екенін көрсетеді. Әрі қарата кез келген кесіндіні сантиметр көмегімен өлшеу қарастырылады.
Дециметр (лат. decem – он және гр. metron – өлшем) – метрдің оннан бір бөлігі. Дециметр туралы түсінік беру үшін нақты заттың, мәселен столдың ұзындығын өлшеу тапсырылады. Оқушылар өздеріне белгілі сантиметрлік сызғышпен оны өлшей бастайды. Ұзындықтары үлкен заттарды дециметрмен өлшеу ыңғайлы екендігін айтылады. 1 дм = 10 см болатынын оның моделінен көрсетеді. Әрі қарай дециметрлік лента жасалып,соның көмегімен столдың, партаның, түрлі жолақтардың, кесінділердің ұзындықтарын өлшейді. Келесі кезеңде лентаның ұзындығын өлшеу ұсынылады. Енді осы уақытқа дейін белгілі болған ұзындық өлшеуіштерінің арасындағы байланыс тағайындалады, яғни 10см=1дм, 10дм=1м,1м =100см.
Балалар километрді естіп жүр,сондықтан ол өлшем бірден айтылады да, 1км-1000м екені тағайындалады. Километр - 1000 метрге тең қашықтық мөлшері.
Миллиме́тр (милли… және метрден) — ұзындық өлшем бірлігі, метрдің 1/1000 бөлігіне тең. Ұзындық өлшем бірліктерінің ең кішісі, сызғыштың бөліктерін көрсету арқылы, яғни сантиметрдің 10мм = 1 см ретінде еңгізіледі. Ал, метр (фр. metre, гр. metron – өлшем) – бірліктердің жүйесіндегі ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі. Көлемнің өлшем бірліктері:
1км= 1000м
1м = 10 дм
1дм = 10 см
1см = 10 мм
1м = 100 см=1000мм
Арнайы мектепте, келесі масса туралы қарапайым түсінік қалыптастыру көзделеді. Масса дегеніміз- белгілі бір заттың салмағын білдіретін өлшем бірлік. Әдетте салмақ пен массаны көп шатастырады, сондықтан әр түрлі жаттығулар орындау арқылы денелердің нақты бір қасиеті – масса еңгізіледі. Заттардың массаларын анықтау үшін, алғашқы масса бірлігі килограмм енгізіледі. Массаның өлшем бірлігін еңгізу үшін қағаз қапқа оралған тұз, шай, қант, май т.б бірнеше затты алып келеді және килограммдық гирмен салыстырады. Масса өлшеуіштерінің кестесі:
1 т = 1000 кг 1ц= 100 кг 1 кг = 1000 г 1т =10 ц
Ұзындық - бұл белгілі бір заттың басынан соңына дейінгі арақашықтық.
Дециметр (лат. decem – он және гр. metron – өлшем) – метрдің оннан бір бөлігі.
Километр - 1000 метрге тең қашықтық мөлшері.
Миллиме́тр (милли… және метрден) — ең кіші ұзындық өлшем бірлігі, метрдің 1/1000 бөлігіне тең.
Метр (фр. metre, гр. metron – өлшем) – бірліктердің жүйесіндегі ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі.
Масса - белгілі бір заттың салмағын білдіретін өлшем бірлік.
Кесте -3. Өлшем бірліктері
Ұзындық бойынша | Көлем бойынша |
1км=1000м 1м=10дм=100см 1дм=10см 1см=10мм | 1м3=1000дм3=1000000см3 1дм3=1000см3 1л=1дм3 |
Аудан бойынша | Салмақ бойынша |
1км2=1000000м2 1м2=100дм2=10000см2 1га=10000м2 | 1т=1000кг 1ц=100кг 1кг=1000г 1г=1000мг |