1. Бөтентауар белгісін, қызмет көрсетубелгісін, фирмалықатауын, тауар шығарылган жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін ңызметтерге арналган соларга уқсас белгіленімдерді заңсыз пайдалану, егер бул іс-әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе-
2. Қазақстан Республикасында тіркелмеген тауар белгісіне немесе тауар шыгарылган жердің атауына қатысты ескертпе маркалауды заңсыз пайдалану, егер бул іс-әрекет бір-неше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе -
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану деген ұғым Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222-бабының 1 жэне 2-тармактарында көрсетілген екі бірдей жеке қылмыс құрамын қамтиды. Объектісі, субъектісі жэне субъективтік жақтары өзара ұқсас Бұл қылмыс құрамдары бір-бірінен объективтік жағы және қылмыстың заты бойынша ғана ажыратыл ады.
Тауар белгісін заңсыз пайдалану - Бұл арам ниетті бэсекелестіктің бір түрі. Арам ни-етті бәсекелестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолданылып жүрген заңдардың, нормативтік актілердің талаптарына қайшы эрекет жасау арқылы кэсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға, басқа кэсіпкерлердің іскерлік беделіне, мүлкіне зиян келтіру эрекеттерін айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 222-бабының 1-тармағында «Бөтеннің тауарлық белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер Бұл эрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтірсе», ал осы баптың 2-тармағында «Қазақстан Республикасында тіркелген тауарлық белгіге немесе тауарлардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану, егер бұл эрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтірсе - тауарлық белгіні заңсыз пайдалану құрамы орын алады» деп белгіленген.
Қылмыстық қүдык бұзушылықтың объектісі адал бэсекелестікті жэне тауар бел-гілерін пайдалану күкығын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Егер тауар тұтынушылардың заңды құқығы мен мүддесіне зиян келтірілсе, онда фа-культативті тікелей объектіге қол сүғылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі, фирмалық атау, тауардың шығатын орнының атауы немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбалар. Бұл мэселелер Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 18 қаңтардағы «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері жэне тауардың шығатын орнының атауы туралы» арнаулы заңында көрсетілген.
Тауар белгісі — тауардың немесе біртектес тауардың өзіндік сөзбен, өрнекпен немесе басқадай шартты белгілері болып табылады. Тауар белгісін пайдалану тауар өндірушінің субъективтік құқығы жэне ондай белгіні пайдалануға тек қана патенттік ведомстводан тіркеуден өткен соң жол беріледі.
Қызмет көрсету белгісі — ұйымдардың көрсететін қызметі мен атқаратын жұмыстары туралы белгілері. Қызмет көрсету белгісі заңға сэйкес тауар белгісіне теңестіріледі
Қызмет көрсету белгісі тиісті заңды ұйымдар арқылы тіркеуден өтеді жэне оның иесіне тиісінше заңға негізделген куэлік беріледі.
Фирманың атауы да өзіндік белгілермен өрнектеледі жэне ол да тиісті завды ұйымда тіркеуден өтеді.
Тауардың шығатын орны — тауар шығатын мемлекеттің, тұрғын елді пункттің, географиялық объектінің атауы, ол тиісті заңмен белгіленген тэртіппен тіркеуден өтеді жэне ол жөнінде иеленушіге мерзімсіз уақытқа тауардың шығатын орнын көрсететін белгіні пайдалану құқығы беріледі.
Объективтік жағынан қылмыстық құқык бұзушылық эрекет арқылы - бөтеннің тауарлық белгісін оның иесінің келісімінсіз пайдалану, тауарға бөтен белгіні қосып көрсету, тауарды бөтеннің тауар белгісімен айналымға шығару, шындыққа сай келмей-тін фирмалық атауды, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдала-ну арқылы істеледі. Қылмыстық құкық бұзушылық көрсетілген әрекеттерді элденеше рет (екі немесе одан да көп) көп істеген жағдайда (формальдық құрам) немесе заңды көрсетілген зардап - ірі зиян келтірілген уақыттан бастап (материалдық құрам) аяқталған деп танылады. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабында көрсетілген. Ірі зиян тауарлық белгінің заңды иесіне, сондай-ақ тұгынушыларға келтірілуі мүмкін. Мұндай ретте іс-эрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қажет.
Қылмыстық кұқык бұзушылық субъективтік жағынан - кінэнің қасақаналық нысаны арқылы істеледі (тікелей немесе жанама).
Субъект - арнаулы кэсіпкерлік немесе басқадай экономикалык қызметпен заңды не-месе заңсыз айналысатындар немесе басқару функциясын жүзеге асыратын ұйым жетек-шісі немесе бас-қа адам.
Қылмыстық кодекстің 222-бабының 2-тармағында осы қылмыстық күқық бұзушылықтьщ ауырлататын құрамы көрсетілген. Ауырлататын құрамының затына — Қазақстан Республикасында тіркелген тауарлық белгіге немесе тауардың шыққан ата-уына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану жатады. Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын құрамының басқа белгілері негізгі құраммен (222-баптың 1-тармағы) түгелдей ұқсас.
Ескерту таңбалары дегеніміз тауарлык белгіден, қызмет көрсету белгісінен, фирмалық атаудан, тауардың шыққан орнының атауынан басқа сол тауардың Қазақстан Республи-касында өндірілгенін жэне сонда тіркелгенін білдіретін арнаулы белгі болып табылады.