1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не қужаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану арқылы жасалган не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен уштасқан, ірі мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттар- ды, оның ішінде осы Кодекстің 286-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, кедендік шека-ра арқылы өткізуге тыйым салынган немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгіленген тауарларды, заттар мен қундылықтарды Кеден одагының кедендік шекарасы арқылы өткізу -
2. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын адамга күш қолданып;
4) аса ірі мөлшерде;
5) адамдар тобының алдын ала сәз байласуымен жасалган дәл сол іс-арекет -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктврінде кәзделген:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган іс-эрекеттер, егер олар өзінің ңызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
2) қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің 286-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмэнді декларациялаумен ұштасқан ке-дендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу — Қылмыстық кодекстің 234-бабында көрсетілген экономикалық контрабандының түсінігін береді.
Экономикалық контрабандының тікелей объектісі - кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен өзге заттарды (Кодекстің 286-бабында көрсетілгендерді қоспағанда) рет-тейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - Қылмыстық кодекстің 286-бабында көрсетілгендерден басқа тауарлар мен өзге заттар болып табылады.
Осы тауарлар мен өзге заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде кедендік шека-радан өткізген эрекеттер осы қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармағында, егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса ірі мөлшерде жасалған эрекеттер деп танылады деп түсіндірілген.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мына іс-эрекеттерді істеумен си-патталады: экономикалык контрабанда заттарын кеден шекарасынан өткізу, қылмыстық құқық бүзушылық жасау орны - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы; қылмыс істеу тэсілдері - контрабанда заттарын кеден бақылауынан жасырын, не қркаттарды не-месе кедендік теңцестіру құралдарын алдап пайдалану, не декларацияланбаған немесе күмэнді декларация алумен ұштасқан, кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған не-месе өткізуі шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнаулы ережелері белгілен-ген тауарлар мен кундылықтарды ірі мөлшерде өткізу.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулы-сында «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты заңдарын қолдану жөніндегі тэжірибелер туралы» Қаулысында осы мэселеге терең талдау берілген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын түрде өтуге (эр түрлі тэсілдерді қолданып заттарды жасырын өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір затты қосып ізін жасыру т.б.) жатады.
Қркаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалануға кеден орган-дарына эр түрлі жалған құжаттар немесе тендестіру құралдарын көрсету, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан етуге тырысу немесе заңсыз жол-мен алынған құжаттар мен тендестіру құралдарын алдап пайдалануға тырысулар жата-ды.
Декларацияланбаған немесе күмэнді декларацияланумен ұштасқан эрекеттерге - декларациялануға міндетті тауарлар мен құндылықтарды кеден декларациясына ен-гізбеу; кеден декларациясына жалған мэлімет енгізулер жатады.
Кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуге шектелген тауарлардың тізімі арнаулы нормативтік актілермен реттеледі.
Кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері де сондай тәртіппен реттеледі. Қылмыстық кодекстің 234-бабының диспозициясы бланкеттік. Мұндағы кедендік ше-кара, кедендік декларация т.б. ұғымдардың түсінігі Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде берілген, ал қандай тауарлар мен заттардың, құндылықтардың кедендік ше-карадан өткізілу немесе өткізілмеуі немесе оларға шек қойылуы арнаулы нормативтік актілерде белгіленген.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жағынан формальдық құрамға жата-ды. Жоғарыда көрсетілген заңсыз эрекеттер тауарларды, заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде контрабандалық жолмен өткізумен ұштасса, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстық қрсық бұзушылықтың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын (бірне-ше рет; адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып, аса ірі мөлшерде, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен жасалса), ал 3-тармағында аса ауырлататын (мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; қылмыстык топ жасағаны эрекеттер) белгілері көрсетілген.
Бірнеше мэрте жасалған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 2-бабында берілген.
Адамның өзінің қызмет бабын пайдалануы. Мұнда кеден қызметі органдарының, сондай-ақ заңмен белгіленген мемлекеттік органдардың, басқа да лауазым адамдарының кеден шекарасынан өту барысында қызметін пайдаланып қиянат жасауы, кеден бақылауын жүзеге асырушыға күш көрсету эрекеттері туралы сөз болып отыр. Мемле-кеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адамның түсінігі ҚК-тің 3-бабының 27, 28-тармақтарында берілген.
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 3 жэне 38-тармақтарына сэйкес осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың щны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жэне егер өткізілген тауарлардың ьсұны он мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған эрекеттер деп танылады.