Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет




1. Көсіпкерлік немесе банктік қызметті (банк операцияларын) тіркелусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынган түрлерімен айналысу, егер бул іс-арекеттер азаматқа, уйымга немесе мемлекетке ірі за-лал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе айтарлыңтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен үштасса -

2. Мынадай:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі мөлшерде табыс алумен уштасқан;

3) бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Кэсіпкерлік немесе банктік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шүғылдану, егер осы эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарлар-ды өндірумен, сақтаумен не тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса - іс-эрекет заңсыз кэсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет деп танылады (ҚК-тің 214-бабы).

Азаматгардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тэртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті бабында көрсетілген. Осыған орай азаматтар арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, занды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап кэсіпкерлік қызметпен айналысуға қү_қылы. Сондай-ақ шаруа (фер-мер) қожалығы; мердігерлік шарт жэне өзге де азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жү_мыс атқаратындар; көтерме жэне бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық өнеркэсіптік жэне азық-түлік тауаряарын сол үшін арнайы бөлінген жерлер-де немесе комиссиялык дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс істеп, қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан ас-пайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметгі жүзеге асырады (АК-тің 19-бабының 4-тармағы).

Азаматтық кодекстің 42-бабына сэйкес заңды тріғаларды мемлекеттік тіркеудің тэртібі көзделген. Осы жэне жеке кэсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5 маусымдағы Заңға, «Лицензиялау туралы» Заңға сэйкес кәсіпкерлік қызметті атқару арнаулы рұқсат ли-цензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осыған орай осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі кэсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстық қү_қық бұзушылық объективтік жағынан мынадай балама эрекеттерден құралады: 1. Кэсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кэсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге асыру заңда белгіленген rip-Key тэртібін бүзып, Бұл әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға — заңда белгіленген қайсыбір кэсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бү_зып кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген қызметгі жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тэртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға беру; қолданылу, мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану жэне т.б.

2. Кэсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Заңда кейбір қызметтің түрлерімен кэсіпкерлікпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған қарамастан кэсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кэсіппен шүғылданады.

3. Жоғарыда көрсетілген эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал кел-тірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауар-ларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен немесе өткізумен байланысты болса.

Заңсыз кэсіпкерлік қылмыс кұрамы жөнінен материалдық құрамға жатады. Осыған орай қылмыс заңда керсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі мөлшердегі табыс та-бумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінэлінің қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы мүмкін.

Ақша-несие жүйесіндегі қылмыс экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бү_л қылмыс заңсыз кэсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады.

Қылмыстық заңда: «Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицен-зиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы эрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-эрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген (ҚК-тің 214-бабы).

Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сүғу болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыстық қү_қық бұзушылықтың құрамы мынадай бірнеше, жеке дара эрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тір-кеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген эрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян кел-тіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады.

Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз эрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұксат етілген банктік қызметті (операцияларды) істемей басқа қызметпен шұғылдану эрекеттері танылады. Көрсетілген іс-эрекеттер занда көрсетілген ірі зиян келтірумен не-месе ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер заңда көрсетілген қылмыстық sap-flan орын алмаса, онда кінэлі адам экімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кұқық бұзушылықтың кодекстің 3-бабының тиісті тармақтарында көрсетілген. Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі болып заңсыз банктік қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.

Субъективтік жағынан кылмыстық құқық бұзушылық кінәлінің қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасаканалықтың тікелей немесе жанама түрі де орын алады.

Қылмыстық топ жасаған; аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан; бірнеше рет жасалған эрекеттер заңсыз кэсіпкерлік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын түріне жатады (219-бап 2-тармағы). Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында, бірнеше рет жасалған эрекетгер осы ҚК-тің 12-бабында; ірі залал — сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс (ҚК-тің 3-бабы, 3-тармақшасы);

Айтарлықтай мөлшер құны бір мың айлық көрсеткіштен асатын тауарлар саны (ҚК-тің 3-бабы, 2-тармағы) арнайы көрсетілген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1139 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2106 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.