1. Газетке тән жанрлар.
2. Газеттегі шағын жанрлардың тіл мәдениеті
3. Бас мақала және оның лексика-стилистикалық құрылымы
4. Бас мақаланың жанрлық ерекшелігі
Қазақ тіл білімінде газет жанрлары жеке зерттеле қойған жоқ, көбінесе көркем әдебиет жанрлары шеңберінде қарастырылып жүргені белгілі. Көркем шығарма тілін талдау негізін Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Балақаевтар қалыптастырған болса, одан әрі жетілдіре түскен Р.Сыздықова, Х.Кәрімов, Б.Шалабаев т.б. ғалымдар болды. Әсіресе, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жүргізуді арнайы мәселе етіп көтерген, ғылыми еңбек арнап, оқу құралын жазған Р.Сыздықова мен Б.Шалабаевтар дер едік. Ғалымдардың бірлесе еңбек етуі нәтижесінде «көркем тексті лингвистикалық талдау» атты оқу құралы жарыққа шықты. Газет жанрларын, мәтіндерін лингвистикалық тұрғыдан талдауда да біркелкі схема болуы мүмкін емес. Өйткені, газет бетінде қамтылатын мәтіндердің өзі біркелкі емес, жанр түрлері де сан түрлі. Жалпы, газет жанрларын, мәтіндерін талдау үшін әдеби тіл жүйесін жетік білу, әр стиль ерекшелігін толық түсіну қажет. Бұл жөнінде академик Л.в.Щерба: «Көркем шығарманы түсіну үшін тар тілдік шеңберде қалуға да немесе тек интуицияға сүйеніп шығарманың идеясы туралы жайдақ пікір айтуға да болмайды»-дейді.
Осы айтылған пікір газет жанрларын, газет мәтіндеріне лигвистикалық талдау жасаған кезде бағыттаушы ұстаным ретінде басшылыққа алынса жақсы болады. Газет мәтіндеріне тілдік талдау алғашқы сатыдан, яғни мәтіннің сөздік құрамынан, сөздердің мағыналық өзгерістерін ашып алудан басталуы тиіс. Ал газеттердегі сөз мағыналарында болатын өзгерістер әлеуметтік факторлардың ықпалына тікелей тәуелді болғандықтан, сыртқы факторлар әсерімен ұштастыра қарастырылуы қажет. Айталық, жергілікті жерлерден келіп түскен оқырман хаттары, сондай-ақ арнаулы тілші мақалалары, ресми хабарлар әр қилы күрделі, күрмеулі, шешуі қиын мәселелер жөніндегі материалдар, қысқасы, газет араласатын қоғам өмірінің барлық салалары байланысты жазылған әрқилы мәтіндер болады. Олардың сөздік құрамы да белгілі бір сызылған схема бойынша қалыптаспайды, әртүрлі болады.
Газеттің негізгі жанрлары ретінде хабар (информация), шетелдік корреспонденция, есеп, үгіт-насихат мақалалары, проблемалық мақала, очерк, сұхбат, репортаж, фельетон, пікір, рецензия есептеледі. Осы аталған жанрлардың бәріне ортақ ерекшеліктер:
- фактіге, нақты дереккөзге сүйенетіндігі;
- фактілер мен деректердің жаңа болуы,
- фактілер мен деректерді дәл жеткізетіндігі;
- шұғылдылығы;
- оқырманды сендіріп, әсер ете алатындығы,
Хабар жанры- алғашқы қазақ газеттер ДУГ,ТУГ, сондай-ақ «Қазақ» газеттерінде молынан ұшырасқан газет жанры. Аталмыш басылымдарда хабарлар көлемі шағын болып келеді. Хабарға негіз болатын фактілер қоғам үшін маңызды, соны оқырман көзқарасына әсер ететіндей дәрежеде болуы тиіс. Ондай хабарды жеткізуші тілдік құрал ретінде кең келген жанр негізін құрайтын әдеби және сөйлеу тілі элементтері қатысады, қоғамдық-саяси лексика алынуы шарт емес. Осының өзінен-ақ хабарға тән конструктивтік принципті тануға болады. Мысалы: «Дипломанттар сыртқы саясат мәселелерін талқылады»\ЕҚ.10.10.1998ж\
Жуырда Сыртқы істер министрлігі алқасының кезекті мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды сыртқы саяси ведомоствасының баспасөз қызметі. Дипломанттар Қазақстан сыртқы саясатының, соның ішінде Каспий проблемасы төңірегіндегі жағдай туралы өзекті мәселелерді және оларды реттеу жөніндегі бұдан былайғы іс-әрекеттерді қарады. Каспийтеңізінің құқықтық мәртебесін айқындаумен байланысты осынау үлкен саяси проблеманы шешу барысында біздің еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау жөніндегі мақсатты жұмыстың қажеттігі атап көрсетілді. 1997 жылдың +мамырында Алматыда қазақстан жағының бастамасы бойынша Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істері минситрлер орынбасарлары деңгейінде Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі арнаулы жұмыс тобының мәжілісі болды...
Хабардағы өзекті мәселе, геосаяси проблема, мақсатты жұмыс, біртұтас жоба, егемендік құқық тіркестері құрамындағы эпитеттер сапалық әрі бағалауыштық қызмет атқарып тұрса, бүкіл мәтінге эфект беріп тұрған - геосаяси проблема. Ресми тілмен жазылған мәтін мен тақырыпты мағына мағына жағынан ұштастырып тұрған- сыртқы саясат мәселелері - ұйытқы сөз тіркесі. Мәтін лексикасы негізін қоғамдық-саяси лексика элементтері құрайды, соның ішінде мекеме атауларының, мемлекет атуларының үлес салмағы көбірек: Сыртқы істер министрлігі, сыртқы саясат ведомствосы, сыртқы істер министрлер орынбасарлары, мәжіліс, жақ, тарап, келісім, айқындамалар, ақпарат, нұсқа, құқықтық мәртебе, т.б. Саясаттану ғылымына тән сыртқы саясат, геосаяси проблема, ұлттық мүдде, мемлекеттік айқындамалар сияқты терминдер кездеседі. Шаралар белгіледі, маңызын атап көрсетті стандарттық тіркестері газет тілінің ерекшелігін танытса, бастамасымен – жаңа қолданыс.Газеттегі публицистикалық сарынды танытып тұрған тілдік штамп «деп хабарлайды... баспасөз қызметі». Хабар арқылы екі бірдей жаңалыққа – сыртқы саясат және кадр даярлау – қанығуға болады әрі екеуі де қоғам үшін маңызды, мемлекеттік деңгейдегі мәселелер болып табылады.
Мәтінде эмоциялық реңкте жұмсалған сөздер жоқ, ауызекі сөйлеу тілінің элементтері кездеспейді. Бұл хабардың ресмилігінің маңыздылығын тағы да нақтылай түсетін тілдік фактор.Сонымен қатар газет типіне, оған тән стиль мен лексика түріне, сол арқылы газет мәтініне қойылар талап аталмыш газет оқырмандарының деңгейіне лайықтанылуы қажет.
Жоғарыдағы мысалға алған мәтінде оқырман көзқарасына әсер ету мақсатында бағалауыштық лексика элементтері көп пайдаланылған: өзекті \мәселе\, құқықтық \мәртебе\, геосаяси \проблема\, мақсатты \жұмыс\, біртұтас \жоба\, айрықша \маңыз\ т.б.
Кез-келген газет жанрлары, соның ішінде үгіт-насихат тақырыбы жазылған мақалаларды ғылыми, зерттеу және арнаулы оқу материалдарынан өзгешелігі- көлем шектеулігі. Өйткені, газет материалдарында клише, стандарт, штамптарды көп пайдалану факультатив сөздер мен лексиканың өзге түрлерін ұштастырып қолдану, ұғым атауларын нақты пайдалану, сол арқылы ойды айқын жеткізу алдыңғы орынға шығады.
Күрделі конструкцияларды газет мәтінінде пайдаланудан бас тартудың жиі кездесуі әлеуметтік факторды ескеруден туындайды. Сонымен бірге, газет тілінің халық тіліне жақындауын, қабылдауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Айталық, кеңес өкіметі орнаған алғашқы күндерден бастап ауызша газет түрлерінде қысқа да, нұсқа, оқырманға оңай, қиналмай қабылдайтындай мәтіндер пайдаланылған. Бұл жөнінде проф. Н.Омашев кәдімгідей гает материалдарының газеттің аталмыш түріне лайықталып «кітап тілімен де, газет тідімен де жазылмай, әрі кеткенде жұрт алдында оқылатын лекциялар мен сөйленетін сөздер сияқты әдеби үлгіде құрылуы тиіс» болғандығын айтады.
Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж – негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілібір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.
Екіншіден, репортаж – эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.
Үшіншіден, репортаж – халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.
Төртіншіден, репортаж – нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл – күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс.
Бесіншіден, репортажда автор көрген – білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсыныс – пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі – факті дәл әрі нақты берілуі тиіс.
Репортаждағы басты мақсат – оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан өткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. өйткені, эфирден дауыс, көңіл – күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.
Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білінп тұрғаны шарт. өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзіні» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері – автордың өзі. Басқа хабарлама жанрлар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.
Енді репортаждың тілдік құрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т.б. бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е.Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойынша очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы – белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, өзі жазып отырған (завод, цех т.б.) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», - деп жазған.
Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылғандықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет – шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы – диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз.
Газет материалдарынан нақты мысалдар арқылы ақпарат жанрын ашып, айқындап тұрған тілдік, стильдік ерекшеліктерге тоқталу. Жанрлық ерекшеліктен туындайтын талаптар информацияны беру кезіндегі тілдің стиліне көп әсері болуы. Заменка жанрының ғылыми-зерттеу мақалалардан айырмашылығы. Көлемінің шектеулі болып келуі.Бұл жанрда публицистикалық сарынды танытып тұратын тілдік штамптарды пайдалану.Осы ерекшеліктерді қатаң сақтау арқылы ойды нақты да айқын жеткізуді мақсат ету.Аз сөзбен көп мағына беру арқылы бұл жанрға тән сөйлемдердегі берілген сөздердің қалай қолданып тұрғандығын,тілдік ерекшеліетердің мәнін түсіндіру.