Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс № 3. Стилистиканың қазіргі бағыттары мен түрлері




1. Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері

2. Прагмастилистика туралы

3. Стилистикалық коннотация

Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Стиль деген термин екі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль (грек сөзі – stylos) – тақтаға сурет салып, сөз жазу үшін жұмсалатын таяқша. Сол сөзден шыққан стильді біз қазір басқаша қолданамыз, сондай- ақ «стиль» де өзінің алғашқы «жазу», «сурет салу» құралы мағынасын өзгертіп, мүлде басқаша ұғым, басқаша түсінікке ие болған. Соның бірі – таза, әдемі сөйлеу деген ұғымды білдіреді.

Ал стилистика болса – стильді зерттейтін ғылым. Стиль жеке адамның ерекшелігі, өзінің жеке қолданатын әдіс-тәсілі. Мысалы, суретшінің, мүсінші, композитор, спортшының стилі бар. Сондықтан, оқырманына белгілі бір ойды жеткізудегі әр автордың өзіне тән тәсіл, шеберлігі сол журналистің жеке стилі болып табылады. Бұдан шығатын қортындыны баспасөздің тілі, стилі дегеніміз белгілі бір ойды баяндау, істің мән-сырын, алдағы міндеттерін дәл, терең түсіндіру, мәселені принципті түрде, жоғары идеялық дәрежеде қойып, шеше білу керек дегенді білдіреді.

Жалпы алғанда әр газеттің өз стилі, тілі бар. Сондай-ақ, әр газеттің, әр номердің, әр номердегі әр материал авторының стилі болады. Осыған орай белгілі бір ой – пікірді редакторлық тұрғыдан қоя білу, оны оқырманның көкейіне қонымды етіп жеткізе білу де баспасөздің өзіндік стилі болып табылатындығына шек жоқ. Оның үстіне баспасөз, яғни, газет-журнал тілі дегеніміздің өзі бірнеше стильдік тармақтарды қамтиды. өйткені, кез келген басылым бетінен көркем әдебиет стиліне жататын әдеби туындыларды да, саяси-қоғамдық публицистиканы да, ғылыми стилде жазылған мақалаларды да, іс – қағаздары үлгілерін де кездестіруге болады.

Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:

1. Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.

2. Ресурстар стилистикасы, бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.

Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарын М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1939 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2223 - | 2166 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.