Зияткерлік жекеменшік нысандарының ішінде зияткерлік шығармашылық қызметтің өнертабыс, пайдалы үлгілер және өнеркәсіптік үлгілер сияқты нәтижелері айтарлықтай орын алады. Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауардық пайда болу орнының атауымен қатар олар «өндірістік жекеменшік нысандары» атауымен да қамтылады. Бұл 1883 жылғы 20 наурыздағы Өндірістік жекеменшікті қолдау жөніндегі Париж конвенциясының (ары қарай – Париж конвенциясы) 1 бабында бекітілген және ол Қазақстан Республикасының аумағында да таралған. Париж конвенциясында өндірістік жекеменшік ұғымы кеңейіп, тек өнеркәсіп пен саудада ғана таралып қоймайды, ауылшаруашылық өнеркәсібі саласына да барлық өнеркәсіптік немесе табиғи өнімдерге де таралады.
Өнеркәсіптік жекеменшік термині ҚР заңнамасына толығымен енген. Жалпы алғанда бұрынғы ҚазКСР заңнамасымен салыстырғанда аталған белгілі болған нысандарды құқықтық реттеуде күрделі өзгерістер болған. Бұл өзгерістерді қысқаша айтып өтетін болсақ, онда аталған нысандарды қолдану мен құқықтық рәсімдеудің мүлдем жаңа тәртібі бекітілген. Өнертабысты, пайдалы үлгіні және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында авторлық куәландырудың кеңестік жүйесінің орнына бүкіл әлемде қолданылатын және мойындалған өнеркәсіптік жекеменшік нысандарын қорғаудың патенттік жүйесі келген.
ҚР тәуелсіздігін алғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерген. Әлемдік экономикалық қоғамдастыққа жедел кіру мақсатында еліміздің аумағында өнеркәсіптік жекеменшік нысандарын қорғаудың патенттік жүйесін енгізу және ұлттық патенттік жүйені құру туралы шешім қабылданған.
Қорғаудың патенттік жүйесінің мәні өнертабыс, пайдалы үлгі немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе басқа құқықты болған тұлға авторлықты және техникалық жетістікті қолдану құқығын бекіту үшін құзырлы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитетке (ары қарай - Комитет) мемлекет беделімен куәландырылған қорғау құжаты – патентке тапсырыс береді. Өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге берілетін алдын ала патент және патент, пайдалы үлгіге берілген патент (ары қарай – қорғау құжаттары) ең алдымен патент иесі деп аталатын олардың иесінің өнеркәсіптік жекеменшік нысанын қолданудың ерекше құқығын куәландырады. Патент иесінің ререкше құқығының мазмұны АК 992 бабымен реттелген. Патент иесіне өзінің ерекше құқығын жүзеге асыру бойынша көп мүмкіндіктер берілген: өз өнеркәсібінде техникалық шешімді жүзеге асыруға, үшінші тұлғаларға патенттің қызмет ететін уақытында қолдану құқығын беруге, белгілі бір уақыт ішінде өз құқығын толығымен немесе бір бөлігін қолдануға, мүлдем қолданудан бас тартуға (әрине, белгілі жағдайларда). Аталған ерекше құқық абсолютті болып табылады – үшінші тұлғалар оны бұзудан іркіліп қалулары тиіс және нысанды патент иесінің рұқсатымен ғана қолдана алады, қайтарымсыз негізде.
Патенттік қатынастарды реттейтін салалық заңдардың ішінде басты және маңызды орынды Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патенттік Заңы алады (ары қарай – Патенттік заң). Патенттік заң патентпен қорғалатын өнеркәсіптік жекеменшік нысандарын қолданумен және құқықтық қорғаумен байланысты пайда болатын мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруімен, «Зияткерлік жекеменшік құқықтарының сауда аспектілері бойынша келісімнің» талаптарын біздің заңнамада көрсету қажеттілігімен байланысты, сонымен қатар Азаматтық кодекстің Жалпы және Ерекше тарауларының қабылдануымен байланысты қабылданған. Оның мәтіні АК және басқа заманауи заңнама терминологиясымен сәйкестікке келтірілген, алайда патенттік жүйенің қызмет ету қағидалары өзгеріссіз қалды.
Еліміздегі патентті құқықтың кейбір ерекшеліктеріне толығырақ тоқталайық.
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесінің басты ерекшелігі өнертабыс және өнеркәсіптік үлгі ретінде екі қорғау құжаты берілуі мүмкін – алдын ала патент және патент.
Патент иесінің құқықты болу мазмұны, «салмағы» тұрғысынан алғанда қорғау құжатының екеуі де бірдей және ерекше құқықтардың толық кешенін куәландырады.
Олардың арасындағы айырмашылық ең алдымен жарамдылық мерзімінде, сонымен қатар рәсімдеу процедурасы мен ұзақтығында. Мысалы, өнертабысқа берілетін алдын ала патент 5 жылға дейін жарамды, ал патент – 20 жыл бойы.
Алдын ала патентті беру процедурасының патентті беруден айырмашылығы сараптама формальды түрде ғана жасалады, яғни тапсырыс матеиалдарында көрсетілген нысанның өндірістік жекеменшіктің қорғалатын нысандарына қатыстылығын, құжаттардың патенттік заңнама талптарына сәйкес толтырылуы тексеру. Техникалық шешімнің патентке қабілеттілік критерийлеріне – жаңашылдыққа, өнертапқыштық деңгейіне және өнеркәсіпте қолданғыштығына тексеру жүргізілмейді. Аталған критерийлердің болуын тексеру өнертабыстың мәні бойынша жасалынатын сараптама деп аталады. Мұндай сараптама жасау үшін мамандандырылған және толық патенттік қорда өнертабыстық баламаларын іздеу қажет.
Бұл критерийлер егер алдын ала патент беруге шағымданғысы келген алдын ала патент иесі немесе үшінші тұлғалар осындай сараптама жүргізуді талап етсе ғана тексеріледі. Алдын ала патент иесі өзінің алдын ала патентін патентке ауыстырып, сол арқылы нысанды құқықтық қорғау мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту үшін сараптама жасау туралы өтініш білдіруі мүмкін.
Үшінші тұлғалардың талабы бойынша өнертабысқа мұндай сараптама жасау мүмкіндігі - оның нәтижесі бойынша алдын ала патент берумен келіспеуді, ал алдын ала патенттің өзі жарамсыз деп танылуы мүмкін дегенді білдіреді. Яғни, өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге берілетін алдын ала патенттер өтініш иесінің жауапкершілігіне және тәуекелмен патенттік ведомствомен беріледі. Ол тапсырыс ретінде берілетін алғашқы мәліметтердің шынайылығына жауап береді.
Қазақстанда таңдалған алдын ала патент жүйесі соттарды патенттік жүйенің аса маңызды буыны етіп, ғылым мен техника нысандары бойынша туындайтын патенттік дауларды қарайтын соттардан жоғарғы біліктілікті талап етеді.
Еліміз таңдаған екі қорғаныс құжатын беретін патенттік жүйе арнайы әдебиетте келу-тексеру жүйесі деп аталады, себебі алғашқы қорғау құжатын алу үшін өтініш иесі федомствоға «келіп», ең аз нысаншылықты жасауы тиіс. «Тексеру» деп аталу себебі сараптама кейін жасалуы м.мкін. Мұндай жүйенің әр түрлілігі әлемнің көптеген елдерінде қабылданған – Швейцарияда (тоқыма бұйымдары мен сағат өнеркәсібіне берілетін патенттен басқа), Францияда, Голландияда, ТМД бірқатар елдерінде және т.б. Оның артықшылығы ол толыққанды қорғау құжатын алуға және жаңалықты өнеркәсіпке енгізуге, белгілі бір тауарларға деген нарықтың сұранысын қанағаттандыруға, қымбат тұратын сараптамаларға жұмсалатын шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта өнертабыстар тез ескіретінін де ескеру қажет, 5 – 8 жыл ізделінген материалдық пайданы табу жеткілікті. Егер өнертабыс маңызды болса және оны ұзақ уақыт қорғауға экономикалық қызығушылық пайда болса, онда ұзақ мерзімді патент алуға өтініш білдіруге болады.
КСРО құлағаннан кейін жаға елдер, бұрынға одақтас республикалар осындай жүйелерді енгізуге мәжбүр – патенттік ізденіс жүргізуге қажетті барлық ақпараттық қор Ресейде қалып қойған. Алайда уақыт көрсеткендей, негізгі мәні бойынша бұл жүйе озық және тапсырыс берушілер үшін ыңғайлы. Осылайша, 1992 – 1997 жылдары Қазақстандағы патенттік ведомствоға өнертабысқа қорғау құжаттарын алуға алғаш берілген 7456 тапсырыстың 6796 немесе 91% - ы алдын ала патент алуға ниет білдірген. Бұл жүйе еліміздің жағдайы орташа тапсырыс берушілері үшін өте үнемді және демократиялы.
Алдын ала патенттің жарамдылық мерзімін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Патенттік заңында өнертабысқа тапсырыс берушінің өтініші бойынша алдын ала патенттің мерзімін 3 жылға дейін жеткізу және жарамдылық мерзімін 8 жылға дейін ұзарту қарастырылған.
Өнертабысқа қатысты новелла болып АК 991 бабының 2 тармағы саналады, мұнда өнертабысқа өнертабыстық деңгейі бар жаңа болып табылатын және өнеркәсіпте қолданыла алатын техникалық шешім деген анықтама берілген. Өнертабыс халық шаруашылығы саласының, әлеуметтік-мәдени құрылыс немесе ел қорғанысының кез келген саласындағы жаңа және айтарлықтай өзгешелігі бар, тиімді нәтиже беретін техникалық шешім ребінде танылған. Кеңестік заңнамаға қарағанда ТМД-ның барлық елдерінің патенттік заңы, Ресейді қосқанда, өнертабысқа қандай да бір анықтама бермейді. Соған қарағанда, кеңестік заңнама мен авторлық куәландыру жүйесіне деген қарсылық өз рөлін көрсеткен. Бұл анықтама ескірген және сарапшыларға техниканың дамуымен ілесіп жүруге мүмкіндік бермейді деп сынға түскен. Алайда мұндай анықтаманың болуының оң нәтижесі бар екенін естен шығарып жіберген.
Патенттік қорғаныс нысандары болу үшін өнертабыс, пайдалы үлгі және өнеркәсіптік үлгі АК 991 бабында аталып көрсетілген, бірақ мәні ашылған патентке қабілеттілік критерийлеріне жауап беруі тиіс. Оның мәні патенттік заңның 6-8 баптарында ашылып көрсетілген.
Егер техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса өнертабыс жаңа болып табылады. Егер маман үшін өнертабыс техника деңгейінен шықпаса ол өнертабыстық деңгейде болады. Өз кезегінде техника деңгейінен алынатын мәліметтерге өнертабыстың басым болған күніне дейін әлемде қол жетімді болған кез келген мәліметтер кіреді. Яғни жаңалық пен өнертабыстық деңгейді қызмет бабында пайдаланатын немесе ашық түрде онымен танысуға мүмкіндік бермейтін құпия мәліметтер жамандамайды. Өнертабыстың жаңашылдығын анықтау барысында техника деңгейі туралы мәліметтерге басқа авторлардың бұрын Патенттік ведомствоға жолданған қайтарылып алынбаған өнертабыс пен пайдалы үлгілерге, сонымен қатар ҚР патенттелген өнертабыстар мен пайдалы үлгілерге берілген тапсырыстары кіреді.
Егер өнертабыс өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтау мен басқа да кәсіпкерлік қызмет саласында қолданыла алатын болса, онда ол өндірісте қолданылуға жататын болып саналады.
Практикада өнертабыстың пайдалы үлгіден айырмашылығы жайлы, сондай-ақ соңғысын құқықтық қорғаудың дербес нысаны деп бөлінуінің орындылығы туралы сұрақтар туындайды. Атап өту қажет, пайдалы үлгі республика заңнамасы үшін жаңа нысан болып табылады, толыққанды патенттік қорғаныс алу үшін қарапайым және рәсімдеуі үнемді болғандықтан өнертапқыштар қызығушылық танытады. АК 991 бабы, сондай-ақ патенттік заңның 7 бабы пайдалы үлгіге өнеркәсіп құралдарының және тұтыну бұйымдарының, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктерінің (құрылғы) конструктивті орындалуы деп анықтама береді. Бұдан шығатыны, біздің еліміздің заңнамасы бойынша пайлы үлгі болып тек құрылғы (конструкция, элементтердің кеңістіктегі орналасуы) ғана саналады, зат немесе әдіс емес.
Пайдалы үлгілердің патентке қабілеттілігі үшін өнертабысқа қажетті өнертабыс деңгейінің критерийлерінің болуы қажет емес. Осы белгісі бойынша пайдалы үлгі бірқатар елдердің заңнамаларында «шағын өнертабыстар» деп аталынады. ГФР Патенттік заңында пайдалы үлгілердің деңгейін бағалау үшін «өнертабыстық қадам» термині бар, ол өнертабыстық деңгейі бар өнертабыстармен салыстырғанда олардың шағын мәнін анықтап көрсетеді.
Азаматтық кодекстегі патенттік қатынастардың субъектілерінің шеңбері егжей-тегжейлі көрсетілмеген, алайда оның түсіндірілуі талқыланып отырған қатынастың мәнін толықтай түсіну үшін өте маңызды. Бұл өндірістік жекеменшік нысандарының авторы, екінші авторлары; өтініш беруші – патент алу үшін тапсырыс берген тұлға; тапсырыста көрсетілген патент алуға құқығы бар тұлға; патенттік ведомство; патент иелері; жұмыс беруші; лицензия алушы; лицензия беруші; түрлі негіздермен құқықтар берілген тұлға.
Патенттік құқық нысандарына қатысты «автор» және «екінші автор» терминінің ұғымы мен мазмұны V тараудың Жалпы бөлімінде бекітілген интерпретациядан айырмашылығы жоқ және авторлық құқыққа ұқсас. Сондықтан авторлыр және екінші автор туралы АК 994 және 995 баптары түсінікті және ерекше талқылауды қажет етпейді.
ҚР өкілетті органымен берілген алдын ала патент пен патент қызметі еліміздің аумағымен шектелген. Шет елдерде патент иелерін ің құқықтарын қорғау үшін Комитет арқылы халықаралық патенттік ұйымға тиісті өтініш беру қажет.
Патенттік монополия уақытпен де шектелген. 999 бапта осы мерзімдер бекітілген. Патенті пен қорғау нысанының жарамдылық мерзімінің басталуы болып өтініш берген күн саналады, ал құқықтық қорғау бойынша нақты әрекеттер патент берілгеннен кейін жүзеге асырыла алады.
Патент мерзімінің аяқталуы деген оның иесінің ерекше құқықтары тоқтатылады дегенді білдіреді және кез келген тұлға оның өнертабысын сыйақы төлеусіз өз қажетінше қолдана алады. Алайда жеке мүліктік емес құқықтар мерзімі шекетеусіз қызмет ете алады.
Патент иесі патент қызмет ететін кез келген уақытта өнертабысты немесе басқа нысанды қолдану құқығын кез келген тұлғаға беретіні жайлы жариялауы мүмкін. Бұл әрекет ашық лицензия деп аталады. Ашық лицензияны пайдаланғысы келгендер патент иесімен төлемдер туралы келісім жасауға міндетті. Ашық лицензия туралы өтініш қайтаруға жатпайтынын естен шығармау қажет. Патент иесі біреуге, немесе мүлдем мұндай өтініштен бас тарта алмайды (мысалы, жарияланғаннан кейін бірден ұтымды лицензиар тапқаннан кейін). Мұндай құқықты және міндеттерді енгізу заңнаманың патенттік монополияның мәнін жеңілдетуді көздейтінін көрсетеді.
Патенттік қатынастарда патент иесінің ерекше құқықтарымен бірге қорғалатын шешімге үшінші тұлғалардың құқықтарының қатар болуы мүмкін. Бұл 1004 бапта қарастырылған. Оның мәні баптағы мәтіннен түсінікті, тек алдын ала қолдану үшін қолданыла алмайтын шарт болып нысанды үшінші тұлғаның басымдылық мерзіміне дейін пайдалануы және ол тұлғаның автордан бөлек нысан жасауы болып табылатынын атап өту қажет. Заңнама үшінші тұлғаға нысанды ары қарай қолдану құқығын ұсынады, бірақ қалыптасқан қолдану аясын кеңейтусіз.
Патент иесінің негізгі міндеттерінің бірі техникалық шешімді қолдану міндеті болып табылады. Қоғамның мүддесін толық қанағаттандыру мақсатында мемлекет патент иесін өнертабысты немесе басқа өнеркәсіп жекеменшігінің нысанын қолдануға мәжбүрлейтін шараларды бекіте алады. Бұл мүмкіндік АК 1005 бабында бекітілген, ал нақты шаралар Патенттік заңның 11 бабында көрсетілген. Патент иесінің өнертабысты немесе өндірістік үлгіні алдын ала патент беру туралы мәліметтің жарияланған күнінен бастап бес жыл ішінде, ал пайдалы үлгіні патент беру туралы мәлімет жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде қолданбаған немесе тиісті дәрежеде қолданбаған жағдайда қорғалатын нысанды пайдалануға ниет білдірген және қолдануға дайын тұлға, патент иесінің лицензиялық келісім жасаудан бас тартқан жағдайда, сотқа оған мәжбүрлі лицензия ұсыну туралы өтінішпен жүгіне алады. Егер патент иесі қолданбау немесе тиісті дәрежеде қолданбау дәлелді себептермен негізделгенін дәлелдемесе, сот көрсетілген лицензияны қолдану аясын, көлемін, мерзімдері мен төлем жасау тәртібін көрсете отырып ұсынады.
Білу қажет нормативтік құқықтық актілердің тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Өнертабыс құқығы (991 – 1005 баптар);
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-1 Патенттік заңы;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы №1470 Құпия өнертабыстар үшін берілетін өтемақы көлемі мен оларды төлеу тәртібін бекіту туралы қаулысы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 тамыздағы №1044 Қазақстан Республикасында жасалатын құпия өнертабыстармен уақытша пайдалану тәртібін бекіту туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.06.97 жылғы №997, 10.09.99 жылғы №1363 қаулысымен өзгерістер енгізілген);
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 3 шілдедегі №908 Венчурлық фирмаларды құру тәртібі туралы қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.08.96 жылғы №1031 қаулысымен өзгерістер енгізілген);
6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы №1369 Патенттік баж салығы туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.03.96 жылғы № 284; 20.08.96 жылғы №1031 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен);
7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 тамыздағы №896 Қазақстан Республикасында жасалған қызметтік өнертабыстар, пайдалы үлгілер және өндірістік үлгілер туралы ережені бекіту туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.08.96 жылғы №987 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен);
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі №266 Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік жекеменшік нысандарын қорғаумен байланысты заң жүзінде маңызды әрекеттері үшін шетелдік тапсырыс берушілерге арналған баж салығының көлеі мен төлеу тәртібі туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.08.96 жылғы №1031 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен);
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 қарашадағы №949 КСРО қорғау құжаттарымен қорғалатын қазақстан Республикасының өнертабыстарға, өндірістік үлгілерге, тауарлық белгілерге және қызмет көрсету белгілеріне берілетін қорғау құжаттарын беру тәртібін бекіту туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.01.94 жылғы №52, 09.08.96 жылғы №987, 20.08.96 жылғы №1031 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен);
10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 қазандағы №889 Өнертабысты, өндірістік үлгілерді және пайдалы үлгілерді патенттеуге, тауарлық белгілер мен қызмет көрсету белгілерін тіркеуге, тауардың шығатын жерінің атауын қолдану құқығын ұсыну мен тіркеуге төленетін баж салығының тәртібі мен көлемі туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 06.04.93 жылғы №265; 05.12.94 жылғы №1369 қаулыларына сәйкес; ҚР Үкіментінің 09.08.96 жылғы №987; 20.08.96 жылғы №1031 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен);
11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 4 қарашадағы №188 Қазақстан Республикасындағы патенттік сенімді өкілді тіркеу мен аттестаттау ережесін бекіту туралы бұйрығы;
12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 4 қарашадағы №187 Қазақстан Республикасындағы патенттік сенімді өкілге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы бұйрығы;
13. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 1 қарашдағы №69 Өндірістік жекеменшік нысандарын тіркеу мен патенттеумен байланысты қарсылықтарды аппеляциялық кеңеске жолдау мен қарау тәртібін бекіту туралы бұйрығы;
14. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы №31 Өндірістік жекеменшік нысандарын қолдануға лицензиялық, сублицензиялық келісімдерді тіркеу ережесін бекіту туралы бұйрығы;
15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы №30 Өндірістік жекеменшік нысандарына ерекше құқықтарды беру туралы келісімдерді тіркеу ережесін бекіту туралы бұйрығы;
16. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы №418 Өнертабысқа берілетін патент пен алдын ала патентке, пайдалы үлгіге берілетін тапсырысқа берілетін тапсырысты дайындау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығы;
17. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша агенттігінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы №938 МӨҚ техникалық қызметі бойынша нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығы;
18. Өнертабысқа, пайдалы үлгіге, өндірістік үлгіге берілетін патент алу туралы өтініште көрсетілген өтініш берушілер мен патент иеленушілер құрамына өзгерістер енгізу тәртібі туралы нұсқаулық (Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ведомство төрағасымен 1996 жылғы 14 мауысмда бекітілген);
19. Жекелеген қызметтерді ұсынуға, сонымен қатар заңды мәні бар әрекеттер үшін қойылған уақытша тарифтер (28.05.98 ж. «Қазпатент» патенттер және тауарлық белгілер жөніндегі РМК директорымен бекітілген).