Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮШ НАРЫҒЫ




 

Алдыңғы тарауда инновациялық қызмет жеке фазалардың реттілігінен тұратын үрдіс ретінде уақытта қаралған. Инновациялық қызметті «экономикалық кеңістікте» қарауға да болады. Бұл жағдайда үш нарық белгіленеді (3.1 сурет):

1. Зияткерлік өнім нарығы, яғни инновациялық ойлар (инвенция) және инновациялық жобалар нарығы (жаңалық).

2. Инновациялар нарығы, яғни шығарылған жаңа заттай өнімдер.

3. Капитал нарығы (инвестициялар), яғни ақша қаражатының нарығы.

 

4.1 сурет – Инновациялық қызметтің үш нарығы

 

Инновация бастамасы көп түрлі қорды қажет ететіндіктен, капитал нарығы анықтаушы болып табылады, ынталандырып және инновациялық үрдісті бастап ол инвенция мен жаңалық нарығына ауысады, оның нәтижесі инновация нарығы болып табылады.

Инновациялық өндірістің міндетті шарты – табыс, ол инвестиция нарқын құруды қамтамасыз етеді, осылайша, инновациялық қызмет саласын жасай отырып үш нарық қосылады.

Бұл сала өзара байланысқан жүйе кешенін жасай отырып белгілі инфрақұрылыммен сипатталады:

-инновациялық қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету;

-инновациялық бағдарламаларға, жобаларға, ұсыныстарға, тапсырыстарға сараптама жасау;

-инновациялық қызметті қаржы-экономикалық қамтамасыз ету;

-инновациялық қызметті өндірістік-технологиялық қолдау, мысалы, лизинг;

-өнімді сертификаттау;

-инновациялық өнімді нарыққа енгізу, соның ішінде жарнама мен көрме;

-инновациялық қызмет үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау;

-инновациялық қызметті үйлестіру.

 

4.1 Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар)

 

Аталған нарықтың негізгі тауары жаңашылдар санатына жататын фирмалар мен жеке тұлғалар қызметінің ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижесі болып табылады. Олар шығарған зияткерлік өнім жеке меншік болып табылады. Зияткерлік өнімді шығару мен сату бизнестің жеке саласы болып табылады.

Атап өту керек, зияткерлік жеке меншік екі түрге бөлінеді:

1. Патенттік құқықпен қорғалатын өндірістік жекеменшік;

Өндірістік жекеменшікке ашылым, жасалым, пайдалы үлгі, өндірістік үлгі, «ноу-хау», тауарлық белгі және қызмет көрсету белгісі сияқты зияткерлік жекеменшік түрлері жатады.

2. Авторлық құқықпен қорғалатын көркем-мәдени жеке меншік.

Зияткерлік жекеменшіктің соңғы түріне әдеби шығармалар, сурет туындылары, ғылыми монография т.с.с. жатады.

 

Нарық инновациясы

 

Нарық инновациясы – бұл тауар мен қызметтер нарығы. Мұнда және бұдан ары қарай ол монополиялық бәсекелестік нарық ретінде қаралады, яғни ұқсас бірақ бірдей емес тауарлар ұсынатын көптеген сатушылары бар нарық. Мұндай нарық инновация негізінде фирманы жетілдіру мен дамыту үшін ынтаналандырғыш болады.

Инновациялық нарық бәсекелестігінде үш фактор маңызды роль атқарады:

-белсенді инновациялық стратегия;

-жеткілікті көлемде инвестиция тарту;

-тиімді маркетинг қызметі.

Оған қоса, инновацияның тұтынушы нарығына шығу кезеңінде жаңа өнімнің «ену» проблемасы болады, ол сатып алушы үшін үйреншікті емес. «Енудің» екі стартегиясы болады:

-бағдарламаланған ену, яғни тұтынушы жаңалыққа бейімделеді. Бұл кезде маркетинг тұтынушыны жаңа тауардың қасиеттері мен оның артықшылығы туралы ақпараттандыруға бағытталған. Оған қоса тұтынушыларды тауарды дұрыс қолдануға үйрету қажет;

-бейімді ену, яғни тұтынушы қабылдап алу үшін инновацияға өзгерістер енгізу.

Инновация нарқы өнімді шығарушы үшін де, оны тұтынушы үшін де үлкен тәуекелмен сипатталады.

Жаңа тауарды шығарушы үшін тәуекелдің келесі түрлері бар:

-өндірістік тәуекел, яғни өндірістік себептермен инновацияның заттануының мүмкін болмауы, мысалы, технологияның жетілдірілмеуінен, арнайы мамандардың болмауынан, бұйым конструкциясында жіберілген қателіктер.

-Коммерциялық тәуекел, жаңа тауарды өткізуден күтілетін табыстың алынбауы. Мұның да себептері түрлі болуы мүмкін – сұраныс көлемінің қате болжамдары, сыртқы ортада болған өзгерістер, нарық конънктурасының өзгеруі.

-Бәскелестік тәуекелі – жаңа тауарды меңгеру мен шығаруда бәсекелестердің алдын ала әрекет етуі, бұл фирманы артта қалушылар қатарына ауыстырады.

Тұтынушы үшін тәуекел:

-Инновацияның белгіленген сапасына, яғни жаңалығы мен басқа тұтынушылық қасиеттердің өнімнің нақты қасиетіне сәйкес келмеуі.

-Тұтынушының денсаулығына, өміріне, мүлкіне зиян келтіру мүмкіндігі.

Тұтынушыны сапасыз өнімнен сақтау әдісі сертификаттау болып табылады. Бұл жағдайда сертификаттау тұтынушыны қорғау құралы ретінде әрекетсіз, себебі қолданыстағы стандарттар, нормалар мен ережелер жаңа өнімге қолданыла алмайды. Жаңа өнімде сертификаттау кезінде дәстүрлі сынақ түрлерімен анықтау мүмкін болмайтын, денсаулыққа зиян келтіретін қасиеттер болуы мүмкін. Оған қоса, қолданысқа ұзақ уақыт ішінде берілетін көлік құралдары, энергетикалық кешендер сияқты күрделі өнімдерде сынақтан өткізу мен өнімді қолданысқа беруде көп жағдайда сенімді буын анықталмауы мүмкін. Ол қолданысқа бергеннен бірнеше жыл өткеннен кейін барлығы үшін, соның ішінде жасаушылар үшін күтпеген жерден істен шығып қалуы мүмкін.

 

4.3 Капитал нарығы (инвестициялар)

 

Капитал нарығын дамытудың негізгі факторлары:

-Макроэкономикалық саясат;

-Жекешелендіру көлемі;

-Салық саясаты;

-Қаржы секторын дамыту;

-Нарықтық бағажасау;

-Ақпараттық технологиялар;

-Заңнама.

Теориялық тұрғыдан алғанда отандық кәсіпорындар келесі қаржы көздерін қолдануы мүмкін:

-федералды және аймақтық бюджет;

-РФ Экономика министрлігінің және салалық министрліктердің инвестициялық конкурсына қатысу;

-Жеңілдетілген мемлекеттік несиелер;

-Банктік несие түріндегі коммерциялық құрылымдардың (инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, сақтандыру қоғамы, қаржылық-өндірістік топтар және т.б.) қаржы қорлары;

-Нарықтық қорларда кәсіпорынның құнды қағаздарын орналастырудан табылған заемдік құралдар;

-өндірістік және коммерциялық фирмалардың, компаниялардың шетелдік инвестициялары;

-ұлттық және шетелдік ғылыми қорлардың қаражаттары;

-жеке тұлғалардың жинаған қаражаттары;

-жарғылық қорға салынған фирманы дамыту қорынан, жинақталған амортизациялық қордан және ағымдағы амортизациялық аударылымдардан, кәсіпорынның жеке капиталынан алынған кәсіпорынның жеке қаражаты (өзін-өзі қаржыландыру).

Бұдан басқа да қаржыландыру көздері бар, мысалы, шикізат пен қорды жеткізушілердің коммерциялық несиесі, құрылғы лизингі, жеткізу мерзімдері кейінге шегерілген игерілетін өнімді жеткізуге форвардтық шарттарды алу.

Инновациялық қызметте инвестицияның келесі түрлері маңызды роль атқарады:

1. уақыт бойынша – ұзақ мерзімді және орташа мерзімді инвестициялар, себебі инновациялық үрдіс үш-бес және одан ұзақ жылға созылады.

2. салым нысаны бойынша – нақты активтер мен материалдық емес активтерге салынған инвестиция.

Нақты активтерге салынған инвестициялар – бұл бір жылдан артық қызмет ететін ғимараттар, жаңа құрылғылар мен машинарға салынған инвестиция.

Материалдық емес активтерге салынған инвестиция – бұл патент, лицензия, тауарлық белгілерді алу, қызметкерлерді оқыту.

Табыстылық деңгейі бойынша нақты инвестицияларды екі топқа бөлуге болады – пассивті және белсенді.

Пассивті инвестиция ескірген құрылғыларды ауыстыру, жұмыстан шығып кеткен қызметкерлер орнына жаңа персоналды дайындау арқылы фирманың көрсеткіштерінің төмендеп кетпеуін қамтамасыз етеді.

Инновацияға инвестиция салу активті инвестиция болып табылады, себебі инновацияны енгізу арқылы бұрынғы қол жеткізілген деңгеймен салыстырғанда фирманың бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын арттыруды қамтамасыз етеді.

Инновациялық қызметте венчурлы инвестиция үлкен роль атқарады. «Венчурлы» сөзі ағылшынның "venture" сөзінен шыққан – "тәуекелге бел буған кәсіпорын немесе бастама".

Венчурлы бизнестің пайда болу тарихы келесідей. 60 жылдарға қарай АҚШ-та ҒЗТКД тиімділігі айтарлықтай төмендеп кетті. ҒЗТКД 90% астамын ірі зерттеу ұйымдары алып отырды, ал инновацияларды олар кіші фирмалар мен тәуелсіз өнертапқыштарға қарағанда аз жасап отырған. Мұның себебі ірі фирмалардағы консерватизм, бюрократизм, олардың алыптылығы. АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының ресми зерттеулері көрсеткендей, шағын инновациялық бизнес ірілерге қарағанда әрбір жұмсалған долларға шаққанда 24 есе артық жаңалық шығарылып отырған. Осы уақыттан бастап мемлекет шағын инновациялық бизнесті қолдай бастады.

Американдық инвестор Артур Рокпен 1961 жылы құрған алғашқы венчурлы қордың көлемі 5 миллионды ғана құраған.

Венчурлы қордың жұмысының нәтижесі тан қаларлық болған: Рок, тек 3 миллионды ғана жұмсап аз уақыттан соң қор салымшыларына тоқсанын қайтарған.

Венчурлы бизнестің табысы назар аудараруға тұрарлық – “Ксерокс”, “Полароид”, “Интел”, “Эплл компьютерс” – сәтті венчур мысалдары.

Венчурлық инвестициялау институтының негізін қалаушылардың бірі американдық Том Перкинс еске алған: «Біз жасаған ақша, шын мәнісінде, қосалқы өнім болып табылады,... бізді алға итермелеп отырған әлемге танымал болатын жаңа технологияларды дамытатын табысты компанияларды құруға деген талпыныс».

Еуропадағы венчурлы индустрия пионері болған - Ұлыбритания – көне және өте алып әлемдік қаржы орталығы.

Венчурлық кәсіпкерлік институты екі компонеттен тұрады – венчурлық капитал және венчурлық фирма.

Венчурлық капитал жоғарғы табыс орнына инновациялық тәуекелдің жоғарғы деңгейі үшін өзіне жауапкершілікті жүктеуді қалаған сыртқы инвесторлардың жеке және корпоративтік қаржы қорлары. Сыртқы инвесторлардың қаржы қорлары венчурлық қорға құйылады.

Венчерлық қордың негізін қалаушы – венчурлық капиталист ұжымдық инвесторлар мен венчурлық фирма арасындағы байланыстырушы болып табылады.

Әдетте батыс инвесторлары өз капиталдарының 3 – 5 жыл мерзім ішінде алғашқы шығындарға қарағанда 6-7 есе артуын күтеді. АҚШ-та қазіргі уақытта 700 жуық венчурлық қорлар бар.

Венчурлық фирмалар инновация жасаумен айналысады. Олар тапсырыс беріп, венчурлық қорларға бизнес-жоспарларын ұсынады. Қандай да бір венчурлық фирмаға инвестиция өқю туралы соңғы шешімді инвесторлардың мүддесін қорғайтын инвестициялық комитет қабылдайды.

Венчурлық инвесторлар венчурлық фирманы басқаруға қатыса алады, бұл оларға инновациялық үрдістегі ақша ағымдарын бақылауда ұстап, салынған қаражаттың мақсатсыз жұмсалу мүмкіндігін жойып отыруға мүмкіндік береді.

Венчурлық капитал бюджеттік қаржыландыру мен банктік несиелеуден мүлдем өзгеше.

Оның мәні – ұйымды емес, идеялар мен адамдарды – осы идеяларды тасымалдауыштарды қаржыландыру.

Қаржы қорлары инновациялық жобаға пайызсыз салынады, ал табыс жобаны жүзеге асыру есебінен түседі. Оған қоса, бұл табыс банк пайызынан бірнеше есе артық болуы мүмкін.

Венчурлық инвестициялар портфель түрінде де – яғни жаңашыл фирмалар мен пионер фирмалардың акцияларын сатып алу мен сату арқылы, сонымен қатар нақты инвестициялық жобаға салынған шынайы инвестициялар түрінде де болуы мүмкін.

Инвесторлар қаржылық тәуекелден басқа тәуекелдерді (техникалық, нарықиық, басқарушылық, бағалық) өз мойындарына жүктемейді. Аталған тәуекелдердің барлығы венчурлық фирма мен оның менеджерлеріне жүктелген. Бұл жағдайда, венчурлық инвестордың тағы бір қалауы бақылау пакетінің фирма менеджерлеріне тиісті болуы. Бақылау пактетіне ие бола тұра олар бизнесті дамытуға белсенді қатысу үшін барлық стимулдарын сақтап қалады. Егер венчурлық фирма онда венчурлық инвестор серіктесі ретінде болған кезде жетістікке қол жеткізсе, яғни егер оның бағасы алғашқымен салыстырғанда 5-7 жыл шінде бірнеше есеге дейін, инвестицияға дейін артса, онда екі жақтың да тәуекелі ақталған болып, барлығы тиісті сыйақыларын алады. Ал егер фирма венчерлық инвестор күткен нәтижеге қол жеткізбесе, онда ол барлық ақшасын жоғалтып алуы мүмкін, немесе, кем дегенде ешқандай табыс таппай салған қаражатын қайтарып алады.

Инвестициялардың инновациялық үрдіс фазалары бойынша қатынасы туралы да бірнеше сөз,

Г.М. Добров инновациялық үрдіс фазаларының араындағы бағалық шығындардың рационалды қатынасын ұсынған:

- фундаменталды ғылым – 20;

- қолданбалы ғылым – 22;

- жасалым – 24;

- өндірістегі игеру – 28.

АҚШ, ЕО, Жапонияда инновациялық қызметке қажетті шығындардың құрылымына жасалған сараптамалық зерттеулер көрсеткендей, фундаменталды ғылымға жұмсалатын шығындар қолданбалыға қарағанда екі есе аз. Қолданбалы ғылымға қажетті шығындар өндіріске енгізуден екі есе аз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1952 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2439 - | 2195 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.