Атап өтілгендей, көптеген елдердің инновациялық инфрақұрылымының басты элементтерінің бірі болып ақпараттық-технологиялық жүйе табылады. Бұл жүйелер инновациялық қызметтің субъектілері мен нәтижелері туралы көптеген түрлі ақпараттар, инновациялық өнімдер, қызметтер, технологиялар, ғылыми және инновациялық ұйымдар, зияткерлік жеке меншік нсыандары туралы ақпараттар бар мәліметтер базасына негізделген.
Интернет-технология мен басқа жаңа ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы инновациялық қызметті ақпараттық қамтамасыз ету міндетін шешудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-технологиялық жүйелердің мәліметтер банкіне интерактивті қол жеткізу үшін телематикалық желілерді қолдану инновациялық үрдісті неғұрлым тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Инновациялық инфрақұрылымның осы элементінің табысты қызмет етуінің мысалы ЕО елдері қолдау көрсететін ARIST, CORDIS, EPIPOS ақпараттық-технологиялық жүйелер болып табылады.
ARIST ғылыми-технологиялық ақпараттық қызмет – бұл нарықтағы инновациялық технологиялар туралы мәлімет алудың ақпараттық құралы. Ол тиісті технологиялары бар инновациялық ұйымдар мен потенциалды клиенттер арасында байланыс орнату үшін қолданылады. ARIST бірқатар ақпараттық қызметтерді көрсетеді, оларды үш топқа бөлуге болады:
1. − белгілі бір инновациялық технологияның қандай деңгейге жеткенін талдау үшін ғылыми және технологиялық ақпарат.
2. − Техникалық-заңгерлік ақпарат – өндірістік жекеменшік (патенттер, сауда маркілері, пайдалы үлгілер, ұлттық және шетелдік техникалық стандарттар), сонымен қатар түрлі мемлекеттердің заңнамалары, нормативтік-құқықтық актілері сияқты тақырыптар талданады.
3. − Техникалық-экономикалық ақпаратқа жеткізілімдер мен дистрибьютерлерді нарықтық талдау кіреді.
CORDIS – бұл ЕО елдеріндегі зерттеу қызметі туралы ақпарат шоғырланатын мәліметтер банкінің жүйесі (қазіргі уақытта 8 мәліметтер банкі). Бұл ақпараттық жүйені жасау 1990 жылдың қараша айында басталған. CORDIS құндылығы – инновациялық ұйымдар өз ҒЗТКД нәтижелерін жарнамалап қана қоймай, оларға түрлі ақпараттық көмек те көрсетіледі.
EPIPOS (European Patent Information and Documentation Systems) патенттік ақпарат пен құжаттаманың Еуропалық жүйесі Еуропалық патенттік кеңсе (European Patent Office) жасайтын және қолдау көрсететін ақпараттық-технолологиялық жүйені білдіреді. Бұл жүйеде патенттер туралы ақпарат бар, PATOLIS – жапондық патенттер туралы бірегей мәліметтер көзі.
Қазіргі уақытта әлемде әрбір 10 секунд сайын патентке тапсырыс беріледі. Бұл тек Еуропаның өзінде ғана 600 мың патенті тіркеледі деген сөз. EPIPOS инновациялық ұйымдарға жеке іздеу, патенттік құжаттардың көшірмесін жасау, жапон патенттерінің қысқаша сипаттамасын аудару, патенттер туралы мәліметтер бойынша статистикалық талдау жасау сияқты қызметтер көрсететі. EPIPOS жасаушылар оның негізгі мақсаты ретінде «әлемдік ғылыми-техникалық ақпаратқа есік ашуды» санайды.
Инновациялық технологиялар туралы ақпарат ұсыну мақсатында ақпараттық-технологиялық жүйелерді дамытатын қазақстандық ұйымдар арасында Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын атап өту қажет. ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы РМК Үкіметтің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі №929 Қаулысымен құрылған. Қазақ мемлекеттік Ғылыми-техникалық ақпарат институтының (ҚазмемҒТАИ) жанында Республикалық ғылыми-техникалық кітапханамен (РҒТК) қосу арқылы. Орталық еліміздегі ғылыми-техникалық саланың ҒТА мемлекеттік қорын құру сұрағымен айналысады, соның ішінде жалпы ғылыми потенциал туралы ақпарат, мемлекеттегі қорғалған докторлық және кандидаттық диссертацияларды – құжаттамалық ағымдарды, ҒЗТКД есептерін, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми жұмыстарды, қазақстандық ғалымдардың мақалаларын жинау, өңдеу, талдауды жүзеге асырады, жыл сайын 10 мың бірліктен астам. Сонымен қатар ұжымдық және жеке абоненттердің, соның ішінде ҚР мемлекеттік басқару органдарының отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз етеді, және осының негізінде барлық ақпараттық қызметтер жиынтығын ұсынады.
ҰҒТАИ (ақпарат көзі: www.inti.kz):
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін дамыту Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасының басты ұйымы (РҒТБ);
Найроби қаласындағы UNER/INFOTERA Қоршаған орта бойынша халықаралық ақпараттық жүйе ұлттық орталығы;
Рим қаласындағы AGRIS/CARIS-FAO Халықаралық ақпараттық жүйе мүшесі;
Вена қаласындағы Ядролық энергетика бойынша халықаралық жүйенің Қазақстандық ақпараттық орталығының мүшесі;
Мәскеу қаласындағы Халықаралық ғылыми және техникалық ақпарат орталығының мүшесі болып табылады.