Лекции.Орг


Поиск:




Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы




 

Ең алдымен, қорғауға кез келген емес, тек сауда, ұйымдастырушылық немесе коммерцмялық ақпарат, сонымен қатар өнеркәсіп құпиялары жататынын атап өту қажет. Қандай да бір ақпаратты жоғарыда аталғандардың біріне жатқызуда ешқандай шектеу жоқ – мәліметтер сипаты әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан «ашылмаған ақпарат» тіркесінің синонимдері болып табылатын теминдер де сан алуан - «өнеркәсіп құпиясы», «сауда құпиясы», «жабық ақпарат», «ноу-хау», «коммерциялық құпия» және т.с.с. Мәліметтердің барлығын көрсету мүмкін емес. Ақпараттың қайсысының коммерциялық құпия болып табылмайтынын анықтау оңай болады.

Ақпараттың бұл түрінің басты құндылығы олар шынайы немесе потенциалды коммерциялық құндылық болуы тиіс. Мұндай ақпарат иесі оны қолданудан қазір немесе болашақта нақты материалды табыс алып отырады. Мысалы, қандай да бір сауда фирмасы аталған аудан тұрғындарын қамтудың және өз тауары туралы мәліметтерді жеткізудің ерекше жолын біледі. Мұндай тәсілсіз жұмыс істейтін бәсекелестерге қарағандафирма анағұрлым тиісдірек жұмыс істейді. Немесе басқа мысал, салқын сусындар шығаратын фабрика оның өнімінің негізі болып табылатын суды тазартудың ерекше әдісін біледі және ол әдісті патенттемей құпияда, ноу-хау тәртібінде сақтайды. Екі мысалда да қандай да бір ақпаратты білу басқалар алдында нақты материалдық артықшылықты береді. Атап өту қажет, көп жағдайда бұл ақпарат оның иесі үшін белгілі бір ғылыми зерттеулер, тәжірибе жинақтаулар (кейде көп жылдық, отбасылық), қарапайым бақылаулар, яғни шығармашылық зияткерлік қызмет нәтижесінде болған жетістігі. Дәл осы аспектінің болуы ашылмаған ақпаратты зияткерлік жекеменшік нысандарына жатқызуға мүмкіндік береді. Ақпаратты зияткерлік жекеменшік нысандарына жатқызу үшін басқа шарт – бұл ақпараттың үшінші тұлғаларға белгісіз болуы. Ақпараттың жұршылыққа ақпарат құралдары немее басқа да тәсілмен белгілі болғанда зияткерлік жекеменшік құқығының нысанының болуы туралы айту мүмкін емес. Қорғау құжатымен қорғалмаған және барлығына мәлім болған нақты нысанның жекеменшігі бола алмайды. Егер ақпарат иесі оны құпияда сақтап, оны қолдану мүмкіндігі тек өзіне ғана тиесілі болса, онда қолдану құқығын заң жұзінде қорғауға негіздеме пайда болады.

Ашылмаған ақпаратқа құқықтық қорғау ұсынудың тағы бір шарты заңды түрді оған еркін қол жетімділіктің болмауы және құқық иесінің оның жабықтылығын қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттігі. Үшінші тұлғалардың қорғау технологиясын көруге, үрдістің мәнін ашатын құжаттарды зерделеуге жәнет.б. мүмкіндігі болмауы тиіс.

Осы нысандардың қорғанысқа қабілеттілік критерийлері деп те атауға болатын көрсетілген үш белгі бір уақытта бар болса, ашылмаған ақпарат құқықтық қорғау нысаны болып табылады, оған қоса уақыты заңмен шектелмейді. Ол осы белгілері қанша уақыт қорғалса, сонша қорғалады.

Аталған талаптар орындалған жағдайда ашылмаған ақпарат зияткерлік жекеменшік құқығының нысанына айналады және қолдану және тағайындау тәртібіне ие болады, ол, мысалы, патентпен қорғалған өнертабыс тәртібінен көп өзгешеленбейді. Құқық иесі ақпаратқа өз құқығын бере алады, яғни болашақта оны қолданудан мүлдем бас тарта алады, сонымен қатар ашылмаған ақпаратты басқа нысанның қолдануы туралы лицензиялық келісім-шарт жасауы мүмкін.

Ашылмаған ақпаратты иемденудің басқа әдістерінің барлығы заңсыз болып табылады және әдетте қылмыстық және әкімшілік жазаланатын сипаттағы әрекетте көрінеді (өнеркәсіптік шпионаж, қызметкерлерді сатып алу, құжаттарды ұрлау, қызметкерлерге қысым көрсету, жасырын тыңдау, ғимаратқа немесе компьютерлік жүйеге заңсыз кіру және т.б). Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 20 бабы «Коомерциялық немесе банктік құпия болып саналатын мәліметтерді заңсыз алу мен жариялау» қылмысының құрамы болып саналатын әрекеттер аясын көрсетеді және ол үшін өте қатаң жазаларды белгілейді.

Білу қажет нормативтік құқықтық актілердің тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). Ашылмаған ақпаратты қорғау құқығы (1017 – 1019 баптар);

3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы №217-II Интегралды микросызбалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы Заңы. Топологияға құқығын қорғау;

4. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі №1543-ХII Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңы (13.10.03 ж. өзгерістерімен). Коммерциялық құпияны қорғау.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1297 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1019 - | 833 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.