Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдары




 

Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдарыретінде зияткерлік жекеменшік нысандарына келесілер жатады:

- Фирмалық атауы;

- Тауарлық белгі;

- Тауардың шығарылған жерінің атауы.

Атап өту қажет, бұл нысандар тобы шығармашылық қызмет нәтижесі сияқты дәстүрлі нысандарға ұқсамайды (авторлық құқықтар, өндірістік жекеменшік). Алада фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, тауардың шығарылған жерінің атауы аталған нысандармен кемінде бір ұқсас белгісі болады – оларды қолдануға негіздеме болып ерекше құқықтың саналуы. Қалған белгілер – зияткерлік қызмет нәтижелері, шығармашылық сипат аталған нысандарды болуы мүмкін (мысалы көрскем тауарлық белгі), алайда құқықтық қорғау үшін оның мәні жоқ, себебі олар тыс қалып қояды.

Жекелеу құралдарының әрқайсысының мәнімен ретімен танысайық.

 

Фирмалық атау

 

Фирмалық атау бір коммерциялық ұйымды басқа коммерциялық ұйымнан ажырату үшін қолданылатын құрал болып табылады. Фирмалық атауға қойылатын талаптарға заңды тұлғалар атауы туралы жалпы талаптар жатады (АК 38 б. 1 т.). Атап айтқанда, фирмалық атауды таңдауда онда ұйымдастыру-құқықтық түріне (кооператив, серіктестік, акционерлік қоғам және т.б.), жекеменшік түріне (жеке, мемлекеттік) нұсқау болу қажеттігін естен шығармау қажет. Оған қоса ресми бөлімде коммерциялық ұйымды басқалардан ажыратуға мүмкіндік беретін өзіндік ерекше және фантазиялық атау да қолданылуы мүмкін («Баян – Сұлу», «Смак», «Фудмастер» және т.б.).

Фирмалық атауға барлық заңды тұлғаларға қойылатын талаптар қойылады – оның құрамында заңнамаға немесе қоғамдық моральға қайшы келетін атаулар (мысалы, қазақ тілінде немесе орыс тілінде дыбысталғанда дөрекі, ерсі болып естілетін шет тілдерінен алынған сөздер), жеке аттар (егер ол қатысушының атымен сәйкес келмесе немесе қатысушылар өз атын қолдануға сол тұлғалардан рұқсат алмаса) болмауы тиіс.

Коммерциялық ұйымның фирмалық атауы болуға тек құқылы емес, сонымен қатар міндетті. Елімізде фирмалық атауларды тіркейтін жеке процедура жоқ, ал бірқатар елдерде мұндай процедура бар (Финляндия, Италия, Греция және т.б.). Заңды тұлғаны тіркеу кезінде фирманың атауы автоматты түрде бірден тіркеледі. Бұл шын мәнісінде заңды тұлғаны тіркеу болып табылады (1020 б. 2 т), себебі атауы жоқ заңды тұлғаны тіркеу мүмкін емес.

Фирмалық атаулар ең алдымен тұтынушыларға, сонымен қатар мемлекетті органдарға қолайлы болу үшін енгізілген. Фирмалық атауларды қорғаудың нақты жүйесі болған жағдайда сапасыз тауарды шығарған және басқа құқық бұзушылық жасаған ұйымды анықтау және жауапқа тарту оңай болады. Сондықтан АК 1020 бабының 3 тармағы түрлі заңды тұлғалардың фирма атауларын қолдануға жол бермеу туралы ережені бекіткен. Алайда, бұл фирмаларының атаулары бірдей заңды тұлғалардың болуы мүмкін емес дегенді білдірмейді. Қазақстанда бұл объективті себептермен орын алады – тіркеу қызметін Әділет министрлігіне бергенге дейін мұнымен жергілікті билік органдары мен басқармалардың бөлімшелері айналысқан, ал республика көлемінде барлық тіркеулер туралы бірегей мәліметтер базасы болған жоқ. Бірақ қазіргі уақытта да мұндай база болғанымен, егер ұйымдар түрлі қызмет айналысса және олардың бизнестерінің салалары жанаспаса, онда атаулары бірдей заңды тұлғалардың болуы мүмкін. Ал басқаша, егер шаруашылық тауарларын шығарумен екі немесе үш атаулары бірдей фирмалар айналысса. Бұл заңды тұлғаларды теңестіруге де, тұтынушыларды шығарылатын тауарлар мен көрсететін қызметке қатысты адасушылыққа алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда атауды қолдану құқығы фирма атауын бірінші тіркеуден өткізген фирмаға тиесілі болады. Осылайша, фирмалық атауға ерекше құқықтың басты мазмұны фирманың азаматтық айналымда өзі таңдаған фирмалық атаумен шығу мүмкіндігі.

Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген фирмалық атауға ерекше құқығының ел аумағында жарамды болуының жалпы ережесінің ішінде ерекшесі бар. Тіркеу туралы ереже шетелдік фирма атауларына қатысты емес. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өндірістік жекеменшікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 8 бабына сәйкес фирмалық атау Одақтың барлық елдерінде міндетті тапсырыс беру мен тіркеусіз қорғалады. Бұл норма Қазақстан Республикасының аумағында да тікелей әрекет етеді, себебі 1993 жылғы 16 ақпанда еліміз Үкімет декларациясымен КСРО құлағаннан кейін еліміздің аумағында Өндірістік жекеменшікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының әрекет етуінің жалғасуы туралы жариялады. Осылайша, АК 1022 бабының 1 тармағының бір бөлігі қазақстандық заңды тұлғалардың фирмалық атауларына ғана таралады.

Зияткерлік жекеменшіктің басқа нысандарынан фирмалық атау иесінің ерекше құқықтарының көлемі айтарлықтай өзгешеленеді. Егер өнертабысөа, пайдалы үлгіге, өндірістік үлгіге, тауарлық белгіге құқықты біреуге беруге болатын болса (сыйлау, сату және т.б.), онда фирмалық атауға ол егер кәсіпорын толығымен қайта құрылса немесе алынса ғана қатысты болады. Кәсіпорын толығымен алынса немесе екі немесе бірнеше заіды тұлғаларды қосы арқылы қайта құрылса онда оның жаңа иесі фирмалық атауды өзгертуі немесе бұрынғысын қалтыруы мүмкін. Бөлу немесе бөлініп шығу арқылы қайта құруда жағдай күрделірек. Біздің пайымдауымызша, болашақ жеке субъектілер бұрынғы фирмалық атауды қолдану туралы сұрақты келісім жасау арқылы шешуі керек. Келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда шешімді сот шығарады. Сот мұндай істерді қарауда өнімді тұтынушылар мүддесі мен бұрынғы кәіпорынның қызметтерін ескеруі тиіс. Фирмалық атаудың дұрыс қолданылмауынан тұтынушылар зардап шекпеуі тиіс. Әрине, тұтынушыларға таныс өнімді шығаруды жалғастыратын жаңа кәсіпорынның фирмалық атауды сақтап қалуы абзал болар еді. Егер өндірісті заңды тұлғалардың екеуі де сақтап қалатын болса, онда оларға фирманың негізгі атауын сақтап, оларды өзгешелеп тұратын сөз немесе сөздің бөігін қосуды ұсынуға болады.

 

Тауарлық белгі

 

Тауарлық белгі тауардың өзін сипаттайтын емес, оның иесімен таңдалған өзінің немесе жасаушы суретшінің қиялынан пайда болған шартты белгі. Бұларға Волга көлік зауытының шығарған көліктеріндегі белгі, «Опель» автокөлігіндегі ирек белгі, «Аэрофлот» әуе компаниясының эмблемасындағы қанаттар немесе «Люфтганза» әуе компаниясының қызмет көрсету белгісіндегі құстың белгісі мысал бола алады.

Тауарлық белгі материалдық тауарларға, заттарға беріледі, ал қызмет көрсету белгісі – түрлі қызметтерге. Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерінің атауы туралы Заңда (ары қарай – Тауарлық белгілер туралы Заң) және Азаматтық кодексте «тауарлық белгі» мен «қызмет көрсету белгісі» бір тәртіптегі категория ретінде қолданылады.

Азаматтық кодексте тек негізгі сипаттағы баптар бар, жеке реттеулерді тауарлық белгілер туралы заңнамалық актілерде қалтырған. Айтылған Тауарлық белгілер туралы Заңнан басқа тауарлық белгілер жөніндегі заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы «Жауапсыз бәсекелестік туралы» Заңы, оның 5 бабы бөтен тауарлық белгіні өз еркімен қолдануға тыйым салады; ҚР Қылмыстық кодексі, «Тауарлық белгіні заңсыз қолдану» туралы 199 бабында тауарлық белгіге біреудің құқығын бұзған үшін қатаң қылмыстық-құқықтық санкциялар белгіленген.

Мұндай қатаң реттеу азаматтық айналымдағы ақпараттық, жарнамалық, маркетингтік қызмет атқаратын тауарлық белгілердің маңыздылығын көрсетеді. Тауарлық белгілер туралы заңнаманы қатаң сақтау нақты мемлекеттің экономикасының тәртіптілігін сипаттайды, ал бизнесмендердің заңға бағынушылығын көрсетеді. Әрбір өндіруші немесе адамдарға қызмет көрсететін ұйым жарнама мен өз репутацияларын қалыптастыру үшін біршама қаражат жұмсайды. Сондықтан да уақыт өте келе тауарлық белгі фирманың қуаттылығы мен тауарының сапасын куәландыратын құндылыққа ие болады. Біреудің тауарлық белгісін қолданған тұлға біреудің еңбегіне нұқсан келтіреді, өзінің сапасыз тауарын бөтен тауарлық белгімен сата отырып біреудің атына кір келтіреді. Сондықтан нарықтық экономикада кез келген зияткерлік жекеменшік нысандарына, әсіресе, тауарлық белгілерге қатысты қарақшылық азаматтық-құқықтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ қылмыстық іс болып табылады.

Бөтен тауарлық белгіні қолдану тұтынушылар үшін қауіпті, себебі сатылатын тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді.

Ескеру қажет, тауарлық белгіні жасау оны қолдану үшін жеткіліксіз. Қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін тек тіркелген тауарлық белгі ғана жарамды. Тауарлық белгіні тіркеу үшін құзырлы мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік жекеменшік құқық жөніндегі комитет (ары қарай - Комитет). Жалпыға белгілі тауарлық белгілерді тіркеудің ережеге қатысы жоқ. Мысалы, «Кока-Кола», «Мерседес» сияқты әлемге белгілі белгілердің иелері өз белгілерін Қазақстанда тіркемеуіне де болады. Патенттік ведомство бұл белгілерді тіркеу туралы тапсырысты қабылдамайды, себебі оны ол белгілердің иесі болып табылатын фирмалардан басқа тұлғалар беріп отыр.

Тауарлық белгілер туралы жоғарыда көрсетілген Заңнан басқа республикада патенттік ведомствомен бекітілген және ҚР Әділет министрлігімен тіркелген «Тауарлық белгі мен куәлікті беруді тіркеуге тапсырысты дайындау және беру ережелері» бар.

Тауарлық белгіні тіркеуден бас тартудың себептері көп, олардың негізгілерін атап өтейік. Атап айтқанда, Тауарлық белгілер туралы Заңның 6 және 7 баптары шындыққа жаптайтын және тауар мен оны шығарушыға қатысты адасушылыққа алып келетін; өзінің мазмұны бойынша қоғам мүддесіне, адамгершілік қағидаларына қайшы келетін мемлекеттік елтаңба, ту және эмблема; халықаралық немесе үкіметаралық ұйымдардың толық немесе қысқартылған атаулары; ресми бақылау және кепілдік мөрлер; олимпиада таңбасы; наградалар немесе басқа ерекше белгілер; белгілі бір тауар түрінің таңбасы ретінде жалпыхалықтық қолданысқа енген; көпшілік қабылдаған белгілер мен терминдер; тауардың сапасын, санын, түрін, қасиетін, мәнін, құндылығын, сонымен қатар оның шығарылған және қолданысқа берілген жері мен уақытын көрсететін; тіркеу талап етілетін тауардың нақты немесе сызбалық бейнесін көрсететін; ерекше түстегі белгілерді ұсынатын және кейбір басқа негіздерді көрсетеді.

Тіркелінетін тауарлық белгінің белгілі бір дәрежедегі жаңашылдығы болуы қажет, бірақ бұл талап Тауарлық белгілер туралы Заңда айтылмаған. Оған қоса тауарлық белгінің жаңашылдығы басқа ұқсас тауарларға қатысты емес, жекелеу құралдарына қаытсты да болуы тиіс.

«Тіркеуден бас тартуға басқа негіздер» ретінде Тауарлық белгілер туралы Заң атап айтқанда, егер тіркеу зияткерлік жекеменшіктің басқа нысандарының – тіркелген тауарлық белгілер, өндірістік үлгілер, фирмалық атаулар, қорғалатын жеке мүліктік емес (аты, тегі, бүркеме аты) және авторлық (шығарма атауы немесе оның үзінділері) құқық иелерінің құқықтарының бұзылуына алып келетін жағдайларды атап көрсетеді.

Тауарды тіркеу кезінде бұл талаптар бұзылған босла онда мұндай тіркеу сот тәртібінде жарамсыз деп танылуы мүмкін. Шынайылық туралы сұрақтың шұғыл шешілуі үшін, сонымен қатар біршама күрделі сот дауларын қарауды жеңілдету үшін Тауарлық белгілер туралы Заң тиісті өтініштерді сотқа дейін Патенттік ведомствоның Аппеляциялық кеңесімен қарауын енгізген. Аппеляциялық кеңес шешімімен келіспеген жағдайда тұлға оның шешіміне сотқа шағымдануына болады.

Тіркеуге қатысты аталған кеңес пен соттың шешімі тауарлық белгіні тіркеуден бас тартудың ерекше негізі болып табылады. Одан басқа құқықтық қорғауды тоқтатудың басқа да қалыпты негіздері болады, атап айтқанда, куәліктің 10 жылдық жарамдылық мерзімі өткен және осы мерзімді келесі он жылға ұзартпау, тауарлық белгі куәлігінің иесінің оның жарамдылығын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген жағдайда, заңды тұлға – құқық иесі жойылған-ликвидация жағдайда.

Тауарлық белгілер туралы Заң талаптарына сәйкес тауарлық белгіні тіркеу нәтижесінде өтініш иесі Тауарлық белгіні тіркеу туралы куәлік алады, оның жарамдылығы 10 жыл. Тауарлық белгіні қорғаудың ерекшелігі бұл куәлік 10 жылға дейін шектеусіз ұзартыла беруі мүмкін. Мысалы, швейцариялық шоколадтың және ірімшіктің жеке сорттарының, француз иіссулары мен әтірлердің, сонымен қатар олардың қаптамаларының, ағылшын тоқымасының және т.с.с. тауарлық белгілері оларды ондаған елдерде екі жүз жыл бойы қорғап келеді. Көп жағдайда ерекше бұйым алғашында өнертабыс немесе қндірістік үлгі ретінде қорғалып, кейін мұндай нысандарды қорғау мерзімдері аяқталғаннан соң тауарлық белгілер қатарына ауыстырылып, шектеусіз қорғала береді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1709 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2212 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.