Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Алынған мәліметтерді талдау әдісі




Сонымен, осындай әдістер арқылы жиналған алғашқы социологиялық ақпараттар талданып, қорытылып және ғылыми интерпретацияланады. Респонденттердің барлық жауаптары (анкета, сұхбат бланкілері) алдымен тексеріліп, математикалық жағынан өңделіп, зерттеуде берілген қажетті түрлеріне қарай топтастырылады.

Қорытындылау нәтижелері социологиялық ақпараттар деп аталады. Социологиялық ақпараттар номиналдық белгісіне (қызметі, жасы, ұлты), рангалық шкала белгісіне (еңбек сипаты бойынша: дене және ой еңбегі), сандық белгісіне (жас ерекшелігі бойынша топтасқан адамдар, 18-20, 20-25, 30-35 т.б.) қарай топтастырылады.

Топтастырылған анкета математикалық статистика көмегімен жүргізіледі. Зерттеудің жалпы логикасы статистикалық мәліметтерді социологиялық мәліметтерге айналдыру болып табылады. Сандық нәтижелер социологиялық мәліметтерден тұратын табуляграмма түрінде алынуы мүмкін.

Соңынан социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша есеп құрастырылады. Ол есеп ғылыми қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлімінде зерттелінетін проблема, сұрыптау сипаты, ақпараттар жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны көрсетіледі. Екінші бөліміндегі зерттеу объектісі әлеуметтік-демографиялық белгісіне қарай сипатталады. Ал есептің келесі бөлімі бағдарламада көрсетілген болжамдарға жауап іздеуге арналады. Есептің тіркемелері бағдарлама, жоспар, анкета немесе сұхбат бланкілері, компьютерлік таблицалар, кестелерден т.б. тұрады.

Қорытындылай келгенде, социологиялық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ғылыми негізделген комплексті кешен ретінде сипатталады. Ол зерттеудің мақсаты қоғамға қатысты жаңа білімдерді алу үшін қолданылады. Яғни, әлеуметтану зерттеуі – қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын және жеке ғылымдарды арнайы және нақты әлеуметтік зерттеуге қатысты жалпытеориялық және әдістемелік негіз рөлін атқарады.

Қайталау үшін сұрақтар:

1. Анкета мен сұхбат жүргізу әдістері туралы не білесіз?

2. Бақылау мен тәжірибе жүргізу әдістері туралы не білесіз?

3. Құжаттарды талдау әдісі?

Негізгі әдебиеттер:

1. Социология (жауапты ред. Ә.Нысанбаев). – Алматы: 2002 ж

2. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии. – Алматы, 2000 г. 233-246 б.

3. Рабочая книга социолога. – М., 1989 г.

4. Социология (под ред. проф. В.Н.Лавриненко) М., 2000 г. 339-384 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Здравомыслов А.Г. Методология и процедура социологических исследований. М. Мысль, 1969

2. Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований. – М., 1981 г.

 

Дәріс тақырыбы: Қоғам және әлеуметтік өзара әрекеттер

Дәрістің мақсаты: Қоғамның қалыптасып даму заңдылықтарын, әлеуметтік байланыстарды оқу арқылы ондағы адамдардың рөлі мен қызметі туралы түсіндіру.

1. «Қоғам» ұғымы. Қоғамдық даму теориялары.

2. Аграрлық, дәстүрлі қоғамдардың сипаттамасы.

3. Қоғамның индустриалдық даму теориясы. Жаһандық даму

Қоғам – адамдар жиынтығы, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, олардың мінез-құлқын анықтайтын ерекше әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың болуымен, тұрақтылық пен тұтастықтың, өзін-өзі дамытудың болуымен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан өзара байланыс формаларына бірігуі.

Әлеуметтік жүйе – тұтас құрылымдық бірлік, оның негізгі элементтеріне адамдар, олардың топтары мен қауымдастықтары, байланыстар мен өзара әрекеттер, әлеуметтік құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар жатады.

Әлеуметтік топ – жеке адамдардың бірлескен, ынтымақтасқан әрекетті жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың, олардың бірлестіктерінің әлеуметтік өзара әрекетінің негізгі бір формасы.

Әлеуметтік қауымдастықтар өмірлік іс-әрекеттерімен, қандай да бір топқа қатысты өзара байланысатын индивидтерімен, тарихи қалыптасқан территорияға жатуымен, өзара іс-әрекет ететін индивидтердің, топтардың әлеуметтік институттарға қатысымен сипатталатын адамдар жиынтығы.

Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтік ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар.

Индустрияға дейінгі қоғам – даму факторы ауыл шаруашылығымен айқындалады, сондықтан оны аграрлық қоғам деп те атайды. Аграрлық қоғам – натуралды ауыл шаруашылығы мен сословиялық иерархияның үстемдігімен, әлеуметтік саяси өмірде дін мен армияның шешуші рөлімен сипатталатын қоғам дамуының индустриялдық қоғамға дейінгі тарихи сатысы.

Индустриялдық қоғам – қоғам дамуының тарихи сатысы, оған жоғары деңгейдегі өнеркәсіп өндірісі, оны механикаландыру, дамыған еңбек бөлінісі және оның мамандандырылуы, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін қолдану, әлеуметтік-саяси өмірді ұйымдастыруда ілгерілеу, икемділік және ашықтық тән.

Постиндустриялдық қоғам – адамзат қоғамы дамуының үшінші сатысы, әлемдік көпшілікке олардың болашағын көрсетіп, қазіргі ғылыми технологиялық, басқа да төңкерістердің қол жеткен табыстарымен және келешегімен байланысқан әлеуметтік өзгерістерді сипаттайды.

Әлеуметтік байланыс – бір жерде, бір уақытта өмір сүріп жатқан адамдардың алға қойған мақсаттарына жету жолындағы бірлескен іс-әрекеттеріне жағдай жасайтын барлық факторлардың жиынтығы

Дәріс тезистері:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1754 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2281 - | 2078 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.