Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты тану құралы ретінде




Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:

- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;

- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;

- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

1) дайындық кезеңі – бұл кезеңде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Онда тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі

2) жорық кезеңі – (немесе алғашқы әлеуметтік мағлұматтарды жинау кезеңі) мағлұматтарды «алаңнан» (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден т.б.) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі тәсілдер көмегімен жиналады.

3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде - жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады.

4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі – қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау барысында аладын ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, парадокстар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың нәтижелері айқындалады.

Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді үш топқа бөлуге болады:

1) барламалық социологиялық зерттеу - өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық сапасын тексеруге арналады. Бұнда болашақ негізгі зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының шекаралары нақтыланады, зерттеуде кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады, мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды.

2) сипаттамалық социологиялық зерттеу – социологиялық талдаудың күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс және оның құрамдас бөліктері жайлы толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін пайдаланады.

3) талдамалық социологиялық зерттеу – зертеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттаумен қатар, оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігіне себепші болатын құбылыстарды анықтайды.

Социологиялық зерттеулердің бағыттары:

- панельдік зерттеу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы бірдей уақыт аралығы арқылы қайта тексеріледі.

- лонгитюдтік зерттеу қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелуі болып табылады.

Панельдік, әсіресе, лонгитюдтік қайта зерттеудің барлық түрлерін жүргізу барысында компьютерлік мәліметтер базасын құру және арнайы бағдарламалық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, алынған материалдарды өңдеу олардың нәтижелігінің басты шарты болып табылады.

Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі әлеуметтік мәселелерді шешудің нәтижелі болып табылады. Социологиялық мониторинг – келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе.

Тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жаңаша ұйымдастыру - социологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін арттырудың аса маңызды бағыты және қазіргі заманғы әлеуметтік мониторингтің негізгі міндеттерінің бірі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1478 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2176 - | 2134 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.