Тауар және қызмет өндірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
1. Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері:
а) өнімнің жеке түрі;
б) жалпы кәсіпорын деңгейінде.
2. Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің микроэкономикалық көрсеткіштері.
3. ҚР-дың барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің микроэкономикалық көрсеткіштері.
Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэконимкалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:
а) натуралды түрде – дана, килограмм, жұп және т.б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді;
ә) шартты-натуралды түрде – берілген түрдің әр түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады;
б) ақшалай түрде – кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сипаттамасы.
2. Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері:
а) шығару (ІІІ);
ә) жалпы қосылған күн (ЖҚҚ);
Шығару көрсеткіші өндірістің бастапқы сатысын көрсетеді.
Өнім шығаруды есептеудің жалпылама әдістемесі:
1) жалпы қосылған күн – аралық тұтынудың қосындысы ретінде;
2) сатылған өнімнің құны – дайын сатылмаған өнім қорының өзгерісі мен аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің қосындысы ретінде;
3) сатылмаған дайын өнім құны және аяқталмаған өндіріс қорының өзгерісініңқосындысы ретінде;
4) нарықтық және нарықтық емес өндірісте шығарылған өнім құнының қосындысы ретінде;
5) тауар және қызмет өндірушілер шығарған өнім құнының сомасы ретінде;
6) өнімдердің құрамдас элементтерінің сомасы ретінде;
7) берілген календарлық жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері өндірген өнім құнының сомасы ретінде еспетеуге болады.
Жалпы қосылған күн шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмасына тең болады: ЖҚҚ = Ш-АТ. Жалпы қосылған күн аралық тұтынуды есептемейді, бірақ осы көрсеткіштерге негізгі капиталдың тұтынуы қосылғандықтан, ол «жалпы» деп аталады. Экономиканың барлық салаларпында жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі жүргізіледі.
Өнеркәсіп өнімі кәсіпорынның тауар түріндегі, не болмаса өнеркәсіп сипатындағы жұмыстар мен қызметтер, өнеркәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей тиімді нәтижесі болып табылады. Өндірістік қызмет көрсетулер және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар көбінесе өнімнің бөлшекпен жоғалған тұтыну құнын қалпына келтіреді.
Өнеркәсіп өнімі туралы анықтамадан келесі жағдайлар туындайды:
Біріншіден, өнеркәсіп өнімі – кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады, яғни еңбек жұмсалған өнім. Сондықтан, егер де кәсіпорынңв келіп түскен шикізат басқа жаққа өңдеусіз сатылатын болса, онда ол осы кәсіпорын өнімінің көлеміне кірмейді.
Екіншіден, кәсіпорынның барлық қызметі емес, тек қана өнеркәсіптік- өндірістік іс-әрекетінің нәтижесі ескеріледі. Бұл дегеніміз - өнеркәсіптік емес сипаттағы өнім, мысалы, қосалқы ауылшаруашылық өнім, асхана, үйлер мен ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, дәріхананың медициналық қызметі өнеркәсіп өніміне кірмейді, олар экономиканың басқа салаларындағы өнімнің құрамында ескеріледі.
Үшіншіден, қатысты мақсаттан шығатын кәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей нәтижесі анықталады.
Төртіншіден, бекітілген талаптармен қанағаттандырылатын және тікелей мәні бойынша пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік өндірістік қызметтің пайдалы нәтижесі өлшенеді.
Өнеркәсіп өнімінің құрамдас элементтері:
- салалар классификаторында «өнеркәсіп» саласына жататын дайын өнім;
- жартылай фабрикаттар;
- аяқталмаған өндіріс;
- кәсіпорын орындаған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар: өнеркәсіп бұйымдарын, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды, киімдерді және т.б. жөндеу;
- өзінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жеке меншік құрал-жабдықтар мен көлік құралдарын күрделі жөндеуден өткізу және т.б. жұмыстар үшін басқа жақтың тапсырысы бойынша орындалған жекелеген операциялар;
- қосалқы шаруашылықтар өнімі (электроэнергия, газ, су);
- өндіріс және қайта өндеу.