Баға дегеніміз – тауар құнының ақшалай көрінісі. Ал тариф – қызмет көрсету құнының ақщалай көрінісі. Бағаны қалыптастырудың негізін өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер, сондай-ақ экономиклық циклды іске асыруға арналған кәсіпорынның табысы мен пайдасы құрайды.
Баға статистикасының міндеттері:
Тауар мен қызмет көрсету бағасын статистикалық зерттеудің міндеттері:
1. Тауар мен қызмет көрсету бағасына статистикалық бақылауды ұйымдастыру.
2. Тауар мен қызмет көрсету бағасын тіркеу. Баға туралы ақпарт жинау, оны республика аумағында жариялау.
3. Бағаның, инфляциялық процестердің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау.
4. Ішкі және ұлттық экономикада, тауар мен қызмет көрсетуді және экспорт пен импортты бағалауда бағаны пайдалану.
5. Аймақтық және республикалық деңгейдегі орташа бөлшек сауда бағасын және индексін есептеу.
6. Бөлшек сауда бағасының динамикасы мен деңгейіне әсер ететін факторларды статистикалық зерттеу.
7. Тұтынушының орташа бағасын және тұтынушы бағасының индексін өмір деңгейінің өлшемі ретінде есептеу.
8. Тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын бағаларды халықаралық, аймақтық деңгейде салыстыру.
Статистикалық органдардың экономикалық есептеулерінде және аналитикалық жұмыстарында барлық институционалды бірлік, экономика секторлары арасындағы операция рыногының келісім жасау сәтінде жүретін ағымдағы нарықтық бағалар қолданылады.
Ағымдағы нарықтық бағалардың көмегімен өндірілген, пайдаланылған және өткізілген өнімнің жалпы мөлшері анықталады; экономиканың секторлары мен салалары шегіндегі оның құрылымы есептеледі. Ағымдағы нарықтық бағаларға жататындар:
1. факторлық құн;
2. негізгі баға;
3. өндірушінің бағасы;
4. сатып алушының бағасы;
5. «ФОБ» бағасы;
6. «СИФ» бағасы;
Әр ағымдағы нарықтық бағаның ұғымы және оның құрамы
Есеп берулер мен шоттардағы операцияларды тіркейтін бағалар:
Факторлық баға (ФБ) – тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы:
ФБ=АТ+НКТ+ЖП(ЖАТ)
мұндағы: ЖП – экономиканың жалпы пайдасы;
ЖАТ – жалпы аралас табыстар.
Негізгі баға (НБ) -өнімдерге төленетін салықты қоспағанда (ҚҚС пен импорт салығынан басқасы),бірақ өнімдерге субсидия, жәрдем ақшаны қосқанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы.
Өндірушінің бағасы (ӨБ) – ҚҚС және импорт салығынан бөлек өнімдерге төленетін салықтарды қосқанда және өнімдерге субсидияны қоспағанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы.
Негізгі баға мен өндірушінің бағасы арасындағы өзара байланыстар:
а) ӨБ = НБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) = НБ + өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) - өнімдерге субсидия;
б) НБ = ОБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) = ОБ - өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) + өнімдерге субсидия,
Мұндағы: ТС – таза салықтар.
Тұтынушының нарықтық бағасы (ТНБ) - өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы.
ТНБ = ӨБ + СКҮБ,
мұндағы: СКҮБ – сауда – көліктік үстеме баға.
Есептеулерде тауар мен қызмет шығарылымдары негізгі және өндірушінің бағасында бағаланады. Сондықтан да келесі түзетулер жасалады. Берілгендерді сәйкес түрге келтіру үшін шығарылымды бір бағада қайта есептеуді іске асырады.
Кедендік статистика тауарлар экспортын ФОБ бағасымен (экспорттаушы елдің порты), ал тауарлар импортын СИФ бағасымен (импорттаушы елдің порты) есептейді.
«ФОБ» ағылшынның «fob» сөзінен шығады, яғни «бортта боссың» дегенді білдіреді. «ФОБ» бағасына мына компоненттер кіреді:
- өндіруші бағасымен есептелген тауардың бір бірлігінің құны;
- экспортер елдің шекарасын кесіп өткен кезеңдегі тауарлар мен байланысты барлық қызметтер құны, атап айтсақ: тауарды жеткізу, сақтандыру, сақтау, кейінгі тасмалдау үшін тауарды тиеу;
- төменгі экспорттық баж салығы мен алынған салықтық жеңілдіктер айырмасы
«СИФ» те ағылшынның «cif» сөзінен шығады, яғни бұл – «құн, сақтандыру», фрахты «тасмалдау» дегенді білдіреді.Сиф бағасы тауар бірлігінің құнын жәнежеткізілетін орынға дейінгі тауарды тасмалдау, сақтандыру мен байланысты барлық қызметтер құнын қамтиды.