Лекции.Орг


Поиск:




Лімдік кестесінің құрылымы




Х 1x dx qx Px Ex
      0,04060 0,09540 68,59
      0,00840 0,99160 70,48
      0,00161 0,99839 53,57
      0,00360 0,99640 35,65
      0,00381 0,99619 34,78
      0,00400 0,99600 33,91
      0,00421 0,99579 33,05
      0,00440 0,99560 32,18
      0,00461 0,99539 31,32

 

Кестенің бастауышы X – халықтың бір жылдық қайтарымды топтары. Баяндауышы 1х - әрбір берілген жасқа дейін өмір сүріп жатқандардың саны, яғни 100000 ішінен бір мезетте туған қанша тұлғалар 1 жасқа, 2 жылға... 20... 50 жылға және т.с.с. дейін өмір сүруі;

dx - Х жастан Х+1 жасқа өткен кездегі өлгендер саны, қаншасы берілген жасқа дейін өмір сүргенін, яғни келесі жасқа дейін өмір сүре алмағандардың санын көрсетеді;

qx = dx/1x Х жастағы өлім ықтималдығы, келесі Х+1 жасқа дейін өмір сүре алмағандар;

px =(1x+1)/1x келесі жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы;

ex- алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, осы жасқа дейін өмір сүрген бір адамның алдағы орташа өмір сүру жасы.

Нетто ставкадан және жүктемеден тұратын сақтандыру тарифі брутто- ставкаға тең. Нетто- ставка сақтандыру өтемақысын немесе сақтық қамтамасыз етуді төлеуге арналған. Нетто- ставка сақтандыру тәуекелінің құнын көрсетеді. Жүктеме сақтандырушынының үстеме шығындарын жабуға қажет, оған тек сақтандырушының шығындары ғана емес, сонымен қатар алдын алу шараларының резерві және табыс элементі кіреді.

Сақтандыруда сақтандыру тарифтерінің 3 – түрі қолданылады:

- орташа;

- дифиренциялды;

- жеке.

Орташа сақтандыру тарифтері сақтандыру жиынтығына кіретін объектілердің жеке индивидуалды ерекшеліктері сақтандырушыға қызықтырмаған жағдайда қолданылады. Орташа тарифті сақтандыру сомасының залалы тұрақты деңгейінде мақсатқа сай қолданылады, өйткені залалдың өсімді болған жағдайда кезең соңында орташа тариф қажеттіден төмен болады және сақтандырушыға сақтандыру өтемін төлеуге қаражаттар жетпеуі мүмкін. Орташа тариф міндетті сақтандыруда да қолданылады, ол сақтандырушыға жататын біртекті объектілер көпшілігін қамтитін бас шарттарды жасасуда пайдаланылады.

Анықталған белгілері бойынша топтарға біріктірілген нақты объектілер мен тәуекелдерге арналған сақтандыру жарнасының қойылымын білдіретін сараланған (дифференцияланданған) сақтандыру тарифі жиі пайдаланылады. Мысалы, мұндай топтастыру табиғи жағдайы әртүрлі аудандарды ұқсас құрылыстарды сақтандыруда қажет. Шетел мемлекеттерінде сараланған тариф автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруда пайдаланады.

Жеке (индивидуалды) тарифтер 2 түрлі болуы мүмкін:

- тиісті сақтандыру қызметінің қауіптілік дәрежесіне сүйене отырып, нақты экономикалық есептеу түрінде;

- жеңілдіктерді (бонустар) немесе үстемақылар (манустар), қолдану арқылы құралатын тарифтік қойылым түрінде.

Бұл жеңілдіктер анықталған және сараланған тарифтерде белгілі бір сақтанушы тәуекелінің экспертті немесе статистикалық бағаларының төмендеуі немесе көтерілуіне сүйене отырып қоладанылады.

Жеке тарифтерді есептеу өте күрделі және статистикалық мәліметтердің жеткіліктілігіне сүйенеді, алдын ала метематиклық және экономикалық талдау жүргізуді талап етеді. Мұндай тарифтерді пайдалану типтік емес тәуекелді ала үлкен объектілерді сақтандыруда ақталады.

Тарифтік қойылымының таза сыйақыға есептегенде тиісті үстемақылардың басты бөлігі – істерді жүргізу шығындары. Мұнда сақтандыру шартын жасау мен қызмет көрсету шығындары кіреді. Себебі қызметті атқаруға әсер ететін көптеген факторлар бар, бұл шығындарды нормалау бойынша жалпыға бірдей кепілдеме жоқ. Сақтандыру тәжірибесінде сақтандыруға қойылған ішкі қызмет істері және сақтандыру қоғамының сыртқы желі істерінің шығындарын айыра білу қалыптасқан.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі шығындарға бөлуге болады. Істерді жүргізуге өзгермелі шығындарды бөлек сақтандыруға (сақтандыру түрі, бөлек сақтандыру полисі) жатқызуға болады. Тұрақты шығынды бөлек сақтандыруға жатқызуға болмайды. Олар жасалған сақтандыру шарттарының бүкіл портфеліне жүктелуі керек. Тұрақты және өзгермелі шығындар іс-әрікет мерзімі бір жылдан астам сақтандыру шарттарының актуарлы есептеулерінде қолданылады. Салыстырмалы тұрақты шығындар сақтандыру қызметінде тербелістерге тәуелсіз, яғни берілген сақтандыру ұйымы персоналдық жұмыс бастылық деңгейінен тәуелсіз. Сақтандыру қойылымын есептеуде сақтандыру жарналары сақтандыру сомасы және өтеу мерзімін жауып қана қоймайды, сонымен қатар сақтандыру ұйымын ұстау шығындарын ескеру керек. Сонымен байланысты қызметті жүргізу шығындарын келесідей жіктеуге болады:

- ұйымдастырушылық;

- аквизициондық;

- инкассациялық;

- ликвидациялық (тарату);

- басқару.

Ұйымдастырушылық шығындары - сақтандыру қоғамын құрумен байланысты. Олар сақтандырушының активтеріне жатқызылады.

Аквизициондық шығындар – сақтандыру агенттігінің делдалдылығы арқылы жаңа сақтанушыларды тарту және жаңа сақтандыру шарттарын жасау мен байланысты сақтандыру компаниясының өндіріс шығындары. Инкассациялық шығындар - қолма-қол ақша айналымын, сақтандыру төлемдерінің түсімдеріне қызмет көрсетумен байланысты. Олар сақтандыру төлемдерін қабылдау туралы квитанция құжаттарын және есеп құжат тізімдерін жасау шығындары.

Тарату шығындары – сақтандыру оқиғасы залалын жою шығындары. Оларға таратушылардың (зиянды таратумен айналысатын тұлғалар) еңбек ақысын төлеу, куәгерлік, сот шығындары, пошта – телеграф шығындары, сақтандыру өтемін төлеу шығындары кіреді.

Басқару шығындарын - жалпы басқару шығындары және мүліктік басқару шығындарына бөлуге болады. Олардың үлкен бөлігі берілген сақтандыру компаниясының жұмыстылық деңгейіне тәуелді. Сақтандыруды ұйымдастыру кешені, ақпараттық – аналитикалық, сақтандырушыларға қолайлығын, тартылымдығын және сақтандырушы операциялары табыстылығын қамтамасыз ететін тарифтік анықтамаларды қолдану әзірлеуге бағытталған экономикалық шаралар маңызды роль атқарады. Тарифтік саясат келесі қағидаларға негізделеді:

- Тарифтік саясаттың бірінші қағидасы ретінде елде сақтандыру қатынастарының баламалылығын айтуға болады. Ол нето-ставканың зиян ықтималдығына максималды сәйкес болуы керек. Тарифтік қойылымдар аумақтық бірлік маштабының 5-10 жылға белгіленеді. Осы масштабта белгіленген кезенде төлем түрінде төленген сақтандыру жарнасының қайтарылуы керек. Баламалық қағидасы зиянының тұйықталған үлестірме жүйесі ретінде сәйкес келеді.

- Тарифтік қойылымдардың қол жететіндігі сақтанушылардың саны және сақтандырылған объектілерінің мөлшеріне тура тәуелді болады. Неғұрлым сақтандыруда сақтандырылған тұлғалар және объектілер көп болса, соғұрлым әр адамға зиян үлестірмесінің кіші үлесі жетеді. Ол тарифтік қойылымды төмендетеді және сақтандыруға кол жеткізеді.

- Сақтандыру тарифтері мөлшерінің ұзақ уақыттағы тұрақтығы. Егер сақтандыру тарифтері көптеген жылдар аралығында өзгермесе, онда сақтанушыларда сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығына сенімділік артады. Егер сақтандыру сомасының залал көрсеткіштері төмендесе тарифтер өзгермеген жағдайда сақтандыру жауапкершілігі көлемін арттырған жөн. Шығындардың тұрақты өсу жағдайында тарифтер көтеру сонгы іс-шара болып табылады. Сақтандыру сомасының шығындылық көрсеткіштерін төмендету арқылы сақтандыру жауапкершілік қөлемін ұлғайтуға қол жеткізіледі. Сақтандыру жауапкершілігі – сақтандырушының сақтандыру сомасын немесе сақтандыру өтемін төлеу міндетті. Заңмен немесе сақтандыру шартымен белгіленеді. Сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен, яғни сақтандыру тәуекелдерінің белгілі тізбесімен сипатталады - сақтандыру жағдайы болған уақытта төленетін төлемдермен. Сақтандырудың нақты объектісіне қатысты қауыптың тізбесіне байланысты, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі нақтыланады.

- Сақтандыру жауапкершіліктің көлемін кеңейту, егер оны қолданыстағы тарифтер мүмкіндік берсе жүзеге асырылады. Сақтандырушы қызметінде бұл қағиданы сақтау басыңқы, өйткені сақтандыру сақтандырушының мүдделеріне сәйкестілігі арта түседі. Сақтандыру жауапкершілігін кеңейту сақтандыру сомасының залал көрсеткіштерін төмендету арқылы қамтамасыз етіледі.

- Сақтандыру операцияларының өзін-өзі өтеуін және табыстылығын қамтамасыз ету. Есептелген және тарифке сәйкес сақтандыру жарналары, сақтандыру төлемдерінің мөлшерін және табыстардың шығыстарға қарағанда белгілі бір мөлшерде арттыруын қамтамасыз етеді. Бұл артықшылық тарифтік ставкаға жоспралы түрде жүктеме салынуы мүмкін. Бірақ, егер қолайлы жылда сақтандыру сомасының нақты залалы қолданыстағы нетто-ставкадан төмен болса, онда үнемділік екі бағытқа бөлінуі керек:

а) сақтандырушының босалқы қорына;

б) пайданы толтыруға.

Сақтандыру тарифін есептеудің негізінде сақтандырудың келесі белгілері жатады:

- зиянның тұйық үлестірмесі;

- төлеуге арналған (нетто-төлемдер) сақтандыру төлемдерінің қайтарылымдығы

Бұл белгілер мынадай теңдікпен көрсетіледі:

П=В, мұндағы В-төлемақылар; П-төлемдер

Нетто – ставканы есептеу осы теңдікке сүйенеді. Теңдік тек есептеу мезетінде жұмыс істейді. Осыдан кейін бұл теңдік бұзылады, өйткені тәуекел мен шығындар үздіксіз өзгереді. Бағалар алдын ала және нақты шығындар негізінде белгіленетін қоғамдық өндіріс пен қызмет саласымен салыстырғанда сақтандыру сыйақылары сақтандырушының нақты төлемдеріне сәйкестігі сирек кездеседі. Сақтандыру залалы да, сақтандырушының шығындары да – болжамды көрсеткіштер. Үлкен сандар заңы аз мөлшерде көрінетін кіші жиынтықтарға үлкен дәрежеде қатысты. Сақтандыру жарналарын есептеудің екі жүйесі қалыптасты: кейінгі және алдыңғы. Кейінгі жүйенің мәні сақтандыру қатысушыларының біреуіне тиген заянды, барлық қатысушылраға үлестіру. Залалды бөлу сақтандыру оқиғасы болғаннан кейін, зиян сомасы белгілі болған кезде. Қазіргі бұл талап сирек қолданылады. Қазіргі уақытта сақтандыру жарналарын төлеуде алдыңғы нысан пайдаланылады, яғни тарифтер негізіндегі.

Тарифтерді есептеудің келесі кезеңдерің атап айтуға болады:

- Сақтандыру жиынтыққа кіретін бөлек объектінің есептеу бірлігін анықтау. Бұл бірлік натуралдық, сонымен қатар бағалық мазмұнда болады. Бұл бірлік бөлек аймақта, жалпы мемлекетте және т.б. бойынша қарастырылуы мүмкін.

- Берілген есептеу бірлігінің тәуекел деңгейін анықтау. Ол экономикалық статистика арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде жалпы және белгілі бір уақыт мезетіне сақтандырылатының ықтималды төлемдер көлемі есептеледі.

- Содан кейін жиынтыққа кіретін әр есептеу бірлігіне түсетін тәуекелдің бір бөлігі ретінде орташа өлшемі белгіленеді. Бұл сатыда, тәуекел бірлігінің орташа статистикалық ықтималдығы және әр объектінің берілген оқиғаға ерекше тәуелділігінің нетто-қойылымының тәуекел бөлігі есептеленеді.

- Тәуекел ауытқуына әсер ететін факторларды және қажеттілігі болса тәуекел үстемесін анықтаймыз. Тәуекел үстемесін есептеудің бірнеше тәсілі бар -дисперсия тәсілі, стандартты ауытқу тәсілі;

- Нетто – қойылымды қалыптастыру: сақтандыру сомасының орташа залалдығының қажеттігі бойынша тәуекел үстемесін қосамыз, яғни толық нетто- қойылымды қалыптастырамыз.

- Берілген сақтандыру түрінің операциялары бойынша өзіндік құнын бейнелейтін жеткілікті сыйақыны анықтаймыз. Ол іс жүргізу шығындарына қосылған нетто-қойылымға тен.

- Қажетті емес, бірақ мақсатқа сай болатын әртүрлі үстемелердің жеткілікті сыйақыға қосылуының қажеттігін зерттейміз. Көбінесе мұндай үстеме тарифтің бір бөлігі болып табылатын, алдын алу шаралар қорына аударымға арналған. Қор сақтандыру оқиғаларының алдын алу шараларын жүзеге асыру көзі ретінде қызмет атқарады, яғни амалдар арқылы сақтандырудың қаржылық тұрақтылығын күшейтеді.

- Тарифтік ставкаға енгізілетін пайданың оптималды көлемі анықталады. Кейбір жағдайларда есептеме берілген кезеңде аяқталмай бірнеше сатылардан өтеді де сақтандырушы алдында тұрған әлеуметтік- экономикалық мәселелерге байланысты тариф түзетілуі мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2. 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары:

1. «Сақтандыру тарифің және «актуарлы есептеуң түсініктерінің мәнін ашыңыз?

2. Актуарлы есептердің мақсаттары мен ерекшеліктерін атаңыз?

3. Актуарлы есептеулер теорияларының негізін кім қалады?

4. Сақтандыру тарифтерінің қандай түрлерін білесіңдер?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 958 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

604 - | 608 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.