Бандитизм объектісі. Қол сұғушылық объектісі қылмыстың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып табылады. Оның қызметтік ролі екі негізгі функциямен аныкталады.
1. Объект қылмысты бағалау, оның когамға қауіптілігін анықтау, қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежелігін анықтауда шешуші роль атқарады;
2. Объект қылмысты ғылыми және зандық тұрғыдан топтарға саралауға мүмкіндік береді.
Әрекет етіп отырған Қылмыстық Кодексте объектінің жалпы анықтамасы берілмеген. Объектіге арналған арнайы зерттеулер барысында, оның, яғни объектінің көптеген сұрақтары дұрыс зерттелмеген. Қылмыстың объектісін зерттеген авторлар бір пікірмен ғана келіседі: «объект бұл қоғамдық қатынастары1.
Қаңдай қоғамдық қатынастарға тікелей және ең алдымен нұқсан келеді, бұл жайында қылмыстық құқық теориясында қылмыстың жалпы топтық және тікелей объекгісін бөліп шығару дәстүрге айналған. Жалпы объект бұл-қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Жалпы объект барлық қылмыстарға бір, оның анықтамасы мемлекетіміздегі қылмыстардың топтық табиғатын ашуға мүмкіндік береді. Топтық объект болса біртектес және бір-бірімен тығыз байланысты қоғамдық байланыстар болып табылады. Топтық объект қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның деңгейін анықтауда маңызы зор. Әдебиеттерде бандитизмнің топтық объект ретінде «Мемлекеттің басқару негіздері1 болмаса «қоғамның қауіпсіздігінің негіздері2 екенін анық көруге болады. Бірақ, бандитизмнің топтық және тікелей объектілері, оның құрылысы және мазмұны жоспарында сараланбаған.
Тікелей объект бұл- нақты қатынас немесе бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше қатынас. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға және оның әлеуметтік сипаттамасын дүрыс беруге мүмкіндік туғызады. Нақты қоғамдық қатынасты бөліп шығару өте қиын, оның элементі басқа қоғамдық қатынастікі болуы мүмкін.
Баңдитизмнің тікелей объектісінің қүрылымдық элементтерінің саралануына көңіл бөлейік.
Субъектілер. Кез-келген қоғамдық қатынастар да субъект болады, субъектісіз қоғамдық қатынаста болмайтынын дәлелдеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қоғамдық қатынастардың қатысушылары болып занды және жеке тұлғалар болып табылады. Нақты қандай қоғамдық қатынастарға құқық бұзушылық бағытталғандығы субъектімен аныкталады. Мұндай қатынастар екі жеке түлға арасында немесе занды түлға мен жеке тұлға арасында туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда субъектілердің қоғамдық қатынастардың тең қажетті элементтері екендігін естен шығармағанымыз жөн.
Бандитизмнің қылмыс ретіндегі ерекшелігі, бұл қылмыстың объектісі зиян келтіруі әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Олардың біріне қылмыс субъектісіне ықпал ету жолын жатқызуға болады. Бұндай жағдайда қатынасқа қатысушыны жәбірленуші деген атпен қарастырады.
Қылмыстық істер жүргізу заңында оған келесідей анықгама береді: «Жәбірленуші дегеніміз қылмыстың салдарынан материалдық және моральдық зиян шеккен адам.1 Жәбірленуші қылмыстың дара элементі болып табьшмайды. Жәбірленуші қылмыстық зандармен қорғалатын қоғамдық қатынастармен байланысты болатын болса, онда ол қылмыс объектісіне жатқызылады.
Объектінің жүйесінде екінші құрылымдық элемент ретінде пән табылады. Құқық бұзушылық пәні қылмыстың объектісін ауыстыра алмайды және ауыстырмауы қажет. Ол тек қана объектінің бір құрылымдық элементі ғана болып табылады.
Біріншіден, ол тек объектінің тек күрамдас бір бөлігі және екіншіден, пәнге ешқандай зиян келмеуі мүмкін, ал объектіге әрқашан зиян келтіріледі. Егер де қатынас пәнінде идеологиялық және әлеуметтік бағалықтар болатын болса, ол қылмыскердің тарапынан тікелей ыкдалын тигізбейді. Бандитизмнің пәні өзінің мазмұны бойынша күрделі сипатта болады.
Әлеуметтік пайдалы қызмет: бұл субъектілердің арасындағы, қоғамдық қатынастар арасындағы байланыс болып табылады. Субъектілердің арасындағы байланыс екі формада көрініс табады.
«Банданың тұлғаға әсер етуі екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, өмірдің болашақга жағдайлардың предписаниясы. екіншіден, топтық нақты уақытта, нақгы бір жағдайда банданың эр қатысушысына өз әсерін тигізуі. Бұл банда мүшелерінің жүріс-тұрыс, өзін ұстау ережелерін қабылдауына бағытталған тәрбиелеу процесі болып табылады. Ол уақыт шекарасымен бекітілмеген, оны еңбек қызметтік процесінде және өзінің белгілі бір мұқтаждықгарын қанағаттандыру барысында жүргізіледі. Индивидтің өз тобының ішіндегі жүріс-тұрысына бағытталған психологиялық комплексі, индивидтің топтан тыс жүріс-тұрысын анықгайтын комплекстен өзгеше болады. Топтық мүшелері мен қарым-қатынасқа түсуі түлғаның өзіне тән берілген жүріс-тұрыс белгілерін жоғалтуға алып келеді. Оның жүріс-тұрысы топта толықтай психикалық комплекспен анықталатын болады. Топтағы пайда болған қарым-қатынас ақырында Ю.М.Антонян айтқандай: «Қылмыс жасауға қатысушы түлғаның әрекетінің жоғары деңгейдеғі координациясына мүмкіндік береді. Бандаға бірлесіп қызмет жасау үшін, мақсаттарының бір болуы үшін біріккен түлғаларды қортындысында рухтық, бірліктің туыңдауына алып келеді. Қандай жағдайлар бандаға бірнеше адамның бірігуіне себеп болады. В.С.Комиссаровтың пікірінше: «банданың құрылуы, ең алдымен тұлғаның жалпы психологиялық бағытында деп есептейді. Бандитизм объективтік жағының тағы бір белгісі ол мүшелердің қаруланғандығы. Баңдитизмнің бұл белгісіне заң шығарушы қандай белгілер көрсетеді?
Банданың қаруланғандығы деп қатысушылардың қарудың (суық қару, атыс қаруы) қарулардың және әртүрлі жарылғыш заттардың болуы. Банда қаруланған деп егер қатысушының біреуінде ғана кару болса, онда ол топ міндетгі түрде қаруланған болып есептелінеді. Бірақ ол үшін банданың басқа мүшелері хабардар болуы тиіс. Банда қаруланған деп есептелінеді, егер олар шабуыл барысында қару қолданбаса да ол топ қаруланған болып есептелінеді. Қару ретінде қару, қолдануға жарамайтын қаруларды, қару есебіне жатқызылмайды. Банданың қаруланғандығы арнайы мақсаттардың болуынан туындайды. Біз қару ретінде тірі күшті жою үшін және өзге де маңызы жоқ күштерді жою үшін арналған құралдарды түсінеміз. Бандалық топтардың азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасамастан бұрын алдын-ала дайындықты қажет етеді. Ойластырылған қылмыс қаншалықты қауіпті болса, оның материалдық жағын әзірлеу банда мүшелерімен тікелей жүзеге асырылады. Бандаға қатысу банданың мүддесін көздейтін әрекеттерді жасау. Материалдық игіліктеріне, шабуыл жасау объектілерін тандау, банданы автотранспортпен қамтамасыз ету, қару-жарақпен қамтамасыз ету шаралары жатқызылады. Банданың ең алғаш кезекге тұратын мақсаты ол қаруды табуы. Бұндай жағдайда қаруды табу әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда олар қару-жарақ сататын дүкендер мен түлғаларға шабуыл жасауға дейін барады.Шабуыл жасау үшін біріккен қез-қелген қылмыстық топта әр түрлі шаруашылық заттарды иеленуі мүмкін (пышақ,балта,т.б),бірақ бүл заттардың қаупі, әрине темен болады.
Бандитизмнің тағы бір объекгивтіқ жағының белгісі бандиттік топтың азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасаудың арнайы мақсатының болуы. Мақсат дегеніміз ол әртүрлі түлғаның алдына қойған тілек арманы деп айтуымызға болады. Бандитизмнің ең басты, әрбір топтың алдына қойған мақсаты ол-пайда табуды көздеуі.