Кіріспе
Бандитизм ұғымы, бандитизм құрамын қылмыстық-құқықтық талдау
1.1 Бандитизм қылмысқа қатысушылық институтының бір нысаны ретінде
1.2 Бандитизм қылмысының объектісі және объективтік жағы
1.3 Бандитизм қылмысының субъектісі және субъективтік жағы
Бандитизм қылмыс құрамын қарақшылық, қорқытып алушылық қылмыс құрамдарымен саралау арқылы ажырату мәселелері
2.1 Бандитизм және қаруланған қарақшылық топ
2.2 Бандитизм және қорқытып алушылық
орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қылмыстық заң қоғамдық қатынастарды жетілдіруде, оларды қылмыстық әрекеттерден қорғауда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал нысанының мүмкіндігін қарастыратын қылмыстық заңды қолдану заңдылық пен құқық тәртібінің қатаң сақталуын талап етеді.
Қорқытып алушылық үшін қылмыстық жауапқа тарту мәселесі-экономикалық қатынастарды қылмыстық озбырлықтан қорғау сияқты үлкен мәселенің бір бөлігі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы 1997 жылдың 16-шілдесінде қабылданған және 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген қылмыстық кодексінен басталады. Осы кезеңнен бастап Қазақстандығы қылмыстық заңнама және қылмыстық құқық дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. ¤з кезегінде ол қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғұшылықтан қорғап қалуға, сондай-ақ заңдылық пен қоғамдық тәртіптің қатаң қадағалауына тәрбиелейді.
Соңғы жылдары елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын қылмыстардың саны өсе түсуде. Оған басты себеп экономикамыздың төмендеуі, халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі бандитизм болып табылады. Бандитизммен күресу, аддын алу, саралау мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда мемлекетіміздің президенті Н.Ә. Назарбаев 19 сәуір 2000 жылы қылмысқа қарсы күресті күшейту мәселелері жөнінде мемлекетіміздің бірқатар министрлері мен лауазымды адамдары қатысуымен болған кеңесте сөйлеген сөзінде: «Біз тұтастай алғанда базарлар мен жайма базарлардағы қарадүрсін рэкеттің жолын қидық, онда тәртіп ұлғайып келеді. Бандиттер кәсіпкерлер мен банкирлерден ашық алым талап етпейтін болды. Бірақ бүл ұйымдасқан қылмысты түпкілікті жеңе алдық дегенді тіпті де білдірмейді»[1] деді. Бұл жерде Елбасымыздың ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді тиісті органдардың басшылары мен қызметкерлеріне міндеттеп тапсырып отыр. Бұл қылмысты, яғни бандитизмнің ашылмай қалып отыруының басты себебі. Елбасымыз айтқандай: құқық қорғау органдарында «крышаларының болуы”.
Көп жылдар бойы мемлекетімізде бандитизм жоқ және болуы мүмкін емес деп есептелінді. Бола қалғанның өзінде социалистік қоғамның басқа қоғамдардың арасында беделін түсіреді деп санады. Бандитизм барлық мемлекеттерде өте қауіпті қылмыстар ретінде қарастырылды. Осыған байланысты 2000 жылдың сәуір айында 1999-2000 жыддар арасындағы бандитизм жөнінде Алматы обылысы бойынша алынған статистикалық мәліметтерге қарап көрейік. 1999 жылы және 2000 жылы бір-бірден бандитизм қылмысы тіркелген. Екі жылда да бұл қылмыс Талдықорған қаласында орын алған. Бандитизм қылмысы тіркелгенімен сол бойы аяқсыз қалдырылған. Бұл жерден біз құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өз қызметтеріне тиянақты қарамайтындығын көруімізге болады.