Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бандитизм қылмысқа қатысушылық институтының бір нысаны ретінде




Қылмыстық заң шығарушылық институттарының және нормаларының жүйесінде қатысушылық институты маңызды орын алады. Ол өзінің қызметтік ролінде қылмыстық заң шығарушылықтың жалпы мақсаттарына тәуелді болады, яғни адам мен азамат еркіндігі мен бостандығын, құқығын, меншігін, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті, қоршаған ортаны, ҚР Конститутциялық құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар қылмыстан ескерту болып табылады.

Бірігіп қатысушылық институтының ҚР қылмыстық құқығында алатын арнайы маңызын келесілерден көруге болады:

ü Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімімен қарастырылмаған қоғамға қауіпті әрекеттер түрлерін бекіту, бірақ олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әрекеттерді талап ететін;

ü жасаған әрекеттерінің жауаптылық жағдайын және қағидаларын белгілейді;

ü қылмыс жасауға бірге қатысқан тұлғаларға жаза тағайындауды анықтайтын критерийлерді құрастырады;

ü ұйымдасқан қылмыстық қызмет формаларын анықтау кезінде теориялық негіз ретінде қызмет ету.

Құқық теориясында бірігіп қатысушылық институтының тағайындалуына байланысты бірнеше көзқарас бар. Жекелеген авторлар қатысушылық институтын қылмыстық репрессияны күшейту құралы ретінде қарастыру керек дейді.

М.А. Шнейдердің пікірінше, қатыстылық «әрқашан қылмыстық қоғамдық қауіптілігін ауырлататын жағдайлар болып табылады және қылмыскердің өзінің қауіптілік дәрежесін сипаттайды1.

Ал, Л.Д. Гаухман мынандай пікірді ұстанады: «бірігіп қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың негіздеріне ешқандай ерекшеліктер туғызбайды, қылмыстық құқығы бойынша жауаптылықтың жалпы жағдайларын қолданады2.

Қылмысқа қатысушылық деп ҚР Қылмыстық Кодекстің 27 бабына сәйкес екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы болып танылады. Қылмыс жасаудың ерекше формасы ретінде қатысушылық объективтік және субъективтік белгілерінің бірнешеуімен сипатталады.

Қылмысқа бірігіп қатысушылықтың заң шығарушылық анықтамасы арнайы үш белгіден тұрады:

1. Қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы;

2. Олардың қызметінің біріккен түрде болуы;

3. Олардың қасақана қылмыс жасауға, қасақана бірлесіп қатысуы.

Алдыңғы екі белгі объективтік сипатта болады, олар қылмыстың топ қызметінің ішкі ерекшеліктерін сипаттайды, ал үшінші белгі- субъективтік белгіге жатады.

Заңға сәйкес бірігіп қатысушылар санының ең төменгі саны екі адам, екеуінің де ақыл-есі дүрыс және заңмен белгіленген жасқа жетуі қажет. Қылмысты екі адам жасады, бірақ олардың біреуінің ақыл-есі кем, екіншісі заңмен белгіленген жасқа толмаған.

Мұндай жағдайларда олар қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан бұл жерде бірігіп қатысушылық туындамайды.

Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінде қылмыстық топтарға қатысушылардың саны анықталмайды. Бұны бірігіп қатысушылық құрамының барлық жағдайларында, сонымен қатар қылмыстық топтарда бірігіп қатысушылық саны жөніндегі мәселе бірге қарастырылып шешіледі, бірігіп қатысушылық екі немесе одан да көп адамдардың әрекетінен туындайтындығымен түсіндіруге болады.

Бірігіп қатысушылық институтының фундаментальды ережесі болып, бандалық топ жасаған қылмыстарына еқі немесе одан да көп адамдарының қатысуының объективтік белгілерінде болып табьшады. Бірігіп қатысушылықтың объективтік белгісінің бірі ол қатысушылардың қызметінің бірігіп әрекет етуі болып табылады.

Заңдарды талқылау, заң әдебиеттерін талдау, сонымен қатар Жоғары Сот пленумы қаулыларының материалдары «бірігуі, бірігіп қатысушылық белгісі материалдық құрамдарда объективтік белгісін келесілерден тұратындығын анықтайды:

а) қатысушылардың органикалық байланыстары, әрқайсысының әрекеті қажетті, басқалардың қылмыстық әрекеттеріне жағдайы болып табылады;

б) олардың қылмыстық әрекеттерінің қорытындысы жалпы болып табылады;

в) қатысушылардың әрқайсысының әрекеті келтірілген кылмыс қорытындысының жалпы байланысында болып табылады1.

Қасақаналықтың интеллектуалдық элементі екі субъективтік белгісімен сипатталады.

Біріншіден, өзара мәліметтілік және екіншіден өзара келісімділік. Өзара мәліметтілік (осведомленность) қатысушылардың қасақаналық элементі ретінде, олар яғни орындаушы, көмекші және т.б. өздерінің қылмысты жалғыз жасамайтыңдығын түсінеді, бірігу барысында қылмыс жасауға басқа тұлғаларды қосу ретінде көрініс табады.

Мұндай мәліметтілік әрбір қатысушыға сонымен қатар орындаушыға міндетті болуы тиіс. Орындаушының ойластырылған әрекеттерінен хабардар болуы қатысушының, орындаушының қасақана жасалатын әрекеттерімен келісіп қана қоймай сонымен қатар онымен бірге қасақаналық әрекеттер жасауға қатысады.

Екіншіден,өзара мәліметтілік әрбір қатысушы басқа қатысушы жасайтын кез-келген әрекетті емес сонымен қатар нақты қылмыстар немесе бірнеше қылмыстар жасайтындығы жөнінде хабардар болады және оны көре біледі.

Үшіншіден, әрбір қатысушы өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатта болатындығын түсінеді, сонымен қатар қылмыстың нәтижесінде зиянның болмай қоймайтындығын түсінеді.

ҚР Қылмыстық кодекстің 31 бабына сәйкес қылмысқа қатысу нысаңдары көрсетілген. Бұл бапта қылмысқа қатысу нысанының төрт түрі көрсетілген:

а) қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс;

б) қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса ол адамдар тобы алдын-ала сөз байласып жасаған қылмыс;

в) қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың түрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс;

г) қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған, бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) немесе сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп табылады.

Бандитизм қылмысқа қатысу нысандарының төртіншісіне жатады.

Енді бандитизм үғымына тоқталып өтейік. Бандитизм бұл ҚР Қылмыстық қодексінің 237 бабының бірінші тармақшасына сәйкес азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты басқару болып табылады.

Бандитизмнің қылмыс ретінде, ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылады. Оның басты себебі- бұл қылмыс қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп негізіне, жекелеген тұлғаның денсаулығына, меншігіне, мекеме ұйымдардың қалыпты қызмет етуіне қол сұғуында болып табылады.

Банда келесі белгілермен сипатталынатын қылмыстық топ санатына жатқызылады: тұрақтылық, қаруланғандылық, құрамында бірнеше адамның болуы (кем дегенде екі адам), арнайы азаматтарға, ұйымдарға, мекемелерге шабуыл жасау мақсатында құрылуы белгілерін айтуымызға болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-09-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1074 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2316 - | 2272 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.