Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Негізгі сұрақтар. 1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы




1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

 

1. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен занды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Казақстан мемлекеті адам кұқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық куаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толык кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Казақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құкықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам кұқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік кұқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз кұқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).

Конституцияның II-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық кұқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономика-лық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).

Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құкықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында керсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.

Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық, құқықтары мен бостандықтары саналады.

Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай мынадай негізгі топтарға бәлінеді:

Саяси кұқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: аза-маттардың тең құкықтылығын бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); сайлау кұжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап); журналистің заңды кәсіптік кызметіне кедергі келтіру (155-бап); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға катысуға кедергі жасау (151-бап); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап).

Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалык кұқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы зандарды бұзу (148-бап); еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап).

Жеке кұқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап); хат жазысу, те-лефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап); дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап); азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап); ар-ұждан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап).

 

2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.

Қылмыстың қосымша тікелей объектісі адамдардың денса-улығы немесе бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстың жәбірленушісі конституциялық тең құқықтылығын заңсыз бұзған Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-баптың 4-тармағы).

Кылмыс объективтік жағынан адамның (азаматтың) кұкықтары мен бостандықтарын тегі, әлеуметтік, лауазымдык немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге катыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу аркылы жүзеге асырылады. Көрсетілген кұқықтар мен бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың (адамның) конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтқа, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бұзу (жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті үлтына, тіліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беруден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т.б. әрекеттер жатады). Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бермеу немесе басқадай түрдегі әр түрлі кемсітулер жатады.

Кылмыс құрамы формальдық. Ол осы занда белгіленген тең құқықтылықтар мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аякталған деп танылады.

Субъективтік жағынан алғанда аталған қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам азаматтық (адамның) конституциялық тең құқықтарын бұзатынын сезеді және де занда (141-баптың 1-тармағы) көрсетілген белгілер бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Кылмыстық ниет адамның құқығын ұлтына, тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың конституциялық тең құқықтылығын бұзу болып табылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе коғамдық бірлестіктің жетекшісі осы әрекеттерді жасаса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі бойынша жауаптылыққа тартылады (ҚК-тің 141-бабының 2-тармағы). Көрсетілген ауырлататын қылмыс құрамының субъектісі — арнаулы (лауазымды адам немесе коғамдық бірлестіктің жетекшісі). Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 228 және 307-баптарының ескертулерінде берілген.

Сайлау құқығын жүзеге асыруга немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап)

Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мәжіліс депутаттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең төте сайлау кұкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізеді. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауда дауыс жасырын беріледі. Республика Конституциясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бакылау жасауға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заң бойынша, оның ішінде қылмыстық құкықтык, нормалар аркылы да жазаланады.

Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдық катынастар.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау кұқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: сайлаушыларды сайлауға, референдумға катысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мәліметтер таратып, оларды өткізу жөніндегі комиссиялардың кызметіне түрлі кедергілер жасау, депутаттыққа кандидаттарды ұсынуға жол бермеу, дауыс беруге, оның нәтижелерін анықтауға әр түрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мәліметтер беруге тырысу.

Қылмыс формальдық кұрамға жатады және ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жүмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға әсері болмайды.

Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-тармағындағы әрекеттер:

а) сатып алумен, алдаумен, күш колданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;

б) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса — онда ол осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (146-баптың 2-тармағы).

Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау комиссиясының жүмысына кедергі келтіруге байланысты мүліктік немесе басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уәде беру сатып алу деп танылады.

Депутаттыққа кандидаттар жөнінде жалған мәлімдеме тарату, сайлау немесе референдум өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссиясы орналасқан жерге шабуыл жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау арқылы сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау деп танылады. Күш колдану деп жәбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тартқызу немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірулерді айтамыз.

Күш қолданамын деп қорқытуға, жәбірленушіні немесе оның жақынын өлтіремін, үйіне өрт қоямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау құқығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жұмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту осы қылмысты жасаудың тәсілі болып табылады. Осы белгілердің біреуін жасаудың өзі осы баптың "а" тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табылады.

Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттерінің түсінігі Қылмыстык кодекстің 141-бабының. 2-тармағындағы осындай ұғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2,3-тармақтарында берілген.

Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-тармағындағы қылмыстың субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.

Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы.

Қылмыстың заты — сайлау кұжаттары, сайлаушылар тізімі, дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетені және басқадай сайлау құжаттары.

Объективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.

Сайлау немесе референдум құжаттарына жалғандық жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру куәлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларына және басқа да құжаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе оларды басқаша жазу, оларға түзетулер енгізіп, қайта жасау, қолдарды жалған түрде кою, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау және референдум туралы зандарға сәйкес сайлау кұжаттарына дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама, сайлаушылардың тізімдері, сайланғаны туралы куәлік, әрбір кандидатқа арналған іс қағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын қасақана көбейту немесе азайту әрекеттері саналады.

Сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау шындыққа сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе сайланбады, сайлау немесе референдум өткізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми түрде жариялаулар жатады.

Дауыс беру құпиялығын бұзуға: сайлаушынын, дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықтау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тағы сол сияқты сайлауды өткізу заңына қайшы әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы формальдык. Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.

Аталған қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам қылмыстық кодекстің 147-бабының 1-бөлігінде көрсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және соларды жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, бастамашы топтың, сайлау комиссиясының немесе референдум еткізу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.

Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — сөз бен шығармашылық еркіндігі, косымша тікелей объект — журналистің заңды құқыктары мен мүдделері. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар делінген. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 23-інде қабылданған заңына сәйкес журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтірулер үшін заңдылық ішінде қылмыстық жауаптылық көзделгені көрсетілген.

Осы қылмыстың заты болып — акпарат мәліметтері жатады. Қылмыстың жәбірленушісі заңды кәсіби қызмет атқаратын кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін журналист.

Объективтік жағынан қылмыс журналистің занды кәсіптік кызметіне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қылмыстың мәжбүрлеу тәсілін қолдану арқылы іске асырылатындығы көрсетіліп отыр. Мәжбүрлеуге журналистке немесе оның жақындарына мүліктік зиян келтіремін, олар жөнінде қолайсыз мәліметтер таратамын деген бопсалау әрекеттері жатады. Кінәлі адам осындай мәжбүрлеу амалдарын қолдана отырып журналистің шындыққа сай ақпаратты таратуына кедергі келтіреді. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы мәжбүрлеу әрекеті істелген сәттен бастап, одан нәтиже болғанына немесе болмағанына қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам журналисті ақпаратты таратуға немесе таратпауға мәжбүрлеп отырғанын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Мәжбүрлеу мақсаты — заңның өзінде ақпаратты таратуға немесе таратудан бас тартуға мәжбүрлеу деп көрсетілген.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сондай-ақ күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (155-баптың 2-тармағы).

Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-тармағында көрсетілген ұғыммен бірдей. Яғни бұған журналистің бағынышты лауазым адамы оны ақпарат таратуға немесе таратпауға, қызметін пайдаланып мәжбүр етулері жатады. Күш қолдануға немесе оны қолданамын деп қорқытуға өлтіремін, денеге әр түрлі жарақат саламын, ұрып-сабаймын, басқа зорлық әрекеттерін жасаймын, балаңды ұрлаймын, көлігіңді айдап әкетемін деген шындығында жүзеге асатын мәжбүрлеу тәсілдері жатады.

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауга немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының Конституциясының 32-бабында көрсетілген азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы. Қылмыстың факультативтік тікелей объектісі жәбірленушілердің өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті.

Қылмыс объективтік жағынан жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу, егер бұл әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасауы аркылы сипатталады.

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергіні лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалану арқылы жүзеге асырады. Мысалы, занды рүқсат алынған митингіні, шеруді, пикетті өткізуге тыйым салу.

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға мәжбүрлеуге күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып әр түрлі тәсілдерді пайдаланған әрекеттер жатады. Жеке адамдар тарапынан да осындай қорқытулар орын алуы мүмкін.

Қылмыс құрамы формальдық және ол баптың диспозициясында көрсетілген кез келген әрекеттердің біреуін істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға катысуға зансыз кедергі жасалса ғана қылмыс қүрамы орын алады. Мұндай әрекеттерді заңсыз жүзеге асырғанда оларға кедергі келтіру заңға сыйымды, қоғамға пайдалы іс-әрекет деп саналады.

Жиналыс, митинг, шеру өткізу, пикет жасаудың тәртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актімен реттеледі.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты — жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру еткізуді, пикет жасауды заңсыз тоқтату, болдырмау немесе осындай әрекеттерге заңсыз қатысуға мәжбүрлеу болып табылады.

Қылмыстың субъектісі қылмыстың істелу тәсіліне қарай — жай немесе лауазымды адам болады.

Ереуілге қатысуга немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап)

Қылмыстық кодекстегі бұл бап мүлдем жаңа норма болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі заңмен белгіленген азаматтардың ереуілге қатысу немесе қатысудан бас тарту құқығы.

Қылмыстың қосымша тікелей объектісі азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілігі.

Қылмыстың жәбірленушісі — ереуілге мәжбүрлеу арқылы қатысқан немесе соған қатысудан бас тартқан адам.

Қылмыс объективтік жағынан адамның өз қызмет бабын пайдаланып не күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстың істелу тәсілі — күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартқызуға мәжбүрлеу болып табылады. Мәжбүрлеудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 151-бабында толық беріледі. Мұндай мәжбүрлеу лауазым адамы немесе жай адамдардың тарапынан орын алуы мүмкін. Ереуіл өткізу арнаулы нормативтік-құкықтық актімен реттеледі. Яғни Қылмыстық кодекстің 153-бабы бланкеттік диспозицияға негізделген. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңның диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі. Қылмыстың мақсаты — заңсыз ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған жай немесе арнаулы субъект (лауазымды адам).

Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап)

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Коғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді (5-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің қызметі арнаулы заң — қоғамдық бірлестіктер туралы заңмен реттеледі. Қоғамдық бірлестіктердің қызметін реттейтін коғамдық қатынастар осы қылмыстың тікелей объектісі болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қоғамдық бірлестіктердің заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып кедергі жасауы, сондай-ақ осы бірлестіктердің занды қызметіне олардың құқыктары мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып араласуы арқылы жүзеге асырылады. Яғни көрсетілген қылмыс екі түрлі тәсілмен:

1) лауазымды адамның өзінің кызмет бабын пайдаланып осы бірлестіктердің қызметіне кедергі жасауы (олардың жарғысын бекітпеу, заңды қызметіне шек қою, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңсыз тоқтатып кою); 2) лауазымды адамның осы бірлестіктердің заңды қызметіне заңсыз араласуы (қоғамдық бірлестіктерге заңсыз нұсқаулар беру, олардың қызметін бақылауға алу т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы материалдық. Лауазымды адамдардың осындай заңсыз әрекеттерінен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзу орын алады. Елеулі түрде бұзудың түсінігін Қылмыстық кодекстің 307-бабына талдау жасағанда толық береміз.

Қылмыстық кодекстің 150-бабындағы құрам лауазым адамының өкілеттілігін теріс пайдаланудың (307-бап) арнаулы түрі болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниеттермен (пайдакүнемдік, қараниеттік, кек алу, қызғаныш т.с.с) істеледі.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы. Лауазымды адамның түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінде берілген.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-08; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3281 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2307 - | 2069 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.