Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стерильдеудің термиялық немесе жылумен стерильдеудің ІІ тәсілі - бумен стерильдеу болып табылады




Жоғары температурада және ылғал қатысында жүргізіледі. Фармацевттік іс-тәжірибеде бумен стерильдеудің бірнеше әдістері қолданылады, солардың ішінде әлдеқайда сенімді, тез және үнемдісі - қаныққан су буы және артық қысыммен, атап айтқанда: 0,11±0,02 мПА (1,1±0,2 кгс/см2), температура (120 + 2) °С; 0,2±0,02 мПА (2,2±0,2 кгс/см2), температура (132 + 2) °С, стерильдеу болып табылады.

Ағынды бумен стерильдеу. 100°С температурада қаныққан су бумен жүргізіледі (ауасыз және артық қысымсыз). Ағынды бу микроорганизмдердің тек вегетативті түрін жою үшін қолданылады. Объектіде споралық түрлер болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Ағынды бумен стерильдеу - бірі термометр үшін, екіншісі бу шығуға арналған екі қуысы бар қақпақпен жабылатын цилиндр формалы металл стерилизаторларда жүргізіледі. Құтының түбіне су құяды, оның үстінде тесіктері бар тұғырық орналастырылады.

Стерильді фильтрациялау. Жылуға және радияциялық әсерге сезімтал дәрілік заттардың ерітінділері үшін, майда саңылаулы фильтрлер арқылы фильтрлеп стерильдеу әдісін қолдануға болады. Микроорганизмдердің тек қана өмір сүру қабілетін жоятын стерильдеудің басқа әдістеріне қарағанда, фильтрлеп стерильдеу ерітіндінің толығымен апирогендігін қамтамасыз етеді. Фильтрлеп стерильдеу кезінде толық таза ерітінді алу үшін, терең қабатта сүзетін және мембрандық фильтрлер сәйкес фильтрлеуші орталар қолданылады. Терең қабатты (глубинные) фильтрлер: керамикалық және фарфор (саңылауының көлемі 3-4 мкм), шыны (шамамен 2 мкм), қағазды-азбесті (1-1,8 мкм), сонымен қатар мембрандық (ультра) фильтрлер «Владипор» (0,3 мкм) және т.б. қолданылады.

Шыны микросаңылаулы фильтрлердің диаметрі 2 мкм, балқытылған шыны түйіршігінен дайындалады. Фильтрлер шыны түтікке бекітілген, диск немесе пластина формалы болады. Шыны фильтрлер басқа кіші саңылаулы фильтрлермен салыстырғанда дәріхана іс-тәжірибесінде қолдануға ыңғайлы. Фильтрлеуші пластиналарды жұмыстан соң, бетіндегі механикалық бөлшектерден аластау үшін, тазартылған су ағынында жуады.

Керамикалық және фарфор фильтрлерінің кемшілігі стерильдеу уақытының ұзақтығы, ертіндінің қалың фильтр саңылауларында жоғалуы, фильтрдің сынғыштығына байланысты микрожарықтардың пайда болуы, демек стерильдеудің сенімсіздігі сонымен қатар, фильтрлерді ұзақ қолданғанда, оларда микроорганизмдер өсіп кетуі мүмкін. Фильтрлерді ерітінді қалдығынан тазарту өте қиын, сондықтан әр ерітіндіге бөлек фильтр қолдану керек.

Қағаз-асбесті фильтр пластина түрінде, фильтрлеуші беті, (Сальников фильтрі) екі сфералық дискінің арасына қосылған металл рамадан тұрады. Басқа түрі Зейц фильтрі, ол клетчаткалы пластиналардан және саңылауының мөлшері 1-1,8 мкм болатын асбестен тұрады. Бұл фильтрлер шаншуға арналған ерітінділерді өндірісте дайындаған кезде қолданылады, бірақ емдеу-профилактикалық мекемелерінің үлкен дәріханаларында да қолданылуы мүмкін.

Микросаңылаулы мембраналық фильтрлерде бұл кемшіліктер жоқ. Олар (100-150 мкм) полимер материалынан тұратын жұқа пластиналар. Стерильді фильтрат алуға мүмкіндік беретін фильтр саңылауларының орташа мөлшері 0,3 мкм. Мембраналардың тез бітелуін болдырмау үшін, олар саңылаулары ірілеу фильтрлермен бірге қолданылады.

Қазіргі кезде әртүрлі полимерлер негізінде синтетикалық қара сағыздардан (смола) микросаңылаулы фильтрлер шығарылып жатыр. РФ экспериментальды зауытында МФА типті целлюлоза ацетатынан тұратын «Владипор» мембраналық фильтрлер жасалынды. Саңылау мөлшерлері 0,05 тен 0,95 мкм диапазонында 10 нөмірі (түрі) шығарылады.

Ультракульгін (УК) саулелермен стерильдеу. УК-сәуле микроорганизмдердің вегетативті және споралық формаларын жоюға қабілетті. Қазіргі кезде УК-сәулелері бөлме ауасын тазарту үшін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылады. Ультракүлгін радиация - толқын ұзындықтары 300 нм төмен күн сәулелерінің көрінбейтін қысқа толқынды бөлігі. УК-радиация микробтық клеткалардың ферментік жүйелерінің фитохимиялық бұзылуын тудырады, клетка протоплазмасына улы органикалық қоспалар түзе отырып әсер етеді. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК-сәулелерінің көзі - арнайы БУВ (Бактерицидная увиолевая лампа) лампалары болып табылады. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК лампалары ауаны, тазартылған суды, қосымша материалдарды және т.б. стерильдеу үшін қолданылады. БУВ лампалары барий және стронций гидрокарбонаттарымен жабылған, ультракүлгін сәулелерін өткізетін ұзын вольфрам спиралімен электроды бар, арнайы увиолды шыныдан жасалған түзу түтік. Түтікте сынаптың аз ғана бөлігі және қысымы сынап бағанасы бойынша бірнеше мм болатын инертті газ аргон бар. Ультракүлгін сәулелерінің көзі кернеу берген кезде электродтар арасынан шығатын, сынап разряды болып табылады. Увиолды шыны құрамына 72% дейін кремний, алюминий, барий тотықтары кіреді.

Иондаушы сәулемен стерильдеу (радиациялық әдіс). Жоғары эффективті және перспективті стерильдеу әдісі болып табылады. Иондаушы сәулелердің бактерицидті эффектісі клеткалардағы метаболизмдік процестеріне әсер ету натижесінде көрінеді. Сәулемен стерильдеуге 60Со және 137Со изотоптарының гамма-сәулелері, сонымен қатар антимикробты әсері бірдей сызықты жеделдеткіштерден жылдам элетрондар қолданылады. Стерильденетін доза материал табиғатына, сонымен қатар объектінің инициалды контаминациясына байланысты.

Негізгі артықшылықтары: жоғары дәрежедегі микроорганизмдер инактивациясы, төмен температурада эффективтілігі, процессті автоматтандыру мүмкіндігі, заттарды орамасынмен стерильдеу мүмкіндігі. Радиациялық стерильдеу үлкен өндірістерде жоғары эффективті болып табылады.

Стерильдеудің химиялық тәсілі. Резина, полимер материалдары, шыны, коррозияға төзімді металдардан жасалынған бұйымдарды стерильдеу үшін газдармен, ерітінділерді пайдаланып, стерильдеудің химиялық әдістерін қолданады. Газбен стерильдеу үшін таза этилен тотығын қолданады (бромды метил, көміртегі қос тотығы, фреондар және т.б.) Стерильдеу газды стерилизаторларда жүргізіледі.

Стерильденетін объектілерді алдын-ала полиэтилен пленкалардан тұратын пакеттерге немесе пергамент қағазға орамдайды. Газды әдіспен стерильденген бұйымдарды олардың түріне және белгілеуіне байланысты бірнеше тәулік бойына вентиляциялық бөлмелерде ұстайды.

Ерітінділермен химиялық стерильдеу үшін 6% сутек асқын тотығы ертіндісі және қышқылға айналатын қосылыстар (кетондар, альдегиттер: дезоксан-1) қолданылады. Стерильдеу шыныдан, пластмассадан жасалынған жабық ыдыстарда жүргізіледі. Бұйымдарды толығымен ерітінділерге салып, біраз уақыт ұстап, сонан соң асептикалық жағдайда стерильді сумен шаяды.

Химиялық жолмен стерильдеу микрофлораға химиялық затпен әсер ету арқылы жүргізіледі. Осы заттардың кейбіреулері микроорганизмдерді өлтіреді, яғни оларға бактерицидті әсер етеді. Ондай химиялық заттарды антисептиктер деп атайды. Кейбір заттар микроорганизмдерді өлтірмейді, бірақ олардың әрі қарай дамуын тоқтатады. Бұл заттарды консерванттарға жатқызады. Қазіргі кезде медицинада антисептикалық және консервілеуші заттар ассортименті кеңеюде. Фармацевтік іс-тәжірибеде келесі консерванттар қолданылады:

Нипагин – параоксибензой қышқылының метил эфирі 0,25% дейінгі концентрацияда қолданылады.

Нипазол – параоксибензой қышқылының пропил эфирі. Іс-тәжірибеде 7 бөлік нипагиннен және 3 бөлік нипазолдан тұратын 0,07% ерітінді қоспасын қолданылады.

Хлорбутанол гидрат – (хлорэтон) - 0,5% дейінгі концентрацияда қолданылады.

Трикрезол – метилфенол - фенолға қарағанда бактерицидтік әсері жоғары (0,3% дейін).

Фенол – 0,5% дейінгі концентрацияда қолданылады. Консерванттар ретінде сонымен қатар спирт, глицерин, кейде сулы сығындыларына қосылатын хлороформ, салицил қышқылы (0,1%) қолданылады.

Химиялық стерильдеудің ерітіндімен стерильдеуінде бақылау параметрлік әсер етуші заттың бастапқы және жұмысшы ерітінділердегі құрамын, сонымен бірге жұмысшы ерітіндінің температурасы анықтау арқылы жүргізіледі.

Стерильдеудің жаңа әдісі температураны бірден төмендету, немесе жоғарылатуға негізделген. Микроорганизмдер температураның бірден өзгеруіне өте сезімтал болады. Объектіні 155-160°С дейін 20-40 секунд жылдамдықта қыздырады, 0,25 секунд уақыт ұстап, 50-40 секунд жылдамдықпен температураны тез төмендетеді. Барлық процесс 5 секунд аралығында жүргізіледі Бұл кезде микроорганизмдер өліп, ал дәрілік заттар ыдырап үлгермейді.

Дәріханада дайындалатын инъекциялық дәрілік препараттардың стерильділігін бақылау, ҚР ДСМ санитарлық бас дәрігерінің 25.04.2002 ж. № 9 «Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану, санитарлық ережелері мен нормалары» бұйрығының 12 қосымшасына сәйкес санитарлық-эпидемиялық станцияларда (СЭС) жүргізіледі. СЭС тоқсанына екі рет инъекциялық ерітінділердің, көз тамшыларының, оларды дайындауға қажетті инъекциялық сулардың стерильділігін бақылайды; тоқсанына бір рет іріктеп суды және инъекциялы ертінділерді МФ XІ басылымына сәйкес, пирогендікке тексереді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1384 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2212 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.