- негіздер дене температурасында балқуы немесе еруі;
- бөлме температурасында қатты болуы;
- фармакологиялық индифферентті болуы;
- химиялық индифферентті, яғни дәрілік заттармен химиялық байланысқа түспеуі;
- дәрілік заттармен сиымды болуы;
- қатты жағдайдан сұйық жағдайға тез ауысуы;
- МФ XІ талабына сай деформациялану уақыты 3 тен 15 минуттқа дейінгі аралық болуы;
- сыртқы факторлардың (ауа, жарық, ылғал, микроорганизімдер) әсеріне тұрақты болуы.
Қазіргі кезде суппозиторийлер дайындау үшін негіздердің үлкен ассортименті қолданылады, олар физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
Фармацевтикалық тәжірибеде қолдалынатын суппозиторий негіздері 2 топқа бөлінеді: гидрофобты және гидрофильді.
Гидрофобты негіздерге майлар және май тәрізді заттар, олардың эмульгаторлармен және табиғи көмірсутекті заттармен балқымалары жатады. Классикалық негіз ретінде какао майы қолданылады.
Гидрофильді негіздер: желатинді-глицеринді, сабынды-глицеринді, полиэтиленоксидтер (ПЭО).
Желатин-глицеринді негіздің официналды жазылым құрамы: 1 бөлік желатин, 2 бөлік су, 5 бөлік глицерин.
Негізді дайындау желатин ерітінділерін дайындаудың технологиялық сатыларын есепке алумен жүргізіледі. Негіз оңай қататын серпімді масса, бұл негіз суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындағанда қолданылады.
Суппозиторийлердің рецепте жазылуы. Рецепте суппозиторийлер 2 түрлі дозалану тәсілі бойынша жазылады: бөлінетін және бөлінген.
1) Бөлінетін, ингредиенттердің жалпы мөлшерін жазып, массаны қанша свечаға бөлу керектігін көрсетеді:
2) Бөлінген әдісте дәрілік заттардың мөлшері бір свечаға беріліп, осындай қанша свеча босататын саны көрсетіледі.
Егер жазылымда негіз көрсетілмесе какао майы алынады. Улы және күшті әсер ететін заттардың дозасы тексеріледі, себебі олар тік ішектің кілегей қабығы арқылы қанға сіңеді, бауырға түспейді. Осы себептен ректалды түрде қолданылатын дәрілік заттар пероральды қолдануға қарағанда интенсивті әсер етеді.
Дәрілік заттарды негізге еңгізу.Дәрілік заттарды негізге енгізу дәрілік заттардың мөлшеріне және физико-химиялық қасиетіне байланысты жүргізіледі.
Егер негіз ретінде майлар және май тәрізді заттар қолданылса.
а) Майда еритін заттар: фенол, анестезин, хлоралгидрат, тимол, ментол, фенилсалицилат, камфора және т.б. Оларды майлы негіздің балқытылған бір бөлігінде ерітеді.
б) Суда еритін заттар. Оларға алкалоид тұздары, новокаин, хинозол, опий экстракты, этакридин лактаты және т.б. жатады. Бұл заттар, негізінде, аз мөлшерде жазылады. Оларды алдын ала бірнеше тамшы суда, глицеринде немесе спиртте ерітіп алып, негізге еңгізеді. Кей жағдайларда ерітіндіні сусыз ланолиннің аз мөлшерімен эмульгирлеп, содан соң негізбен араластырады.
Құрғақ экстракт, протарголды және колларголды негізге концентрлі сулы ерітінді немесе су-спирт-глицеринді ерітінді түрінде еңгізеді. Эмульгирлеу үшін сусыз ланолин қосады.
в) Суда да, майда да ерімейтін заттар: мырыш тотығы, дерматол, ксероформ, висмуттың негізгі нитраты, стрептоцид және т.б. Бұл заттарды негізге суспензия түрінде еңгізеді. Егер олар рецепте аз мөлшерде жазылса, онда бірнеше тамшы шабдалы, бадам майымен ысқылап, негізбен араластырады. Егер дәрілік заттар көп мөлшерде жазылса, онда оларды майдалап, балқытылған негіздің бір бөлігімен ысқылайды да негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосады. Суда еритін, бірақ жазылымда көп мөлшерде берілген заттар да негізге суспензия түрінде енгізіледі.
г) Байланыстарғыш қасиеттері бар қою, сұйық заттарды, мысалы ихтиол, винилин, нафталан мұнайы негізбен араластырады.
д) Суппозиторийлерді желатин-глицерин негізінде дайындаған кезде, дәрілік заттарды негізді дайындауға арналған судың немесе глицериннің бір бөлігімен ысқылайды.
Суппозиторийлердің технологиялық процесі. Суппозиторийлерді үш түрлі әдіспен дайындауға болады
· қолмен илеу әдісі
- қалыпқа құю әдісі
- престеу әдісі.
Суппозиторийлерді дайындау әдісін таңдау негіздің қасиетіне байланысты. Мысалы, какао майын негіз ретінде суппозиторийлерді қолмен илеу әдісімен дайындағанда қолданады. Қалыпқа құю әдісімен суппозиторийлерді кез-келген негізді (какао майынан басқа) қолдана отырып дайындауға болады.
Қолмен илеу әдісінің дайындау сатылары:
· дәрлік заттарды және негізді дайындау;
· суппозиторийлік масаны дайындау (дәрілік заттар және негіз қоспасын алу);
· массаны дозалау;
· суппозиторийлерді қалыптау;
· орамдау, безендендіру
1-ші саты. Негізді дайындау: какао майын үгіткіш арқылы майдалау.
2-ші саты. Майдаланған негізді келіде дәрілік заттардың қасиеттеріне байланысты араластырады. Дәрілік заттар мен негізді біртекті пластикалық қоспа түзелгенше илейді, ол келі қабырғасына жабыспауы керек. Алынған қоспаны целлюлоид қалақша көмегімен жинақтап, түйіндейді салмағын өлшеп, рецепт артына көрсетеді, шыны пластинаға ауыстырып салады.
3-ші саты. Пергамент қағазбен оралған ағаш көмегімен цилиндр немесе төрт бұрышты серіппе дайындайды. Осы серіппе пилюля машинасының кескіші көмегімен порцияға бөлінеді.
4-ші саты. Суппозиторийлік массаның әр порциясына пилюля машинасының ағаш таяқшасы көмегімен шарик фомасы беріледі, содан соң шариктерге конус, цилиндр, торпеда тәрізді пішіндер беріледі.
5-ші саты. Осындай әдіспен дайындалған әр суппозиторийді балауыздалған капсулаға жеке-жеке орамдайды. Безендіреді.
Илеу әдісімен суппозиторийлерді дайындаған кезде, олардың микроорганизмдермен тез ластанатынын есте сақтап, санитарлық ережелерді технологиялық процестің әр сатысында орындап отыру керек.