Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ежелгі Үнді ғылымы




 

Біздің жыл санауымызға дейінгі үш мыңыншы жылдардың өзінде-ақ Инд өзінің алқабында іргелі мәдениеті бар елдің – ежелгі үнді елінің қоныс тепкені тарихтан мәлім.

Археологиялық қазбалардың және басқа тарихи зерттеулердің деректеріне қарағанда сол кездердің өзінде бұл елде жер суландыру үшін каналдар қазу(ирригация), қалалық су құбырларын жүргізу мақтадан мата тоқу, қыштан құмыра жасау өнері орын алған, күйдірілген кесектерден екі-үш қабат үйлер тұрғызылған, жазу сызу мәдениеті пайда болған

Б.з.д V ғасырда Үнді елінде жаңа дін буддизм пайда болады.Осы тұста Үнді мен Вавилон арасында экономикалық мәдени қарым-қатынас орнайды,мұның екі ел мәдениеті үшін де игілікті әсері болуы даусыз.

Үнділіктердің бізге жеткен көне ғылыми трактаттарының басым көпшілігі ескі діни тілде –санскрит тілінде жазылған.Тек XVII ғасырдан бастап ғалымдар өз шығармаларын халықтың сөйлеу тілінде жаза бастады.Санскрит қазір латын тілі сияқты,»Өлі тілдің» қатарына жатады.Алайда қазір тіл тарихын тексеріп,талдауда таптырмайтын құрал болып табылады.

Үнді жазба мәдениетінің ең ескі ескерткіштері сутрылар мен ведылар болып саналады.Веды –санскрит тілінде «білім» дегенді білдіреді.Бұлар буддизм таралмай тұрған дәуірден қалған мәдени үлгілері.Мұнда әлеуметтік,дін мәселелерімен қатар ғылыми білімдерден де мағлұматтар бар.

Үнділер –астрономия ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан ел.Алғашқы астрономиялық трактаттардың «сиддханттардың жазылуына» ежелгі грек оқымыстыларының ықпалы тиген.Алайда Үндінің ежелгі ұлы астрономдары Ариабхатта(б.з Vғ аяғы) мен Брахмагупта (б.з Viғ) заманында үнділердің астрономияда өз тараптарынан тың идеялар ұсынып,соған бақылаулар жүргізгені байқалады.Мысалы,Ариабхатта Жер –Әлемнің кіндігі,ал басқа аспан шырақтары оны дөңгелек орбита бойынша айнала қозғалып жүреді деген ғылымда қалыптасқан көзқарасқа қарсы шығады.Ариабхатта ілімінде Жер шар тәріздес және ол өз осінен айналып тұрады делінген.Бұл тұрғыда ескерте кетерлік бір нәрсе,1975 жылы советтік ракета жәрдемімен космосқа Үндістанда тұңғыш Жер серігі ұшырылып,оны «Үндістан мемлекетінің басшысы Индира Гандидің «Ариабхатта» деп атауы ежелгі ғалымның үнді ғылымы мен мәдениеті үшін қастерлі де құрметті екенін аңғарамыз.Осы тұста аспан шырақтарының қозғалысы және олардың эклиптика немесе экваторға қатысты координаттары үлкен дәлдікпен анықталады.Ежелгі үнділерде кемелденген күнпарақ болған.

Үнді астрономдарының еңбектері орта ғасыр заманында араб астрономиясының өркендеуіне үлкен ықпал жасады.VIII ғасырдың аяғында үнділердің астрономиялық сиддханттары араб тіліне аударылады.

Басқа жаратылыстану ғылымдары арасынан үнділіктердің химия және ботаника салалары бойынша жетістіктерін бөліп айтуға болады.Сауда саттық негізінде қымбат бағалы алтын,түрлі-түсті оюлы маталар,әшекей бұйымдарын өндіру,зергерлік өнері қатты өркендейді.Бұл,сөз жоқ,химиялық білім-дағдылардың молаюына қолайлы жағдай жасайды.

Үнділіктердің математика жөнінде ең көне жазба ескерткіштері олардың діни кітаптарында сақталған. Бұл кітаптар шамамен біздің заманымызға дейінгі VІІІ-VІІ ғасырларда жазылған болуы керек. Санскрит тіліндегі бұл діни шығармаларда да шіркеу, алтарь түрлі геометриялық мағлұматтар келтірілген. Олар дөңгелекті квадраттау, яғни ауданы дөңгелек ауданына тең квадрат салу Пифагор теоремасын қолдану және тағы басқалар.

Ежелгі үнділіктердің санау жүйесінің қаншалықты кемелденіп, жоғары сатыда болғанын олардың эпостары мен аңыз әңгімелерінен аңғаруға болады.Мәселен,жас жігіт қалыңдығына лайықты болу үшін күресте жеңіп,садақ тартып,жазу,сызу өнерін меңгерумен қатар санау өнерін де жетік білуі тиіс болған.Ойын-тойларда жылдам санау жөніндегі жарыс өткізіліп тұрған.Осындай жарыстардың бірінде Сарваттисида дейтін бір жігіт 421 таңбадан тұратын аса үлкен санды мүдірмей атап шығыпты дейді.Қалай болғанда даһте үлкен сандарға амалдар қолдануға құштарлық –бүкіл Үнді математикасы тарихына тән нәрсе.Бұл олардың қазіргі практикалық арифметиканың түп негізін,іргетасын қалауына шешуші ықпал еткені даусыз.

Үнді ғылымының, оның ішінде математиканың ерекше күшті қарқынмен өрлеген дәуірі – біздің заманымыздың V-XII ғасырлары. Бұл кезеңде әлгінде айтылған Ариабхатта мен Брахмагупта, Магавира Бхаскара Акария (1114ж. туған) сияқты көрнекті математиктер мен астрономдар өмір сүрген. Ежелгі үнді математиктері математикалық ережелерді, тұжырымдарды, есептерді өлең арқылы – поэтикалық түрде баяндаған (риторикалық математика). Мұндағы олардың көздеген басты мақсаты жаттап алуды, түсінуді жеңілдету болған.Мысалы,Ариабхатта кілең өлеңмен астрономиялық,математикалық мазмұнды үлкен еңбек жазған.Брахматупта да өлең түрінде 20 тараудан тұратын кесек шығарма қалдырған.Оның 12-сі арифметика мен геометрияға,қалғандары алгебраға,анықталмаған теңдеулерге арналған.Математиканың түрлі салаларын қамтитын 2 кітапты Бхаскара да жазады.Оның біріне «Лилавати» («көркем») деп ат қойып,сүйікті қызына арнап жазған көрінеді.Айтылған деректерге қарағанда Бхаскараның бірнеше есебі мұндағыға дейін орта мектептің жоғары кластарына арналған есептер жинағына енгізіліп келген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2609 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.