Салықтар бойынша кәсіпорнында баланстың «Қысқа мерзімді міндеттемелер» деген 3-ші бөлімінде 3100 «Салықтар бойыгша міндеттемелер» шотында көрініс табады.Әр салыққа өзіне тиесілі шоттар бар:
-3110 Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы
-3120 Жеке табыс салығы
-3130 Қосылған құн салығы
-3140 Акциздер
-3150 Әлеуметтік салық
-3160 Жер салығы
-3170 Көлік құралдар салығы
-3180 Мүлік салығы
-3190 Өзге салықтар
«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой РДК қызмет бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын,төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығын,жеке табыс салығын,әлуметтік салық т.б мемлекеттік салықтарды төлейді.Жергілікті салықтардан көлік,мүлік,жер салығын облыс қазынасына төлейді.Салық төлеген кезде әр салық бойынша декларация толтырып Салық комитетіне электронды түрде немесе жазбаша түрде өткізе алады. «ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой РДК СОНО программасын қолданып декларацияны электронды түрде өткізеді.Салық комитетінен салқтық есеп беруді электронды нысанды қабылдауы немесе қабылдамауы туралы хабарлама жіберіледі.
Кесте 7. Кесте 3.«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой РДК төлейтін салықтар бойынша шоттар корреспонденциясы
№ | Операциялар мазмұны | Дебит | Кредит |
Еңбекақыдан ұсталған ЖТС | |||
Табыс көзінен ұсталған КТС | 3310,3390 | ||
Бюджетке төленген көлік салығы | 1010,1030 | ||
Бюджетке төленген әлеуметтік салық | 1010,1030 | ||
Бюджетке төленген жер салығы | 1010,1030 |
Салықтық есеп беруді құрастыру және оны өткізу тәртібімен танысу
399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
2. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.
3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред .қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр.ред.қара ) 5-тармақ өзгертілді
5. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.
Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред .қара)
Аржылық есеп беру құрамы,мазмұны және тапсыру мерзімімен танысу.Жылдық қаржылық есеп беру нысандарын құрастыру