Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Йымның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау




Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады.

Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді.

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.Баланс өтімділігін анықтағанда үш көрсеткіш жиі қолданылады:

- абсолютті өтімділік коэффициенті;

- аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

- жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.

 

Кесте 7. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК өтімділігін

  Сомма   Сомма Ауытқуы(+/-)
  Жыл басы Жыл соңы   Жыл басы Жыл соңы А П
А1     П1     -70 +193559572
А2     П2       +210019688
А3     П3     +2950016  
А4     П4 -467005231 -801823694 +18966125 +334818463

 

Жыл басы Жыл соңы
A1 < П1 А1<П1
A2 < П2 А2 <П2
A3 > П3 А3>П3
A4 > П4 А4>П4

«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК балансы 2013, 2014 жылдарының көрсеткіштеріне қарай абсолютті өтімді емес.

 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Үш көрсеткіш жиі падаланылады:

1) абсолютті өтімділік коэффиценті;

2) аралық өтеу (жабу) коэффиценті;

3) жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.

 

*Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімдіміндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

 

*Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:қауіпті өтім коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

 

*Жалпы өтеу коэффиценті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

 

Кесте 8. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК төлем қабілеттілігінің талдауы

Көрсеткіштер Жыл басында мың тг Жыл соңында мың тг Ауытқу
  Ағымдағы активтер 599 036 603 671 +4635
1.1 Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар     -70
1.2 Дебиторлық борыш және басқа активтер      
1.3 Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы-материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары 599 013 601 963 +2950
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер 2 790 524 3 000 544 +210020
2.1 Қысқа мерзімді салықтар 6 092 8 391 +2299
2.2 Кредиторлық берешек 2 748 288 2 941 847 +193559
2.3 Басқа да ағымдағы міндеттемелер 16 677 21 149 +4472
  Өтімділік көрсеткіштері - - -
3.1 Абсолюттік өтімділік коэффициенті (1.1: 2) 0,0001 0,0001 -
3.2 Аралық өтімділік коэффициенті ([1.1+1.2]:2) 0,0001 0,0001 -
3.3 Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті [1.1+1.2+1.3):2] 0,21 0,20 -0,01

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1676 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2490 - | 2353 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.