Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Материалдық құндылықтарды түгендеу және оның нәтижелерін есепте бейнелеу




Қазақстан Республикамызда осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің менщігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

-жылдық есеп беру алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізатқа олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізе алады; --материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасағанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) т.б. жағдайларда жүргізіледі.

Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады. Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтін тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесеінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуы тиіс.Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталабас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдадың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кемі мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қоладнылады. Егер кейбірматериалдар бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық-кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын кінәлі адамдардан өтелуі керек. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлшерінен артық-кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен шығындарына қосылады. Қай жағдайда материалдаардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдеріалмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материадардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан матриалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

 

Блок 2.5 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі

Кәсіпорында еңбекақыны төлеудің түрлерімен және формаларымен, штаттық кестемен, жеке құрамның есебін ұйымдастырумен танысу

Еңбек ақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет

нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады. Еңбек ақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады.Кәсіпорынның қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және босату нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді,жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Адам құрамының есебін арнайы кадрлар бөлімі жүргізеді.Кадр бөлімі жалпы кәсіпорын бойынша, оның барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және қызметкерлердің санының өзгеруінің себептері туралы; жынысы,жасы,санаты, лауазымы мамандығы, қызмет өтілі, білімі және басқа да басқа да белгілері бойынша қызметкерлердің құрамы туралы толық деректемелермен қамтамасыз етеді.

Жұмысқа қабылдау,жұмысқа алу туралы бұйрықпен және еңбек келісім шарты негізінде жүргізіледі.Жұмысқа қабылдау кезінде кадр бөлімінің қызметкері жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы,жеке еңбек келісім шарттары немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапшасы толтырылады және ол кадрлар бөлімінде сақталады. Әр жұмысшыға жеке табельдік номер тағайындалып бухгалтерияға есеп бухгалтеріне беріледі. Жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан өз еркімен кету кезінде жұмысшы кәсіпорын басшысының атына өтініш жазады. Материалдық жауапты тұлғаны жұмысқа қабылдау және жұмыстан босту кезінде кәсіпорынның бас бухгалтерінің келісімі қажет, өйткені кәсіпорынның ақша

қаражаттары мен құндылықтарына басшымен қатар бас бухгалтер толық материалды жауапты тұлға болып табылады.

Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.

 

Кесте 3.«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының штаттық кестесі

  Лауазымы саны Айлық оклад Жылдық оклад
  Директор      
  Бас бухгалтер      
  Бас инженер      
  Мастер      
  ТБ инженері      
  Бас механик      
  Механик      
  Қойма басшысы      
  Программист      
  ПО мастері      
  Жүргізуші      
  Электрик      
  ФЗП барлығы      

 

Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1283 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2261 - | 2189 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.