Клиникалық менеджмент
Клиникалық басқару біздің қарқынды да оңай емес уақытта жатталған шипашақпен ғана жеңіл шешуге болатын оңай жұмыс емес. Араласқа жағдайда клиникалық жағдайдың әртүрлі болып келетіндігін тек қана медициналық мекеменің басшысы ғана емес, сондай-ақ әрбір емдеуші дәрігер де клиникалық менеджменттің жалпы шындығы мен көптеген үлгілердің мәнін байланыстыра білуі қажет.
Нақтылы медициналық қызметкерлердің ауру деңгейінде тікелей байланысып жұмыс істеуі ғылыми тұрғыдан қарағанда тиімді болуы мүмкін бе? Мұндай сұраққа жауап беру үшін алдымен клиникалық тәжірибені басқару дегеніміз не екенін біліп алуымыз керек.
Кезкелген ғылымның негізі – болар уақиғаларды объективті түрде өлшеу. Ауруды диагностикалау мен емдеудің көптеген жағын ұзын саны бойынша қарап, медициналық ісшараларды емдеу барысында тиімді етіп орындаға болар еді. Көптеген бас дәрігерлер тәжирибеде клиникалық жұмыстарды ең тиімді етіп жасауды жоспарлағанымен, өкінішке орай, медицина қызметкерлерін өз нұсқауларын тура да бұлжытпай орынадата алмайды. Барлық болар клиникалық жағдайды болжап, алдын ала тиісті медициналық шараларды таңдап алу мүмкін емес.
Оның сыртында бас дәпігерге нақтылы медициналық қызметкерлермен ғана жұмыс істемей, басқа да көп адамдар тобынем айналысуға тура келеді. Медициналық қызметкерлердің үлкен тобы арасында ескеріле бармейтін көптеген әлеуметтік факторлар кездеседі, бұндайда әр адамның қажеты түгіл, аурудың көлемін өлшеу мен оның маңыздылығын анықтай беру де оңай емес.
Емдік-диагностикалық үдерісті басқарудың мұндай барынша қиын жағдайы бүгінгі денсаулық сақтау саласында тән болып келеді. Шындығында басқарудың бүгінгі әдістерін пайдалана отырып клиникалық тәжірибені белсенді түрде басқаруға болады.
Клиникалық тәжірибені басқаруда бас дәрігердің рөлі өте жоғары болып келеді. Оған 90 %-на дейінгі медициналық қателерді жатқызуға болады, себебі олар медициналық қызметкерлердің біліктілік төмендігінен ғана емес, олардың басқару жүйесінің кемшілігінен болып түрады. Осыған байланысты емдік-диагностикалық үдеріс деңгейінде дәрігердің мүлт кетуін оның дәрігерлік қате жіберуінде емес, қайта медиктік-ұйымдастырушылық қате деп қараған жөн. Қазіргі уақытта бас дәрігердің тікелей қатысуы арқасында емдеуші дәрігер аурумен тікелей араласып, медициналық шығындарды іс жүзінде жұмсаушы болса да, яғни емдік-диагностикалық үдеріс деңгейінде. Демек, клиникалық басқару жүйесінде емдеуші дәрігер маңызды орынға ие болуы тиіс.
Бірімен бірі байланысқан тізбектер қатынасы «ұйым — бас дәрігер — бөлім меңгерушісі — емдеуші дәрігер — науқас» клиникалық басқару жүйесінің тібектің әр қайсысы технологиялық тәжірибе деп аталатын тізбектің толыққанды мүшесі ретінде негізгі іргетасын құрайды. Бұл дегеніміз (қазіргі денсаулық сақтау жүйесін формалау кезеңінде өте көкейкесті болмақ): клиникалық менеджментке бас дәрігер мен оның орынбасарын ғана (бұларды бірінші кезекте) оқытып қана қоймай, бөлім меңгерушілерін, емдейтін дәрігерлерді, бас медициналық мейірбикелерді де оқыту керек деген сөз. Олардың клиникалық басқару ойлай қабылеттерін қатайтып, клиникалық менеджменттің ғылыми жаңашылдығын арттыру қажет. Бас дәрігер болса, оны ұжымда көшбасшылықты игеріп, клиникалық менеджменттің ғылыми теориясын жетік білуі керек
Клиникалық менеджмент ғылымның, тәжірибенің және инновациялардың туындысы деп айтуға бүгін толық негіз бар.
Медициналық көмектің сапасын, көлемі мен құрылымдарын тиімді басқару мәселелерінің көкейкестілігіне клиниқалық жүйесін басқарудың жұмсақ түрлерін жасау итермелейді.
Емдік-диагностикалық үдеріс көптеген бірімен бірі байланысқан элементерден: адамдардың, міндеттердің, ресурстардың, техно-логияялардың, құрамдардың, ақпараттардың және т.с.с. тұратын күрделі әлеуметтік-технологиялық жүйе болып есептелінеді. Клиникалық тәжірибе деңгейінде нақтылы дәрігердің медициналық біліктілігі медициналық мекемнің ресурстары арқылы нақты емделушінің денсаулығына айналады. Сондықтан, клиникалық басқаруға емдеуші дәрігер қаншалықты дайын болса, соншалықты медициналық көмектің сапасы да, ресурстардың ұтымды пайдалануы да оң болмақ.
Клиникалық менеджмент – медициналық қызметкерлерді медициналық көмек берудің сапасын, көлемін және құрамын басқаруды тиімді етіп шығаруға бағытталған істі басқару жолдары. «Клиникалық менеджмент» термині медицина аясын-дағыы білім саласын, сондай-ақ клиникалық басқару жұмысын атқаратын денсаулық сақтаудағы белгілі бір басшылар санатын аңғартады.
Понятие «Клиникалық менеджмент» түсінігі денсаулық сақтауда тіпті жаңа ұғым және де көбісімен мойындала бермейді. Көптеген бас дәрігерлердің клиникалық менеджментті қабылдамауы, олардың жаңа ілімді игергісі келмейтіндіктен, медициналық қызметкерлерді әкімшілдікпен басқаруды қолдарынан жібермейтінен, және де емдеуші дәрігерді штаттағы орын емес, қайта шығармашы тұлға есебінде мойындамайтындығынан деп қарау керек.
Бұндай бас дәрігерлерге клиникалық басқару ауыр бейнет сияқты, себебі оларды (қатардағы дәрігерлерде) студенттік кезден клиникалық басқаруды ойлайтындай қасиетке ешкім үйреткен жоқ. ЕАМ басшыларынан жұмысты бастаған сәттен министрлік нұсқаулар мен «керек көрсеткіштерді» орындауға үйретті. Емдеу-диагностикалық үрдісті басқару жұмысы медициналық және экономикалық тиімділікті ескермей келді «көп жағдайда кәзір де солай). Сондықтан кейбір зерттеушілерде ескіше ойлау байқалады, олар басқару орталықтандырылу керек деп есептейді, оларша «штаттық адамдарды» басқару оңай, ал емдейтін дәрігерлерді клиникалық басқару жүйесінде басқарушы тұлға ретінде көре бермейді.
Клиникалық менеджменттің өміршеңдігі қарапайым шындыққа тіреледі, себебі клиникалық тәжірибе күрделі әлеуметтік-технологиялық үдеріс болғандықтан, ол басқаруды қажет етеді.
Бүгінде клиникалық басқару жүйесінде басты тұлға есебінде бөлім меңгерушісі болып есептелінеді. Құзыры шектеулі болған-дықтан ол объективті себептемен клиникалық тәжірибені тиімді басқара алмайды: оның билігі өте шектелген, көпшілік ішінде ол тұрақты кеңесші және «психологиялық» басшы болып есептелінеді. Іс жүзінде ешқандай да әкімдік, құқылық, қаржылық-экономикалық басқару тетіктері, тиісті дайындықта айтпағанда, онда жоқ.
Жоғарыда айтқандай, тек қана клиникалық менеджмент арқылы емдік-диагностикалық үрдіс шын мәнінде өркениетті, медициналы, әлеметті және экономикалы тиімді болмақ.
ЕАМ-нің әрбір басшысы алдында шектеулі қаржылық және материалды-техникалық ресурстар жағдайында қалайша медици-налық көмек беруді оңтайлы көлемде, құрамда және сапалылықта орындай аламын деген мәселе туындайды.
3.2.4 Менеджменнттің негізгі принциптері
Қазіргі менеджменте шешуші «менеджмент принциптері» немесе «менеджменттің қағидалары» деген ұғым бар. Оны «әрекет етудің негізгі ережесі немесе басқарушылық идеялар» деп сипаттауға болады. Бұл қағидалардың объективті негізі қоғамда әсер етуші экономикалық және құндылықтар жүйесі, мысалы адамдаға деген көзқарас, әлеуметтік әділдікті түсіну және т.с.с. бар.
Принциптердің (қағидалардың) нұсқаулық сипаттамалары мекеменің барлық қызметкерлер назарына беріледі, сөйтіп олардың ойлау ерекшеліктері болып, алға ұмтылуларына әсер етеді.
Менеджменттің негізгі принциптеріне (қағудаларына) мыналар жатады:
· мақсатқа жеткен дәрежесін көрсететін тиімділік қағидасы;
· әлеуметтік жаупкершілік қағидасы — еңбектің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, өнімнің сапалалығын, қоршаған ортаның бүлінбеу нұсқауларын, тиісті еңбек ақының көлемін сақтау;
· басқарудың сяси, мемлекеттік және шаруашылық міндеттерін айыру қағидасы;
· тұтынушыға бет бұру, маркетингті зерделеу — тұтыныушының сұранысын зерттеу, нарыққа сараптама жүргізу, ба, аларды тайғайындау, өнімнің сапалалығына көңіл бөлу;
· ішіне құрамдары, қарым-қатынастары, өзара байланыстары, олардың басқару үрдісінде әр қайсысының рөлі мен орындар кіретін басқару жөніндегі әдістемелік ережелердің жиынтығы болатын жүйелік қағидалар;
· жобалап, бақылайтын сипаттама беретіг жоспарлау қағидасы;
· мақсатты түсіну қағидасы, яғни басқарудың алғы шарты болатын жоспарлау арқылы мақсатты қалыптастыру;
· артықшылық қағидасы – мақсат пен міндеттерді маңыздылығына қарай шешу;
· басқаруды ұйымдастыру қағидасы – еңбекті бөлу, орталықтандыру мен орталықтандырмауды қабыстыру, көлденең және тік байланыстар, өкілеттік беру, өкілеттік пен жауапкершіліктің сәкес келуі, басқару құрамдарында қарапайымдылық пен икемділіктің болуы;
· уәждемелік қағидасы – бүкіл ұйым мен жұмыскерлерінің мақсаттарына жеткізетін белсенді болып келетін қозғаушы күштерді (экономикалық, психологиялық, т.с.с.) пайдалану. Бұларға жататындар тұтынушылық, әділдік, еңбекке және оның нәтижелеріне сыйақы болу мен қанағатану;
· коммуникациялық қағида – араларында ақпарат алмасу арқылы жүретін барлық элементтердің байлансытылығы. Коммуникациялар сыртқы ортамен байланыстыратын ақпаратты, бағыныштылар арасындағы тік және ұйым ішінде көлденең байланыстарды, тұлғалар арысындағы, топтар арысындағы, формалды және формалды емес байланыстарды қамтиды. Коммуникациялық қағида ақпараттқа талаптар қойумен (толықтық, анықтық, уақыттылық және т.с.с.), сондай-ақ ақпарат жеткізудің ережелері мен түрлерінде нақтылылық болуын қарастырады.
· шешім қабылдау қағидасы – шешімнің негізді, тиімді, уақытылы, салмақты, ұжым мен жекеше тұлғалардың шешімдерінің үйлесімді бллуы арқылы шешім шығару үрдісін реттеп отырады;
· бақылау қағидасы – саяси ұсыныстар сипатындағы басқаруды тиімді болуын қадағалау. Мақсатқа жету жолында бақылау қорытындылық қызмет атқарады.
Жоғарыда келтірілген менеджменттің қағидаларын ұрыптау оның қызметтеріне жатады.