Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Денсаулық сақтауда менеджменттің теориясы мен практикасындағы негізгі әдістемелік көзқарастар




Менеджменттің әдістемелері тұрғысынан менеджменттің теориясы мен практикасында негізгі төрт көзқарасқа бөледі:

• Түрлі ғылыми мектептерді бөлу.

• Үдерістік көзқарас.

• Жүйелік көзқарас.

• Жағдайлық көзқарас.

Жетілдіру және жүргізілген зертеулер барысында менеджментке бірнеше мектептерге түрлі көзқарастар қалыптасты. Кейін пайда болған көзқарастарға менеджменттің күшті жақтары қабылданып, дамып келсе, нашар жақтары жойылып қалады.

Басқарудың тиімді және ыңғайлы жүйелерін жасаудың әдістемелік және әдістік негіздері болып бұл күнде басқарудың үдерістік, жүйелік және жағдайлық көзқарастар жатады

Үдерістік көзқарас басқару қызметі жүйесін мақыздылығы бойынша келесі тәптіпте, бүтін бір тізбек деп қарауға мүмкіндік береді: жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеме және бақылау. Басқарудың бұл алғашқы төрт қызметі бір-бірімен коммуникациялық үдерісте және шешім қабылдауда байланыста болады. Басшылық (көшбасшылық) жеке бір қызмет есебінде қаралады.

Қоғамда бәрі жұйелік көзқарас негізінде құрылған.

Жүйелік көзқарас жағдайы басшылар ұйымды бірімен-бірі байланыстың қосындысы ретінде қарайды деп болжайды.

Жүйе – ол элементтежоқ бүтін бірлікті білдіретін және жаңа қасиеттерге ие бірімен-бірі байланыстың және өзара әсер етуші элементтер қосындысы.

Жүйе – бір бүтіннің сипаттамасына үлес қосатын өзара байланыстағы бөлшектерден тұратын қасы-бір бүтін. Барлық ұйымдар жүйе болып саналады. Техника мен қатар бір жұмысты орындауға пайдаланылатын адамдардың өзі ұйымның құрамдас бөлігі болғандықтан (әлеуметтік бөлік), әлеметтік-техникалық жүйе деп аталады. Жүйенің негізгі екі түрі бар: жабық және ашық.

Жабық жүйе б екітілген қатаң шекарасы бар жүйе, оның жұмысы жүйені қоршаған ортаның әсеріне салыстырмалы түрде байланысты емес.

Ашық жүйе сыртқы ортаменбайланысты жүретіндігімен сипатталады. Энегия, ақпарат, материалдар бұлар жүйенің жарық көрінетін шекарасы арқылы сыртқы ортамен алмасу. Бұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, ол сырттан келетін энергияға, ақпаратқа, матералдардарға тәуелді. Ашық жүйенің сыртқы орта өзгерістеріне бейімделгіш келетін қасиеті бар. Барлық ұйымдар бірнеше біріне-бірі тәуелді болып келетін жүйешелерден құралған ашық жүйеге болып келеді.

Жүйенің элементтері – нысандар, бөліктер және құрамдар.

Элементтер қасиеттері – бұл элементтің белгілі бір өлшемде жүйенің сандық түрін көрсететін түрлері. Жүйенің құрамы оның элементтерінің және топтарының ең маңызды, тұрақты байла-ныстарын көрсетеді, яғни, жүйе құрамы – оның ұйымдастырушы түрі

Үдеріс есебінде басқаруға көзқарас жасау, ұйымның мақсатына жетуге бағытталған менеджмент мақсатын көрсетеді. Бұл арада басқарудың оңтайлы әдіс жолдарын табу мыналарды қосады: жоспарлауды, ұйымдастыруды, нұсқаушылықты, уәждемелерді, басқаруды, түзетуді, бақылауды, бағалауды, шешемі қабылдауды және басқаларды.

Жағдайлық көзқарас түрлі әдістерідің басқаруға жарам-дылықтары жағдайдың анықтауын ұйғарады. Бұл факторлар әр түрлы ұйымдастырушылық кезеңін басқаша көрсетеді.

Жағдай деп ұйымның белгілі бір уақыт серзімінде оның қызметіне әсере етеін нақтылы уақиғаларды айтады.

Қазіргі уақытта басқару ғылымы бірнеше әдістімен қаралады: біріншсі, басқаруды ұйымдастыру, екіншісі, басқару аппаратының түрлі деңгейлері, үшінші, адамдар жұмысын ұйымдастыру, төртінші, басқаруды жүйе ретінде қарау, бесінші, кезкелген ұйымды басқару.

Өндіріс – любой процесс, предназначенный, чтобы превращать совокупность ресурстар жиынтығын белгілі құрамдағы өнімге айналдыруға бағытталғын кезкелген үдеріс.

Өндіріс үдерісі материалды немесе бөлшекті аяқталған өңдеу кезеңі алдында болатын, алдын ала ойластырып қойған жұмыстардың кешені.

Ресурстар өзгермелі шығындарды білдіретін өндірістің элементтері есебінде болағандығынмен анықталады. Өнім шығару өндірістік үдеріске ресурстарды енгізу арқылы реттеледі. Өнім фирманың жәнет өндірістік бөлімшелердің қызметін бейнелейді. Өдірістік қызметтің алғы шарты болып өндірістің керекті түрін және құрамын анықтау. Өндіріс жүйелік көзқараспен анықталады. Бұл өндірістік үрдісте математикалық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.

Өндірісті басқару кәсіпорынның ішінде өзгертулер жүргізумен байланысты. Мұндай түзетулерге кіретіндер: жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы байланыстарды анықтау, демек, ресурстар мен өнім байланысын білу; ұзақ мерзім аралығында жүйе элементтерінің дамуына жағдай жасау; өндірістік басқаруүрдісінің тетіктерін жасау.

Фирма өзара байланысқан элементтерден құралған ұйым ретінде қаралады. Бұл элементтер әр түрлі деңгейлердің өзара бағынатындығын білдіреді. Элементтерді зерделеу кәсіпорынды басқару үлгілерін жасау үшін қажет.

Жоғарыда келтірілген көзқараспен денсаулық сақтау саласын басқаруды қарайық. Медициналық қызметтерді тұтынушыларға және қолдағы бар ресурстарға қарайласқан денсаулық сақтау саласын тиімді басқару жүйесін жасау, алдымен стратегиялық жоспарлаудан басталады. Стратегиялы жоспарлаудың қарқынды үдерісі астында басқарудың барлық қызметері жигналған «күнқағар» іспетті. Стратегиялық жоспарлаудың артықшылығын пайдаланбай, медициналық мекеме алдына қойған мақсатты бағалау және өзінің негізгі даму бағытын анық бағалауды жоғалтқан болар еді. Стратегиялық жоспарлау үрдісі ұйым қызметкерлеріне басқарудың негіздермен қамтамасыз етеді.

Жоспарлау жұмысы мынадай мәселелерді шеше алады – ұйымның мақсаттары қандай болуы керек және ұйым мүшелері оларға жетуі үшін не істеулері керек?

Өзінің негізгі мәніне қарай жоспарлаудың қызметі үш негізгі мәселеге жауап береді:

· Қазіргі уақытта қайда тұрмыз?

· Қайда қозғалуға тиіспіз?

· Осыларды біз қалай жасаймыз?

Стратегиялық жоспарлау – басқарушылық шешімдерді қабылдаудың істегі тетігі. Оның міндеті болып киникалық практика деңгейінде медициналық мекемеде инновациялық құрамдар өзгерісін керекті деңгейде қамтамасыз ету. Бұл өгерістерді стратегиялық жоспарлау тұрғысынан қарағанда мынадай басқару ісінің негізгі төрт түрлері арқылы келтіруге болады:

• ресурстарды басқару;

• сыртқы ортаға бейімделу;

• ішкі үйлестірулер;

• стратегиялық көрегендікті ұйымдастыру.

ЕАМ-нің шектеулі ресуртарын бөлуге бағытталған медициналық мекемелердің русурстарын басқару, мынадай шараларды қарайды:

· медициналық көмек көлемінің көрсеткіштерін анықтау;

· медициналық мекемелердің де, ал оның құрамдас бөлім-шелері мен нақтылы дәрігердің де қызметін сараптау;

· медициналық көмек көлемін жоспарлау.

Медициналық мекемелердің сырқы ортаға бейімделуі сыртқы дүниенің де, тәуекелшіліктің де мекеме үшін қолайлы факторларын ескеруі керек.

Медициналық мекелердің стра­тегиялық жоспарлауын ішкі үйлестірілуі емдік-диагностикалық үдерісті нақты болатын күн-делікті жағдайға сай келетін оның күшті және осал жақтарын ескеруі керек. Ішкі үйлеструдің негізгі мәні клиникалық практиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Стратегиялық көрегеділікты ұйымдастыру (немемсе стра-тегиялық ұйымдастырушылықты сезіп-түсіну) медициналық меке-мелер басшыларында өзіндік ойлауды, өткен стратегиялық шешім-дерде үйренуді және келешекті болжауды дамытуды білдіреді. Өткен тәжірибеде үйрену қасиеті медициналық мекемелерде өздерінің стратегиялық бағыттарын нақтылы өзгертуге мүмкіндік береді.

Медициналық мекемелердің бас дәрігерлеріның рөлі страте-гиялық жоспарлау үрдісін туғызып, оны орындап және алынған нәтижелерді бағалап, оны сараптау болып саналады.

Стратегиялық мақсатқа жетуге қаржыдық дағдарыс барысында емдік-диагностикалық үрдістің клиникалық және экономикалық бөлшектерін, медициналық көмектің көлемі мен құрамын теңдесіру – клиникалық басқару жүйесіндегі стратегиялық жоспарлаудың мәні болмақ.

Клиникалық басқару жүйесінде с тратегиялық жоспаралау алгоритмі келесі кезеңдерден түрады:

• ортаны сараптау;

• тұрғындарға медициналық көмектің қажет көлемі мен құрамын анықтау:

• мақсатты жобалау;

• ресурстарды бағалау;

• орындаушыларды таңдау;

• технологияны таңдау;

• ретімен орындалатын істерді анықтау;

• орындаудың мерзімін анықтау;

• басқару ұйымдастырушылық жүйесін жасау;

• бақылау.

Клиникалық басқару жүйесінде басқарушылық қызметтің маңыздылығы бойынша келесі болатыны емдік-диагностикалық үрдіс, яғни клиникалық басқару жүйесінің құрамы.

Клиникалық басқару жүйесінің құрамдарының элементтері болып мыналар есептеледі:

· формулярлар, стандарттар, хаттамалар және клиникалық нұсқаулар;

· ресурстар;

· технологиядлар;

· нәтижелер;

· клиникалық аудит;

· контроль качества медициналық көмектиің сапасына бақылау жүргізу.

Басқарудың негізгі төри қызметі жалпы екеу болып сипатталады: біріншісі, барлығы бірдей шешім қабылдауды талап етсе, екіншісі, бәріне бірдей болып коммуникация, ақпаратпен алмасу болмақ. Коммуникация шешім қабылдау үшін ақпарат керек. Басқарушылық жұмыс – бұл негізінен интеллекті іс. Ұйым тиімді жұмыс істеу үшін, басшы бірнеше баламалы мүмкіндіктер арасынан айрықша жағдайлады таңдауы керек. Баламалардың ішінен біреуін таңдау – бұл шешім қабылдау деген сөз. Демек, қалай жоспарлауды, ұйымдастыруды, уәждемелеуді және бақылауды таңдау жасау – шешім қабылдау болып табылады. Осының бәрі медициналық мекемнің бас дәрігер жұмысының негізгі мазмұнын құрайды.

Тиімді клиникалық басқару шешімдеріне қойылатын негізгі талап, ол өзіне сай келетін ақпараттың болуы. Бұндай ақпараты алудың жолы коммуникация болмақ.

Коммуникация – бұл екі немесе одан да көп адамдардың негізгі мәнісі болатын олардың ақпараттпен алмасуы.

Егер де адамдар арасындағы коммуникация тиімсіз болса, онда соңғылары ортақ мақсат туралы келісе алмайтыны анық, ал бұл кезкелген ұйымның негізі болмақ. Коммуникация барысында ақпарат тек қана өзіне сай басқарушылық шешім қабылдау үшін ғана емес, ол осы шешімдердің орындалуы үшін де қажет. Ақпарат орын-даушыларға дейін жеткізілмесе, онда жоспар орындалмайды. Жұмыскерлерге сыйақы жөнінде ақпрарат жеткізілмесе, олардың қажетті жағдайда уәждемеленбегені.

Коммуникациялар қадағалау қызметіне де өте қажетті. Емдік-диагностикалық үдеріс барысында кері байланыстардың болмауы бас дәрігерге клиникалық практика деңгейінде тиімді жоспарлауға, ұйымдастыруға, уәждемелеуге және бақылауға мүмкіндік бермейді. Демек, басшы кері байланыссыз дұрыс, клиникалық шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылады. Клиникалық басқару жүйесінде оның элементтері арасында тиімді коммуникативті қатынастар, жоғары еңбек ақы, стандарттар болмай, емдік-диагностикалық үдерістің шығындық қалпы еш өзгермейді.

Клиникалық басқару жүйесінде жағдайлық көзқарастың негізі басқарудың әр түрі нақтылы жағдаймен анықталатынында.

Жағдайлық – қазіргі уақытта ұйымға күшті әсер ететін уақиғалардың түрлері. Бұндай уақиғалар емдік-диагностикалық үдеріс деңгейінде клиникалық жағдай болмақ.Мысалы, тұмаудың эпидемисы немесе ішек аруларының инфекцияларының кенет пайда болуы аурулардың көптеп түсуіне байланысты клиникалық жағдайды бірден өзгертіп жібереді. Төтенше жаңдайларда дүмкастардың жаппай түсуі клиникалық жағдайды түбегейлі өзгертеді. Жедел түрде қосымша қызметкерлер, құятын қан, дәрі-дәрмек, бос төсек, операция жасайтын орындар жіне т.б. қажет болады. Тәжірибе көрсететініндей, бұндай клиникалық жағдайда дүмкістар мен сырқыттандарға негізі дұқрыс сұрыптау болатын бірінші кезеңегі емдік-диагностикалық ұйымдастырушылық қажет болады. Тәжірибеде ауыр жағдайдағы науқастарға операция бірінші болып жасалса да, олар шетінеуі мүмкін, операцияны күтіп отырған екінші кезекте жасалғандар да солай болуы ықтимал. Жарақаттық кезек күтіп отырғанда асқынып, операция уақыты өтіп кетуі мүмкін. Өндірісте алған ауыр күйгендердің клиникалық жағдайды теріске шығаруы мүмкін. Бұған жағдайға аурудың өзінен басқа да, аяқ астына балған жағдайлар әсер етуі мүмкін: электрқуаты сөніп қалады, аяз болып, жылу құбырлары қатады, мас болған қазан жылытушы ұйықтап қалады, т.с.с. болуы мүмкін.

Осы сияқты емдік-диагностикалық үдеріс жүйесінің ішкі және сыртқы уақиғалары бар кезінде бүгінгі күні клиникалық практиканы басқаруда «бәріне бірдей дұрыс» әдіс жоқ. Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, клиникалық жағдайға әсер ете алатын тек қаржылық шектеу ғана болмақ.

Клиникалық басқару жүйесінде жағдайлық көзқарастың әдістемелігін төрт сатылы үдеріс ретінде қарауға болады:

1. Денсаулық сақтау жүйесіндегі басшы күнделікті тәжірибеде өз тиімділін көрсеткен клиникалық менеджмент құралдары мен әдістер негізін білуге тиіс.

2. Кезкелген клиникалық басқару әдістерінің өзінің күшті және әлсіз жақтары болады. Медициналық мекеменің басшысы клиникалық басқарудың жолдары мен әдістерді қолданғанда, оның нәтижесін алдын ала біліп отыру керек. Ол басқарудағы тәуекелдіктің әдістемелерін білуге тиіс.

3. Медициналық мекеменің басшысы әрқашан да қалыптасқан клиникалық жағдайды дұрыс түсіндіре алатындай болуы қажет.

4. Медициналық мекеменің басшысы болған клиникалық жағдайды ең аз теріс ұтымдылық көрсететін нақтылы клиникалық басқару әдісмен байланыстра булуі керек.

Клиникалық басқаруда «бәріне бірдей дұрыс» әдіс жоқ жоқ болғандықтан емдік-диагностикалық үрдісті жағдайлық көзқараспен басқаруды клиникалық жағдайды олйлау қабілеті деп атайды.

Нақтылы мысалдармен талдау жасайтын, басқару тәжірибесінде болған уақиғалармен бизнесмендерді және менеджерлерді кеңінен оқытатын «жағдайлық әдіс» пен жағдайлық көзқарасты араластыруға болмайды. Шындығында жағдайлық әдіс – АҚШ-тағы ең беделді де белгілі Гарвардтық бизнес мектебінде оқытудың әдістемелік негізі болып саналады.

Жүйелік көзқарас денсаулық сақтауда клиникалық практика басқаруда кеінен қолданылады. Ол емдік-диагностикалық үрдісті күрделі әлеуметтік-технологиялық жүйе деп қарайды.

Жүйе – әр қайсысы бір бүтіннің нақтылы сиапттамасын беретін өзара байланысұан бөлікшелерінің бірлігі, яғни, жүйе – бір бүтінді білдіретін элементтер мен қатынастардың кешені.

Жүйелер теориясы ХХ ғасырдың 50-ші жылдар аяғында пайда болды. Жүйелі көзқарас клиникалық басқарудың түсіндірмелері мен нұсқауларының жиынтығы емес. Бұл медициналық мекемелеріне және клиникалық басқаруға байланысты ойлау қабілетті бәлдіретін әдіс

Жүйенің екі түрі бар:

- жабық жүйе, оның әсері қоршаған ортаға тәуелсіз болып келеді. Мысалы, сағатты жабық жүйе деп қарауға болады.

- ашық жүйе сыртқы ортамен байланыста болатындығымен сипатталады. Қуат, материалдар, ақпарат – сыртқы ортамен байланыс нысандары.

Барлық ұйымдар ашық жүйе болып келеді. Кезкелген ұйымның алдағы болашағы оның сыртқы өмірмен байланыстылығында болады.

Жүйе бірімен-бірі байланыс (өзара байланыс) арқылы белгілі бір бүтінді құрайтын элементтерден, жағын жүйеден және бәлімшелерден тұрады.

Жүйелер теориясы клиникалық басқаруда әлі жаңа көзқарас болғандықтан, оның емдік-диагностикалық үрдіске шын әсерін анықтап білге қыйндау, дегенмен оның әсері өте үлкен.

Клиникалық басқаруға байланысты жүйелі көзқарас меди-циналық мекеменің бас дәрігеріне емдік-диагностикалық үрдістің қай элементі маңызды екенінін білдірмейді.

Клиникалық басқару жүйесі көптеген элементтерден тұрады, және ашық болғандықтан сырқы жүйемен өзара байланыста болады. Көқарастық жүйе клиникалық басқаруға қызыметінің негізгі өзгемерлі көрсеткіштерін нақтылы анықтай алмайды.

Өзіндік дайындалу сұрақтары:

 

1. Сіз басқару идеясының туу тарихы мен дамуы туралы не білесіз?

2. Менеджменттің атасы кім? Оның негізгі идеясы неде?

3. А. Файолдың қағадасының мазмұны неде?

4. Ғылыми басқару мектебінің қай қағадалары осы уақытқа дейін ұйымдарды басқаруда пайдаланылады?

5. «Адами қарым-қатынастар» мектебінің мәні неде?

6. «Адами қарым-қатынастар» мектебі мен «мінез-құлықтық ғылымдар» мектебінің менеджмент теориясына кіргізген үлесі қандай»?

7. Сандық теориясының ерекшеліктері неде және оны басқаруда қолдануға қандай қажеттілік бар?

8. Ұйымдастырылған менеджмент теориясының пайда болуына не себеп болды?

9. ХХІ ғасырда менеджменттің теоретикалық постулаттары неде?

10. Басқаруда көзқарастық үдерістің ерекшеліктері неде?

11. Жағдайлық көзқарастың ғылыми мектептер мен бағыттар арассында қандай айырмашылықтар бар?

12. Жүйелік теория мен жағдайлық көзқарастың ұқсастығы неде?

13. Басқаруға қазіргі көзқарастар жүйесінің негізгі сипаттамасы?

14. Қазіргі уақытта менеджмент теориясында қандай мәселер қаралып жатыр?

15. Денсаулық сақтауда басқарудың үдерістік, жағдайлық және жүйелік тұрғысынан қарағанда қандай ерекшеліктер бар?

 

 

3.2 ҚАЗІРГІ МЕНЕДЖМЕНТ:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1683 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.