Қазақстан Республикасында Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) жасаудағы мақсат, ол емделушінің өз еркімен дәрігерді және медициналық мекемені таңдауы, бәсекелестік орта туғызуды және медициналық қызмет көрсетуді ашық жасау болып табылады.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін мына мәселелерді шешу қарастырылған:
- кепілді ақысыз медициналық көмек көлемін (КАМКК) төлейтін бірегей төлеушіні жасау;
- ақырғы қорытындыға бейімделген көлемі кепілденген тегін медициналық көмекті (КТМК) қаржыландырудың жаңа үлгісін кіргізуді;
- басқарудың бүгінгі тұжырымдамаларын, электронды ақпа-раттық жүйені және салалық статистиканы кіргізуді;
- аккредитациялауды жүргізуді, денсаулық сақтау субъекті-лерінде ішкі аудит жүйесін және медициналық қызметтің сапасын тәуелсіз сараптауды дамытуды;
- ақырғы қорытындыға бейімделген еңбек ақы төлеуді жетіл-діруді.
Қойылған мәселелерді шешу үшін Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау Жүйесін (БҰДЖ) жүзеге асыру үшін заңнамалық және нормативтік базаны дайындау керек болады.
БҰДЖ төңірегінде алғашқы нормативті-құқықтық акті болып, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылдың 24 қараша айында шыққан «Медициналық, коммуналдық жене басқа шығындардың тарифін бекіту тіралы» № 773 Бұйрығы болды. Бұл бұйрықта медицина-экономикалық тарифтері, медициналық ұйымдардың тізімі бойынша бір емделіп шыққан жағдайға төленетін базалық орташа еңбек ақы мөлшері, сондай-ақ коммуналдық және басқа шығындардың тарифі сияқты негізгі қаржылық өлшемдер бекітілген болатын.
2009 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 7 желтоқсанында Үкіметтің денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жабатын тәртіпті реттейтін «Бюджеттік қаржылар есебінен төленетін денсаулық сақтау ұйымдары шығынын өтеу Ережесін бекіту туралы» № 2030 Қаулысы шықты.
Ережеде денсаулық сақтау ұйымдарының КАМКК жасауға кететін шығындарын өтеу принциптері реттеледі, Қазақстан Республикасының заңнамасы анықтаған КТМК жасауға кеткен шығындарды, күрделі шығындардан басқасын, келісім-шарт бойынша барлығы да өтеледі. БҰДЖ іске кіргізілген алғашқа жылдары денсаулық мекелерінің күрделі шығындары тиісті экономикалық сыныптау ерекшелігі бойынша Қазақстан Респуб-ликасы бюджетін шығысынан өтеледі.
БҰДЖ сыныптаған кезде оны үш негізгі бағытта жүргізу қажет:
- денсаулық сақтауда әкімшілік жүргізу;
- медициналық қызмет сапасын үздіксіз көтеріп отыру;
- денсаулық сақтауды қаржыландыру жолдарын жетілдіру;
Бұл бағыттың өзі екі кезеңде жүргізіледі:
1-ші кезең – 2010 – 2015 жылдар арасы – ауруларды стационарлы және стационар тектес көмек аясында, психатриялық, инфекциялық және туберкулездік аурулардан басқасын, кепілденген тегін медициналық көмек көлемін біріңғай төлеушілерді жасау.
2-ші кезең – 2016 – 2020 жылдар арасы – жекеше және қоғамдық денсаулыққа мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ынтымақты жауапкершіліктерінің балансты болуын құру.
Денсаулық сақтауда әкімшілік реформа жүргізу.
Мемлекеттік басқаруды орталықтандырудан айыру кезінде атқарушылық және реттеушілік қызметтердің сәйкес келмеуін туғызды, ақыр соңында бұл мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын иемдену мен басқару қызметтерінің жергілікті деңгейде бірігіп, ал оның КАМКК сатып алуы кезінде осы саланың аясында бәсекелестіктің ығыстырып шығуына әкелді. Басқару қызметі орындарында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарды сатып алуды қажетсіз шоғырландыру, сондай-ақ кәсіби менеджерлердің болмауы және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мемлекеттік органдардан өте-мөте тәуелді болуы, осы салада жемқорлықтың және мемлекеттік саясаттың орындалуын тиімсіз болуына жағдай қалыптастырды.
Сөйтіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің әр қарай дамуы әкімшілік реформа жүргізуінсіз болмайтын болды. Осы тұрғыда, орталықты және жергілікті деңгейде мемлекеттік ұйымдарды басқару мен иелену жұмыстарын және КАМКК қызметтерін сатып алуын айыру керек болды, бұл үшін КАМКК Бірегей төлеушісін жасау керек еді. Мұндай төлеуші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметіерін өтеуші комитеті (МҚӨК) болып шықты. Бюджеттік заңның мемлекеттік қызметтерді барынша оны алушыларға жақындату талабын ескере отырып және Министрлікте өз аймақтарының болмауын ескеріп, әрбір облыста КАМКК өтеуші өкілетілігі Медициналық қызметтерін өтеуші комитеттің аймақтық департаментіне (МҚӨК АД) берілді. Кезінде Комитет қайта құрылған Медициналық қызмет көрсетуді және фармацевтикалық тексеруді бақылау комитетінің негізінде құрылған болатын.
Бұндай жүйе жергілікті деңгейдің қызметінің 3% ғана орталық деңгейге береді. Бірақ азаматтардың денсаулығын сақтау қызметі жергілікті атқарушы билікте қалады. Жалпы денеге қатысты ауруға байланысты аймақтық емдеу-профилактикалық ұйымдар желісі жергілікті атқарушы биліктің коммуналды меншігінде сақталып қалады, ал ҚР Денсалық сақтау министрлігінің МҚӨК атынан мемлекет медициналық қызметті біріңғай алушы да өтеуші де болып қалады.
Мелекеттік мекемелерді – қазыналық кәсіпорынға, ал қазына-лық кәсіпорынды шаруашылық жүргізуге құқық беру арқылы денсаулық сақтау субъектілері басқарушылық шешімдерді қабылдауға дербестік алуына мүмкіншілік туады. Денсаулық сақтау субъек-тілерінің дербестігін көтеру, ұйымдар басшыларын бір мезгілде менеджмент мәселесі бойынша қайта оқыту жоспарланып отыр. Бұл мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау субъектілерін бірнеше кезеңдер арқылы қайта ұйымдастыру және басшыларды қайта оқыту арқылы көшу келісіліп отыр (менеджерлерді дайындау).
Сөйтіп, әкімшілік реформа жүргізу денсаулық сақтаудың басқару жүйесін тиімді де ашық жолға салуға, мемлекеттік нормативтер арқылы желіні қайта құрамдауға, кәсіби менеджмент институтын құруға және жемқорлықты төмендетуге тиіс.
Медициналық қызметтердің сапасын көтеру.
Бұл үшін бақылау қызметінің әдістемесін қайта қарау көзделіп отыр, соның салдарынан бақылау-қадағалау шараларының екпіні азайып, екпінділік сапа индикаторлары мен медициналық көмек беруге қорытындыларына тұрақты мониторинг жүйесін жүргізуге көшеді. Бұл денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бақылаудың ашық болуын жақсартуға, оның ішінде ақпараттық жүйенің көпшілікке есеп беруді, жұртты сұрау арқылы байқауды және рейтинг жүйесі арқылы бағалауды іске кіргізу жатады. Сол үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармациялық қызметті бақылау комитеті, соған сәйкес аймақтық бөлімшелері құрылды.
Сапаны бақылау көрсетілетін медициналық қыметтердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, нормативті құқық актілеріне қаншалықты сай екенін байқау үшін жүргізіледі және де ол медициналық қызет көрсетуде мемлекеттік бақылау аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармациялық қызметті бақылау комитеті жүргізіледі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, медициналық қызметтің сапасын көтеру үшін: тұрақты түрде білікті кадрларды дайындау, медициналық көмекті стандартизациялау, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялап отыру керек.
Медициналық қызметтің сапасын үздіксіз көтеріп отыру мәселесін бақылаудың екідеңгейлік үлгісін жасау арқылы жүзеге аспақ: сыртқы –мемлекетік органдар мен тәуелсіз сарапшылар жүргізілетін, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесімен ғана жүргізілетін ішкі аудит.
Сапаны ішкі басқару кезінде медициналық көмек берудің әр кезеңі сапалыққа ие бола алады. Ол үшін шешімін табатын мәселе-лерді және орны жоюды қарастыратын әр денсаулық сақтау ұйымының ішінде өз аудит қызметін жетілдіру жұмысы жалғаса береді. Оның сыртында ішкі аудит қызметінің жұмысы халықтың наразылығын бірінші кезеңде наразылық ағынын «өзіне» бұра тартатын болса, ал кейінгісінде оның ұзын санын кемітеді.
Аккредитация медициналық қызметтің сапасын көтеруде бірінші болып тұрғанымен, ол ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шешуші бөлшегі болмақ. Аккредитациядан өту КАМКК жасауға мемлекет тапсырыстарын алу жарысында денсаулық ұйымдарының қатысыуын міндетті болуын қарастырады. Оның сыртында, мемлекеттік органдар тарапынан аккредитацияланған мекемелерге жоспарлы тексерістер жүргізуге мораторий енгізу қарастырылады. Бірінші кезеңде аккредитациялануға барлық медицна ұйымдары, кей бір қызметтер атқаратын субъектілерден басқасы (лепрозийлер, куштеу арқылы емдейтін психатриялық емханалар және с.с.), жатады. Аккредитация жүргізуге халықаралық стандарттаға бағдарланған және елдегі бар құқықтық шеңберде жұмыс істеуге бейімделген ұлттық стандарт жүргізу жолдары негіз болады.
Сөйтіп, аккредитациялауды, ішкі аудит қызметін, тәуелсіз сарапшыларды енгізу медициналық қызмет жасау үрдісін ашық болуын қамтамасыз етеді, бәсекелестік ортаны қалыптастырады және емделушінің дәрігерді және медициналық қызметі таңдауды өз еркімен жасайды.
Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру.
Денсаулық сақтау жүйесінде кепілденген ақылы медициналық көмек көлемін (КАМКК) төлеуді мемлекеттік орталықтандырылған төлеушісі «ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын» ҚР Үкіметі 2008 жылдың 23 желтоқсанындағы № 1213 қаулысымен қарастырылғын болатын.
Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесін баламалы қаржыландыруды қамтамасыз ету екі кезеңмен жүргізіледі.
Бірінші кезең 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталды, мұнда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер өтеуші комитет Біріңгей төлеуші болып тағайындалды, оның ішінде жергілікті жерлерде КАМКК қызметін нақтылы өтеуді Министрлік атынан Комитеттің аймақтық органдары жүргізеді.
КАМКК қызметін ұсынушыларды қаржыландыру мемлекеттік тапсырыстар негізінде жүретін келісім-шарт жасау арқылы өтетін болды. Бұл Комитеттің аймақтық органы мен аккредитация өткен денсаулық сақтау ұйымдары арасында жасалынады. Орындаушының қалыптастыратын және оны медициналық ақпаратты-сараптау орталығының (МАСО) тиісті электронды мәліметтер арқылы түзетуімен жасалатын КАМКК қызметінің жұмыс өткізілген туралы есебі мен орындалған жұмыстар актісінің негізінде өтеледі.
КАМКК қызметін Министрліктің МКӨК атынан Бірегей төлеушінің болуы бюджедралық қатынастардың принциптеріне сай келеді, үйткені КАМКК мемлекеттің өтеу қызметі «білікті сатып алушымен» ақырғы қорытынды арқылы жүзеге асады, ал төлеуді аймақтық Комитет органдарымен жүргізу мемлекет тек қызметтің алушылар арасын барынша жақындатады.
Сонымен қатар бірінші кезеңде жекеше және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың арасындағы ынтымақтастығын бір-сәйкестікке келтіру құралдарын жасау қарастырылған.
Алдағы уақытта сапалылықтың негізгі дерекнамасы ретінде қаржы жинақтаушы медициналық есеп шоттарды (алда – Шоттар) пайдалану қаралған. Мұнда халықтың алдағы медициналық қызметтерді төлеуге қаржылары жинақталады. Шоттардың артықшылығы мұнда орналасқан қаржыларға салық салынбайды, қаржыны мұра ретінде қалдыруға болады, және де Шоттың тұрақты және азамат болсын, жұмыс беруші болсын немесе мемлекет болсын, солар арқылы шексіз толып отыруына мүмкіндік береді. Шоттарды кіргізу үшін жұмыс істейтін жұрт үшін, жұмыссыздар, студенттер (оқушылар), зейнеткерлер және басқа да санаттағы азаматтар үшін аударым төменгі мөлшерде болады. Бұның сыртында Шотқа әкімшілік жүргізіп отыратын қаржылық институт анықталады, Шоттың сақталуына мемлекеттік кепілдеме беру шаралары қарастырылады, комисиялық және инвестициялық табыс көлемдері есептеп шығарылады.
2016 жылдан басталатын екінші кезеңде жекеше және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың арасындағы ынтымақтастығын бір-сәйкестікке келтіру құралдары іске асырылады және мынадай ынтымақтастық үлгілері қалыптасады:
- Тұрғындар (азамат) – салауатты өмір кешу, белгілі бір медициналық қызмет түріне міндетті өтем төлеуі (жинақтаушы медициналық шоттарда символикалық түрде), медициналық қызмет көрсетудеің ережелерін сақтау (медициналық ұсыныстарды орындау, уақытында кезекті медициналық қаралудағы жауапкершілік және с.с.).
- Жұмыс беруші – қауіпсіздік жән еңбекті қорғау шаралырын жүргізіп тұру, денсаулық сақтауға салық және міндетті өтемдерді төлеу, денсаулық жоғалтуға байланысты өтемақы төлеу.
- Мемлекет – денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жасау және жүргізу, азаматтың мемлекетік бюджет қаржысы арқылы ККТМК алу жөніндегі конституциялық құқын қамтамасыз ету, сапалы медициналық қызметке қол жетуде әлеуметтік әділеттілік орнату.
Сөйтіп, денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру шаралары арқылы медициналық қызмет көрсету аясында бәсе-келестіктің дамуын қамтамасыз етіледі, жекеше және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың арасындағы ынтымақтастығын бір-сәйкестікке келтіру қалыптасады.
Өзіндік тексеру сұрақтары:
1. ҚР-да денсаулық жүйесін реформалау қажеттілігі немен анықталады?
2. ҚР-да денсаулық жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары?
3. Қазақстанда БҰДЖ-ны кезеңдік іске асырудың негізгі сипаталары. Бұрынғы жүйемен салыстырғанда БҰДЖ-ны іске асырудың артықшылықтары?
4. БҰДЖ-ның экономикалық маңыздылығы қандай? Өз ойың-ды негізде.
БӨЛІМ