Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері




 

Медициналық қызметтер сипаттамасына сезілмеушілік, дерекна-мадан бөлінбеушілік, сапаның тұрақсыздығы және сақталмаушылық қасиеттержатады.

Қызметтің сезілмеушілігі оларды көруге, басқа да сезгіш мүшелермен байқауға келмейтіндігінде. Кейбір жағдайларда көрсетілетін қызметтің сипатын шамалап байқауға болады. Мысалы, пластикалық операция жүргізілгеннен кейін емделушіге оның косметологиялық жетістігін көрсетуге болады.

Егер тауар өз бетінше бар болса, қызмет оны жасаған субъектісіз бар екені білінбейді. Сондықтан клиенттерді шақырған кезде көрсетілетін қызмет түрлерін емес, кейде осы мекемеде жұмыс істейтін мамандарды көрсеткен дұрыс болады (көрсетілетін қызметтің дерекнамадан бөлінбеушіліугі).

Әрине, осы салада көп жұмыс істеген маманның тәжірбиесі мол болғандықтан, оның қызметі жоғары сапалы болып табылады. Сондықтан, сапалардың кең көлемде өзгеруін көруге болады. Тіпті, сол маманның қызмет көрсету сапасының нәтижесі пациенттердің денсаулығына да (жалпы, психикалық) тәуелді болмақ.

Қызмет көрсетуді сақтап тұру мүмкін емес. Мысалы, омыртқадағы остехондрозбен ауыратындар үгуден кейін өздерін жеңіл ұстайды, бірақ уақыт өте келе әсер тарай бастайды. Сақтанбаушылыққа байланысты көрсетілген қызмет өз күшін жояды.

Медициналық қызметтің негізгі элементтері болып:

1. Қызмет субъектілері (пациент, медицина қызметкері);

2. Психология қызметі (субъектілердің өзара қарым- қаты-насы);

3. Материалдық қызмет (тұтынушы қажеттілігін қанағат-тандырудағы құн мен материалдық шығындар туралы айтылып отыр);

4. Құжаттылық (орындалатын қызметтің сапалық және сандық ақпараттарын тіркеу).

Қызмет түрлері қарапайым (баламалы қысымды өлшеу), күрделі (поликлиникалық қызмет көрсету жағдайы), қосынды (екі немесе одан да көп, өзара байланысқан емес, мысалы, науқас көздің көргіштігіндегі өткірлігінің фарингиті) болып бөлінеді.

Қызметтер пассивті (сұраныстың қажеттілігі кезінде) және активті (сұраныстың жоқтығынан) болады. Мысал ретінде, пациенттің ауырған кездегі медициналық қызметке жүгінуі (пассивті қызмет) және жұмысқа орналасу кезіндегі профилактикалық қаралу (жұмысшының тілегіне қарамастан, өндірісте бірнеше рет міндетті түрде жүргізілетін қызметтер).

Кез-келген қызмет қандай да бір ұяшықтан, қызмет пен сыртын тауарға айландыратын, қосымша функциялардан және негізгі құрамдардан тұрады. Мысалы, мануальды терапия тиімді болу үшін, пациенттің омыртқа рентгенографиясына қаралғаны жөн.

Қызметтіңқұрамы - мақсат, басымдық, салмақ, өзуақытылы, толықтық, пара-парлық, үнемділік, жылдамдылық, қызбалық және жабдықтармен қамтамасыз ету жатады.

Көптеген әлеуметтік сұрақтар көрсеткендей, пациентке көрсетілген көмек қызметі, бірінші кезекте емдеуші дәрігерге, сондай -ақ, медицина қызметкерлеріне деген қатынасты бағалайды.

Медициналық қызмет нарығына жататындар – медициналық технологияның өзіндік құны, өнімдер, медициналық техника, медициналық қызметті ұйымдастыру әдістері, фармакологиялық құралдар, бәсекелестік, экономикадағы қызметті іске асыру болып табылады.

Нарықтық қатынастар элементтерінің дамуына орай денсаулық сақтау саласында медициналық субъект, медициналық қызметті өндіруші деген ұғым пайда болды. Денсаулық сақтау саласындағы өндіруші қызметті, кез келген медициналық мекемелерде медициналық субъект ретінде қарауға болады.

Медициналық субъектінің серіктестері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл қиын емдік-диагностикалық үдерісін жүзеге асырудағы басқа медициналық мекеме болуы мүмкін. Мысалы, серіктестік поликлиникалардағы қандай-да бір ауру түріне жоспар бойынша көрсетілетін медициналық қызметті, стационар, диагностикалық орталық, медицина институтындағы сәйкестендірілген клиникалық кафедралар және т.б. атқаруы мүмкін. Бұдан басқа, бұл топқа құрал- жабдықтармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құралдар, дәрілік препараттар және басқа да медициналық еңбек ресурстарындағы материалдар жатады.

Келесі топтарға қаржылы-несиелік, бәрінен бұрын банктік, медициналық қызметті үздіксіз қаржыландыратын кәсіпорын мен ұйымдар жатады.

Мемлекет – халықтың денсаулығын сақтау саласындағы үкіметтік бағдарламаларға сәйкес өңделген қызметті медициналық мекемелерге экономикалық субъектінің қызығушылықтарын арттыруға тырысады. Мемлекет медициналық мекемелердің бағдарламасын орындай отырып, оларға қаржылық көмек, салықтық жеңілдіктер беруі қажет.

Тұтынушы медициналық қызметтің негізгі субъектісі – азамат. Өз құрылымы бойынша бұл топтар біркелкі емес.

Денсаулық сақтау саласы нарығындағы басқару үдерісінің болжамы бойынша, бір уақытта мамандандырылған қызмет және денсаулық сақтау саласын басқару қоғамдық шаруашылық саласы ретінде байқалады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2085 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2358 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.