Қызметтіңөміршеңдіккезеңі – бұл бір уақыт барысы, яғни нарықта қолданылатын қызметтің болар шағы. Бұл концепция қызмет көрсету үшін құрылған, яғни, қызметтің пайда болуы және нарыққа түскенге дейінгі маркетингтік стратегияны өңдеуіне негізделінген түсінік.
Қызметтің өмірлік кезеңі, циклі нарықта реттік саты бойынша ұсынылатын арнайы уақытша шеңбер. Медициналық қызмет басқа да тауар сияқты, нарыққа түскенде, өзіндік тұтынушылық құнының дәрежелік сатысынан өтеді, яғни өміршеңдік кезең, цикл деп аталынады: енгізу, өсу, толығу, қанықтық, қайту.
1. Нарыққа енгізу – нарықтағы жаңа қызметтің пайда болу фазасы (қызметтің алғашқы сыналатын түрі). Маркетингтің мақсаты – нарықта жаңа қызмет түрін құру. Көрсетілетін қызмет әзірге шығын болып келеді, себебі, клиенттерді тарту үшін маркетингтік шығындар айтарлықтай (әсіресе, жарнамаға, қосымша қызметтер және т.б). сондықтан, бұл фаза пайданың ең төменгі көрсеткішін береді. Мұндай жағдайда, негізінен мынадай сұрақтарға көңіл бөлу керек: қызмет сапасын жақсарту, жарнама жасау, қызмет көрсету және бағаны төмендету. Егер қызмет ойдағыдай шықса, онда әрине, өміршеңдік циклдың келесі кезеңге өтуі іске асырылады.
2. Сұраныстың өсуі – сатып алушының керек қызметке өтініші және сұраныстың тез өсуі. Маркетингтің мақсаты – модификациялық қызмет құнының жетімділікті және өтімділікті кеңейту. Бұл фаза барлық өміршеңдік циклдың ішінде негізгі кіріс көзі болып табылады. Маркетингтік шығындар тұрақталынады.
3. Толығу(тұрақтылық) – бұл нақты қызметке деген сұранысты жәймен қанағаттандыру. Маркетингтің негізгі мақсаты – нарықтағы қызмет түрін неғұрлым ұзақ сақтау. Бұл фазада маркетингтік іс- шараларға деген шығынды көбейтеді, яғни жарнаманы қарқындату, қызмет сапасын көтеру, тіпті, сату көлемін сақтау үшін бағаны да арзандатуы мүмкін.
4. Толығу фазасына кірудің ең бірінші белгісі болып, нарықтыңқанықталуы жатады. Сатылымның өсуі үшін барлық іс-шараларды қолданған кезде, бірақ ешқандай нәтиже шықпағанда нарық қанықтылығы қолданылады. Бұл фазаны алдыңғы қатарлардың жалғасы деуге болады. Оны сипатамасына қарап, айқындап, басқа түрге лайықтап айналдыруға немесе жаңа үлгіге көшуге болады.
5. Қайту. Ерте ме, кеш пе әйтеуір, тұтынушылар тарапынан қызметтің ескіргенін білдіретін қайту фазасы туады.
Өндіруші жаңа тауарды енгізу сатысында және сатушы әртүрлі мәселелермен қақтығысады, олардың ішінде ұдайы сатуға кері әсер етуге ықпал жасайтындар болып мыналар:
- жарнама дәрежесінің жетіспеушілігі және қызмет қозғалысы;
- сатып алушылардың ескі стереотипті қаламауы және жаңа қызмет түрін қабылдауы;
- дұрыс бекітілмеген баға жатады.
Әдетте, даму дәрежесі бәсекелестікті күшейтеді, біздің қызметіміз бәсекелестікте басқа тауарды (қызметті) ығыстыра бастайды, сонда ғана нарықта өндірушілердің маркетингтік қызметі бағаланады: бәсекеші болып жаңа қызмет түрі пайда болады.
Толығу сатысында сауда өз көлеміне қарай тұрақталынады, нарықта баяу шешім қабылдайтын сатып алушылар – консерватрлар пайда болады, сондай-ақ екінші рет сатып алу қызметі пайда болуы мүмкін.
Қанығу дәрежесінде сауда толығымен тұрақталынады және сауданы қайталап тоқтатпауға тырысады. Егер дер кезінде қажет шара қолданылмаса, онда сауда құлдырап қайту сатысына түседі. Ерте ме кеш пе, қызмет төмендейді, яғни болдырады. Экономикалық тиімділік азаяды. Егер қайтуды тоқтату мүмкін болмаса, мысалы, жаңа нарыққа шығу кезінде, онда өндіріс қызметінің мақсатқа сәйкестілігі тоқтатылып, жаңа қызметтерді одан әрі жалғастырады.
Өзіндік тексеру сұрақтары:
1. Жалпы қызмет көрсету түсінігі бойынша оның барысы мен нәтижесі көзқарасынан қалай сипаттауға болады? Жауабын кез-келген қызмет мысалында беріңіз.
2. Медициналық қызметтің ерекшелігі неде? Мысал келтіріңіздер.
3. Қызмет бір уақытта берілген барлық құрылымды қамту керек пе, әлде оның әртүрлі қиыстырма мүмкіндіктерін қарауы керек пе? Мысал келтіріңіздер.
4. Медициналық қызметтің өміршеңдік кезеңіне, циклына түсініктеме беріңіз. Мысал ретінде, медициналық қызметтің нақты түріне, өміршеңдік циклдың қандай дәрежесінде тұрғанына анықтама беріңіз.
ТАҚЫРЫП
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ҮРДІС