Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лттық мүдде» және «геосаяси мүдде» ұғымдарын талдаңыз




Ұлттық мүдде мемлекеттердің сыртқы саясаты мен мемлекетаралық қатынастардың теориясы мен тәжірибесіндегі басты түсініктің бірі. XVII ғ – Еуропада ұлттық мемлекеттердің құрылу кезінен бастап қазірге дейін дипломатиялық тілде соншалықты жиі қолданылатын түсінік жоқ десек те болады. Ұлттық мүдде тұжырымдамасы ең алғаш рет толығымен Г. Моргентаудың «Ұлттық мүддені қорғауға» еңбегінде талданды. Ұлттық мүдде мемлекетпен тығыз байланысты; ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдде синонимдер болып табылады десек, асыра айтпағанымыз. Мемлекетті біртұтас ағза ретінде өзінің жеке ұлттық мүддесі бар ұжымдық даралық ретінде қарастыруға болады. Әрбір елдің өзіндік қайталанбайтын ерекше ұлттық мүддесі бар. Ұлттық мүддеден ұлт не этнос сияқты әлеуметік бірліктің аман қалу, өзін-өзі сақтап қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзінің өмірлік кеңістігін кеңейту сияқты өмірлік маңызды қажеттіліктері айқындалады. Ұлттық мемлекеттің веберлік тұжырымдамасына сай ұлт пен мемлекет әртүрлі категорияға жатқызылса да, олар эквиваленті. Мемлекет «өз билігін қолдау үшін ұлттық қоғамдастықтың тілектес сезімдерін паудалануға мүмкіндігі барда», еш жоғалмайды. Ұлт, өз кезегінде, өзінің ерекше даралығын, өз «мәдениетін» мемлекет қуатынан алатын қолдау мен қорғаныстың арқасында сақтай алады». Сонымен, ұлттық мүдде көп жағдайда мемлекеттік мүдде. Саяси реализмнің американдық мектебінен және оның көшбасшы Г. Моргентаудан бастап бұл жиынтықта басты және екінші кезектегі, ортақ және қақтығысушы, барабар және бір-бірін толықтырушы, тұрақты және өзгермелі, т.б. мүдделер ажыратылады. Ұлттық мүдде екі жақтан тұрады: объективті, субъективті. Объектівтіге ұлттық бастаманы ұйымдастырушы ретінде мемлекетке қатыстының барлығы жатады. Субъективтіге мемлекет басшылығының дүниетанымдық ұстанымдары кіреді. Халықаралық қатынастар саласында ұлттық мүдденің екі деңгейі ажыратылады: сыртқысаяси мүдделердің басты деңгейі (басым) және өзгеше деңгейі (екінші кезекті). Біріншісі мемлекеттің сыртқысаяси қызметінің жоғары саласын қарастырады. Екіншісі халықаралық қатынастардағы мемлекеттің жеке, бастымен салыстырғанда біршама әділ мүдделерді білдіреді.

Ұғымның өзі ғылыми айналымға салыстырмалы түрде жуырда енгізілді. 1935 ж. ғана әлеуметтік ғылымдардың Оксфордтық энциклопедиясына енді. Оны жасап шығаруда протестанттық теолог Р. Нибуо мен тарихшы Ч. Вирд есімдері аталады. 2-дүниеж. соғыстан кейін ұлттық мүдде мәселесіне назар аударыла бастады. Дж. Кеннан, У. Липпман, Дж. Розенау, Г. Моргентау, К. Уолтц, Э. Фернисс және т.б. тұжырымдаманы дамытуға үлес қосты. Ал Еуропада Р. Арон, П. Ренувен, Ж.-Б. Дюрозель, Ф. Брайар, Р. Дебре сияқты зерттеушілер мәселені зерттеуде еңбек сіңірді. Жалпы, бұл түсінік қандай да бір мемлекеттің я ұлттың басқа мемлекетпен не ұлтпен қарым-қатынастарының аясында мәнге ие. Себебі халықаралық сахнада ұлтты мемлекет таныстырады. Мемлекеттің достар мен дұшпандары болмайды, оның мүдделері болады деген сөз ақиқат секілді.

Геосаяси мүдде – географиялық, саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және басқа да факторлардың жүйелік ықпалымен қамтамасыз етілетін ұлттық мүдденің құрамдас бөлігі. Геосаяси мүдде ұғымы өмірлік кеңістікті кеңейтумен түсіндіретін мемлекеттің пайда болуы нәтижесінде пайда болды. Геосаяси мүдделердің елдің саяси өміріндегі мазмұны мен ықпалы туралы грек-рим ойшылдары айтып кеткен болатын. Сонымен қатар VI ғ. өмір сүрген Сунн Ци, Ибн-Халдунды да атап өткен орынды. Жаңа дәуірде бұл мәселеге Жан Боден көп көңіл бөлді. Кейіннен Ш. Л. Моньтескье, А. Р. Ж. Тюрго, XIX ғ. И. Гердер, Г. Бокль, Г. Гегель, А. Гумбольдт де осы мәселені зерттеді. Ал Ресейде мұндай идеялар XIX-XX ғ. басында тарала бастады. Л. И. Мечников геосаяси мүддеге әсер ететін факторлар ретінде өзен коммуникациялары, теңізге шығу, елдің жағалаулық не аралдық орны, табиғи бөгеттердің болуы, көрші елдерге қатысты кеңістіктік жағдай және шекараның үзындығы, халық қоныстануы, оның этникалық құрылымын көрсетеді. Н. М. Карамзин, С. М. Соловьев, А. П. Щапов, В. О. Ключевский, Б. Н. Чичериндер, еуразиялық бағыттағы Н. С. Трубецкий, И. А. Ильин, П. Н. Савицкий, Г. Ф. Фролов, Л. П. Карсавиндер де үлес қосты.

Геосаяси мүдделердің саяси үрдістердегі маңыздылығының артуы жаһандық нарықтың құрылуы, әлемнің бөлінісі мен жер кеңістігінің тығыздануымен байланысты. Классикалық үлгідегі геосаясаттың өкілдері Ф. Ратцель (антропогеография), Р. Челлен (геоғылымдар жүйесі), X. Маккиндер («Тарихтың географиялық осі»), А.Т. Мэхен («теңіз күші» тұжырымдамасы), К. Хаусхофер («Жаңа Еуразиялық Тәртіп»), Н. Спайкмен (имперлік геостратегия) геосаяси мүдделердің рөліне де тоқталып өтті. Олардың ойынша, мемлекет қауіпсіздігі бәсекелес елдердің тайталасы жағдайында үстемдікке ие геосаяси мүдде болып табылады.

Геосаяси мүдденің сипатты көрінісі экспансия болып табылады. Яғни, бір жағынан экспансиямен, екінші жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен байланысты мүдделер геосаяси сипатты білдіреді. Профессор В. А. Шапагалов геосаяси мүддені бейнелейтін геосаясат құрылымында үш құрамдас бөлікті ажыратады: геосаяси тәжірибе, геосаяси идеология және геосаяси ғылым. Геосаяси мүдде территорияны тікелей жаулап алу не осы территориядағы биліктің бақылауын алмастыру, кеңейту және бекітуге бағытталған кезде оған қарсыласушы мүдделер, әрекеттермен соқтығыса отырып, соғысқа әкеп соғады. Қауіпсіздік мүдделері мен құдыреттілікке қол жеткізу мүдделері геосаяси (территорияға бақылаудың өзгеруі) және дипломатиялық (коалициялар құрылымындағы өзгерістер) мүдделер түрінде жүзеге аса алады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1591 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2218 - | 2051 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.022 с.